Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. 8-наурыз – аналар мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды аналарды сыйлауға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөздік қорларын байыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ана - өмірдің гүлі»
«Ана – өмірдің гүлі»
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. 8-наурыз – аналар мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды аналарды сыйлауға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөздік қорларын байыту.
Көрнекіліктері: Гүлдер, шарлар,ойынға қажетті құралдар.
Ертеңгілік барысы:
Әуенмен балалардың қолдарында шарлар бар залға кіріп жартылый шеңбер құрып тұрады.
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар! Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. Аяулы аналар,ардақты әжелер, сүйкімді қыздар барша қонақтар сіздерді көктемнің бірінші мерекесі 8-наурыз мересімен құттықтаймыз! Құрметтейік балалар аналарды Бізді өмірге әкелген даналарды Себебі ана деген асыл жан ғой Ойлауменен істелік әр қадамды -деп
бүлдіршіндердің аналарына арналған әсем әндерін қабыл алыныздар.
Ән: «Ай дидарлы анашым»
Тақпақтар: Аналарға арналған.
Эльнура: Аялаған анашым, Мәпелеген анашым. Менің саған тілегім Қартаймашы анашым Али: Теңдесі жоқ данасың Арқа сүйер панасың Еңбегіңді ақтаймын Аман болшы анашым Диара: Бәріңіз де анасың Біз үшін күн боп жанасың Құтты болсын мейрамың Құттықтаймын анашым
Ералы: Ақ сүт берген балаңа Күш - жігерін жұмсаған Бұл өмірде жан ана Тең келеді кім саған Еркеназ: Еркелеттің асырадың Мойыныңа асыламын Аман болшы ардақты анам. Мен әрқашан қасыңдамын
Таңшолпан:
Аспандағы айымсың Бақытыма балаған Құтты болсын мерекең Айналайын жан анам.
Дариға:
Құтты болсын ақ анам Сегізінші науырызың! Қасымда бол әрқашан Жансын жарық жұлдызың, Тілейді бақыт бір саған Әлпештеген ұл - қызың. Аяла: Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Аналардан тарайды Біздің ана тіліміз. Сергей: Бесіктерін әнімен Тербетуде аналар Жасай берсін сәнімен Жер бетінде аналар.
Алинұр: Теңдесі жоқ данасың Арқа сүйер панасың Еңбегіңді ақтаймын Аман болшы анашым
Ойын: «Гүлге бірінші болып кім жетеді?»
Ойын шарты: 2-3 жұп болып балалар әуенмен вальс билеп жүреді,әуен тоқтаған кезде ұлдардың қайысысы бірінші болып гүлді алса,сол қызға сыйлайды.
Жүргізуші: Асқар тау,биігіміз сенсің- әже Жүрегің теңіздей кеңсің- әже Ұл қызың армансыз болар еді Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже –деп келесі кезекті Дариғаның «Сағындым,әже,сағындым » әніне береміз
Ән: «Сағындым,әже,сағындым»
Ойын: «Өз балаңды таны»
Ойын шарты: Балалар бір қатарға тұрады,бар балалардың анасы кезек – кезек көздері байлаулы шығып,балалардың қолдарын сипалау арқылы өз баласын табады.
Ән: «Анажаным»
Ойын: «Қолшатыр кімге тиеді?»
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Аналарды құттықтап, Би билейміз бәріміз. Сүйікті аналар балалар сіздерге арнап би билейді.
Би:«Анаға тарту»
Қыздарға сыйлық таратылады
Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын таратады.