Просмотр содержимого документа
«Аяулы күз, Алтын күз»
Аяулы күз, Алтын күз. Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту. Балалар әдемі сазды әуенмен саз залына кіріп орналасады. Жүргізуші: Келді міне алтын күз, Сары шашты жарқын жүз. Мол өнімді ісімен, Таңдандырып халқын күз. Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Айналайын» тобының дайындаған «Аяулы күз, Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
«Бүгін бізде мереке» ән орындау
Жүргізуші: Балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Мыстан кемпір келеді. Қолында сыпыртқы.
Жүргізуші: Балалар, бұл кім? Бұл мыстан кемпір гой! Мыстан кемпір біздің мерекемізді бүлдіруге келген секілді. Мен қазір достарыма звандайын , сені алып кетсің!
Мыстан кемпір: (жылайды) жоқ ешкімге звондаманызшы! Мен ешкімді алдамаймын, тиіспеймін.
Жүргізуші: Сен мында не үшін келдің? Сені ешкім шақырған жоқ. Біз Алтын күзді шақырып , тосып отырмыз.
Мыстан кемпір: (Жылайды) Мені ешкім шақырмайды, мені ешкім жақсы көрмейді. Пожалуйста мені қалдырынздаршы. Мен сендермен бірге билегім келеді.
Жүргізуші: Балалар, мыстан кемпірді қалдырамыз ба? Онымен бірге би билейміз бе?
«Тучка» биі билеу
Жүргізуші: Балалар, қарандаршы бізге қонаққа Күз ханшайыы келді.
(Әдемі әуенмен күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Салемесізбе!
Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін. Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақшы боп бар халқымның алғысын. Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз
Ән «Алтын күз»
(Балалардың қазақша, орысша, тақпақтары ). тақпақтар айту балалардың
Жүргізуші: Күз ханшайымы , біздің ұлдар сізге арнап би дайындады.
Тамашаланыз.
Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз білеміз, күзде жемістер, көкөністер піседі. Балалар, ендеше Эфирде «Күзгі бақша» телеарнасының , Қызанақ кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалық бар екенін, хабарласып көрейік!
Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр?
Қызанақ кориспондент: Сәлеметсіздер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністерде пісіп жатыр. Бірақ кім оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдерме?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
Ойын «Жемістерді жинау»
Күз ханшайымы: Рахмет. Мен өзіммен бірге ата- аналарға арналған ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар ата-аналар. Ойын: « Жапырақ »
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә балалардың өнері ұнады ма? ( Осы кезде найзағайдың күркірі естіледі) Балалар, Күн жауғалы тұр, біз жауынан қорықпаймыз. Ән саламыз «Дождик»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз. Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!