kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп зерткеріне, биология кабинетіндегі оқушыларғағ биология пәні мұғаліміне керек

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері»

Биология кабинетінде жұмыс істеген кездегі

еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі

н ұ с қ а у л ы қ

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары


Биология кабинетіндегі жұмысқа жасы 18 жасқа толған, еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан медициналық тексеруден өткен және денсаулық жағдайы жарамды тұлғалар жіберіледі.

Биология кабинетінде жұмыс істеуге жіберілген тұлғалар ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерін, оқу сабақтарының кестесін, еңбек пен демалыстың белгіленген режимдерін сақтауы тиіс.

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде жұмыс істеушілерге мынадай қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі мүмкін.

Теріге немесе көзге қышқылдар, сілтілер мен басқа да күйдіргіш заттар түскен кездегі химиялықкүйіктер;

Спирт шамдарын ұқыпсыз пайдалану кезіндегі термиялық күйіктер;

Зертханалық ыдысты, кесетін, шаншитын аспаптарды салақ қолдану кезінде қолды кесіп алу;

Улы өсімдіктермен және саңырауқұлақтардың улы заттарымен улану.


Биология кабиенті жарақаттанушылық кезінде алғашқы көмек көрсетуге арналғанәдістемелік нұсқауларға сәйкес қажетті дәрі – дәрмектермен және байлау – орауқұралдарымен толықтырылған медициналық қобдишамен жабдықталуы тиіс.

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрт сөндірудіңбастапқы құралдары тұрған жерлерді білу қажет. Биология кабиенті өрт сөндірудіңбастапқы құралдарымен: көбікті және көмірқышқылдық өрт сөндіргіштермен, құм толтырылған жәшікпен жарақталуы тиіс.

Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шегуші немесе жазатайым оқиғаны көзімен көруші дереу мекеме әкімшілігіне хабарлауға міндетті. Жабдықтарда айлабұйымдар мен аспапта ақаулықтар болған кезде жұмысты тоқтатқан және мекеме әкімшілігіне хабарлаған жөн.

Жұмыс үдерісінде жеке гигиенаны сақтау, жұмыс орнын таза ұстау.

Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзған немесе орныдамауға жол берген тұлғалар ішкі еңбек тіртіптемесі ережелеріне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады жәнеқажет болған кезде еңбекті қорғау ережелері мен нормалары жөніндегі білімі кезектен тыс ескеріледі.

Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен

еңбекті қорғау талаптары


Жұмысқа қажетті жабдықтарды, препараттарды дайындау, олардың ақаусыздығын, зертханалық ыдыс пен шыныдан жасалған приборлардың бүтіндігін тексеру.

Биология кабинетінің үй – жайын мұқият желдету

Жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары


Оқушылардың биология кабинетінің үй – жайы мен зертханашы бөлмесінде болуына биология мұғалімі (оқытушысы) қатысқан кезде

Оқушыларға, приборларға, жабдықтарға аспаптарға, химиялық реактивтерді сақтауға арналған жұмыс орындарының қауіпсіз жай – күйін қамтамасыз ету.

Шыны ыдыс, шаншитын және кесетін аспаптар, химиялық реактивтер зертханашы бөлмесінде әйнектері жоқ, бітеу есікшелері бар, құлыпталып жабылатын шкафтарда сақталуы тиіс.

Кабинетті көрнекті жерге оқушыларға арналған зертханалық жіне сарамандықжұмыстарды орындаған, оқу тәжірибелік учаскеде жұмыс істеген және биологиядан экскурсиялар өткізген кездегі еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар ілінуі тиіс.

Кабинетте құрамында улы заттар бар өсімдіктер (олеандр, сүттіген және басқалары), сондай – ақ тікенекті өсімдіктер болмауы тиіс.

Жұмыста ашық шиыпшығы бар электрлік қыздыру приборларын ұстауға және пайдалануға тиым салынады.

Шыныдан жасалған приборлармен, зертханалық ыдыспен жұмыс істеген кезде абай болу, сынауықтардың, құтылардың нәзік қабырғаларын саусақтармен қатты қыспау. Саусақтарды кесіп кетпес үшін заттық және жабындық шыныларды шеттерінен ұстау.

Қатты химиялық реактивтермен жұмыс істеген кезде оларды құтыдан арнаулы пластмасса немесе кәрлен қасықшалармен алу, қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінің теріге, көзге және киімге түсуіне жол бермеу.

Химиялық реактивтердің пайдаланылған ерітінділерін су құбырлары жүйесіне төкпеу, оларды жинау үшін сыйымдылығы 3 литрден кем емес, қақпағы бар шыны ыдысты пайдалану.

Зертханалық ыдысты сабынмен жумау, өйткені ол тайғанақ болады да, қолдан түсіріп, сындырып алуға болады.

Кабинетте жәндіктермен – бөлме өсімдіктерінің зиянкестермен күреске арналған инсектицидтерді пайдалануға тиым салынады.

Авариялық жағдаяттардағы еңбек қауіпсіздігі мен

еңбекті қорғау талаптары

Тез тұтанатын сұйықтықты төгіп алған және ол тұтанған кезде оқушыларды биология кабинетінен алып шығу, өрт туралы мекеме әкімшілігіне және ең жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне хабарлау, өрт сөндірудің бастапқы құралдарының көмегімен тұтану орталығын сөндіруге кірісу.

Шыныдан жасалған зертханалық ыдыс немесе приборлар сынған жағдайда олардыңсынықтарын жалаң қолдармен жинамау, бұл мақсат үшін қылшықты және қалақты пайдалану.

Жарақат алған кезде зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету және мекеме әкімшілігіне хабарлау, қажет болған кезде зардап шегушіні ең жақын жердегі емдеу мекемесіне жөнелту.

Жұмыс аяқталған кездегі еңбек қауіпсіздігі мен

еңбекті қорғау талаптары

Жұмыс орнын тәртіпке келтіру, зертханашы бөлмесіндегі шкафтарға жабдықтарды, приборларды, аспаптарды, препараттарды, химиялық реактивтерді апарып қою.

Реактивтердің пайдаланылған су ерітінділерін оларды кеңінен жою үшін сыйымдылығы 3 литрден кем емес, жабылатын ыдысқа құю.

Үй – жайды желдету және қолды сабынмен мұқият жуу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері

Автор: Абдуллина Лағыл Амантайқызы

Дата: 22.10.2019

Номер свидетельства: 523678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы."
    ["seo_title"] => string(39) "koru_mushesinin_ku_rylysy_men_gigienasy"
    ["file_id"] => string(6) "553893"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1592897065"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Зертханалық жұмыс: «Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»"
    ["seo_title"] => string(80) "zertkhanalyk_zhumys_temperaturalary_r_turli_sudy_aralastyrgandagy_zhylu_molsherl"
    ["file_id"] => string(6) "495801"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547721852"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства