kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана-өмірдің гүлі".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поздровительный утрен.ник для мам.Дети поздровляють мам рассказывають стих,поють песни,играют разные игры и танцують танцы,Дарять свой подарки для мам и девочкам

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана-өмірдің гүлі".»

«Ана –өмірдің гүлі»

(Ертеңгілік сценариі )

Жүргізуші: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы әдепті де әдемі

Қазақ қызы- ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.-дей отырып кішкентай қаншайымдырымызды ортаға шақырайық. (ұлдар қыздармен келім орындықтарға жайғасады)

Құрметті қыздар мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: Алинур, білесің бе? Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.

Алинур: Неге, сиқыршы келе ме?

Жүргізуші: Жоқ ,таппадың.

Алинур: Ә, таптым, таптым. Сайқымазақ келетін шығар?

Жүргізуші: Жоқ,Алинур сен таппадынын балалар кімдер келеді.?

Жүргізуші:Бүгінгі біздің ертеңгілімізге келген әдеміде,мейрімді,шуақты,ақылды аналар мен әжелерімізді қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Жүргізуші: Армысың аяулы аналар!

Алинур: Армысыздар мейірімді әжелер!

Жүргізуші: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады аналарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Алинур: Құрметтейік балалар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой ,

Ойлаумен істелік әр қадамды.

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар ! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.

Көктемнің шуақты күндері мен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Осынау көркем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны , ата-аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет еш қашан сөнбек емес.Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай «Еркетай» тобының балалары мен ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ана –өмірдің гүлі»

Ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Аналар көңіл- күйлерің қалай? –Ана дегеніміз- өмірдің бастауымен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі балалар.

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаетың «Ана сен бақыттысын»өлең жолдарымен Нұражы Тамараны шақырамыз.

Жүргізуші: Әдеміде,сүйкімді аналар бүгінгі мерекеге арнаған балалардың әнің қабыл алыңыздар.

Хор:«Айналайын,ақ мамам!»

Жүргізуші: Бүгінгі шуақты мерекеге арнаған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.


  1. Алижан

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін күнде мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші мартыңмен.

  1. Бейбарыс

Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

.

  1. Ермахан

Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.





4.Әнуар

Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың

Айналайын анашым.

Жұмысыңа барасың.

5.Мирас

Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

6.Аңсар

Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем

Апатайым құтықтаймын

Бүгін сенің мерекең.

7. Алинур

Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.

8. Сұлтан

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландары қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

9.Шамиль:

Лучше мамочки любимой
На всем белом свете нет,
Я дарю ей солнца лучик
И весны большой привет,
И букет цветочков первых,
Теплый дождик на заре,
Мамочка, тебя люблю я,
И весь мир дарю тебе!





10.Дамир:

Кто 8 чудо света?
Кто важнее всех на свете?
Кто улыбкой согревает?
Кто заботу свою дарит?
Это мамочка моя,
Очень я люблю тебя,
С 8 Марта поздравляю,
Дней счастливых пожелаю!

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бәріміз.

Сүйікті аналар сіздерге арналған биді қабыл алыңыздар.

Би: «Анамның көздері»

Жүргізуші: Аналар сүйкімді қызымыз Ақеркенің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

Ән: «Апатайым анашым»

Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі,

Мейірлене күледі.

Үйдегі бар шаруаға

Үлгереді бір өзі.

Аналармен ойын ойнасақ

  • Ойын: «Өз баланды тап»

Шарты: Ата-аналармен балалар екі шеңбермен қарама –қарсы жүріп билейді.Музыка тоқтағанда балалар аналарын табу керек.

Жүргізуші: Аналар балалардың сіздерге арнаған әндерін қабыл алыңыздар

  • Хор: «Менің анам» үш тілде орындалады.

Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,

Қол соғып қарсы алайық «Ча-ча-ча» биімен ұлдарды.

Би: «Ча-ча-ча»

Жүргізуші: Қымбат пен Азизаның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

Ән: « Анашым»

Жүргізуші: Ораға «Аяулы ана» әнімен Жадыраны шақарамыз

Жүргізуші; Бүгін аналардың мерекесі ғана емес,әжелердің де мерекесі.Бүгінгі қариясы бар үйдің,қазынасы бар дегендей әжелер арналған әнге кезек берейік.

Жүргізуші: Ардақты әжелер қыздарымыз Айсұлу мен Айжұлдыздың сіздерге арнаған әсем әнің қабыл алыңыздар

Ән: «Мен ауылға барамын»

Жүргізуші: Ортаға «Ардақты ана» әнімен Асель Нургалиеваны шақырамыз

Жүргізуші: Қыздарымыздын орындауындағы әсем биді тамашалайық.

Би: «Маша мен аю»

Жүргізуші: Ал ненді балаларымыздың дайындаған тақпақтарын қабыл алыңыздар:

1.Қымбат:

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.

2.Медина:

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

3. Амина:

I love you, Mommy.
My dearest Mommy.
You make me happy
When I am sad.
I want to tell you
I really love you!
When I’m with you 
I am so glad!


4.Раяна:

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың


5.Ақерке:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

6. Нұрай:

My dear, dear mоmmy,
I love you so much!
I want you to be happy
On the 8th of March!

Жүргізуші: Құрметтейік әжелерді,мейрім,жылу шашатын,әжелер балалардың сіздерге арнаған әнің қабыл алыңыздар

Ән: «Менің әжем»

Жүргізуші: Аналар мен ұлдардын бүгінгі мерекеге арнаған биін қабыл алыңыздар.

Би: «Вальс»

7.Айсұлу:

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,

8.Тамара:

Ақ мамамды әрқашан,

Сағынамын, сыйлаймын.

Мейрам сайын мен оған,

Түрлі сыйлық сыйлаймын

9. Айжұлдыз:

Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет


10.Азиза:

My dear, dear Mummy,
I love you very much!
I want you to be happy
On the eighth of March!

11. Азия:

Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз

12.Айлин:

Үн қатасың нәзік үнмен

Еркелетесін күнде мені

Құттықтаймын анашым

Бүгінгі мерекеңмен

13.Айару:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мама

Жүргізуші; Аяулы да алтын нұрлы анашым

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен арқарсың,сен аспансың,биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, жанасың-деп отырып аналар мен қыздардын бүгінгі мерекеге арнаған биін қабыл алыңыздар.

Би: «Мен анамның қызымын»

Жүргізуші: Аналар мен ойын ойнайық.

Ойын: «Шар үрлеу» (аналар шарды үрлеп орамал тағады ал,балалар бейнесін суреттеп салады»

Жүргізуші: Ортаға әсем әндерімен Тамара мен Аминаны шақырамыз

Жүргізуші: «Құттықтаймын анашым»

  • Жүргізуші: «Раушан гүл» биімен ортаға балаларды шақырамыз. Аяулы аналар,апалар бұл би мен гүл бүгінгі мерекеге балалардын сіздерге арнаған сыйлығы қабыл алыңыздар.

  • (Балалар дайындаған сыйлықтарын тарту етеді)

  • Жүргізуші: Ұлдардың бүгінгі қыздарға арнаған сыйлықтары бар екен,қыздар сыйлықты қабыл алыңдар

Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген- бәйтерегі өмірдің ,

Ана деген-алтын қазық , алтын бақ.

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға –дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Ана –өмірдің гүлі» атты ертеңгілігімізді аяқтайық.

Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ана-өмірдің гүлі".

Автор: Жидебаева Гульзира Амирхановна.

Дата: 10.03.2020

Номер свидетельства: 542308

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Ана- ?мірді? г?лі" ерте?гілігіні? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "ana-omirdin-ghuli-iertien-ghilighinin-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "305961"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458032109"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - ?мірді? шуа?ы!!! "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "182059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459725"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ана-?мірді? ?уанышы, тірегі "
    ["seo_title"] => string(30) "ana-omirdin-k-uanyshy-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "213798"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432140929"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ана – ?мірді? шуа?ы."
    ["seo_title"] => string(17) "anaomirdinshuagy1"
    ["file_id"] => string(6) "320806"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461149890"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства