kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жапырақ әлеміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар сабақта жапырақтың пішінімен және құрылысымен танысады. Оқушылардың білімін кеңейту мақсатында түрлі шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жапырақ әлеміне саяхат»


















Жапырақтар әлеміне саяхат

/ 6 сынып/











Биология пәнінің мұғалімі

Молдрахметова Гулшат Аманжолқызы













Сабақтың тақырыбы: Жапырақтар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: білімділік: Жапырақтар әлемін қорытындылау барысында оқушыларға жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы, жапырақтың суды буландыруы, түр өзгерістері, фотосинтез, өсімдіктің өсімді мүшелері арқылы көбею жолдары туралы және жай және күрделі жапырақтар туралы білімдерін кеңейту, тиянақтау, жинақтау. Өсімдіктердің адам денсаулығына маңызы зор екенін, емдік қасиеті туралы түсіндіру

дамытушылық: Оқушыларды топтарға бөле отырып, әр түрлі тапсырмалар мен ойындар ойнату арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жапырақтар туралы білімдерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп-баптаудың адам денсаулығына маңызы зор екенін түсіндіру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы: І. ұйымдастыру (амандасу, түгендеу)

ІІ. үй жұмысын тексеру

ІІІ. оқушылардың назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасы: үлестірме парақшалармен тексеру.

-Өсімдік әлемі алғашқы қоғамнан бастап, қазіргі уақытқа дейін адам баласының өмір сүруіне қажетті барлық мұқтаждықтарды өтеп келе жатыр. Биология, медицина, т.б. ғылымдардан хабары жоқ кезде де, халық өздеріне өсімдіктердің тамыры мен жапырақтарын дәрі -дәрмек орнына пайдаланып келген. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп түседі. (жапырақ) Олай болса бүгінгі сабағымыз жапырақтар әлеміне саяхат деп аталады. Жапырақтар туралы не білетінімізді ортаға саламыз.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

І. Саяхат сабағымызды «Ой қозғау». «Көбелекті құтқару» ойыны арқылы бастаймыз

1. Өсімдіктің өсімді мүшесі? (жапырақ)

2. Жапырақтың кеңейген бөлімі? (тақтасы)

3. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы? (әр түрлі бірнеше айдан 15 жылға созылады.)

4. Фотосинтездің ашылуы туралы не білесің? (1630 жылдан басталды. Голландиялық Ван Гельмонт )

5. Бөбешік жапырақшалар қайда орналасқан? (әр түрлі пішінді майда жапырақшалар)

ІІ «Жайқалып өссін өсімдік » кезеңінде

Оқушылар жапырақтың суретіне қарап, жай және күрделі жапырақтарды түрлеріне қарай жеке-жеке ажыратып, жапырақ тақтасының пішінін, сыртқы құрылысын, жапырақтың жүйкелерін, жиектерін анықтап жазып шығады.

Жүйкелену дегеніміз не? №1 Слайд

ІІІ «Жапырақ жайлы не білеміз?» кезеңі

  1. Жапырақтың атқаратын қызметі?

  2. Жапырақтың жүйкеленуі , (гүлдерді көрсету). атқаратын қызметі.?

  3. Жапырақтың сабаққа орналасуы? (кезектесе, қарама-қарсы, топтанып)

  4. Екі жарнақты өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі?( Қауырсын жүйкелі, саусақ жүйкелі, тор жүйкелі жапырақтар қосжарнақты өсімдіктерге тән.)

5. Бір жарнақты өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі?

IV «Білгенің артық болмайды» кезеңі

Бұл кезеңде биологиялық сөздер беріледі, осы сөздерден сөйлем құрастыру керек.

1. Биология, жануарлар,өсімдіктер, жапырақтар, табиғат, қорғау, сақтау, экология, адамдар, сауатты, салауатты, танысу, бақылау, ерекшеліктері, құрылысы, маңызы

V «Кім көп біледі?» кезеңі (биологиялық диктант)


1. Жапырақ тақтасының ең соңында ---------------------өседі.

2. Өсімдік неғұрлым ылғалы мол жерде өссе жапырақтары соғұрлым ----------

3. Шөптектес өсімдіктердің күрделі жапырақтары----------түседі.

4. Жапырақ тақтасы деп ------------- ал сағағы деп --------жіңішке бөлімін айтады.

5. Жапырақ сағағы ----------қандай қызмет атқарады.


1. сағағы

2. жалпақ, қою жасыл түсті

3. тұтас қурап

4. кеңейген, жіңішке

5. тірек, өткізгіштік, жарыққа бұру


VI Оқулықпен жұмыс. 57- беттегі тапсырма.

«Жасыл дәріхана».

Дәрілік өсімдіктер жайлы мәліметтер жинап келуі тапсырылған соны айтады.

  1. Лимон, құлпынайды қызуды түсіруге пайдаланады.

  2. Түймедақ пен қалампыр өсімдіктерін түтіндету арқылы масадан сақтануға болады.

VII «Жайқалса жасыл желек жапырағы» (мақал-мәтел, жұмбақтар, тыйым сөздер)

  1. Мақал- мәтел

  1. Тау бұлағымен сәнді, көл құрағымен сәнді.

  2. Білімі жоқ ұл- жапырағы жоқ гүл.

  1. Жұмбақтар

3.Тыйым сөздер:

VIII «Биологиялық эстафета» ойыны


IX Сабақты бекіту: тест жұмысы

1. Жапырақ қызметі:

А) фотосинтездеуші; В)газ алмасу С) су өткізу; Д) барлығы

2. Сағақты жапырақтары бар өсімдік:

А) агава; В) құртқашаш; С) зығыр Д) үйеңкі

3. Сағақсыз жапырақтары бар:

А) шетен; В) қарағаш; С) мыңжылдық ; Д) үйеңкі

4. Дара және параллель жүйкелену---тән.

А) еменге В) пиязға С) үрмебұршаққа Д)үйеңкіге

5. Жапырақ жүйкелерінің негізгі қызметі:

А) тыныс алу В) зат өткізу; С) қорғаныш; Д) қор жинау.

6. Жапырақ үстіңгі және астыңғы жағынан ---------қапталған.

А) қабыршақпен; В) өңмен; С) механикалық ұлпамен Д) тірек ұлпамен;

7. Жапырақ жұмсағы ұлпасының қызметі:

А) өткізгіш; В) қор жинаушы; С) крахмал синтезі; Д) газ алмасу;

Жауаптары: 1-Д; 2-Д; 3-С; 4-В; 5-В; 6-В; 7-С;

X Бағалау білім сапасына қарай бағалау.

XI Үйге тапсырма Біліміңді сына. 68- бет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жапырақ әлеміне саяхат

Автор: Молдрахметова Гулшат Аманжоловна

Дата: 02.03.2018

Номер свидетельства: 460393

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "уроки математики Сандар ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(42) "uroki-matiematiki-sandar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "208046"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430732141"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?дептілік ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(27) "dieptilik-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "275551"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452596194"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Музыка әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "muzyka_lieminie_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "457698"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518718100"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«?ыс ханшайымны? ?леміне саяхат» "
    ["seo_title"] => string(36) "k-ys-khanshaiymnyn-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "177705"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424699249"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Биология ?леміне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(26) "biologhiialieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "327520"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463458200"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства