Просмотр содержимого документа
«"Асыл -әжем" аналар мерекесіне арналған ертеңгілік»
«Асыл-әжем»
Мақсаты:Балаларды әжелеріне деген мейірімділікті сезінуге,үлкендерді құрметтеуге үйрету. Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Саз ырғағымен балалар залға кіреді. Т:Қайырлы күн,ақ жаулықты әжелер,аяулы аналар,әріптестер,ару қыздар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге мықты денсаулық,отбастарыңызға амандық тілеймін. №6 «Шағала»ересек тобының «Асыл әжем» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. №31 «Күншуақ»МДҰ-ның меңгерушісі А.Т.Тажидановаға сөз береміз. Ислам:Әжелерді мейрамымен құттықтаймыз, Айтатын ән,билейтін биде дайын. Әжетайым сені жақсы көреміз деп, Бар әлемге қуанып айқайлаймыз. (қызыл телпек залға жүгіріп кіреді) Ислам: Ой,Тілектес Шыңғысқызы бұл қызыл телпек қой. Т:ия,ия,дұрыс айтасын Ислам бұл қызыл телпек. Ислам:Қызыл телпек неге жүгіріп келдің? Қ.т.-Ой мен әжемді мерекесімен құттықтауға бара жатыр едім,бірақ жолда қасқыр кездесіп қалып,мені қуып келеді.Мен одан қорқып қашып келемін ұстап алса мені жеп қояды ғой.(жылайды) Т:Қызыл телпек сен жылама,біз қазір қасқырды қуып жібереміз, бүгін біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз,қарашы бәрі саған қарап отыр ғой. Қ.т:Айналаға қарап ұялып тәрбиешінің артына тығылады. Т:Қызыл телпек сен жасырынбай-ақ қой,сен әжеңе барғанда қандай сыйлық жасамақшысың? Қ.т: Мен әжеме гүл сыйлайын деп едім. Т: Ой қандай әдемі гүлдер. Т:Қызыл телпек біздің балалармен бірге қосылып ән салшы. Хор: «Анам-әжем» Ислам:Қызыл телпек сен әлі қорқып тұрсың ба? Қ.Т. Ия,ана жерде қасқыр қарап тұр ғой Т:Ой,балалар қызыл телпекке біз көмектесеміз бе? Б: ия көмектесеміз. Ислам:Онда біз би билеп қасқырды қуып жіберейік. Би: «Аспазшылар» (Қасқырды аспазшылар қуып жібереді)
Ислам:Қызыл телпек енді қасқыр жоқ,балалар қуып жіберді,әжеңе қорықпай бара берсен болады. Қ.Т: Балалар сендерге көп-көп рахмет.Мен енді әжеме барайын.Хош сау болыңдар(шығып кетеді).Балалар қоштасады. Әдемі әуен ойналады, көктем келеді.(сөзі) Т:Хош келдің көктем!Сенің шуағына бөленіп біздің балалар бүгін әжелер мерекесін тойлауда,сенде балалардың өнерін тамашала. Т:Әжелер немерелеріне әрқашанда мейірімді,ақылшы,қамқоршы. Немерелеріңіздің сіздерге арнаған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар Ортаға Азархан,Гүлжан,Ескендір,Бекарыс,Жазира,Жасұлан,А.Азиз. Көктем ойын ойнатады: «Әжемізді сәндейік» Ойынның шарты:Немерелері әжелерінің шашын сәндейді. Т: «Моншақтар» биі. Т: Енді Балым,Сұлтан,Еркеназдың орындауында«Ақ мамам» әнің қабыл алыңыздар. Ислам: Өнегесін үйреніп, Көмекші боп жүрейік. Алдарында бас иіп, Биде билеп берейік. Би: «Әжелер» Т: Әжелерімізге арналған балалардың ақ тілегін қабыл алыңыздары. Ортада:Бексұлтан,Аділ,Айзере,ӘлішерАйкөркем,Амира,Жанарыс. Ән: «Әжеме» Нұрасыл,Азархан,Жасұлан,Амира,Айкөркем, Жазира. Ойын: «Әжемнің асыл сөздері» Шарты:Әжесімен немересі бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Әжесіне жеткенше жүректен шыққан асыл сөздерін айтады. Жаңашаланған қағазбен ойналатын музыкалық оркестр.Ислам:Қандай бала болмайық, Әжемізге дәріміз. Көтерсінші көңілің, Ән салайық бәріміз. Хор: «Біздің әжеміз» Балалар әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынады. Т:Осымен №6 «Шағала»ересек тобының «Асыл әжем» атты ертеңгілігі аяқталды.