Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз" мерекесі»
Алтын күз мерекесі.
Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету,ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Кейіпкерлер:Жүргізуші, Құнбағыс,Қарға,Алтын күз.
Құрал-жабдықтар: жапырақтар, себет, сәбіздер,
Музыкалық бөлме мерекеге сай безендірілген, музыка ырғағымен залға балалар кіреді.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз
Сары шашты жарқын жүз
Мол өнімді ісімен
Таңдарып халқын күз
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме! Қадірлі қонақтар, бүгінгі берекелі де мерекелі, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз!
Дарын: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Нұрбахыт: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
Алдияр: Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Айғаным: Дала сары киінді
Самал соқты салқындау,
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау.
Жүрг: «Күзге сәлем» әнің қабыл алыныз!
«Күзге сәлем» әні орындалады.
Ильяс: Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды
Адиет: Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.
Жүрг: Балалардын дайындаған «Жапырақтар биі» бар, қабыл алыныздар!
«Жапырақтар биі» орындалады.
Жүргізуші: - Ал балалар,балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші,
Сендерді бір көрмекші,
Әуелі жұмбақ жасырам.
Қулығымды асырам,
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам!
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл – қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Дұрыс, күз мезгілі. Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз – Алтын күзді шақырайық!
Музыка әуенімен Алтын күз кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! Сәлеметсіздерме,қонақтар!
Мен – Алтын күзбін!
Жайдарлы жарқын күзбін.
Қонаққа келдім сендерге.
Сәбіз картоп,тәтті алма!
Оған досым таң қалма!
Мен көкөністермен келдім, шығындыр, достарым!
(қияр)Жұлдызай:
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
(Ас бұршағы) Інжу:
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.
(пияз) Жансая:
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
(сәбіз) Нұрислам:
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
(қызанақ) Айдана:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
(Қызылша) Хайдар:
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.
Күз: Балалар, ойын ойнаған жақсы көресіндер ме?
Балалар: Иә.
Күз: Ендеше «Кім тез сәбіз жинайды ?» ойынға шығындар!
«Кім тез сәбіз жинайды» ойыны өткізіледі.
Нұрасыл: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Жылаған дауыс естіледі, балалар жылап отырған күнбағысты тауып алады.
Күз: Балалар қараңдаршы мынау күнбағыс емеспе, саған не болды, неге жылайсың?
Күнбағыс : Сәлеметсіндерме,балалар (қорқып), бақшадағы барлық егіндерді жинап алды, ал мен қалып қойдым , мен қорқамын,ешкімге керегім жоқ.
Күз: Балалар қараңдаршы күнбағыс әбден қорқып қалыпты, кәне, мерекемізге шақырып көңілін көтерейік, келісесіңдер ме?
Балалар : Ия.
Күнбағыс: Сендер мені шың кіргізесіңдер ме? Рахмет, балалар мен қуанып тұрмын, енді біздің сендер қандай ән айтасыңдар тыңдайық.
«Күз келді» әні орындалады.
Күз:Ал енді, «Күн мен түн» ойын ойнайықшы.
«Күн мен түн» ойыны.
Сағыныш: Бұлт ағады аулаққа
Күз келіпті бау – баққа
Жаздай піскен жаңғақта
Шашылады жан - жаққа
Хабибулла: Бұлт шарлады аспанды
Құстар қайтты ән салып
Қыс келді деп жар салып
Күзгі суық басталды
Жания: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр сыбдыр түседі.
Ортаға ұшып қарға кіреді.
Қарға:Кар – кар – кар – кар ! мен күнбағысты іздеп жүрсем бұл мұнда неге жүр, бұл менің күнбағысым.
Күнбағыс: мені балалар мерекелеріне шақырды, қызық болып жатыр.
Қарға:Қайдағы, бұл қандай мереке?
Балалар:күз мерекесі
Қарға: Тауыпсың мерекені, сен менің күнбағысымсын,алып кетем, жүр.
Күнбағыс :Ол мені қазір шағып тастайды, мен барғым келмейді (балалардың артына тығылады).
Күз:Қарға сен асықпа, біздің балалар қалай билейді ,көрші.
Би:«Жұптасу биі» орындалады.
Қарға: Ой- ой – ой , Кар – кар – кар, басым айланып кетті ғой, мына балалар қалай билейді. Қой, өзімнің орманыма барайын. (шығып кетеді)
Жүрг: Құнбағысты құтқарып алдық, иә балалар, ал енді құнбағыс біздің әнімізді тамашала.
« Балапан»әні орындалады.
Күнбағыс: Рахмет балалар, мен сендерге сыйлық бергім келеді. (тәтті сыйлықтарды таратады).
Күз: Сау бол, күнбағыс, сен жалғыз емессін, енді сенің жолдастарын бар!
(Күнбағыс кетеді).
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз!