kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Балықтарға   жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың  сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.  Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы" туралы түсіндіріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы.»

Сабақтың тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға шеміршекті балықтар класы бойынша тән белгілеріне тоқталу, олардың қаңқасы тек шеміршектен тұратынына түсінік беру; алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.

Дамытушылық. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.

Тәрбиелілік. Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Саабқтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Түсіндірмелі

Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,тірек-сызбалар, кестелер,з.ж№6

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі .

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Желілі жануарлардың үш тип тармағы қалай аталады? Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар.

2. Бассүйексіздер тип тармағының өкілі? Қандауырша.

3. Омыртқасы жоқ желілі жануардың өмір бойы сақталатын құрылысмүшелері? Желі.

4. Қандауырша деп аталуы? Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас

болуы.

5. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелігі . Терісінің сыртында жұқа сырқабықтың болуы

6. Қаңқаның қызметін не атқарады? Желі.

7. Желілілердің дене құрылысында, тіршілік әрекетінде омыртқасыздарға ұқсас белгілерді атаңдар ?

Үш қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты.

8. Асқорыту жүйесінің ерекшелігі неде? Жұтқыншағы әрі ас қорыту әрі тыныс алу қызметін атқарады.

9. Қандауыршаның жүрегінің қызметі не арқылы орындалады ? Құрсақ қолқа қан тамыры.

10. Жүйке түтігі қандай қызмет атқарады ? Орталық жүйке жүйесінің

ІІІ.Жаңа сабақ. Шеміршекті балықтар

1. Анықтама. Қанқасы тек шеміршектен тұрады. Дене пішіні әр түрлі. Акулалардың денесі созылыңқы, жұ мыр, ұршық тәрізді. Скаттардың денесі қабысып жалпайып кеткен.

2. Сөзтаным. Ихтиология (грекше “ихтис” – балық, “логия” – ілім, ғылым) деп аталады.

3. Тіршілік ортасы. Су түбінде, барлық мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерінде мекендейді

4. Сыртқы құрылысы. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде: жұп көкірек, жұп құрсақ, дара арқа жүзбе қанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде: сыңар құйрық және аналь жүзбе қанаттары бар.

5. Дене құрылысы:Терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқысы – эпидермис, көп қабатты эпителий, ішкі – нағыз тері қабаты, дәнекер ұлпасын тұрады, эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың терісі ұсақ бүртікті.

6. Қоректенуі. Көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қоғалғыш. Жаққа ірі үшкір тістер орналасады, тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады, жұтқыншақ өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Ас шегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі ашылады. Тік шегі клоакаға ашылады. Тоқ шегі жуан.

7. Тыныс алуы: Желбезектерінде – желбезек доғалары – желбезекаралық перде – желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Тыныс алуы ауыз қуысының қозғалуына сәйкес болады.

8. Қан айналым жүйесі. Жүрегі екі қуысты: 1 құлақша, 1 қарыншадан тұрады. Қан айналым шеңбері – 1.

9. Зәр шығару. Таспа тәрізді жұп бүйрегі болады. Бүректерде қаннан сүзілген зәр заттары бір жұп несепағар өзегі арқылы клоакаға келеді. Зәр заттары клоакадан тікелей сыртқа шығарылады.

10. Жүйке жүйесі. Тіршілік етуіне байланысты миы жақсы дамыған. Ми бөлімдері: алдынғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Жылдам жүзу әрекеттерін реттейтін мишығы жақсы жетілген. Акуланың миынан денесіне он жұп жүйкелер – дене бөліктеріне және жұлыннан да жеке жүйкелер таралады.

11. Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшелері өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көзінің қасаң қабығы – жазық, көз бұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы жақсы дамыған.

12. Көбеюі. Шеміршекті балықтар – дара жынысты. Аталықтарында – жұп аталық және жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп аналық без және жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршікті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады.Аналықтары ұрықтанған үылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрапқтарына қамқорлық жасайды.

13. Жіктелуі. Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақтажелбезектілер және тұтасбастылар.

14. Ерекшелігі. Балықтардың қаңқасы тек шеміршектен түзіледі, көпшілігі іштей ұрықтанады, адамға қауіптісі сұр акулалар, кеңінен таралған – жолақ акула.

4.Қорытынды. Төменде берілген белгілердің сәйкес келетін реттік санын әрбір жануарлардың астыңа жазындар.

Қандауыршаға тән белгілер

Акулаға тән белгілер

1. Қантарату жүйесі – тұйық. 2. Бас қаңқасы бар. 3. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады.

4. Белсенді тіршілік етеді. 5. Іштей ұрықтанады. 6. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары бар. 7. Ішкі қаңқасы – желі. 8. Жұп жүзбеқанаттары бар. 9. Желісінің қалдығы сақталған.

10. Сырттай ұрықтанады. 11. Аналь тесігі бар. 12. Асқорыту жүйесі клоакамен аяқталады.

13.Тоқ ішегінде оралма қатпар бар.

Жауабы.

Қандауыршаға тән белгілер

Акулаға тән белгілер

1, 3, 6, 7, 10, 11

2, 4, 5, 8, 9, 12, 13



5.Бекіту кезеңі. Аталық мысық акуланың ішкі құрылысы



Үйге тапсырма §51 Баяндама «Балықтардың көбейуі және дамуы» . «Мінез-құлығының ерекшеліктері»













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы.

Автор: Муканова Гульбану Мукашевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383277

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "ГУ "Камыстинская СШ №2""
    ["seo_title"] => string(22) "gu-kamystinskaia-ssh-2"
    ["file_id"] => string(6) "313196"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459441015"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "ГУ "Камыстинская СШ №2""
    ["seo_title"] => string(24) "gu-kamystinskaia-ssh-2-1"
    ["file_id"] => string(6) "313197"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459441021"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(260) "Ашық сабақ "Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар класы.Сүйекті балықтардың сыртқы, ішкі құрылысындағы ерекшеліктер.""
    ["seo_title"] => string(80) "ashyk_sabak_balyk_targ_a_zhalpy_sipattama_shiemirshiekti_zh_nie_suiiekti_balyk_t"
    ["file_id"] => string(6) "396905"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488362170"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Балы?тар?а жалпы сипаттама"  7 сынып"
    ["seo_title"] => string(31) "balyktargazhalpysipattama7synyp"
    ["file_id"] => string(6) "297846"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456242455"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Балы?тар?а жалпы сипаттама.  7 сынып  (ашы? саба?)"
    ["seo_title"] => string(49) "balyk-targ-a-zhalpy-sipattama-7-synyp-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "313232"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459443104"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства