kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяулы күз, алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық балаларына арналған күз мерекесінің ертеңгілігі. Ертеңгілік ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жүргізіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяулы күз, алтын күз»

"Аяулы күз, алтын күз "

Әуен ойнаған кезде балалар залға кіреді. Музыка ойнайды.

Жүргізуші:

Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге не келді?

Балалар: Күз келді!

Ансар :

Сап- сары маңай,

Сап- сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтіп.

Айару:

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Абрешова Еркежан:

Алтын , сары, қызыл, көк,

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Аят:

Күзім - ау, күзім - ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық- ау.


Жүргізуші: Жапырақтар сыбырлайды. Барып жақындап, сұрайық. Жапырақтар жауап береді:Барлық балалар: (сыбырлап, жапырақтарды ауызға жақындатып,) : Күз! Күз! Күз!

Ән: "Күзгі жапырақтар"

(Отырып, жапырақтарын орындықтың астына қояды) (бір дыбыс естіледі)

Жүргізуші: Бұл не? Кімнің дыбысы?Түсінбедім, шулап жатқан кім екен?Бәрін тез білу керек?Тез табайық, кім екен?(жапырақтардың астындағы сандық жарқырай бастайды)

Сандықтың дыбысы: Жолдастарым асығыңдар Жапырақтар астына қараңдар.Мен мұнда ұзақ жасырынғанмын. Жапырақтар астындамын.

Жүргізуші: Жапырақтарды мен алып тастап көрейін, кім бізбен сөйлесіп жатқанын білейін. (сиқырлы әуен ойнайды, жүргізуші жапырақтар астынан сандықты тауып алады)

Сандық дыбысы: Достарым сендерге рахмет.Сендер мені босаттыңдар.Мен сиқырлы сандықпын.Күзден сыйлық сендерге. Бірақ мына сары қу. Мені айламен жасырды. Өзі сондай қу екен. Оның аты кім екен?

Барлық балалар: Түлкі! (Әуенмен түлкі кіреді)

Түлкі: Адамдар мында көп екен.Сіздер мені күткен шығарсыздар?

Жүргізуші: Жоқ, жоқ қу түлкі. Біз сені күткен жоқпыз. Сұлу күзді қарсы аламыз.

Түлкі: Қараңдар оларды. Күзді қарсы алмақшы.
Ал маған түлкіге құрмет жоқ. Бірақ меннен көзді алу мүмкін емес. Бүгінгі күннен бастап, күзді емес, мені қарсы алғандарыңды қалаймын.

Жүргізуші: Түлкі сені не үшін жақсы көруге болады? Сен барлығын әрқашан алдап жүресін. Алдаудан басқа ештеңе білмейсің. Сондықтан сенімен ешкім дос болғысы келмейді.

Түлкі: Қараңдар бұларды,Қазір көрсетемін сендерге мерекені! Күздің сандығын ашамын,Ішіндегін бәрін өзіммен алып кетемін.

(әуенмен сандыққа жүгіріп келіп, ашайын десе аша алмайды)

Сандық дауысы: Түлкі мені ашуға әуре болма, Одан да уйіңе қарай орал. Менде бір қарапайым құпиям бар, Егер сен жауыз болсаң, онда мен бос боламын. Егер адам жақсы болса, онда құпиямды ашамын.

(Түлкі балаларға жақындап, оларды сипап, құшақтап олармен сөйлеседі)

Түлкі: Мен жақсы түлкімін, Жақсы істер істеймін. Балалардың бәрін жақсы көремін. Күзге мен табынамын. (Тағы да сандыққа жақындап, оны ақырын ашқысы келеді)

Түлкі: Сандығым тез ашылшы, Балалар үшін ішінде не екенін білгім келеді.

Жүргізуші: Жарайды, қазір біз сені тексерейік. Не істей алатыныңды білейік.

(Жүргізуші әуенмен сандыққа жақындайды, күзгі жапырақтарды алып шығады) Түлкі: Осыны да тосын сый дейсіңдер ме? Жапырақтар, мынау не? Маған одан да тауық әкілеп берсеңдер, Міне тосын сый болар еді.

Жүргізуші: Түлкі саған күзгі жапырақтар ұнамайды ма?

Түлкі: Қайдағы күзгі жапырақтар? Бұл не?

Жүргізуші: Қане, балалар күзгі жапырақтар не екенін айтып берейікші.

Айдарбек Еркежан

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырап,

Тамшы жерге секірді.

Мади:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ - сары алтын

Айналаның бәрі алтын.


Санжар:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жарқырап тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.


Жүргізуші: (әуенмен күзгі жапырақтарды шаша бастайды):Осындай күзгі жапырақтармен біз ойнаймыз.

Аналармен узыкалық ойын өткізіледі: "Гүлдер биі?"

Түлкі: Жоқ, маған сендердің күзгі жапырақтарың ұнамайды. Несі жақсы екен? Жапырақтар көп, бүкіл қояндар жапырақтар астында тығылып, оларды таба алмайсың. Уақытымызды босқа өткізбейікші. Ары қарай сандықты ашайық.

Жүргізуші: Қояндардың не қатысы бар екенін түсінбедім.

(Жүргізуші әуенмен сандыққа жақындайды,қолшатырды алып шығады)

Түлкі: осы ма тосын сый? (таң қалып) Қайдағы жоқ таяқ!

Жүргізуші: Бұл таяқ емес түлкі. Бұл сиқырлы қолшатыр. Егер жаңбыр басталса, саған көмектесе алады. (қолшатырды ашады) Қарашы, қандай әдемі! (найзағай мен жаңбырдың дыбысы естіледі). Міне, жаңбыр басталып жатқан сияқты. Қолшатырды ұста.

Алатаудың бауырында,
Атам-әжем ауылында,
Ақша бұлтар, ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

Ән: "кап-кап "

Жүргізуші: Қане тамшылар келіңдер,Түлкіге билеп беріңдер.

Тамшылар биі

Түлкі: Жарайды, мен келісемін. Сиқырлы қолшатыр сендер де, жаңбыр өтті, ал менің үстім құрғақ. Мен сондай әдемі болып қалдым. Рахмет сендерге достарым. Орманға жүгіріп барып, мақтанайын. Сау болыңдар! (Түлкі қолшатырмен залды айналып, әуенмен кетеді)

Сандықтың дауысы: Түлкіге көмектескендерің қандай жақсы болды!Ал менің күзгі сыйым әлі біткен жоқ. (әуен ойнайды, залға үлкен галош киген қорбандап аю кіреді. Жүргізуші оны тоқтатады) Жүргізуші: Сәлем аю, тоқтай тұр. Галошыңды шеш.

Аю: Олар менде жап- жаңа, тап - таза. Бүгін ғана дүкеннен алдым.

Жүргізуші: Галошпен мерекеге келмейді. Бұл мәдениетті емес. Біздің балаларға қарашы, қандай әдемі! Ал сен болсаң галоштасың. Галошыңды шешіп, сосын кел.

Аю: (галоштарға) сендерді мерекеге жбермей жатыр, үйлеріңе барыңдар. (Аю галоштарын шешіп, залдың ортасына өтіп, галоштармен қоштасады. Галоштар залдан шығады.) Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа ғана орманда түлкі жүгіріп өтті. Өзі қуанышты, маған айтты: сендерде күзгі сыйы бар сиқырлы сандық бар екенін. Міне, мен де сендерге келуді жөн көрдім. Маған да бір нәрсе тиетін шығар. Қыс келе жатыр. Маған күш жинап алу керек.

Жүргізуші: Жарайды аю, қарайық. Біз қарсы емеспіз, рас қой балалар? Сандықты тезірек ашып, тосын сыйлықтарды одан тезірек алып шығайық.(көкөністер мен жемістерді алып шығады) Жүргізуші: Мұнда күзгі дәрумендер көп екен. Жемістер, көкөністер. Қараңдаршы.

Жемістер мен көкөністерді топтастыр ойыны.

Аю: Иә, мен жидектерді жақсы көремін. Сендерге рахмет айтамын.

Жүргізуші: Біздің тағы білетініміз, сен балды жақсы көресің. Қазір біздің аралар , сен үшін оны тез жинап алар.

Аралар биі: (биден кейін бал бөшкесін аюға ұсынады)

Аю: Рахмет сендерге достарым! Енді қысқа дайынмын!Сау болыңдар! ( Аю кетеді)

Жүргізуші: Түлкіге де ұнадық, Аюға да көмектестік. Күзді қалай біз көреміз? Сандығымыздан қазір сұраймыз. Сандық, сандық айтшы, күзді біз қалай көруімізге болады?

Сандық дауысы: Күз сендерді тез тапсын десеңдер, Оған тез арада смс хатын жолдаңдар.

Жүргізуші: Балалар, қане, күзге хат жолдайық.

Ойын: «Күзге смс хат»

Шарты: Балалар күзге сәлем деп әріптерден теріп жазады.

Алтын күз: Қайырлы күн менің достарым! Сендермен кездескеніме қуаныштымын! Жұмысым көп болса да, еңбек етуді жақсы көрсем де. Бірақ достарым- балақайлармен, би билеп, ән айтамын. Ән: «Күзгі вальс»

Жүргізуші: Қымбатты күз, балалар саған тақпақтарын дайындап қойған.

Раяна:

Ән салындар күліндер

Жайнап гүлдей жүріндер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ,ойнайық.


Айзере:

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз

Камшат:

Жемісін мол теретің

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретің

Жомарт екен күз деген.

Айғаным:

Қара бұлт қабағын түйеді

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен.

Нұрасыл:

Жайдары күз жарқын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқар күз

Азамат:

Қуандырып бізді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


Күз: Күзде тек жаңбыр бола бермейді, жарқын, жылы күндер де болады!

Алтын күз: Сендер жақсы балаларсыңдар! Сендермен көңіл - көтеру маған қызықты болды! Мына көңілді балаларға алғысым шексіз. Қоштасуға уақыт келді, менің жұмыстарым бар. Келесі кездескенше балалар! (кетеді)


Жүргізуші:

Күз керемет мезгіл,

Сыйымен де жомартты.

Күзге арнап,

Ән жолдайды

Біздің балалар.


Ән "Күз тамаша"


Жүргізуші: Күз мерекесін аяқтаймыз. Қонақтарға тілейтініміз:

Күзгі күндер көңілді де , жарқын болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Аяулы күз, алтын күз

Автор: Иргизбаева Перизат Кадирбековна

Дата: 07.11.2019

Номер свидетельства: 526055

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Та?ырыбы: "Аяулы к?з - алтын к?з""
    ["seo_title"] => string(25) "takyrybyaiaulykuzaltynkuz"
    ["file_id"] => string(6) "307485"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458358189"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Аяулы к?з, Алтын к?з""
    ["seo_title"] => string(22) "aiauly-kuz-altyn-kuz-2"
    ["file_id"] => string(6) "319214"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460781101"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "«Аяулы к?з, алтын к?з»  кешіні? ба?дарламасы"
    ["seo_title"] => string(44) "aiauly-kuz-altyn-kuz-kieshinin-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "263663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449583854"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "«Аяулы күз, алтын күз!» атты мерекелік іс - шара"
    ["seo_title"] => string(44) "aiauly_kuz_altyn_kuz_atty_merekelik_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "525709"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1572940239"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Алтын к?з" мерекесі жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "altyn-kuz-mieriekiesi-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "219677"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434331700"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства