Просмотр содержимого документа
«"Ана-өмірдің шуағы" тәрбие сағаты»
Тақырыбы: Ана-өмірдің шуағы
Мақсаты: Оқушыларға ананы ардақтай білуге, аялауға, құрметтеуге, әйел затын сыйлауға, қыздарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Оларға құрмет көрсету. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне арналған ертеңілік.
Барысы:
Ардақты да аяулы аналар, құрметті ұстаздар сіздерді 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық ұзақ өмір , еңбекте табыс және де жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Енді өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған «Ана - өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар .
Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,
Мен үшін қуанасың, нұрланасың.
Осы өмірге жеткізген өзің үшін,
Сен маған жыр анасың, нұр анасың, - дегендей, ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ сірә? Олай болса, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік . Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен...
Рахымжан:
Анам менің сүйіктім Тек өзіңе табынам. Қасымда жүрсең биікпін, Алыстасаң сағынам.
Көрсетемін күллі елді, Жарық етем түндерді. Өсіріп мен сыйлаймын Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.