Просмотр содержимого документа
«?осмекнділер класына жалпы сипаттама.»
Тақырыбы: «Қосмекнділер класына жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбеюі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерімен және тіршілік әрекетімен таныстыру.
Дамытушылық: Қосымшасуреттерменжұмыс жасап, ойлауқабілеттерін арттыраотырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиешілік: Еліміздің әр бір тіршілік иелеріне келешекұрпағымыздың оң көзқараспен қарауынаықпал жасай отырып, оларды қорғауғатәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың өткізу әдісі: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, илюстративті.
Сабақтың көрнекілігі: Қосмекенділер туралы слайд, таблица. Үлестірмелі парақтар, интерактивті тақта. Бақаның ылғалды препараты.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Бекіту
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау
VIII. Қорытындылау.
Жұмыстың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сабаққа қатысуын тексеру
3. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма «Аквариум балықтарына күтім жасау тақырыбына мәлімет» ауызша (мәнжазба, эссе, өз беттерімен қосымша жұмыстанған мәліметтер) сұралады.
Өткен сабақты еске түсіру үшін, төменде берілген класс өкілдеріне тәнбелгілердің тұсындағы сандарды қою арқылы кестені толтыру тапсырмасын беремін.
1. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қалай аталады?
2. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы қалай аталады?
3. Теңіз балықтарының уылдырық шашу үшін өзендерге көтерілетін түрлері қалай аталады?
4. Шеміршекті балықтар класының скаттар отрядына жататын ең ірі өкілі қалай аталады?
5. Теңіз табиғатының шыны әйнектегі галереясы қалай аталады?
6. Тік ішектің кеңейген бөлігі қалай аталады?
7. Шоғалдың құрамындағы өте көп мөлшерде болатын аталық жыныс жасушасы қалай аталады?
8. Балықтардың жеке жүйелік топтарының жиынтығы қалай аталады?
9. Сүйекті балықтардың меншікті дене салмағын өзгертіп отыратын ерекше мүшесі қалай аталады?
10. Бұл балықтың бауыр майы қымбат бағаланып, одан дәрі-дәрмек алынады?
11. Дентиин және кіреукеден құралған бүрікті тісшелі қабыршақ қалай аталады?
12. Тек Қазақстанда ғана кездесетін жануар түрін қалай атаймыз?
13. Саусаққанаттылар отрядының өкілі қалай аталады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөзжұмбақты шешкенде бізде қандай сөз пайда болды? – деп өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру.
Жаңа сабақ тақырыбын дәптерлеріне жаздыру.
-Қосмекенділер ең алғаш судан құрлыққа шыққан жануарлар. Мекен ету ортасы оқушылардан сұралады. Жүйке жүйесі, тыныс алыуы, қан айналым жүйесі, қоректенуі, зәр шығару жүйесі, дамуы туралы мәлімет түсіндіріледі.
Зоологияның қосмекенділерді зерттейтін саласы – батрахология.
Зертханалық жұмыс тақырыбы мен мақсатын дәптерлеріне жазғызамын (262 б.) орындалады. Тапсырмаларын алдарына үлестіремін.
Бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар
І-деңгейгейлік тапсырмалары
1.Класс неліктен қосмекенділер деп аталады?
2.Қосмекенділер класы қандай отрядтарға бөлінеді?
3.Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?
4.Қазақстанда қосмекенділердің қанша түрі таралған?
5.Дернәсілдері суда қалай тыныс алады?
ІІ-деңгейлік тапсырмалар
1.Қосмекенділердің қаңқасы балықтармен салыстырғанда неше бөлімге бөлінеді?
А) үш бөлім Ә) төрт бөлім Б) екі бөлім В) бір бөлім
2.Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты?
А) екі қуысты Ә) бір қуысты Б) үш қуысты В) төрт қуысты
3.Баяу қозғалуына байланысты мидың қандай бөлімі нашар дамыған?
А) мишығы Ә) ортаңғы миы Б) алдыңғы миы В) артқы миы
4.Қосмекенділерде алғаш қандай құлақ пайда болған?
А) ішкі құлақ Ә) сыртқы құлақ Б) ортаңғы құлақ В) пайда болған жоқ
5.Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы қайда жүреді?
А) құрлықта Ә) батпақты жерлерде Б) су ішінде В) қамыс беттерінде
ІІІ-деңгей тапсырмалары
1.Бақаның қан айналым жүйесі құрылысын суретке қарап, дәптерге жаз(Сурет 4).
Сурет 4-Бақаның қан айналым жүйесі
2.Бақаның суреттегі тыныс алу, зәр шығару, асқорыту мүшелерін белгілеп дәптерге ретімен жаз(Сурет 5).
Сурет 5-Бақаның тыныс алуы
ІV-деңгейлік тапсырмалары
1.Қосмекенділер туралы бүгінгі сабақта білгеніңді дәптерге баяндап жаз.
2.Қосмекенділердің маңызы, пайдасы және зияны туралы білетіңді баяндама жаз.