География, биология ж?не химия п?ндерінен білімін саралау, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыра отырып, с?йлеу, ойлау ?абілеттерін одан ?рі дамыту, «ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар» тобын аны?тау.
Просмотр содержимого документа
«Бір ?адам ал?а бас»
«Бір қадам алға бас»
Мақсаты:
География, биология және химия пәндерінен білімін саралау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тобын анықтау.
Көрнектілігі:Интерактивті тақта
Түрі:Сайыс
Барысы:
Көшбасшысы сайыстардың бұл төресі
Оза алмайды жарыста тар өресі
Қайғырмаңдар қалсаңыздар ұтылып
Жеңерсіздер кездесуде келесі
Болсын дейміз жарысыңыз жемісті
Озып шықсын кім білімді, кім күшті
Әділ қазы ақ қазыға жүгінсін
Берер дейміз әділдікпен жеңісті
Құрметті оқушылар, мектеп қонақтар «Бір қадам алға бас» зерделілер сайысымызға қош келдіңіздер.
Сайыстың дұрыс бұрыстығын шешіп әділ бағасын беріп отыратын, әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіз
XXI ғасыр биолог оқушылары.
Өздерін қорғап шығады.
I-Кім көп біледі
Ең жоғары сатыда дамыған примат/адам/
Электролиттік диссоцияцилану теориясын ашқан кім? /Сванте Арениус/
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспап /сейсмограф/
Жер бетіндегі 4 аяқтылардың ішіндегі ең жүйрігі /гепард/
Заттар және олардың қасиеттерімен өзгерістері туралы ғылым /химия/
Бірдей температураларды қосатын сызық? /изотерма/
Жер қыртысындағы күрделі құбылыс /зат алмасу/
Жер қыртысының қозғалмалы бөлігін қалай атайды? /Геосинклинал/
Жасушасы жоқ өте ұсақ ағза /вирус/
Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым /микология/
Республикамыздағы ең ұзын өзен /Ертіс/
Тері ауруларына қарсы қолданатын химиялық элемент /күкірт/
Түйенің сүті /шұбат/
Аюдың ұрпағы /қонжық/
Сырдарья өзеніндегі су қоймасы /Шардара/
Алғашқы көмекке пайдаланатың бейметалл /йод/
Организм «зертханасы» деп қандай мүшені атайды /бауыр/
Бір элементтің бірнеше жац зат түзу қасиеті /аллотропия/
Шыбын және ұсақ көбелектермен көректенетін жәндік /өрмекші/
Әмударья және Сырдарья өзендері аралығында орналасқан шөл /Қызылқұм/
II-.Бір сөзбен атаңдар:
А) раушан, қызғалдақ, пион, лала (гүлдер)
Б) қайың, шырша, емен, терек (ағаштар)
B) қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз (көкөністер)
Г) алма, алмұрт, апельсин, лимон (жемістер)
Д) шанышқы, қасық, пышақ (ас үй құралдары)
E) орындық, үстел, шкаф (жиһаз)
III-Ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар
Жазда жылы, ал қыста ... (суық)
Құстар ұшады, ал жыландар... (жорғалайды)
Күзде жапырақтар сары түсті, ал жазда... (жасыл)
Қант тәтті, ал лимон ... (қышқыл)
Құстар әндетеді, ал ит... үреді
Көлік жүреді, ал ұшақ... ұшады
Мысықта жүн, ал үйректе-? Қауырсын
IV- 1.Адасқан әріптерді (қазақша) тап.
Суткак (кактус)
Қадлағзық (қызғалдақ)
Ырмат (Тамыр)
Рұмтины (итмұрын)
2.Адасқан әріптерді (орысша) тап.
Хапарече (черепаха)
Меяз (змея)
Дилкроко (крокодил)
Итонтр (тритон)-қосмекенді, қалғаны жорғалаушы
3.Артық сөзді анықта;
Stomach (қарын)
Heart (жүрек)
Vein (көктамыр)
Blood (қан)
V-.Логикалық тапсырмалар (жеке жұмыс)
Құлыптың комбинациялық кодтық шифрын анықта
Егер:
А) Бірінші санға қарағанда, үшінші сан 3-ке үлкен
Б) Төртінші санға қарағанда, екінші сан 2-ге үлкен
В) Барлық сандарды қосқанда 17-і саны болады
Г) Екінші сан 3 (жауабы 5381)
VI-тур «Биология» деген сөздің әр әрпінен биологиялық термин сөздер құрау керек.
Қортынды: Қазіргі білім ХХI ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр-бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры.Сондықтан білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасайық.