Просмотр содержимого документа
«"Аяулы келін - 2018" сайысы»
Атырау облысы,Атырау қаласы,Көкарна селосы,
№2 «Ақ сұңқар» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі Кисапова Жеңісгүл Амангелдіқызы.
Келіндер сайысы. Тақырыбы: «Аяулы келін - 2018»
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар сіздерді наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, отбасы мамандығын, шаңырақ шаттығын тілеймін. Бір қолмен бесік тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, көркем сөз оқу, іскерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Аяулы келін - 2018» сайысын тамашалаңыздар.
Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын,
Сайыс сайын жанкүерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін,- дей отырып, ортаға сайысымызға қатысушы келіндерді шақырамыз.
Амиргазина Манаргүл Шаймырзақызы
Қазиева Алтынай Қанатқызы
Ханатова Айнұр Орынбасарқызы
Хамидуллина Элянора Ғизатоллақызы
Үкібаева Гүлмайда Байболатқызы
Жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге
Шақырайық біз төрге
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділ-қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер,-дей отырып бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділ қазыларымызбен таныс болыңыздар:
Жулаева Қапиза Абуқызы
Қожахметова Роза Насырғалиқызы
Бектемисова Света Саматқызы
Рахашева Дәметкен Рахашқызы
Ең алдымен сайыскерлеріміз өздеріне реттік номерлерін таңдап алсын.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық,
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал ендеше рұқсат болса
«Аяулы келін - 2018» сайысын бастайық.
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, әділқазылар және ұстаздар сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар:
«Тегін білу - тектілік»
«Сен салт-дәстүрді білесің бе?»
«Өнерлі келін сүйкімді»
«Қазағымның киелі бесігі»
«Кім жылдам?»
«Дәм - думан»
Қорытынды.
1.Армысыздар айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Ата-баба шежіресін жіктеп,
Өнерлерін паш етер келіндер-ай,
Сәтте келіп жетті танысатын,- дей отырып «Тегін білу-тектілік» бөліміне кезек берейік.
Әділқазылардың бағаларын сараласақ.
2.Көңілін халқының таптың бүгін,
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық,
Байқайық келіндердің тапқырлығын,- дей отырып сайысымыздың 2 бөлімі
«Сен салт-дәстүрді білесің бе?».
Сұрақтар:
Байғазы деген не?
Киіз үйдің сүйектерін ата?
Табақ жасау нешеге бөлінеді?
Сүзбе қалай жасалады?
Сыбаға дегеніміз не?
Бәсіре деген не?
Наурыз көже қалай жасалады?
Күйеу табаққа не салынады?
Жаушы жіберу қандай салт-дәстүр?
Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
Тілашар қай кезде жасалады?
Жеті ата қалай аталады?
Қалжа дегеніміз не?
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
Қырқынан шығару туралы не айтар едіңіз?
Әділ қазылар өз бағаларын бергенше ортада «Жұлдызша» 2 кіші тобының бүлдіршіндері:
Өтеу Айзере
Бекнұрқызы Анель
Мурсалимова Нұрай
Эльдарова Қарлығаштың орындауында «Тәй-тәй» әні.
3.Ал кімнің өнері бар қаншалықты?
Толғанта ән салдырып, билетіп
Жасына қарамастан бұл ортада
Қай келін таңқалдырар бұл халықты,- дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерлі келін сүйкімді» жол берейік.
Әділ қазыларымыздың әділ бағасын сараласақ.
4.Болу үшін күн ертеңде ұлты нық,
Тани білсін, бесігін жұрт ұғып.
Ана-әуенге қосып бірге уілін,
Тал бесікте сәби жатыр бұлқынып,- дей келе сайысымыздың келесі бөлімі: «Қазағымның киелі бесігі» билет суыру арқылы , әр сайыскерлер тапсырмаларды орындайды.
1билет: Бесік нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Ал, сен осы бесіктің жабдықтары туралы не айтар едің?
2 билет: Қазіргі заманда баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті бесікті «Зиян» деп жататындар да бар. Ал, сен осы киелі бесіктің пайдасы туралы не айтар едің?
3билет: ұлы жазушы М.Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ал, сен осы бесікке қатысты ырым-тыйым сөздерді білесің бе?
4билет: Ақ келін бесік туралы жұмбақты шешіп көр.
1.Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі.
Бұл не?
2.Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы.
5 билет: Аяулы ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесік тербеткен. Бесік тербете отырып «Бесік жырын» айтқан. Ал, келінжан бесік жырын білесің бе?
Жүргізуші: бәрекелді келіндерімізге қошемет білдірсек. Әділқазылар әділ шешімін айтқанша ортада «Күншуақ» ересек тобының «Батырлар» биін тамашалайық.
5.Көңілін халқыңның таптың бүгін,
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін,
Келіңдер келіндер-ай ортаға шық,
Кімнің тез екенін анықтайық?-деп отырып, келесі бөлім «Кім жылдам», яғни келіндерімізге алдын-ала үйден бесбармаққа арналған жайманы илеп келу тапсырылды. Қазір сол жайманы 2-3 минутта келіндеріміз илеп шығу керек. Әділ қазылар уақыт шектеп отырсақ. Ал, келіндерге сәттілік.
Әділқазылардың бағаларын сараласақ.
6.Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын бәрі маған.
Теңгермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы,- деп отырып, сайыскерлерге жеребе тасталып үй тапсырмасы берілген еді. Ендеше «Дәм-думан» сайысына кезек берейік.
Жүргізуші: Тамаша. Әділ қазыларымыз сайыстың бағасын қойып қорытынды шығарғанша ортаға «Шағала» ортаңғы топ бүлдіршіндері: