kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аяулы к?з, алтын к?з» кешіні? ба?дарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Аяулы к?з, алтын к?з»  кешіні? ба?дарламасы

К?рнекілігі: Жапыра?тар,  шарлар, ?абыр?а газеті, ма?ал −м?телдер, ж?мба?тар, логикалы? тапсырмалар.

1 - Перизат:  Мінекей таби?атты? ерекше ??былып, айналамыз cары т?ске боялатын, ?амбамыз асты??а толатын, б?ріміз асы?а к?тетін, са?ындыр?ан сырмен к??ілге ?уаныш сыйлайтын    алтын к?зде келді.

Ш?п сар?айып,

??і тайып,

Дала с?ры ?ашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Дене? м?здап то?ады

Айтшы  

Б?л ?ай кезде болады?

 2- ?ділет:

?азан болды молшылы?,

Д?улет ?орын ?алады.

За??ар к?кке жол сызып,

??стар ?айтып барады.

Б?л ??былыс

К?зде ?ана болады.

1 – Перизат:

К?к аспаным м?лдіреп

Шуа?ты к?зім елжіреп

Асыр салып ж?ретін,

Сары к?йлегім желбіреп.

Айтшы

Б?л ?ай мезгілді? келгені

2 – ?ділет:

Жайдарлы к?з, жар?ын к?з

Аяулы к?з, алтын к?з.

Д?нге толы ен далам

Дариядай шал?ар к?з

  б?л Алтын к?зді? келгені.

1 – Перизат:  Армысыздар ?ымбатты ?стаздар, ата аналар мен о?ушылар!

2 – ?ділет: ?айырлы к?н ?ла?атты ?стаздар, жалынды да, жігерлі о?ушылар!

Берекелі де, мерекелі Алтын к?з мерекелері?із ??тты болсын!

2 – ?ділет: К?з айы мерекелі ай. ?ырман толып, хал?ымызды? ырысы артатын берекелі ай. Келесі к?зге дейін ж?регімізде есте ?алатындай арман сезімін себелейтін, ?немі ас?а? м?раттар?а жетелеп отыратын ?асиетті ай. Ендеше халайы? келіп отыр?ан Алтын к?з мерекесі ?рбір жан?а ??т пен береке, ырыс пен табыс ?келсін демекпіз.

1 - Перизат. ??рметті к?рермендер б?гінгі ?ткізгелі отыр?ан  к?згі  мерекемізді? ма?саты: Жа?а ?асырды? ?лы к?шінде егемендігі е?селене т?скен Т?уелсіз ?аза?станда т?рып т?рбиеленіп жат?ан о?ушыларды?  рухын к?теріп, эстетикалы? тал?амын арттыру ар?ылы ?нерге, сезімталды??а, сыпайылы??а, мейірбандылы??а, адалды??а, е?бек?орлы??а т?рбиелеу болып табылады.

2 – ?ділет: Олай болса б?гінгі «Аяулы к?з, Алтын к?з» атты  мерекемізге ?атысатын сыныптарды  ?ошеметпен ортамыз?а ша?ырайы?. ?арсы алы?ыздар:!

5- сынып о?ушылары, 6 – сынып о?ушылары,7 – сынып о?ушылары.

 1 – Перизат:  «Аяулы к?з, Алтын к?з – 2015»  мерекесіне ?атысатын сыныптар?а а? жол деп, ?ошемет к?рсетейік ??рметті к?пшілік.

?діл?азы, а? ?азы?а бір с?лем.

?ділдікке бас иеді к?ллі ?лем

Ж?йрік озар сайыстарда неше бір

Сарап?а сал ?ділдікпен шеше біл … дей келе б?гінгі сайысымыз?а ?азылы? жасайтын ?діл?азылар ал?асымен таныс болы?ыздар!

1.      Мектеп директоры Уалиева Алма Октябр?ызы

2.      Т?рбие ісіні? ме?герушісі  Маймышева Салима Кази?ызы

3.      О?у ісіні? ме?герушісі  Егубаева  Гулзат К?жек?ызы

4.      Кітапханашы апай Искакова  Асемгул ?алымжан?ызы

2 – ?ділет:

Ендеше б?гінгі кешімізді? ба?дарламасымен таныс болы?ыздар.

Ба?дарламамыз  6  кезе?нен т?рады:

1. – кезе?. Таныстыру. ?атысушылар ?здерін таныстырады

2.- кезе?. Экибана. К?згі таби?атпен байланысты ?й тапсырмасын таныстыру

3. – кезе?. ?нер.  ?атысушылар  ?з ?нерлерін к?рсетеді.

4. – кезе?. Білімді мы?ды жы?ар. Сайыс

 5. – кезе?.  С?н ?лгісі. Жарасымды киім ?лгілерін к?пшілікке ?сыну

6. – кезе?. Та? ?алдыру с?ті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аяулы к?з, алтын к?з» кешіні? ба?дарламасы»

Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы

Көрнекілігі: Жапырақтар, шарлар, қабырға газеті, мақал −мәтелдер, жұмбақтар, логикалық тапсырмалар.

1 - Перизат: Мінекей табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш сыйлайтын алтын күзде келді.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады

Айтшы  

Бұл қай кезде болады?

 

2- Әділет:

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Бұл құбылыс

Күзде ғана болады.



1 – Перизат:

Көк аспаным мөлдіреп

Шуақты көзім елжіреп

Асыр салып жүретін,

Сары көйлегім желбіреп.

Айтшы

Бұл қай мезгілдің келгені

 

2 – Әділет:

Жайдарлы күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз

  бұл Алтын күздің келгені.

1 – Перизат: Армысыздар Қымбатты ұстаздар, ата аналар мен оқушылар!

2 – Әділет: Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі оқушылар!

Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

2 – Әділет: Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

 

1 - Перизат. Құрметті көрермендер бүгінгі өткізгелі отырған күзгі мерекеміздің мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан оқушылардың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

2 – Әділет: Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты мерекемізге қатысатын сыныптарды қошеметпен ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар:!

5- сынып оқушылары, 6 – сынып оқушылары,7 – сынып оқушылары.

 1 – Перизат: «Аяулы күз, Алтын күз – 2015» мерекесіне қатысатын сыныптарға ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.      Мектеп директоры Уалиева Алма Октябрқызы

2.      Тәрбие ісінің меңгерушісі  Маймышева Салима Казиқызы

3. Оқу ісінің меңгерушісі Егубаева Гулзат Көжекқызы

4. Кітапханашы апай Искакова Асемгул Ғалымжанқызы

2 – Әділет:

Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.

Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады:

1. – кезең. Таныстыру . Қатысушылар өздерін таныстырады

2.- кезең. Экибана . Күзгі табиғатпен байланысты үй тапсырмасын таныстыру

3. – кезең. Өнер. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.

4. – кезең. Білімді мыңды жығар. Сайыс

5. – кезең. Сән үлгісі. Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсыну

6. – кезең. Таң қалдыру сәті.

1 – Перизат:

Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім

Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің өз - өздерін таныстыруы үшін ортаға шақырайық..

1 – Перизат:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Хан хандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

Ендігі 2 - кезең үй тапсырмасы, күзгі табиғат тақырыбына байланысты экибана әзірлеу. Ортаға экибанасын көрсетіп, таныстыру үшін шақырамыз. 

1 - жұп. 5- сынып

2 - жұп. 6 - сынып

3 - жұп. 7 - сынып

2 – Әділет:

Мінекей екі кезеңді де артқа қалдырдық

Құрметті әділқазылар өтілген екі кезеңінен нәтижесін білсек

1 – Перизат:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Үкілі үміттерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

2 – Әділет:

Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,

Сұлулықты көргенге үміттіміз

Қуаныш сыйлай берші бал татыған.

1 – Перизат:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая - мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,- деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.

 

2 – Әділет:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашан да нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. дей келе 3 - кезеңіміз Өнерге кезек берсек.

Сыныптар ән, би, таппақ айтады:

5 сынып: «Көңілді күн» ән, Әділет «Күз» А.Құнанбаев.

6 сынып:

7 сынып.

1 – Перизат:

Өнерлеріңізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Ал қатысушылар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

2 – Әділет:

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын табар ма екен үміткерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар

Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.

4 – кезең. Конверттер тапсырмаларымен беріледі. Әр оқушы әр конверттен тапсырма алып жауап береді.

№1. мақал − мәтелдер.

  1. Жер тоймай,
    Ел тоймайды.

  2. Жеріне қарай, егін ек,
    Жолына қарай жегін жек.

  3. Қыс азығын жаз жина.

  4. Арпа, бидай — Ас екен,
    Алтын, күміс — Тас екен.

  5. Тамыр тартқан — тарықпас.

  6. Жемісті ағаштың басы төмен.

  7. Егінші жылда арманда,
    Балықшы күнде арманда.

№ 2.жұмбақтар

  1. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.  (Жеміс)

  1. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар?   (Мақта)

  1. Әкеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығыды.

  1. Баспағым бойын шөпке жасырады.

Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз)

  1. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз)

 

  1. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да,

Айналар нанға да.  (Бидай)



№3 логикалық тапсырмала
1. Қызықтыратын ойыншықтар Балалар емханасында жас емделушілер сонда тұрған ғажап дорбада қоңжық ойыншықтармен ойнағанды жақсы көретін. Өкінішке орай, балаларға қатты ұнағандықтан, қоңжықтар біртіндеп жоғала бастады: жасөспірім емделушілер оларды өздерімен үйлеріне алып кетіп отырды. Емхана басқарушысы бұл мәселені қалай шешкен еді.

Жауабы: Қоңжықтардың барлығына таңғыштар байлады да , балалардың барлығына қоңжықтар айығып кету үшін, емханада қалу керек деп айтты. Балалар мұнайса да, мақұлдап келісті
2 .Жүгіру ме, әлде жүру ме? Сіз қалай ойлайсыз- жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орында тұрып жүгіру деген де болады.
Жауабы: Жүгіру мен жүрудің айырмашылығы қозғалыс шапшаңдығына байланысты емес. Жүру кезінде біздің денеміз ылғи да жермен аяқ нүктесі жанасып отырады. Ал жүгіру кезінде, кей кезде біздің денеміз мүлдем жерден дараланып, онымен ешбір нүктемен жанаспайды.
3. Ауыспалы мағына Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз?
Жауабы: Біз сағатқа қараған кезде, нешеден болмасын он минут кетіп тұрған жағдайда.
4. Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқардың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді?
Жауап: Асқар 5 минутқа кешігеді, ал Айдос болса- 5 минут бұрын келді.

Көрермеңдерден номер.....

Альфия: Ойын өткізу: «Қолынды соз» деп аталады.Жіпте кампит, ойыншықтар ілу. Қатысушылар қайшымен қиып алу.

1 - жүргізуші Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалайтын кез де келді Осы 3 - 4 кезеңдер бойынша қорытындыласақ. Балдық жүйе ең жоғары 10 балл.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Жанкүйерлер, аянбай - ақ жан салыпты дей келе ....

Әділет:

Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар

Үннің тәтті оралған мән оятар

Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап

Жақсы ән көңілді жақсы уатар – «Ағатай» әнімен ортаға Перизатты шақырамыз қарсы алыңыздар.

2 – Әділет. Перизат біз жанкүйерлердің арасынан бір ойын ұйымдастырсақ қалай қарайсың?

1 – Перизат: Дұрыс айтасың, Әділет жүректері лүпілдеп соғып, кім жеңеді, кім қалады деген сан қилы сұрақта мазалап отырған көрермендерді бір сергітсек артық етпес.

2 – Әділет: Ендеше Ортаға әр сыныптан бір - бір қыздан ортаға шақырамыз Ойынның атауы «Намыс дода».

Шарты мынадай: Мінекей үш үстелді ортаға қойдық. Бұл жерде сендердің шапшаңдықтарыңызбен тапқырлықтарыңызды сынаймыз. Мен сіздерге осы аудиторияда бар бір заттың атауын айтам, сіздер сол затты тауып алып келіп, көрермендерден айналып мына жерге келіп мак ойынын ойнап барып орындыққа отырасыздар. Кім соңғы келеді сол ойыннан шығады. Бұл ойын арқылы сіздер өз сыныптастарыңызға бір ұпайдан қоса аласыздар Ескерту өз қолдарыңызда бар заттарды алуға болмайды. Дайындалайық.

Ән ойнайды.

1. Етік.

2. Сақина.

3. Ризинка

4. Гүл

2 – Әділет: Бәрекелді жарайсыңдар. Қатысқандарыңыз үшін рахмет.

1 – Перизат.:

Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Жан біткенді өзіне еліктетіп.

Қатысушылар өздерінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі кезекте сән үлгісін 5 - кезеңді тамашалаңыздар

1 - Перизат

Бар сұлулық құйылған бір басына,

Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,

Бетін шымшып жауратып күз салқыны,

Еркелейді еріксіз сырласына.

Өнерлінің жүзі жарқын,

Шығара білсе жарыққа дей ортада

2 – Әділет: Құрметті көрерменде енді соңғы кезеңімізге де келіп жеттік 6 - кезең яғни «Таң қалдыру сәті».

Бұл кезеңнің шарты бойынша ар сынып өздерінің істеген ісімен немесе басқа да тәсілдер арқылы залда отырған сіздерді таң қалдыру керек Ендеше сайыскерлерімізге кезекті берейік.

1 – Перизат: Сонымен, Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген.

2 – Әділет: Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген ақылды да, парасатты қатысушыларымыздың жеңіпмаздарын анықтайтын кезге де келіп жеттік.

1 – Перизат:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

2 –Әділет:

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Аяулы күз, алтын күз - 2015» байқауының жеңімпаздарын жариялау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Егер уақыт болса:

Көрермеңдерге жұмбақ жасыру.

Көк лағым көгенде тұрып семіреді.  (Қарбыз) 

Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.  (Қауын) 
 Аласа ғана бойы бар, 
Тоғыз қабат тоны бар.  (Сарымсақ (Чеснок)) 
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.  (Таба нан) 
 Судан алады,
Суға салса өледі.  (Тұз) 
 Алыстан қарасам аппақ, 
Татып қарасам тәтті-ақ.  (Қант) 
 Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.  (Жұмыртқа) 
 Ақ отаудың есігі де жоқ, 
Тесігі де жоқ.  (Жұмыртқа) 
 Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.  (Қазан, от)

Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.

1 – Перизат

Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің

Бәріңде аман болыңдар. Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.

 2 – Әділет:

Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.  Баршаларыңыз сау болыңыздар!

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Аяулы к?з, алтын к?з» кешіні? ба?дарламасы

Автор: Сарсенбаева Жаныл

Дата: 08.12.2015

Номер свидетельства: 263663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства