kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жиһаз дүкені (Сан мен санау)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хасенова Улболсын Ерболатовна.Батыс Қазақстан облысы,Бөкейордасы ауданы, Сайқын ауылы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жиһаз дүкені (Сан мен санау)»

Тақырыбы: Жиһаз дүкені (Сан мен санау)


Сабақтың мақсаты: Оқушыға 5 саны мен санау туралы түсінік беру. Дүкенде өзіне қажетті құралдарды сатып алуға үйрету. Баланы кішіпейілдікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Санға байланысты тапсырмалар орындау.

Сабақтың түзеу мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілеттерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, оқушының өз бетімен жұмыс жасай білуіне дағдыландыру. Ауызша сөйлеу тілін, қолының ұсақ моторикасын дамыту.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сандар, түрлі ойыншықтар

Сабақ барысы:


І Ұйымдастыру бөлімі

1. Амандасу

- Сәлеметсің бе, Арсен!

- Кәне, бір-бірімізге жақсы күлкі сыйлайықшы.

«Шаттық шеңбері»

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3. Өткенді қайталау

-Арсен, біздер қандай санды білеміз?

-Бір, екі, үш.

-Жарайсың, өте жақсы. Олай болса біздер жаңа сабағымызды бастайық.

Жаңа тақырыпқа кіріспе


Мұғалім ата-анасының жиһаз сатып алмақшы болғанын айтып, жиһазды қандай дүкеннен алуға болатынын сұрайды.

  • Жиһаз дүкенінен алады.

  • Жарайсың, өте жақсы.


Жаңа тақырып

«Суретке мұқият қарап ата, сана» ойыны.

Жиһаз қойылған бөлменің суретін көрсетіп, сұрақтар қояды:

  • Неше үстел, орындық бар?

  • Ал неше кереует бар?

  • Қанша шкаф?

  • Үстел көп пе, орындық көп пе?

( Оқушы мұғалімнің көмегімен суреттегі заттарды салыстырады)

  • Жарайсың, өте жақсы.


Бес санымен және таңбасымен таныстыру

Өлең :

Бес дегенің сан,

Қарап тұрсаң оп-оңай.

Үштің басын қайырып,

Қоя салған жай бұрап.


Бестікке қара, енді,

Көзіңді байлай жөнелді.

Айналып кетіп алдыңда,

«Екілік» шыға келеді.

  • Жарайсың, өте жақсы.


«Заттарды салыстыр» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты: Ойыншық жиһаздарды (орындық пен жұмсақ орындық) көрсетеді. Салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызу.

  • Жарайсың, өте жақсы.




«Санамақ»


Төрт жиһазды жүк машинесіне салғызады, бір жиһазды әкеле жатып, сұрақтар қояды:

  • Машинеге неше жиһаз салдық?

  • Тағы қанша жиһаз салайын деп тұрмыз?

  • Олардың түстері бірдей ме?

  • Бәрі қанша жиһаз болды?

  • Жарайсың, өте жақсы.


«Бөлмеге жиһаз жина» дидактикалық ойын.

Ойынның шарты: Балаға қатты А4 қағазы мен карточкалардағы жиһаз суреттері беріледі. Бала мұғалімнің айтуы бойынша орналастырады:

  • Текшені орындықтың астына қой

  • Сары кесені үстелдің үстіне қой

  • Ақ табақты шкафқа қой

  • Жасыл шеңберді шкафтың қасына қой

  • Жарайсың, өте жақсы.


Сергіту сәті

Оң қолымда-бес саусақ,

Сол қолымда-бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бәрін санап аламыз.

  • Жарайсың, өте жақсы.


Дәптермен жұмыс.

Бес санын көрсетуді сұрап, сандарды салыстырады.

  • Жарайсың, өте жақсы.


«Дұрыс боя»

Тапсырмаларды орындату:

  • Тіктөртбұрыш ішінде қанша жиһаз, сонша дөңгелекті боя

  • Нүкте арқылы 5 таңбасын сызып жаз

  • Таңбалардың арасынан 5 таңбасын тауып, қоршап қой, оның көршілерін ата

  • Жарайсың, өте жақсы.


«Танграмм» дидактикалық ойыны

Ойынның шарты: Әртүрлі геометриялық пішіндерден жиһаз құрастыруға тапсырма беріледі (дөңгелек және тіктөртбұрыштан үстелді; шаршы мен тіктөртбұрыштан орындықты).

( Оқушы тапсырманы өте жақсы орындады)

  • Жарайсың, өте жақсы.


Үйге тапсырма беру


-Геометриялық пішіндерді қолдана отырып 5 үй жасау. Сандарды ретімен санау.


Қорытынды



  • Арсен, біздер бүгінгі сабақта не істедік?

  • Салыстырдық, ойнадық, 5 санын үйрендік

  • Өте жақсы. Жарайсың.














Ашық сабақ


«Жиһаз дүкені. Сан мен санау»









Өткізген дефектолог: Хасенова У.Е.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жиһаз дүкені (Сан мен санау)

Автор: Хасенова Улболсын Ерболатовна

Дата: 17.03.2017

Номер свидетельства: 401159

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ойын ар?ылы тілдерін дамыту."
    ["seo_title"] => string(29) "oiyn-ark-yly-tildierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "259591"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448797685"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ойын ар?ылы тілдерін дамыту."
    ["seo_title"] => string(31) "oiyn-ark-yly-tildierin-damytu-1"
    ["file_id"] => string(6) "259592"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448797693"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Саба? жоспары "Етістік""
    ["seo_title"] => string(21) "sabakzhosparyietistik"
    ["file_id"] => string(6) "319156"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460740975"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""О?ушыларды жылдам  о?у?а ?йрету  жолдары" "
    ["seo_title"] => string(45) "ok-ushylardy-zhyldam-ok-ug-a-uirietu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "213881"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432150648"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства