Это занятие по сенсомоторному развитию по теме "Күз мезгілі". В ходе занятия ребята учатся узнавать предметы на ощупь, работают с природными материалами, выполняют логоритмические упражнения.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Күз мезгілі" атты сабағы.»
Бөлімі: Сенсомоторлық дамыту Тақырыбы: Күз мезгілі.
Мақсаты: Т-б.м.: Күздің негізгі белгілерімен таныстыруды жалғастыру, заттарды сипап сезу арқылы тануға жаттықтыру, қағаз түйреуіштерді қадауды жаттықтыру;
Т-д.м.: Балалардың зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Тактилды қимылды және ұсақ моторикасын жетілдіру.
Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша сюжетті суреттер, ойыншық аю, қарындаштар, түрлі түсті қағаздан жасалған дем алу жаттығуын орындауға арналған жапырақтар, қағаз түйреуіштер, картоннан қиылған кірпі бейнелері.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Педагог балаларды шаттық шеңберге тұрғызады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (лэпбукпен жұмыс, аталған заттарды көрсету)
Дұрыс, қазір жылдың күз мезгілі.
Күз екенін қайдан білдіңдер?
Күзде күн түнеріп, аспанды сұр бұлт қаптайды, салқын жаңбыр сіркіреп жауып тұрады. Құстар жылы жақтарға ұшып кетеді, гүлдер, жапырақтар солып кетеді.
Күз мезгілінде неше ай бар?
-Балалар, күзгі жапырақтар қандай болады?
-Дұрыс, олардың түстері түрлі болады. Олар сарғайып кетеді, солады, сары, қызыл, қоңыр болады. Күздің аяғында ағаштар жалаңаш тұрады.
-Ал гүлдермен не болады? Олар қандай болып кетеді?
-Дұрыс, олар солып қалады.
Біл дыбыс естіліп тұр.
Балалар, қараңдаршы, сабағымызға кім келіпті?
Дұрыс, аю келіпті. Кәне, онымен амандасайық.
Сәлем, аю! Балалар, аю сендерге сиқырлы қапты алып келіпті. Аюмен ойын ойнаймыз ба?
Әрине, ойнайық.
«Күзгі жапырақтар» дем алу гимнастикасы.
«Сиқырлы қап» дидактикалық ойыны.
Педагог балаларға күз мезгіліне байланысты түрлі табиғат материалдарды сипап сезу арқылы тануға ұсыныс береді (емен жаңғақтары, итмұрын жемістері, шырша жаңғақтары, боз арша жаңғақтары, грек жаңғақтары).
-Балалар, грек жаңғақтың беті қандай?
-Дұрыс, кедір-бұдырлы.
-Шырша жаңғақтың да беті кедір-бұдырлы.
-Итмұрын жемістің беті тегіс.
«Жаңғақтарды сұрыпта» дидактикалық ойыны.
Педагог балаларға түрлі жаңғақтарды (емен жаңғақтары, итмұрын жемістері, шырша жаңғақтары, боз арша жаңғақтары, грек жаңғақтары) сұрыптауды ұсыныс береді.
«Сары жапырақтар» атты саусақ жаттығуы.
Қарлығаштар қораға, Ұя салмас ал енді, Күн суытып далада, Жел айтады өлеңді. Сапар шегіп құс легі, Жабырқайды атырап, Жерге үзіліп түседі, Сары алтындай жапырақ.
Логоритмикалық жаттығуларды орындау.
«Кірпіге көмектес» дидактикалық ойыны.
-Балалар, қараңдаршы, сабағымызға кірпілер келіпті. Бірақ, олардың көңіл-күйлері жоқ секілді. Олар орманда жүріп, Мыстан кемпір оларды сиқырлап тастапты. Сол себептен тікенектері түсіп қалыпты. Оларға көмектесетін балалар бар ма? Онда бастайық! Қазір түрлі түсті қағаз түйреуіштерді қолдана отырып, кірпілерге тікенектерді жасап жіберейік.
-Жарайсыңдар, балалар!
Боямақпен жұмыс.
Қортындылау.
-Бүгінгі сабақта не істедік? Қандай ойындарды ойнадық? Балалар, кәне, қонақтарға рақмет айтып қоштасайық.