kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұқымның кұрылысы.Тұқымның типтері.Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тұқымның сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері.  Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы" тақырыбы биология пәнінен 6 сыныпқа арналған.Тұқымның даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктерінің құрылысын ерекшелігін ажырата білуге, тұқымның құрамы неден тұратындығын зертханалық жұмыс жасай отырып, көз жеткізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұқымның кұрылысы.Тұқымның типтері.Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.»

Сабақтың тақырыбы: Тұқымның сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларғатұқымның құрылысы, дамуы және қос

жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

тәрбиелік: Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың міндеті: Табиғатта өсімдіктердің тұқым арқылы таралатынын, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың ерекшеліктері, тұқым жарнақтың маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.

Сабақтың көрнекі құралдары: ЭО-қ, интерактивті тапсырмалар,тест, таблица, алдын-ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай),ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі, сызбанұсқа,слайд, биологиялық диктант.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: тірек-сызба,сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс,зертханалық жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланыс:селекция, экология, биология.

Сабақтың құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгендеу, топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам»

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті: «Көңілді күн»

V. Зертханалық жұмыс

VI. Бекіту: венн.диаграмма. Сызбанұсқа,тест

VII. Қорытынды

VIII. Бағалау

IX. Үйге тапсырма

ІІ. Өткен сабақты сұрау. «Кім жылдам?». 5мин.

1Жасуша дегеніміз не?

2.Ұлпа дегеніміз не?

3.Ұлпаның неше түрі бар? Түрлері қандай?

4.Сабақ пен тамыр ұшында орналасады?

5. Негізгі ұлпа дегеніміз не?

6. Жабын ұлпасының қызметі мен түрлері?

7.Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты неше топқа бөлінеді?

8. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпа дегеніміз не?

Тест 5мин

Өсімдік ұлпалары.

І-нұсқа

1.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:

а)түзуші ә)негізгі б)жабын

2.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

3.Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа: а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

4.Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:

а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі

5.Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

6. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа:

а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі

7.Сүт жолы мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:

а)жабын ә)бөліп шығарушы б)негізгі

Өсімдік ұлпалары.

ІІ-нұсқа

1.Сабақ пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:

а)түзуші ә)жабын б)өткізгіш

2.Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

3.Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:

а)негізгі ә)түзуші б) жабын

4.Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:

а )түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

5.Су мен улы газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат түзетін ұлпа:

а)өткізгіш ә)негізгі б)жабын

6.Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:

а)өткізгіш ә)тірек б)негізгі

7.Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) түзуші ә)негізгі б)бөліп шығарушы


Өсімдік ұлпалары.

ІІІ-нұсқа

1. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:

а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі

2.Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.

3.Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

4. Жасушалары арасында ауа кеңістіктері бар ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)түзуші

5. Тін талшығы жақсы жетілген ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)тірек б)негізгі

6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

7. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы


Жауаптары:

І - нұсқа ІІ- нұсқа ІІІ-нұсқа

1. Б 1.А 1.Б

2. Ә 2.Б 2.Ә

3. Б 3.А 3.А

4. Б 4.Ә 4.Ә

5. Б 5.Б 5.Ә

6. А 6.А 6.Ә

7. Ә 7.А 7.Б



Бағалау

    1. - «5»

0-6 – «4»

    1. - «3»

0-2 - «2»


Сәйкесін тап 3мин.


Ұлпалар

Қызметі

Жабын

Жасушалары жас, ұдайы бөлінеді

Тірек

Қолайсыз жағдайдан сақтайды

Түзуші

Сабаққа,жапыраққа мықтылық қасиет береді.

Негізгі

Қоректік заттар мен су әр мүшелеріне өтеді

Өткізгіш

Сүтті шырын,эфир майы,шірне бөлінеді

Бөліп шығарушы

Қоректік заттар қоры жиналады.


Біз ұлпаның құрылысымен, қызметімен таныстық. 1мин

Ендеше, жасуша - ұлпа – мүше - ағза.


Біз сіздермен вегетативті, генеративті мүшелерді білеміз. Ал, вегетативті мүшелерге не жатады? -тамыр , сабақ, жапырақ . Генеративті мүшелерге : гүл, тұқым, жеміс жатады. Тұқым түзетін өсімдіктерді тұқымды деп атайды.

III - жаңа сабақ

Ой шақыру 1мин

Жұмбақ.

1.Біреуін бердім, онын тердім (тұқым)

2.Ұзын мұртты сарылар,

Қырман толы дәні бар (бидай)

3.Тіл үйірген дәмі бар,

Сары алтын түс сәні бар.

Шақсаң егер кептіріп,

Сүйегінің дәмі бар (өрік)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 5мин

Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.

Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдау үшін үрмебұршақ тұқымын қарастырайық. Тұқымның қабығы, жарнағы және ұрығы болады. Пішіні бүйрекке ұқсайды. Ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді. Тұқым қабығы қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі-түсті болады. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды. Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқым тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларды (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т.б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

Дара жарнақты тұқымның құрылысын талдау үшін суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Бидай қабығы тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарамыз. Дәнектің едеуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Қоректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды.

Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, күріш, тары және т.б. жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.

Тұқым – тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі.


Мәтінді оқу 5мин

1топ Тұқым

2топ Қос жарнақтылар

3топ Дара жарнақтылар

Оқушылар мәтінді оқи отырып,өз бетінше жұмыс жасайды.Терминдерді, анықтамаларды дәптерге жазып алу.


Қос жарнақты тұқымның құрылысы.


Қабығы Екі жарнағы Ұрығы



алғашқы тамырша алғашқы сабақша бүршікше

Дара жарнақты тұқымның құрылысы



қабығы бір жарнақ эндосперм ұрық

(қауызы)


1 топ. Биологиялық диктант: Тұқым 5мин

Тұқым қабығы ........ .,........... , ............ сақтайды.Бидай тұқымының қауызы тез .......... . Тұқымның қабығы ............, ................, ................ болады. Ұрықтағы май қоры .............. жұмсалады.

1.Кеуіп кетуден. Мезгілсіз өнуден .Зақымданудан

2.Сылынбайды

3.Қалың, тығыз,тегіс жылтыр

4.Өнуге

2топ Биологиялық диктант: Қос жарнақтылар


Ұрық...........,............,.......... тұрады. Қос жарнақты тұқымда ......... ........... болады. Үрмебұршақ тұқымының ойыс жағында .................... бар. Қоректік заты ..................... жиналады.

1. Екі жарнақ

2. Жарнағында

3. Алғашқы тамырша,сабақша,бүршікшеден

4. Кіндігі


3-топ Биологиялық диктант: Дара жарнақтылар.


Эндосперм жасушаларында ...........,............,.................. заттары жиналады . Ұрық пен эндоспермнің арасында ....................... орналасады. Қоректік заты............................ жиналады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер................ деп аталады.

1.Крахмал,нәруыз,май

2. Бір жарнақ

3. Эндоспермде

4.даражарнақтылар


.

Видео Сергіту сәті «Көңілді күн» 1мин


Жаңа сабақты зертханалық жұмысты жасата отырып түсіндіру. 10мин

5-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.

Мақсаты: Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын қарай отырып айырмашалықтарын анықтау.

Құрал-жабдықтар: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.

 Жұмыстың барысы:

1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін салу.

2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).

3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.

4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.

5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.

Нәтижесі: Әрбір тұқымның құрылысын жаз:

Қандай тұқым?_______________________

1.______________________________________

2.______________________________________

3._____________________________________

4.______________________________________

5._______________________________________


Қандай тұқым? ______________

1.______________________________

2.______________________________

3.______________________________

4.______________________________

5.______________________________

6.______________________________

Қорытынды:

1. Дара жарнақты тұқымның құрылысындағы ерекшеліктер қандай?

2. Ұрық қажетті қорек заттарын қос жарнақты тұқым мен дара жарнақты тұқымның

қай бөлігінен алады?

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды 3мин

Венн диаграмма

Қос жарнақты

Ұқсастығы

Дара жарнақты

1. Екі тұқым жарнағы бар

2.Қабығы суға жібіткенде тез сылынады

3.Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады

1. Тұқым жарнағы бар

2. Қабығы тығыз

3. Ұрық:

- сабақша;

- тамырша

- бүршікше

1. Бір тұқым жарнағы бар

2.Қабығын суға жібіткенде ажырату қиын

3.Қоректік зат эндоспермде жиналады

Тест тапсырмалары: 2мин

1. Дара жарнақтыларда қор заттары жинақталған бөлік:

А. ұрық В.қабық С.эндосперм

2.Үрмебұршақ тұқымының жеміске бекінген жері:

А.тұқым кіндігі В.тұқым қауызы С. тұқым жарнағы

3.Тұқымында екі тұқым жарнағы бар:

А.дара жарнақтылар В.тұқым С.қос жарнақтылар

4. Дара жарнақты өсімдіктер:

А. арпа, бидай В. асқабақ, күнбағыс С. асбұршақ, соя

5. Тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі:

А.гүл В.тұқым С.жеміс

6.Тұқымында бір тұқым жарнағы бар:

А.қос жарнақтылар В. дара жарнақтылар С.тұқым

7.Тұқымды кеуіп кетуден, зақымданудан сақтайды:

А. ұрығы В. қабығы С.жарнағы


Бағалау парағы 2мин


Ұпайы


Бағасы

15-18

«5»

12-14

«4»

8-10

«3»



Әр тапсырмаға қойылған ұпай санын қосып қорытынды бағасын шығару.



Аты- жөні

Кім жылдам?

Тест жұмысы



Сәйкесін тап

Биологиялық диктант


Жалпы

ұпайы


Баға


1











Үй тапсырмасы. §10 оқып келу, келесі сабаққа дейін тұқымды өндіріп келу.

  • Сөзжұмбақ құрастыру.








.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Муканова Гульбану Мукашевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383273

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Т??ымны? сырт?ы ж?не ішкі к?рылысы. Т??ымны? типтері. Даражарна?ты ж?не ?осжарна?ты г?лді ?сімдіктерді? т??ымдарыны? ??рылысы."
    ["seo_title"] => string(118) "tukymnynsyrtkyzhnieishkikurylysytukymnyntiptieridarazharnaktyzhniekoszharnaktyghuldiosimdiktierdintukymdarynynkurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "278722"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453126507"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(236) "Тұқымның сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы."
    ["seo_title"] => string(80) "tu_k_ymnyn_syrtk_y_zh_nie_ishki_ku_rylysy_tu_k_ymnyn_tiptieri_darazharnak_ty_zh_"
    ["file_id"] => string(6) "455997"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518171969"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства