Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 3 бала шығады: 1 - бала: Қуаныштың ағайын Қоңырауын қағайын Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді! 2 - бала: Айнала сары ала Қырманға дән тола Жемістер пісіпті Қоймаға түсіпті! 3 - бала: Ендеше не тұрыс Болмасын жан қалыс Тойлайық, күлейік Қуанып билейік! Би "...."
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алтын күз мерекесі»
Алтын күз
Жарияланды 12-06-2014, 07:07 Категориясы: Тәрбие сағаты
Алтын күз (Ортаңғы топ үшін)
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 3 бала шығады: 1 - бала: Қуаныштың ағайын Қоңырауын қағайын Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді! 2 - бала: Айнала сары ала Қырманға дән тола Жемістер пісіпті Қоймаға түсіпті! 3 - бала: Ендеше не тұрыс Болмасын жан қалыс Тойлайық, күлейік Қуанып билейік! Би "....................." (Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды) 1 - бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Бойымнан әл құрып Көздерім бұлдырап Басым айналып барады! (Басқа балалар көмектесіп, демейді) 2 - бала: Енді, енді не етеміз?! (Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз? 3 - бала: Сабыр сақта, саспайық Дәрігер шақырайық! 1 - бала: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын тез! 4 - бала: Онда дәрі ішіп ал, Менде міне, көп дәрі бар! 5 - бала: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек Бұл - дәлелденген рецепт! 1 - бала: Ах! Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді) Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар, Қандай шағым, арыздар бар? Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек! Дәрігер: Қазір қарап шығайын, Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды) Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді) Тістерің орнында, тамағың іспеген Қол - аяғың әлсізденген Қызуың ыссы екен Білдім, неден ауырғаныңды...! Жеткілікті мөлшерде ағзаңа Дәрумендер жетіспеген! 1 - бала: Енді не істеймін? Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс, Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!.. 6 - бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой, Жемістер де, көкөністер де пісті ғой! Қоймаға қоңырау шалайық Күз өнімдерін осында алдырайық! 7 - бала: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады) - Алло, алло! Қойма ма? Бізге жемістер мен көкөністер керек Машинаға тиеп жіберіңіз Мүмкін болса тезірек! (Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді) Алма: Мен - алмамын, алмамын Таңдандырар бал дәмім Пісіп толдым, мінекей! Баптап ерек бағбаным Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін Дәміммен тәтті еліттім Сүйіктімін сәбилерге Айтпасам да бөліп тым Жүзім: Мені бәрі жүзім дер Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер Қызықтырам көркіммен Қатар - қатар тізілген Шие: Мен шиемін, шиемін Күннің көзін сүйемін Қажеттімін адамға Оны жақсы білемін! Қияр: Мен қиярмын, сәндімін Салаттардың сәнімін Дәруменім мол менің Жегенге қуат сыйлаймын! Асқабақ: Таңдандырар бәрін Асқабақпын дәмді Кептірілген дәнім Таптырмайтын дәрі! Картоп: Мен картоппын, картоппын Бір қарасаң - доппын?! Немен жесең де жағам Мені қоссаң тәтті болар тағам! Қызанақ: Менің атым - қызанақ Тұзды сеуіп молырақ Банкілерге салыңыз Аузын мықтап жабыңыз Тағамға дәм қосамын Қыста тәбет ашамын Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі Таптырмайтын дәрі Өнімдерді ортаға ала Тойлайық енді шаттана! Ән «Алтын күз» Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында - шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды) - көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды) - әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды) - бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік! Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз! Тәрбиеші: Қане онда..... Қызықтайық бірге, сүйінелік, Қолшатырлы қыздар биіне еріп! Би «Қолшатырлы қыздар биі» (Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады) Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті Жапырақтарды сан алуан Тезірек жинап алайық Қане, қане кім жылдам?! Ойын «Кім жылдам?» Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай Жапырақтар күздің көркі Ойланайық, толғанайық Күз туралы әнге елтіп! Ән «Күз» Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер Жаңалықтарды біле жүріңіздер... - Әп - сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата - анаға үлкен сыйлығымыз бар. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар! (Бірнеше ата - аналар мальбертте сурет сала береді) Тәрбиеші: Әсем әнсіз той бола ма? Ән арнайық күзге жаңа! Жеке ән «Сәлем, сәлем Алтын күз!» муз: А. Еспенбетова Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар, «Күз - 2013» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар! Сәнді киімдер шеруі Тәрбиеші: Вокалды топ бүгін бізде қонақта Келіпті күзге ән арнамаққа! Жеке ән « Егін жинау» Муз: А. Филиппенко Тәрбиеші: Енді бір сәт назар сап Мақтау менен сыйға лайық Сурет өнерін тамашалайық! (Күз тақырыбына сурет салған ата - аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды) Тәрбиеші: Өнерлеріңізге ризамыз Суретші екенсіздер нағыз Сыйлығымыз сіздер үшін! (Күз тақырыбына дайындалған жапсыру, картина, жұмсақ ойыншық түрінде жасалған жеміс немесе көкөніс т. б. сыйға тартылады) Тәрбиеші: Жарнама, тағы жарнама! Жаңалықтан құр қалма! Тілек айтқанға сыйлық бар Күзге арнап ортада! (Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі, сыйлықтар беріледі) Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық Тағы да жомарт күзге ән арнайық! Ән «Жомарт күз»
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын «Кім жылдам»
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың. Айым
Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім . Альжан
Өрік Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін. Лаура
Алма Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім. Алина
Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны
1.Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Онын аты (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін аиырып,
Танисын ба? (шиені )
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері-бақша-бақ
Күрен қызыл шіркін-ай
Оның аты…(танқұрай )
«Шалқан» -орыс халық ертегісі
«Алтын күз» өленің тамашалыныздар
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Жүргізуші. Қарсалайық бәріміз Жасымызбен кәріміз Қырдан кепті қыдырып Алтын күзде нұр төгіп Тілегім аман болсын ел іргесі Алтын күз қайта келді ел іргесі Молшылықтың жаршысы бола білді Алтын күз -ырыс береке ала келді. Құрметті ата- аналар балалар. Сіздерді «Берекелі күз » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне балаларды қарсалайық.
Тақпақтар Жанна. Шоғы толан гүлдей жайнап Жарқырайды Алтын күз. Сайрандап күліп ойнап, Келіп кетті қыркүйек. Томирис Д. Қазан айы молшылық Дәулет қорын қалаған Заңғар көкке қол соғып Құстар ұшып барады. Аяжан. Қыстың жақын қалғаның Жапырақтар сезгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей Жапырақтар жамырап Сайңға барып бекінді Анасынан ажырап қалған бала секілді.
Томирис Е. Біреу астық түсірді Біреу астық ұ шырды Жатқан мезгіл күз екен Алдым соны түсініп.
Лера. Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді Кел жемісті Алтын күз Кемелденсін халқымыз. Бекзат.Сара ала тон жамылған Күз атамыз секілді Қойны толы дәмді нан Тәттісі көп не түрлі. Ажар.Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Зере.Алтынға тимеймін танғала Судырап жапырақ түскенде Жыл сайын тосамын ұнатамын Ералы.Алтын сары қызы, қызыл , көк Алуан – алуан жапырақ Күзгі бақтар күлімдеп Көз тартады жалтырап. Ф.Малика. Жер берді жемісті Күз келді келісті Күз — байлық береке Алтын күз — мереке. Саян. Еңбек қызыл қырларда Бидай толды қырманда Алтын таулар секілді Сап — сары болып тұрғанда
Назерке Құстар қайтты қыс болды Сұр бұлт жапты аспанды Жапырақ түсіп гүл солды Қараша ызғары басталды. Ән «Күз » Музыка. Жүргізуші; Балалар бұл не? Біреу жылап тұрған сияқты. Өйткені күн суытты ,құстар жылап жатыр. Құстар тонды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой. Жүргізуші. Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар Балалар. Күн суытады, құстар жылы жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады. Жүргізуші. Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі.
Жұмбақ жасырады Әкеміз ала баспақ асырады Күз келсе соямын деп асығады Баспағын бойын шөпке жасырады Еті қызыл, терісі жасыл әлі. Балалар. Қарбыз Жүргізуші: «Қарбыз» биі. Ойнаймыз күзде біз Достықты білеміз Айырып болмасың Туғандай боламыз. Күз мезгіліне сән көрсету үлгісін қабыл алыңыздар. Күзім –ау, күзім ау Мінезін бұзық — ау Жаңбырын сіркіреп тұрғанын қызық –ау. Ән. «Жаңбыр» Саңырауқұлақ кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма? Балалар.Иә таңыдық.Саңырауқұлақ Мен сендерді мейрамдарымен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма? Балалар:Иә Саңырауқұлақ. Бірақ жаз қайта оралмайды Жүргізуші: Сарғайды тоғай Сап — сары маңай Соңғы әнін айтып Құс кетті қайтып Құстар биімен қыздарды қарсалайық Әуен; Күн күркірейді. Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не? Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ортаға Жаңбыр әнін тамашалайық.Балапан тобы.Бағбаншы: кіреді. Жүргізуші: Сен кімсін? Қайдан келдің? Бағбаншы: Мен орманшы Орманнан мен келемін Балаларды мейрамымен Құттықтауға келдім менАл сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда? Саңырауқұлақ: Біз сенмен келеді деп ойладық. Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық Бағбан: Сіздерге көкөністер мен жемістерді алып келдім қазір олар өздерін таныстырады. Айзере Жинналыппыз бәріміз Қайсымыз ең дәмдіміз. Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз. Расим Мен ұялшақ картоппын мен емеспін мақтанар мені жақсы көреді үлкендер мен балалар Бос айтысты қояйық Дауласуды тоқтатайық Оркестр« Айгөлек »тобының орындауында Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін. Ойыннын аты Жемістер мен көкөністерді ажырат. Балалар ажырата аламекен байқайық. Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы. Күз бен жел кіреді: Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер. Әуен: Сиқырлы Жел:Ақалай мақалай, ақалай мақалай Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды. Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдін артынан қуады. Саңырауқұлақ Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын.Саңырауқұлақ: Күз бізге керек оны балалар тосып отыр Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады,Мен барлығын ұшырып жіберемін.
Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессін Жел: Жоқ мен мықтымын Саңырауқұлақ: Ондай болса мықтылығынды көрейік Ойын: Галош Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты? Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік. Саңырауқұлақ: Сен женсен күзді бізге қайтарасын, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр. Күз оянады.Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын күз Сары алтынға малынған Алтын күз деген мен болам Қайда менің жапырақтарым Би «Жапырақтар»
Жүргізуші:Қош келдің, берекелі күн Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.
Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады Ойнатпайды біздерді Қолымызда қолшатыр мен Ойнауға біз барамыз «Қолшатыр»биі Күз: Күз мен сендердің өнерлерінді тамашаладым. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Ойын: «Сылдырмақты кім бірінші алады» Жүргізуші: Күзде, күзде жаңбыр жауады. Ойнатпайды біздерді Күзде, күзде жапырақтар Желмен бірге ұшады.
Күз: Мен ойын ойнағым келеді, бірақ ата — аналармен Ойын: Дәміне қарай ажырат Күз:Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім , рахмет өнерлеріне енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар
Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі мерекеде дейін сау болыңыздар!
Күз мерекесіне арналған ертеңгілік: «Қош келдің алтын күз» Топбөлмесі күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, жарты шеңбер құрып тұрады.
1.Жүргізуші: Тоңазып отырып Көп жеміс піседі Сарғайып жапырақ Судырап түседі. Үстінде егінжай Салқын жел соғады. Гүл,жапырақ шөптер де Қурап солады. Айтындаршы балалар Бұл қай кезде болады? Балалардың жауабы. /Күзде/ Балалар орындарына отырады. 2.Залға сазды әуенімен Күз кіреді. Амансыңдар ма балалар, Ерінбестен еңбек етіп келетін. Еңбекшіге бар жемісін беретін, Мен –Алтын күз Ынтымақты еліме Берекелі ырыс болып енетін. Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім. Күзде қандай жемістер піседі білесіңдер ме? /алма,алмұрт т.б/ Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр. -Сендер ойын ойнағыларың келе ме? -Иә,ойын ойнағымыз келеді. Ойынның шарты: Мен сендердің ауыздарыңа бір жемісті саламын, ал сендер сол жемістің дәмін татып көріп қандай жеміс екенін айтасыңдар. 3. Балалардың тақпақтары Алтын сары, қызыл көк, Алуан-алуан жапырақ, Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Жемісті мол беретін, Күз дос екен бізбенен, Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген. Сары ала тон жамылған Күз атамыз секілді, Қойны толы дәмді нан, Тәттісі көп не түрлі. Жайдары күз,жарқын күз Аяулы күз алтын күз Дәнге толы ен далам Дариядай шалқар күз. 4. Балалар енді біз күз ханшайымға арнап өлең айтып берейік /осы кезде топқа кір қуыршақ кіріп келеді. Ән «Кір басқан қуыршақ» 5. Жүргізуші: Ал ендікүз ханшайымы мен кір қуыршақ сіздерге арнап балалар кішкене балапандар болып би билеп береміз дейді. Би «Балапан» 6. Жүргізуші: Балалар қане бәріміз тыңдайықшы біздің топқа біреу келе жатқан секілді. Осы кезде қонаққа қолында үлкен сәбізі бар қоян келеді. Балалар мен амандасады. Қоян балаларға «Сәбіз жинау» ойынын ойнатады. Ойынның шарты: Жерде жатқан жемістердің ішінен себеткетек қана сәбіздерді жинап салу керек. 7. Жүргізуші: Балалар енді біз қоянға арнап білетін әнімізді орындап берейік. Ән «Сұр қоян» Ән айтылып болған соң,ханшайыммен қоян балаларға рахметтерін айтып қоштасады. 8. Қортынды: «Алтын күз» Осы ма,осы ма күз деген? Берекесін сыйлайтын кез екен, Мына күздің сыйын қабыл алыңдар, балалар. Бүгін сендермен өткізген алтын күз мерекесі осымен аяқталды. Сау болыңдар.
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
жүргізуші: Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімзіді бастайық
Ақторғын: Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денен мұздап тоңады
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай кезде болады?
Мадияр: Алма,өрік,шие,алмұрт
Жидек,жүзім піседі
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз
Дүкендерге түседі
Астық пісіп,орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.
Мадияр: Жаздағыдай балалар
Далада көп жүрмейді
Еңбекшілер егінен
Дем алуды білмейді.
Ерасыл: Сары алтындай,сары күз
Келді бізге қонаққа
Сыйлығында ала келді
Егіндегі жемісті
жүргізуші: Елімізге келіпті ғой алтын күз
Жомарттығын бақыладық бәріміз
Кім табады,кім табады
Қандай екен алтын күз?
Әуенмен залға күз келеді.
-Саламатсызар ма балалар,саламатсыздар ма қонақтар.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын.
жүргізуші: Келіңіз алыс жолдан келдіңізғой шаршаған шығарсыз біздің балаларымыздың өнерлерін тамашаланыздар.
Ән. «Жау,жау жаңбыр»
жүргізуші: Арқарай балалардың тақпағын тамашалайық.
Азамат. Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді.
Қойма толы дәмді нан
Тәттісі көп неше түрлі
Қандай өзі берген
Алмасын ай алмасын
Жемісі көп не деген
Жеп тауыса алмайсын
Жансүйген: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатам күзді мен.
Сергей: Алтын сары,қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Махаббат: күзім-ау,күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
жүргізуші: Бүгін мейрам,бүгін той
Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой деп
Би: «Қол шатыр» биін ортаға шақырамыз.
Күз:ой балалар осы сендер көңілсізсіңдерғой неге?Сендерге күз мерекесі ұнамай отырма мен онда күлдірмекті шақырайын.
Күлдірмек:Балалар мен сендерге ойын алып келдім.
«Күз жұмбақ ойыны»
жүргізуші: Күлдірмек,Күз аруы сендер енді отырыңдар біздің балаларымыз өзге тілдегі тақпақ айтқысы келіп отырған сияқты.
Ақторғын: В октебре,в октебре
Частый дождик на дворе
На лугах,мертва трава
Замалчал кузнечик.
Сергей: Осень наступила
Высохли цветы
И иьдят уныло
Голые кузты
Самал: Падают,падают листья
Внашем саду листопад
Жолтые,красные листья
По ветру вьюти летят
Нұрхадыр: Осень ходит,осень бродит
Хотьее совсем не ждем
Во дворе,сады заходит
То со снегом то дождей.
жүргізуші: Ән «Қарлығаш»
жүргізуші: Ендігі кезекте ата-аналармен ойын ойнап көрейік күлдірмек.
Ата-анамен «Жапырақ қимақ»ойының ойнайды.Күлдірмекпен балалар 10-ға дейін санайды.
Күз:Балалар мен сендердін өнерлерінді тамашаладық.мен енді ертегі көргім келіп отыр.
жүргізуші: Балалар «Бауырсақ»ертегісің қойып беремізбе?Иа
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Автор
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қоянсенен де құтыламын-деп домалап кетеді
жүргізуші:қоян саған не болды?
Қоян:Бауырсақ менен қашып кетті
жүргізуші:Сен ренжіме одан да бізбен бірге көңілінді көтер.
Би: «Саңырауқұлақ»биі
Автор
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса ,оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Автор
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр:Ызаланып ұлиды аспанға қарап.
жүргізуші:Қасқыр сізге не болды?
Қасқыр:Қарным ашып тұр
жүргізуші:Сіз ренжіменіз оданда біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Мадияр: Берекесңн сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ұлпан. Сұр бұлт түсі суық,қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаныма,танғаныма
Жылқы ойнап бие қашқан тай жарыста.
Ақтан : Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Фатима: Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді
Рахман: Ерекше күз келді
Айнала сары ала
Комбайн жүзеді
Толқыған далада
Ән «Бұл қай кезде болады»
Автор
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю
Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,
Маймақ ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !
Аю:Бауырсақты ұстаймын деген де құлап қалаып жылайды.
жүргізуші:Аю саған не болды?
Аю:Бауырсақты көрдіңбе?
жүргізуші:Жарайды жылама,сен оданда менің балаларымның тақпағын,билерін тамашалаңыздар.
Би «Құстар»биі
жүргізуші: Тырна көкте тыраулап
Қош қош айттым кеттім деп
Шөптің басы қыраулап,
Күзде келіп жеттім деп
Ендігі кезде тақпақтарға берейік
Мұхаметадали: Алма пісіп,алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды
Арай: Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз
Шыңғыс: Күн мұңайып тұр бүгін
Қыс ызғары келеді
Құс шуласа бір-бірін
Жоғалтпасақ дегені
Мейіржан: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Ал енді балалар Күз ханшайымымен қоштасайық
Күз:Қош балалар сау болыңыздар!
жүргізуші:Күзгі бақта қонақтар
Айналайын балалар
Мерекеміз бүгінгі
Естен кетпес күн болар
Бақыт тілеп баршаңызға
Аман саулық тілеймін
Құрметті ата-аналар,қонақтар,баршаңызды тағы да күз меркесімен құттықтаймыз.Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар