kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?л т?біндегі алтын" ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертеде ?кесі д?ние сал?ан со?, та??а жас патша отырыпты. Сонда ол ?арауында?ы халы?ты? ішіндегі жасы алпыс?а тол?ан адамдарды к?рсе: — Б?лар енді е?бек етуге жарамайды, ?мірлері аусыл?ан,— деп ойлайды екен. А?ырында осы алпыс жаста?ыларды ?лтіріп тастау?а жарлы? шы?арады.

Сол патшаны? ?ол астында ?зі кедей, ?зі жал?ыз бір баланы? алпыс жас?а тол?ан ?кесі бар екен, ?лтіруге батына алмай ж?реді. М?ны патша естиді де, баланы ша?ыртып алып:

—        ?ке? алпыс жас?а толыпты, енді ?кенді ?лтіруі? керек,— деп б?йырады.— Егер ?кенді ?лтірмейтін болса? — ?зі?ні? басы?ды кесемін.

Бала патшаны? ?мірінен ?ор?ып, амалсыздан бір тауды? басына ?кесін алып шы?ыпты. Жарлы? бойынша ?лтірейін десе, ?имапты. А?ыры ?кесін ?лтірмей т?рт-бес жыл ?йінде жасырып ба?ады.

Бірде патша саяхат?а шы?ады да, к?дді? жа?асына келіп демалады. С?йтіп, жатып к?лді? т?бінен ат басындай алтын к?реді. Патша алтынды алуды? амалын таппайды. Сонда ?ол астында?ы б??ара?а:

—        К?лді? т?бінде жат?ан алтынды алып беріндер, ?йтпесе б?рінді ?ырамын!— деп, б?йырады. Б?л елдегі халы? патшаны? ?мірі бойынша к?лді? т?бінде жат?ан алтынды алу?а барып еште?е тындыра алмайды да, ?атты ?иналады. Сол к?пті? ішінде ?кесін жасырып ?стап ж?рген жігіт те бар екен. Халы? осындай ?иыншылы??а тап бол?анын ол ?кесіне айтады. Сонда ?кесі баласына мынадай а?ыл айтады:

—         Сен т?рт ?ырлы етіп, бір ?азы? жонып ал да, соны апарып алтын жат?ан жерді? т?сына ?а?ып ?ой. Сонан ба?ыла. Алтынны? жар?ылы т?рт б?рышты ?азы?ты? ?ай жа?ына шы?ар екен. Батысынан ба, шы?ысынан ба, немесе о?т?стігінен бе, солт?стігінен бе, сол жар?ылы к?рінген жа?ты д?л белгілеп кел.

Жігіт т?рт ?ырлы ?азы?ты алтынны? жар?ылы к?рінген жерге апарып ?а?ып ?ояды да, тапжылмай ба?ылап отырады. С?йтсе, алтынны? жар?ылы батыс жа?ынан к?рінеді. Жігіт ?кесіне келіп айтады. Сонда ?кесі байламын ??тырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?л т?біндегі алтын" ертегісі»

Ертеде әкесі дүние салған соң, таққа жас патша отырыпты. Сонда ол қарауындағы халықтың ішіндегі жасы алпысқа толған адамдарды көрсе: — Бұлар енді еңбек етуге жарамайды, өмірлері аусылған,— деп ойлайды екен. Ақырында осы алпыс жастағыларды өлтіріп тастауға жарлық шығарады.

Сол патшаның қол астында өзі кедей, өзі жалғыз бір баланың алпыс жасқа толған әкесі бар екен, өлтіруге батына алмай жүреді. Мұны патша естиді де, баланы шақыртып алып:

—        Әкең алпыс жасқа толыпты, енді әкенді өлтіруің керек,— деп бұйырады.— Егер әкенді өлтірмейтін болсаң — өзіңнің басыңды кесемін.

Бала патшаның әмірінен қорқып, амалсыздан бір таудың басына әкесін алып шығыпты. Жарлық бойынша өлтірейін десе, қимапты. Ақыры әкесін өлтірмей төрт-бес жыл үйінде жасырып бағады.

Бірде патша саяхатқа шығады да, көддің жағасына келіп демалады. Сөйтіп, жатып көлдің түбінен ат басындай алтын көреді. Патша алтынды алудың амалын таппайды. Сонда қол астындағы бұқараға:

—        Көлдің түбінде жатқан алтынды алып беріндер, әйтпесе бәрінді қырамын!— деп, бұйырады. Бұл елдегі халық патшаның әмірі бойынша көлдің түбінде жатқан алтынды алуға барып ештеңе тындыра алмайды да, қатты қиналады. Сол көптің ішінде әкесін жасырып ұстап жүрген жігіт те бар екен. Халық осындай қиыншылыққа тап болғанын ол әкесіне айтады. Сонда әкесі баласына мынадай ақыл айтады:

—         Сен төрт қырлы етіп, бір қазық жонып ал да, соны апарып алтын жатқан жердің тұсына қағып қой. Сонан бақыла. Алтынның жарқылы төрт бұрышты қазықтың қай жағына шығар екен. Батысынан ба, шығысынан ба, немесе оңтүстігінен бе, солтүстігінен бе, сол жарқылы көрінген жақты дәл белгілеп кел.

Жігіт төрт қырлы қазықты алтынның жарқылы көрінген жерге апарып қағып қояды да, тапжылмай бақылап отырады. Сөйтсе, алтынның жарқылы батыс жағынан көрінеді. Жігіт әкесіне келіп айтады. Сонда әкесі байламын ұқтырады.

—         Олай болса, алтын көлдің астында емес, күнбатыс жағындағы таудың басында. Сондағы Шыңырау деген құстың ұясында. Сен сол жерге бар.

Бала әкесі нұсқаған тауға барады. Сондағы Шыңырау құстың ұясын табады. Ұяның қасында жатқан ат басындай алтынды алып үйіне келеді. Содан кейін көлдегі алтын көрінбейтін болады. Сөйтсе, бұл таудың басындағы алтынның күнге шағылысып көлге түскен сәулесі екен. Көлдегі алтын жоғалғаннан кейін патша өлердей ашуланып, халықты бұрынғыдан бетер қысады.

—         Алтынды кім алды? Сол алған кісіні табындар! Егер таппасандар бәрінді қырғызамын!

Сол кезде бір кісі айтады:

—         Бір жас жігіт осы алтын жатқан көлдің бойына қазық қағып жүр еді. Алса алтынды сол алуы ықтимал.

Патша баланы шақыртып алып сұрайды.

—         Көлдегі алтынды сен алдың ба?

—         Тақсыр, мен алтынды көлден алған жоқпын. Таудың басындағы Шыңырау құстың ұясынан алдым.

—         Алтынның тау басында екенін қайдан білдің?

—         Өзім әрі ойлап, бері ойлап таптым.

Бұған патша сенбейді:

—         Шынынды айт, үйіңе барып ойланып кел. Өтірік айтсаң — басынды аламын!—дейді де, баланы қайтарып жібереді. Жігіт үйіне келіп, өзіне қатер төнгенін әкесіне мәлімдейді.

—         Олай болса, шынынды айт!— дейді әкесі баласының қамын ойлап.

—         Өлтірсе, мені өлтірсін...

Әкесі мен баласы ұзақ кеңеседі. Содан кейін жігіт әкесінің үйретуі бойынша патшаға барады да, өзінің әкесін өлтірмей сақтағанын, сол кісінің болжамы бойынша алтынды таудың басынан тапқанын баяндайды. Содан кейін патша жас жігітті ілестіріп, алтын табылған ұяға барады. Сөйтсе, бұл таудағы тастың бәрі алтын екен. Мұны көрген патша өзінің санын бір салып өкініпті. «Ақымақтық істеген екенмін-ау. Қариясы бардың — қамқоры бар деген ақыл сөзді ұмытыппын, тәубаға келейін» деп, алпыс жасқа толған кәрілерді өлтірмей қастерлеуді, қариялардан ақыл-кеңес сұрап отыруды тапсырып, қайта жарлық шығарыпты.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"К?л т?біндегі алтын" ертегісі

Автор: ?ара??лова Л.И

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312826


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства