Экологиялық жалпы түсінік қалыптастыру және табиғаттағы әр түрлі апаттардың түрлерімен таныстыру, өзін және табиғатты қорғауға үйрету, эколгиялық мәдениет пен сауаттылығын дамыту, табиғатты және Отанды сүюге, қорғауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу, табиғаттың әсемділігін тани білуге үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Экологиялық апаттар»
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық апаттар
Сабақтың мақсаты: Экологиялық жалпы түсінік қалыптастыру және табиғаттағы әр түрлі апаттардың түрлерімен таныстыру, өзін және табиғатты қорғауға үйрету, эколгиялық мәдениет пен сауаттылығын дамыту, табиғатты және Отанды сүюге, қорғауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу, табиғаттың әсемділігін тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат және қоршаған орта туралы суреттер, мәліметтер, видео материалдар.
Сабақтың барысы:
Бабалар табиғатты аялаған,
Малын бағып, бауырын саялаған.
Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
1.Экология туралы білімін тексеру және бекітуге арналған тапсырмалар.
1.1. Экология бағыттары қандай?
1.2. Экологиялық қандай ұғымдар бар?
Мұсылманның үлгісі,
Ақиқат пен шариғат.
Үгітімді ұқ, бозбала,
Бұзылмасын табиғат.
А) экологиялық саналылық дегеніміз не?
Б) эклогиялық ойлау дегеніміз не?
В) экологиялық сауаттылық дегеніміз не?
С)экологиялық этика дегеніміз не?
Д) экологиялық мәдениет дегеніміз не?
1.3. Қазақ халқының экологиялық қағидалары: (ой жалғау)
Көшкен кезде жерошақты
Тегістейтін, топырақпен жабатын
Жанды, жансыз бар ғаламның
Бабын, тілін табатын.
Жөнсіз іске жалтақтамай,
Бірден тыйым салатын.
Білгендерді кез келгенді
Жамандықтан тыятын.
Бар тыйымның түсінігі
«Обал» деген жалғыз сөзге,
Жалғыз сөзге сыятын.
А) Біздің ата-бабаларымыз ... ____________________________________________________________________________
Б) Орыс ғалымы А.Н.Формозов... ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
В) Қазақтың ағартушы ғалымы, табиғат зерттеушісі Шоқан Уалиханов...
Д) 1892 жылы Абай Құнанбаева «Дала уәлаяты» газетіндегі мақаласында ... _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ж) Қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтпаев ... ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________