kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын к?з" ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Алтын к?з» Ма?саты: К?з туралы т?сініктерін ке?ейту. С?здік ?орларын дамыту. Балалар?а мерекелік к??іл – к?й сыйлау. Таби?атты аялау?а, ?ор?ау?а т?рбиелеу. К?рнекілігі: Шар, ?анатты с?здер, сар?ай?ан жапыра?ты а?аштар, жапыра?тар, ??старды? суреттері, техникалы? ??рал. 1 - ж?ргізуші : Армысыздар а?айын, с?леметсіздер ме ?она?тар. «Алтын к?з» атты к?згі мерекелік ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер! (балалар ?олдарына жапыра?тарын ?стап ?демі ?уенмен билеп кіреді ) Балаларды? ?ле?дері о?ылады. А?н?р: Жомарт к??іл, жар?ын к?з, Сары алтын?а малын?ан. Жетті міне алтын к?з, К?птен к?тіп са?ын?ан. Жансерік: К?зім – ау, к?зім –ау, Мінезі? б?зы? –ау, Жа?быры? сіркуіреп, Келгені? ?ызы?-ау. Ж?мила: ?андай ?зі береген, Алмасын –ай, алмасын, Жемісі бол не деген, Жеп тауыса алмайсын. Жанель: К?бейді ??т береке, Асты? толды ?оймамыз, ??тты болсын мереке, Алтын к?зді тойлаймыз. Еркежан: Келістіріп бар с?нін, Берген ?зі? таби?ат, Алтын к?зді ал к?не, ?арсы алайы? жама?ат.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын к?з" ерте?гілік»

«Тауағаш орта мектебі»КММ







Ертеңгілік

«Алтын күз»































Тәрбиеші: Жукушева А.

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар, қанатты сөздер, сарғайған жапырақты ағаштар, жапырақтар, құстардың суреттері, техникалық құрал.

1 - жүргізуші :

Армысыздар ағайын, сәлеметсіздер ме қонақтар. «Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
(балалар қолдарына жапырақтарын ұстап Әдемі әуенмен билеп кіреді )
Балалардың өлеңдері оқылады.

Ақнұр: Жомарт көңіл, жарқын күз,

Сары алтынға малынған.

Жетті міне алтын күз,

Көптен күтіп сағынған.

Жансерік: Күзім – ау, күзім –ау,

Мінезің бұзық –ау,

Жаңбырың сіркуіреп,

Келгенің қызық-ау.

Жәмила: қандай өзі береген,

Алмасын –ай, алмасын,

Жемісі бол не деген,

Жеп тауыса алмайсын.

Жанель: Көбейді құт береке,

Астық толды қоймамыз,

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Еркежан: Келістіріп бар сәнін,

Берген өзің табиғат,

Алтын күзді ал кәне,

Қарсы алайық жамағат.

Саяжан: Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша,

Би билеп бәріміз,

Қуанайық балаша.

Аңсаған: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Мансур: Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

Арина: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Елжас: Астық дала сәулеті,

Астық – Отан дәулеті.

Біздің дала бай дала,

Алтын астықайнала.

Думан: Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан , алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Сабина: Ой , балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты.

ІІ.Жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын,

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын. - дей келе, «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ән шашумен жалғастырайық.

(Келесі кезекте балалардың орындауында (Гүлнәр тәтидің сүйемелдеуімен ) Күз әні )
І.Жүргізуші:Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық. (матрешка биі)

ІІ.Жүргізуші:Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы күз мерекелі, берекелі,

Ән салады қыздарымыз мерекелі(Жанельдің орындауында «Жаңбыр» әні)

І. Жүргізуші: Жүзімізге күлкі ойнап,

Естілеті әніміз,

Алтын күзді қарсы алып,

Би билейміз бәріміз.(Балапан биі)





ІІ.Жүргізуші:Балалар қазір мен жұмбақ жасырамын. Ал сендер мұқият тыңдай қойыңдар:

Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?

І.Жүргізуші: Жиын –терін болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын ,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

ІІ.Жүргізуші: Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. (бидай)

І.Жүргізуші: Орманнан жалпақ даладан, Бал іздеп бір аң жортады,

Кіп –кішкене арадан , Үп –үлкен болып қорқады (аю)

ІІ.Жүргізуші: Балалар мына сұрақтарға жауап беріңдерші:

Күзде не ..... жауады.Күзде күн ..... болады.Күзде..... піседі.

Күзде жапырақтар қандай түске боялады.

І.Жүргізуші: «Алма » ертегісін тамашалайық.

ІІ.Жүргізуші:Балалардың орындауында «Достық» әнін қабыл алыңыздар.

І.Жүргізуші: Құрметті ата- аналар , қонақтар осымен «Алтын күз » ертеңгілігіміз аяқталды , келіп тамашалағандарыңызға көптен- көп рақмет. Келесі сөз кезегін мектеп басшысына Мұрат Серғалиұлына,

Тәрбие ісінің меңгерушісі Әсия Балтабекқызына,

Оқу ісінің меңгерушісі Айбарша Біржанқызына

Ата-аналардың ішінен Тоты әжемізге сөз кезегін береміз).






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын к?з" ерте?гілік

Автор: Жукушева Анар

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329818

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""К?л т?біндегі алтын" ертегісі"
    ["seo_title"] => string(30) "koltubindieghialtyniertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "312826"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459405339"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Алтын сақа" интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(33) "altyn_sak_a_intielliektualdy_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "466404"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1523879368"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Шұбар тауық" ертегісі"
    ["seo_title"] => string(25) "shu_bar_tauyk_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "415483"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494839032"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Алтын балықтың саяхаты"
    ["seo_title"] => string(25) "altyn_balyk_tyn_saiakhaty"
    ["file_id"] => string(6) "415582"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494856354"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) ""Алтын к?з" "
    ["seo_title"] => string(11) "altyn-kuz-1"
    ["file_id"] => string(6) "151980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420794735"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства