Бауырсақ ертегісі.
Жүргізуші:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
-Балалар,қараңдаршы,қандай әдемі үй. Қызық,бұл үйде кім тұрады екен?
(Әже шығады.)
Әже:
-Сәлеметсіңдер ме балалар! сендер маған қонаққа келдіңдер ме? Мен сендерді күтіп отырдым. Мүмкін сендер маған көмектесесіңдер?
Жүргізуші:
-Не болды,әже?
Әже:
-Мен бауырсақ пісіріп едім,ал ол жоғалып кетті.
Жүргізуші:
-Уайымдамаңыз әже. Біз қазір бауырсақты тауып береміз.
Әже:
-Керемет. Тауып беріңізші,өтінемін. Ал мен сендерді үйде күтіп отырамын. (кетіп қалады).
Музыка ойналады. Бауырсақ билеп жүреді.
Бауырсақ:
Мен бауырсақ бауырсақпын,
Атадан да қаштым,әжеден де қаштым.
Жүргізуші:
-Бауырсақ сен неге әжеден қашып кеттің? Сен оны ренжіттің. Ол қатты жылады. Осындай керемет күнде мерекеде.
Бауырсақ:
-Бүгін қандай мереке?
Жүргізуші:
-Қане,балалар бірге айтайықшы.
Бірге: Әжелер мен аналар мерекесі.
Бауырсақ:
-Ой мен мүлде ойламаппын. Енді не істеуге болады?
Жүргізуші:
-Тезірек үйіңе орал,әжең күтіп отыр.
Бауырсақ:
Жақсы мен кеттім.
Бауырсақ келе жатыр.
Жүргізуші:
Бауырсақ орманда домалап келе жатса алдынан қоян шығады.
Қоян:
-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
-Осындай мереке күні қатал болуға бола ма? Әжелер мен аналар мерекесінде.
Қоян:
-Мен анама сыйлық дайндаған жоқпын.(жылайды).
Бауырсақ:
-Жылама қоян. Біз балалалрмен кқңілді би билеп береміз. Ал сен үйде анаңмен биле. Анаң үшін ол үлкен сыйлық.
Би.
Қоян:
-Рахмет сендерге балалар! Тезірек анама барайын.
Қоян кетіп қалады.
Бауырсақ:
-Мен де барайын,әжемді табайын.
Бауырсақ келе жатыр.
Жүргізуші:
-Бауырсақ келе жатса,алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр:
-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
-Осындай мереке күні қатал болуға бола ма? Әжелер мен аналар мерекесінде.
Қасқыр:
-Ал менің анама сыйлайтын сыйлығым жоқ.
Бауырсақ:
-Жылама қасқыр. Біз балалармен саған арнап би билеп береміз. Сен үйреніп,анаңа ойнап бересің.
Би. Погремушкалармен.
Қасқыр:
-Рахмет сендерге балалар. Мен анама барып орындап берейін.
Қасқыр кетіп қалады.
Бауырсақ:
-Балалар,менде барайын,әжемді табайын.
Жүргізуші:
-Бауырсақ орманда домалап келе жатса алдынан аю шығады.
Аю:
-Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Осындай мереке күні қатал болуға бола ма? Әжелер мен аналар мерекесінде. Одан да біз бен бірге ойын ойна.
Ойын.
Аю:
-Рахмет сендерге балақайлар. Ойындарыңыз көңілді екен. Мен анама барайын.
Бауырсақ:
Мен де барайын,әжемді табайын.
Жүргізуші:
-Бауырсақ орманда келе жатса алдынан түлкі шығады.
Түлкі:
-Сәлем бауырсақ. Сен қайда барасың,достым?
Бауырсақ:
-Түлкіжан,мен қатты асығып тұрмын. Әжемді іздеп жүрмін.
Түлкі:
-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
-Жемеші мені түлкі. Біз балалармен саған арнап ән айтып береміз.
Түлкі:
-Ән айтасыңдар ма? Тыңдайын. Ән тыңдағанды жақсы көремін.
Ән. Топ топ балақан.
Түлкі:
-Мен қартайып қалдым,құлағым естімейді. Менің тұмсығыма отырып,айтшы.
Бауырсақ:
-Жоқ,түлкі мен саған сенбеймін. Балалар,түлкінің тұмсығына отыруға бола ма?
Балалар: Жоқ. Ол сені жеп қояды.
Бауырсақ:
-Мен де солай ойлаймын. Ох,түлкі,түлкі. Ұялмайсың ба?
Түлкі:
-Кешіріңіздерші мені балақайлар. Мен енді бауырсақты ренжітпеймін.
Жүргізуші:
-Балалар,түлкіні кешіреміз бе ?
Балалар: Ия.
Түлкі: Сау болыңдар балалар. анамды құттықтайын.
Түлкі кетеді. Әже келеді.
Әже: Бауырсағым менің.
Бауырсақ:
-Әжей кешіріңізші мені. Мен енді ешқашан қашпаймын.
Әже:
-Бәрекелді бауырсақ. Ал бұл менен сендерге дайындаған тәтті сыйлығым.
Жүргізуші: О, аналар осындайсың бәрің де, Осындайсың жасың-дағы кәрің де, Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге...