Просмотр содержимого документа
«Ана-біздің күніміз, біз- Ананың гүліміз!»
КМҚК «Көкпекті- Толағайы» балабақшасы
Ана- өмірдің гүлі!
«Жұлдыз» ортаңғы тобы.
Тәрбиеші:Кокенова А.Д.
2019ж.
Ұлдар жылдам әуенмен залға кіреді.
Асылхан:
Наурыздың бүгін сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Амир:
Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ гүлін.
Ильяр:
Сендерден өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, біздіңәжелар!
Жүргізші:Тәп-тәтті қыз –Жаздай жайсаң –Инабатты қыз –Әп - әдемі –Айдай ашық - Әсем қыз –Айдай сұлу - Ерке қыз
Ақылды қыз - Нұрайлы –Мейірімді қыз –
Гүлдей күлімдеген -
Ажарлы - Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қайырлы күн, қымбатты әжелер - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Бала:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды
Бала:
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ай – мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Бала:
Аяулы да алтын нұрлы анашым Жүрегімнен мәңгі бірге боласың Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің Сен дархансың сен жомартсың данасың!
Бала:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Бала:
Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған, Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ мамам.
-Сәлеметсиздер ме, сұлу қыздар, аналар мен әжелер! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Жүргізуші: - рахмет көктем ханшайымы, енді бізбен бірге бол, төрлет!
Шалқып тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Аналарды құттықтап, Би билейміз бәріміз.
Би: Бала:
Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз
Бала:
Анам менің сүйіктім Тек өзіңе табынам. Қасымда жүрсең биікпін, Алыстасаң сағынам.
Бала:
Мәпелейсің мені анам, Қолыңдағы құсыңдай Құлпыра өсіп дем алам Құшағыңда қысылмай Бала:
Анаң болса қасында Басқа бақыт не керек Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет.
Бала:
Менің анам ақылшым, Күн секілді білгенге Шашырайды шуағы Үйімізге кіргенде
Жүргізуші:
Айналайын анашым Аялайсың, бағасын Сен үшін балалармен Ән шырқайық бәріміз
Ән:
Көктем: Тамаша өнерлі екенсіңдер. Мен хош иісті гүлдерді жақсы көрем. Сол себептен мен сендерге гүл жинау ойынын алып келдім. Мынау менің қолымдағы гүлдердің жапырақтарын жинап әсем гүл жинауларыңды сұраймын.
Ойын:
Көктем: - Ойынды өте жақсы ойнайды екенсіңдер!Ал менің кететін уақытым жетті. Сау болыңдар!
Көктем әуенмен кетеді.
Жүргізуші:
Жанымызды жайнатқын,
Сіздерсіз ғой, аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!
Би:
Әже кіреді.
Әже: - Сәлеметсіздер ме, Менің балдай тәтті балғындарым! Мынау жерде не деген шу болып жатыр?
Жүргізуші: - Қош келдіңіз әжетай! Төрлетіңіз! Біз халықаралық әйелдер, қыздар күнін тойлап жатырмыз, қазір біздің балалар сізге арналған тақпақтарын айтып береді.
Әжеге арналған тақпақтар.Бала:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
Бала:
Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Бала:
Менің әжем мейірбан, Мені жақсы көреді. Қажетіне жарасам, Жас балаша күледі.
Бала:
Немересін жанындай,
Әжем жақсы көреді.
Барса қонақ, «балам» деп,
Кәмпит әкеп береді.
Бала:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі –
Қандай ғажап күлкісі.
Бала:
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Әже: - Рахмет,қарақтарым! Енді мен сендердің аналарыңмен ойын ойнағым келіп отыр. Ойынға бір баланың анасын шақырамын, ол көзін байлап топ баланың ішінен өз баласын тауып алу керек.
Ойын:
Жүргізуші: - Әжетай, біздің балалардың сізге арналған әнін қабыл алыңыз!
Ән: «Әже»
Әже: -Тамаша, әнді ерекше айтады екенсіңдер! Ал меніңде немерем үйде ойын ойнағысы келіп тосып отырған шығар, мен немереме барайын! Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші:
- Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар – дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай келе, балаларымыздың қолымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!