« Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет » , -деп айрықша атап көрсетілгені мәлім. Бұл, әрине , еліміздің алдында тұрған үлкен экономикалық , әлеуметтік және саяси мәселелерді нақтылы шешу жолындағы стратегиялық міндеттер болып табылады.
Орта сыныптарда « Атырау , Қызылқоға өңірлерінің табиғаты мен алынатын өнімдері » саласы оқытылады. Бұнда бағдарлы оқыту оқушылардың білім саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін алдымен, қоғамның әлеуметтік сұранысына, биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен жүйесіне , оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
«Атырау , Қызылқоға өңірлерінің табиғаты мен алынатын өнімдері » тақырыптары бойынша сағаттарға бөлініп, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Осы орайда білім беру мекемелері қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктелері анық. «Егер ісім өнсін десең – ретін тап » деп Абай атамыз айтқандай, оқыту барысында тек жұмыс жүргізу ғана керек екен демей, біз оның тиімділігіне ерекше назар аударуға тиіспіз. Кез келген сабақ барысында оқытудың жаңа технологияны пайдалана отырып
, бұл тұрғыда тақырыптың теориялық жүгіне, сыныптағы жеке оқушының қабілетіне , олардың білім деңгейіне қарай қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі.
Курс өте ауқымды , пән аралық байланыс негізінде (экология география, медицина, валеология, т.б ) құрылып оқытылады.
Курстың мақсаты :
оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру , әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
барынша баланың өздік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану ;
алдын-ала белгіленген қасиеттерді қалыптастыру емес, өзін-өзі тануға, анықтауға жүзеге асыруға жағдай тудыру ;
бұл курс Елбасының алға қойып отырған бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын іске асыру үшін білімді де білікті маман кадрларды даярлаудың алғы шарты болмақ. Демек бағдары оқыту бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруда маңызды орын алады.
Міндеттері :
Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін , негізгі тірек ретінде пайдалана білу.
Өңірлердің табиғаты мен алынатын өнімдерін түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу.
Оқытудың формалары мен әдістері :
Курста оқытудың интерактивті тәсілдері пайдаланылады. Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айтады. Жеке , топпен , ұжымдық жұмыстар атқара отырып, танымдылығы артады.
Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне танымдық зерттеу , тәжірибе жұмыстарын жасау, қорытындысы бойынша жазбаша және ауызша жауап береді.
Қазіргі кездегі жергілікті өсімдіктер мен жануарлар туралы білімді ақпараттық –технология-
мен байланыстыру .
Жануарлар мен өсімдіктер туралы ғылыми көпшілікке арналған және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей біледі.
Шығамашылық жұмыстар ( жоба қорғау ) жасау арқылы болжау, анықтау, соларды түсіндіру, қолдану әдістерін жүргізеді.
Курстың мазмұны
(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан )
Р/с
Өткізілетін сабақтың тақырыбы
Сағат
Мерзімі
Ұйымдастыру формасы
І бөлім : Атырау облысы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі ( 17 сағат )
1.
2.
Кіріспе
Атырау облысының географиялық орналасуы
1
1
Дәріс
3.
4.
5.
6.
7.
Атырау облысының климаты
Атырау экологиясы
Каспий теңізіндегі құстар
Каспий теңізіндегі балықтар әлемі
«Ақжайық » резерваты
1
1
1
1
Дәріс
Семинар
Дәріс
Өзара оқыту
8.
9.
«Қызыл кітапқа » енген Атырау өңіріндегі жануарлар
« Сартоғай » алма бағы
1
1
Дәріс.
Алма жинау
ойыны
10.
11.
12.
13.
14.
15.
Атырауда мақта өсіру
«1 мамыр» шаруашылы-
ғының ет – сүт өнімдері
Атырау « Заман нан »
Төрт түлікті Атырау
Ветеринарлық зертхана тарихы
Атырау облыстық табиғат мұражайы
1
1
1
1
1
1
Дәріс
Семинар
Зертханалық сабақ
Топтық оқыту
16.
17.
Оқушы шығармашылығы
Қорытындылау
1
1
Презентация қорғау
Қайталау
ІІ бөлім : Қызылқоға өңірінде кездесетін жануарлар мен өсімдіктер . ( 17 сағат )
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12
Кіріспе
Қызылқоға ауданының
табиғаты
Қызылқоға ауданының климаты
Қызылқоға ауданының экологиялық жағдайы
Қызылқоға өңіріндегі жануарлар дүниесі
Ойыл өзені , Жарыпшыққан
«Қақпақты қара қазан » Тайсойған
Қазбен тоғай ( аңыз бен шындық )
Мұздыбұлақ су кенті
Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер
« Нартай » шаруа қожалығы
Шығармашылық жұмыс
Қорытындылау
1
1
1
1
1
1
2
1
2
2
1
2
1
Дәріс
Семинар
Дәріс
Дәріс
Өзара оқыту
Дәріс
Семинар
Дәріс
Өзара оқыту
Қорытынды сабақ (баяндама қорғау)
Барлығы
34
Курсты ұйымдастыру формасы : семинар, дәріс,
зертханалық сабақтар, өзара оқыту, топтық
оқыту әдістері.
Курсты оқытудың алғашқы формасы : баяндама
даярлау, оқулық жобасын қорғау.
Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі : тестік тапсырма,
реферат , зачет.
Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі :
Күнбе-күнгі бақылау, тексеру :
сабақ барысында әңгімелесу, әрбір сабақ соңында тест немесе презентация
Тақырыптық тексеру : сабақ барысында әңгімелесу, әрбір сабақ соңында
тест немесе презентация .
Қорытынды : тексеру, кешенді тест.
Практкалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды » деп бағаланды.
Бағалау жүйесі рейтингілік : репродукті деңгей 1-3 ұпай, конструктивті деңгей 4-6 ұпай, шығармашылық деңгей 7-9 ұпай. Егер бағамен өрнектесек 1-3 ұпай – «3 », 4-6 ұпай «4 »,