kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аналар мейрамы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Аналар мейрамы" тилеухан мартгул. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аналар мейрамы"»

«Қамқоршым – анашым!»

Мақсаты: Балаларға 1-наурыз Алғыс айту күні ,8 – Наурыз аналар мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың бойындағы өнерлерін қысылмай көрсетіп, өздерін еркін ұстауға дағдыландыру, тілдерін дамыту.

Анаға – деген мейірімді сүйіспеншілікті арттыру. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге, көмектесе білуге тәрбиелеу.

Өткізетін орны: Музыка залы

Орындалатын әндер: 1. «Құттықтаймын мама»

2. «Анамызға көмек»

Билер: 1. «Біз көмекшіміз»

2. «Қуыршақтар»

Ойындар: 1. «Гүл жинау»

2. «Кішкентай көмекшілер»

1-жүрізуші: Құрметті аналар!

Бәрімізде ананың ақ сүтінен нұр алып өсіп-өніп жатырмыз.

Тіршіліктің қайнар көзі мейрімінің кәусар бұлағы-Ана.

Ардақтыда аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын,

Бөбектеріңіздің сіздерге арнаған шағын ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап, 
Ана деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

1-жүргізуші. Балалар, ертең біздің аналарымыздың мерекесі екен. Қане, дайындалмаймыз ба?

2-жүргізуші: Қалай дайындаламыз?

1-жүргізуші: Олай болса балалар, алдымен үйді ретке келтірмейміз бе? Сендер үйде аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

2-жүргізуші: Қыздар дастархан әзірлейік. Ал, ұлдар, ойыншықты жинап, үйді ретке келтірсін. (қыздар дастархан әзірлейді, ұлдар ойыншық жинайды)

1-жүргізуші: Балалар, ертеңгі аналарымызға өлең айтып береміз бе? Қане, Толқын апайымызбен бірге ана туралы әнімізді бір қайталап жіберейікші.

Ән: «Құттықтаймын мама»

Би: «Қуыршақтар» (қыздар)

Би: «Біз көмекшіміз»

Ойын: «Гүл жинау»

Ойын: «Кішкентай көмекшілер» (ұлдар)




2-жүргізуші: балалар, енді аналарымыз үшін арнайы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.



Амина:

Мен ұйқтарда айтады,

Ертегісін,әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің

Мадина:

Мені жақсы көреді,

Кундей күліп жүреді.

Айсұлтан:

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл- әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Айзада:

Арқа тұтар панасын.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым.

Нұрдана:

Анам менің сүйіктім,

Тек өзіне табынам.

Н.Жанерке:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсам шаттанған

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ,ақ мамам.

Арайлым:

Анам менің «айым»дейді,

Мен мұнайсам «уайым» жейді.

Анам менің «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Аруна:

Ақтаймын анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқорысын сәбидің,

Гүлі сен әр үйдің.

Нұрдаулет:

Ана деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Касында кім болсада,

Тек анана жақсысын.

Әдемі:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Тек қуантсам деп келемін.

Мансұр:

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын анашым

Қутты болсын мерекең!

Айша:

Мерекеңмен анашым.

Аделя:

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Олжас:

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

А.Жанерке:

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Айару:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін.

Талшын:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Нұрали

Ана деген –мейірім,

Ана деген-шапағат.

Ана деген-құдірет,

Ән: «Анамызға көмек»

2-жүргізуші: Сегізінші наурызға

Құттықтаймыз ананы

Теңеп оны жұлдызға

Сый тартамыз бағалы, – дей отырып, қымбатты әжелер мен аналар балаларыңыздың сыйлығын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Өмірге бізді келтірген
Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын

Ешқашанда кимаған.

Көрмесін қайғы балалар

Аман болсын аналар! – деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтайық.

1) Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

2) Аяулы менің анашым

Қадірлеймін өзіңді

Анашым анам

Ризамын саған.


3) Апаларды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

4) Ана менің тірегім

Асыл анам жүрегім

5) Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан.

6) Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

7) Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан.

8) Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

9) Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз.

Би: «Аюлар» биі. (ұлдар)

Ойын: «Киім ілу»

Жүргізуші: Балалар көңілді

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп

Тақпақ айтады ортада.

10) Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

11) Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

12) Аман болсын анамыз

Аман болын панамыз.

13) Құтты болсын мейрамың,

Аман –сау бол анашым.

14) Анасыз жоқ бір күнің

Әжесіз жоқ бір күнің

Ұсынамыз біз бүгін

Сізге сұлу шоқ гүлін.

12) Мейірімді апалар

Балалар көп бата алар

Қалтасына кәмпит салып

Немереге апарар.

13) Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан.

14) Айтсаң болды тіл алам

Әйбәт мамам,әй мамам

Сені көрсем қуанамын

Сен керексың қайдада

15) Мейірімді апалар

Балалар көп баталар

Қалтасына кәмпит салып

Немереге апарар

16)Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әженіде ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

17) Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегімде сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын,ақ мамам
































Бекітемін:------------

бөбекжай- бақшасының меңгерушісі: Г.Иргебекова



Күні:

Өтілетін орыны:Музыка залы


Орындалатын әндер: 1. «Наурыз Көктем»

2. «Көктем келді»

Билер: 1. «Домбыра»

2. «Батырлар»

Ойындар: 1. «Күш сынасу»

2. «Қыз қуу»

3. «Арқан тартыс»

Қатысатын кейіпкерлер: 1. Күн мен түн.

2. Ақ Әже, Алдар көсе.


























«Наурыз жыл басы!»

Мақсаты: Халқымыздың ұлы мейрамы, Наурыз той туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерімен, әдеп – ғұрпымен таныстыру.

Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе:

-Жылдың қай мезгілі?

-Көктем

Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктемде күн жылынып, жер шуаққа кенеледі. Көктем мезгілінде тойланатын ең үлкен мереке ол Наурыз.

Көңілді ән әуенмен атқа мінген тойшы балалар келеді.

1 – бала: Сүйінші, сүйінші, алақай, алақай,

Наурыз келді, наурыз келді!

2 – бала: Наурыз құтты болсын!

Ақ мол болсын! (Айсұлтан, Амир)

Жүрізуші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Наурыз келді, тойға ұласқан

Наурыз тойы, құтты болсын! – деп, бүгінгі біздің Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз жыл басы!» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге сонау ауылдан, әжеміз келе жатыр, қарсы алайық.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Әже?! Қош келдіңіз, төрімізге төрлетіңіз!

Әже :-Сәлеметсіңдерме, балалар? Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! «Шашу, шашу» (шашу шашады)

Жүргізуші: Көктем төкті нұрын

Наурыз тойын тойлап,

Кел достар ән шырқайық

Ұлыстың ұлы күні-деп, әнге кезек берейік.

Ән: «Наурыз – көктем»

Музыка әуенімен Алдар көсе атына отырып, өзінің әнін айтып кіреді. (Мен Алдармын, Алдармын)

Алдар көсе: Амансыңдар ма? Наурыз мейрамы құтты болсын.

Жүргізуші: Қош келдіңіз, төрлетіңіз, біздің қонағымыз болыңыз!

Алдар көсе: Мен сендерге құр – қол келгенім жоқ, ұлттық ойындардың бірін ала келдім.

Ойын: «Қыз қуу»

Жүргізуші: Балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

  1. Көктем келді бүгін

Күнде төкті нұрын.

Наурыз тойын тойлап,

Жатырмыз ғой бүгін. Еркежан

  1. Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналған

Бүгінгі жыр әніміз! Айсұлтан

  1. Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Бізге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді. Қымбат

  1. Көктем шықса адамзат

Тазалайды ауласын.

Кешірейік өткенді,

Көңілде кір қалмасын! Әлинұр

  1. Құтты бослын мереке

Наурыз айы туыпты.

Әне, Наурыз келеді

Әсемденіп жер енді. Аруна

  1. Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне. Тілеужан.

  1. Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – тамаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса. Аңсар.

Жүргізуші: Әже бізге ұлттық тағамымыз «Наурыз көженің» қалай жасалатынын айтып берсеңіз. (Әже айтып береді)

Жүргізуші: Наурыз көктемнің бірінші айы, жыл басы болып саналады. Наурыз айында күн мен түн теңеледі.

«Күн мен түн» (ортаға шығады)

Күн: Сәулесі көп күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Күн менен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді.

Соны тойлар ел енді.


Жүргізуші: Бүгінгідей наурыз тойда,

Тамашалап өнерді.

Қыздарымыз ортада

Ортақ би билейді.

Би: «Домбыра»

Жүргізуші: Балалардың жылы лебіздеріне кезек берсек:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды. Айым

  1. Наурыз келді, алақай,

Кел билейік балақай.

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық. Мирас

  1. Жылдың басы наурыз

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналған,

Бүгінгі жыр – әніміз. М.Медина

  1. Бата беріп, атамыз,

Бата беріп, әжеміз.

Тәтті болып жасаған,

Наурыз дәмін татамыз. Әділ.

  1. Көктем келді, су ақты,

Қырда алғашқы гүл ашты.

Әжем отыр шуақта,

Айналдырып ұршықты. Б.Медина

  1. Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақыт әкелсін! Дима

  1. Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша. Жасмин

  1. Көктем күні керемет,

Жаңбыр жауар себелеп.

Күн ашылса болғаны

Көлбеңдейді көбелек. Айлин.

Жүргізуші: Халқымыздың ежелгі салт – дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу» (Ақ әже ортаға шығып көрсетеді)

Жүргізуші: Наурыз күні құр тұрмайық,

Шаттанайық, қуанайық.

Ұлдардың биін тамашалайық!

Би: «Батырлар»

Балалардың жылы лебіздеріне кезек берсек:

  1. Көктем келіп, мал төлдеп,

Шараға толды сары уыз.

Ырыс күткен еліме,

Береке сыйла Наурыз. Шамиль

  1. Наурыз көже қайнаған,

Күміс күлкі айналам.

Ұлттық киім кигендер,

Көктемдей боп жайнаған. Айсұлу.

  1. Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды. Сұлтан

  1. Армысың, Наурыз

Қуаныш боп төрлет.

Ел боп саған,

Көрсетіп жатыр сай құрмет. Кәусар.

  1. Рахмет сізге, Наурызым,

Нұрын шашқан наурызым.

Жыл бойы аңсаған,

Көптен күткен Наурызым!

  1. Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме! Дамир.

Жүргізуші: Батыр ұлдарымыздың күш сынасу ойынын тамашалайық.

Ойын: «Күш сынасу»

Жүргізуші: Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер, - дегендей, батаға кезек берсек.

Әженің сөзі:

Алдардың сөзі:

Ойын: «Арқан тартыс»

Ән: «Көктем келді»

Бата: Ұлыстың ұлы күні оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Дастарханың кең болсын!

Уайым қайғы жоқ бослын! Әумин!

Жүргізуші: Әумин! Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз жыл басы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі Наурызда кездескенше аман – сау болыңыздар!
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Аналар мейрамы"

Автор: Тилеухан Мартгул

Дата: 14.05.2021

Номер свидетельства: 580435

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Та?ырыбы:8 Наурыз Аналар мейрамы "
    ["seo_title"] => string(34) "tak-yryby-8-nauryz-analar-mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "169937"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423486347"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашы? саба? "Аналар - асыл жандар""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabakanalarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "327124"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463394540"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Аналар мейрамы"
    ["seo_title"] => string(15) "analar_mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "417050"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495212277"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "«Алтын т?ж киген анашым, Алтындай ?ымбат адамсы?!»атты ерте?гілігі."
    ["seo_title"] => string(73) "altyn-t-zh-kighien-anashym-altyndai-k-ymbat-adamsyn-atty-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "274612"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452427171"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Супер аналар "
    ["seo_title"] => string(13) "supier-analar"
    ["file_id"] => string(6) "221734"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435566982"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства