kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар класы.Сүйекті балықтардың сыртқы, ішкі құрылысындағы ерекшеліктер."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология пәнінен 7 сыныптарға арналған ашық сабақ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар класы.Сүйекті балықтардың сыртқы, ішкі құрылысындағы ерекшеліктер."»

40 орта жалпы білім беретін мектебі









Ашық сабақ

Тақырыбы:Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.































Өткізген: биология пәні мұғалімі Гусманова А.А.















2016-2017 оқу жылы



Бекітемін:

Пәні:Биология
Күні: 03.02.17ж Сынып: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы:Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.


Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сүйекті және шеміршекті балықтар класына жалпы сипаттама беру.Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі  құрылысы бойынша зертханалық жұмыс арқылы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту. Сонымен қатар оқушылардың тіл сауаттылығын дамыта отыру.

Тәрбиелілігі:Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында түсінік бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа сабақ Сабақтың түрі:зертханалық жұмыс
Сабақтың әдіс - тәсілі:әңгімелеу, сұрақ-жауап, ізденіс жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, зоология, ихтиология, информатика, ағылшын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы1. Мылқау суретпен жұмыс үш тілде ата

Қандауырша –ланцетник-lancelelet

1.Ауыз – рот –rostrum; 2 ауыз айналасындағы қармалауыштар – щупальцы-buccalcirri

2.желбезек саңылауы бар жұтқыншақ –глоткажабернаящель –pharyngealgillslits

3 желі – хорда - notochord

4 жүйке түтігі – нервная трубка - nervecord

5 бауыр өскіні – печеночныйвырост -Liver

6. жыныс бездері – половыежелеза -gonads

7 ішек – кишка - intestine

8 аналь тесігі – анальноеотверстие - anus

9 құйрық жүзбеқанаты -caudalfin

2. «Алтын балық» ойыны тақтада 11 балықтың суреті ілінген осы балықтарды оқушылар бір – бірлеп шығып таңдап алып артындағы сұраққа жауап беруі қажет. Ең соңында соңғы қалған балықтың артында Алтын балық деген сөз жазылған (оқушы қуанып оқиды) сол кезде мұғалім (жылтыр шашу) оқушылардың назарын, зейінін аудару мақсатында жылтыр шашады. Ары қарай балалар біз неге «Алтын балық» ойынын ойнадық неге басқа ойын емес. Оқушылар себебі біздер бүгін балықтар жайлы жаңа сабақ өтетін шығармыз. Ия дұрыс айтасын _______. Олай болса дәптерлерімізді ашып, күннің жадын жазып жаңа сабағымызды жазып алайық. Ал енді оқушылар Алтын балыққа қандай тілектеріміз бар білдірейік: - Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсе екен;

-Балықтар туралы өте жақсы терең білім алсақ екен

Балықтардың құрылысымен таныссақ екен; т.б.

Жақсы онда ары қарай оқушылар мен сіздерге алдарына қосымша мәліметтер тастаған болатынмын және үйге ізденуге тапсырмалар берген болатынмын соны жинақтау үшін сіздерге 1 минут уақыт беремін.

  1. Кенелерді зерттейтін ғылым?

  2. Карцинология дегеніміз не?

  3. Ішкі қаңқаның қызметін не атқарады?(желі)

  4. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын, құрылысы мен тіршілігін терең зерттеген ғалым?

  5. Қандауыршалардың қан айналым жүйесі қандай? (тұйық жүйелі, қаны түссіз, жүрегі болмайды)

  6. Қандауырша қандай жануар?(омыртқасыз желілі жануар)

  7. Асқорыту және тынысалу жүйелерінің арасында қандай байланыс бар?(асқорыту мүшесіне жататын жұтқыншақта желбезек саңылауларының орналасуында)

  8. Қандауыршаның тыныс алу мүшесі (желбезек)

  9. Қандауыршаның жүйке жүйесі қайда орналасқан (Желі үстінде арқаны бойлай созылып)

  10. Қандауыршалардың сезім мүшесі қалай дамыған және жарықты қалай сезеді?(сезім мүшелері нашар дамыған, көздері болмайды бірақ тері астында шашыраңқы орналасқан гессе көзшелері арқылы жарықты сезеді)

ІІІ. Жаңа сабақ

Балықтар класына жалпы сипаттама : Балықтар омыртқалы су жануары. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының бір саласы ихтиология. Енді балықтарды жүйелейтін болсақ

Дүниесі: Жануар Kingdom:Animalia

Тип: Желілер Phylum: Chordata

Тип тармағы: Омыртқалылар Unranked: Craniata

Класс: Шеміршекті және сүйекті балықтар Class:Bony fishes andcartilaginous fish

Өкілдері: жалпы балықтардың 20-22 мың түрі бар, соның ішінде Шеміршекті балықтар класының өкілдеріне: Акулалар, скаттар жатса, ал сүйекті балықтар класының өкілдеріне сазан, табан, мөңке, алабұға және т.б. көптеген түрлер жатады.

Класс: Шеміршекті және сүйекті балықтар

Өкілдері: жалпы балықтардың 20-22 мың түрі бар, соның ішінде Шеміршекті балықтар класының өкілдеріне: Акулалар, скаттар жатса, ал сүйекті балықтар класының өкілдеріне сазан, табан, мөңке, алабұға және т.б. көптеген түрлер жатады.

Шеміршекті балықтар класы.

Каспий теңізінен басқа теңіздер мен мұхиттарда шеміршекті балықтардың 750-ға жуық түрі мекендейді. Бұлардың қаңқасы тек шеміршектен ғана түзіледі және өмір бойы сақталады. Терісі қабыршақсыз немесе плакоидты (бүртігі бар) қабыршақпен қапталады. Шеміршекті балықтардың желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады, ал жұп жүзбеқанаттары денеде көлденең жатады да, жалпы мүшелер жүйесі басқа сүйекті балықтарға ұқсас, бірақ торсылдағы жоқ.

Акулалардың басым көпшілігі теңізде тіршілік етеді. Мұхиттардың барлығына дерлігінде акулалар болады. Қазір акулалардың 250-ге жуығы белгілі. Акулалар – өте шапшаң жүзетін қомағай жыртқыш, мөлшері 20 сантиметрден 20 метрге дейін, салмағы 14 тоннаға дейін жетеді. Қара теңізде тіршілік ететін акулалар адам үшін онша қауіпті емес. Атлант және Тынық мұхитта мекендейтін денесінің пішіні 5 метрлік көк акула адамға шабуыл жасайды. Ал арктикалық теңіздерде кездесетін денесінің мөлшері 12 метрлік алып акула мүлде қауіпсіз, олар тіпті ұсақ балықтармен және суда жүзіп жүретін майда омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді.

Акуланың дене бітімі ұршықтың сабындай жұмыр келеді, бастың сүйірленген созындысы тұмсыққа айналады да алқым жағында көлденең саңылау тәрізденген үлкен ауыз болады. Аузын ашқанда қатар-қатар орналасқан өткір тістер көрініп тұрады.

Акуланың желбезек қақпағы жоқ, сондықтан 5-7 жұп желбезек саңылаулары бастың екі жағынан көзге айқын көрінеді. Оның денесі ерекше плакоидты (бүртігі бар) қабыршақтармен қапталған, сондықтан қолға бұдырмақтанып білінеді.

Акулалар нашар көреді, оның есесіне өте иіс сезгіш. Олардың торсылдағы болмайды, бірақ күшті дамыған бұлшықеттері арқылы ғажап қимылдар жасайды. Қаңқасы шеміршектен құралады.

Тұтасқанаттылар отряды (Скаттар)

Дүние жүзінде тұтасқанаттылардың 350-ге тарта түрі бар деп есептеледі. Олардың денесі тегеріш немесе ромб пішінді жалпақталған, денесінің пішіні бірнеше сантиметрден 6-7 метрге дейін, салмағы 2,5 тоннаға дейін жететін шеміршек қаңқалы болып келеді. Құрсақ жағында желбезек саңылаулары бар. Тұтасқанаттылар судың жағасында да, тереңінде де, су түбінде де мекендейді.Азов және Қара теңізде тіршілік ететін тұтасқанаттылардың құйрығының түбінен кертпелі сояу сойдиып тұрады, сондақтан ол қазыққұйрық деп аталады. Қазыққұйрықтыңсояуында улы без болады. Сондай-ақ электрлі скаттар да бар, олар оңтүстіктегі теңіздерде тіршілік етеді. Мұндай тұтасқанаттылардың 300-ден астам түрі барлық тропиктік және субтропиктік суларда (мұхиттарда) кездеседі. Тұтасқанаттылар жемін аулағанда кертпелі сояуды немесе электр зарядын пайдаланады. Олардың электр зарядының кернеуі 8-ден 220 вольтқа дейін жетеді.

6 зертханалық жұмыс.

Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу.

Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті.

Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді,сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршықсапты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, табан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қысыңқы болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың (қамбала) құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі жалпайып кетеді.Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрылысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас. Сондықтан сазанды мысалға алып, сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылыстарын қарастыруға болады.

Тіршілігі және сыртқы құрылысы. Басқа балықтар тәрізді сазанның да денесі бөліктерге айқын бөлінбей, тұтасып кетеді. Сүйірленіп біткен бас мойынға жіктелместен тұлғаға, тұлға құйрыққа ұласады. Бұл балықтың суда еркін жүзуіне мүмкіндік жасайды. Тұлға бөлігі желбезек қақпағының соңынан басталып, аналь тесігіне дейін созылады, ал аналь тесігінен кейінгі бөлік құйрық бөлік деп есептеледі. Баста екі көз және ауыз болады, ауыздың үстіңгі жағында екі танау тесігі бар, олар ауызбен жалғаспайды, үстіңгі ерінге екі жұп мұрт өседі.

Сазанның денесін тегіс тері қаптап жатады, теріге қошқыл сары түсті сүйектенген қабыршақтар бірін-бірі бастыра орнығады. Балық денесінің екі бүйірінен – желбезек қақпағынан бастап құйрық жүзбеқанатына дейін созылып жатқан бүйір сызық анық байқалады.

Жүзбеқанаттар.Сазан суда жүзбеқанаттардың жәрдемімен еркін жүзеді. Жүзбеқанат – балықтың қозғалу мүшесі. Жүзбеқанаттарды екі топқа жіктеуге болады: дара және жұп жүзбеқанаттар. Арқа, аналь және құйрық жүзбеқанаттары-дара жүзбеқанаттар. Арқа жүзбеқанаты әр түрлі (мысалы, алабұғада екеу) болады. Балық арқа және аналь жүзбеқанаттары арқылы денесін бір қалыпта ұстайды, ал құйрық жүзбеқанаты бұлқын қызметін атқарады. Жануарлардың алдыңғы және артқы аяқтары тәрізді балықтарда да екі жұп жүзбеқанаттары болады. Олардың алдыңғысы-көкірек жүзбеқанаты, соңғысы- құрсақ жүзбеқанатының жұбы. Бұл қанаттар жүзген кезде балықтың денесіндегі тепе-теңдікті сақтайды.

Қаңқасы. Балықтардың дене құрылымының күрделілігі, биологиялық ерекшелігіне байланысты қаңқасы шеміршектен (шеміршекті балықтар), шеміршекті сүйектен (бекіре) және сүйектен құралады. Сазан – сүйекті балықтар класының өкілі.

Сазанның қаңқасы омыртқа жотасынан, бассүйектен және жүзбеқанат сүйектерінен тұрады. Омыртқа жотасы омыртқалардан құралатындықтан, сазан омыртқалы жануар болып табылады. Омыртқа жотасы омыртқалардың құрылысына байланысты тұлға және құйрық бөліктеріне бөлінеді.

Омыртқаның үстіңгі және астыңғы доғалары мен омыртқа денесі болады. Омыртқа денесінің алдыңғы және артқы ойықтарында желі қалдығы сақталады. Тұлғаның омыртқа жотасындағы омыртқалардың үстіңгі доғалары бірігіп, жұлын өтетін өзек түзеді, астыңғы доғалары бірікпегендіктен, оған қабырғалар жалғасады.

Омыртқа жотасына жалғасқан бастың қаңқа сүйектері өте күрделі, онда: ми орналасатын сүйекті қауашақ – бассүйек, үстіңгі және астыңғы жақсүйектер, тіласты және желбезектер орнығатын сүйекті доғалар – желбезек қаңқасы болады.

Бұлшықеттері. Балық денесінің суда иіліп, түрлі қимылдар жасауына тері астындағы сүйекке бекінген бұлшықеттер жәрдемдеседі. Олар көбінесе көп қимылдайтын тұлға мен құйрық омыртқаларына орнығады. Бұлшықеттегі талшықтардың жиырылып босаңсуынан балық денесі су кедергісіне әр түрлі қимылмен төтеп береді. Бұлшықет сондай-ақ балықтың басында, желбезек маңында, жүзбеқанат пен жақсүйектерінің маңында көп болады. Балық бұлшықет арқылы жақсүйектерін, желбезек қақпақтарын, жүзбеқанаттарын еркін қимылдата алады.

Сазанның ішкі құрылысы.

Қоректенуі. Сазан –су өсімдіктерімен, суға жел ұшырып түсірген құрлық өсімдіктерінің тұқымымен, шаянтәрізділермен, былқылдақденелілермен, әртүрлі ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенетін кәсіптік балық. Қорек ең алдымен балықтың аузына түсіп, соған жалғасып жатқан жұтқыншаққа қарай жылжиды. Ары қарай жұтқыншақтан – өңешке , өңештен –қарынға түскен қоректі қорытатын қарын сөл бөледі, сүйтіп қорек қарында қорытыла бастайды.Қорек қарыннан алдыңғы, ортаңғы және артқы ішікке қарай жылжиды. Бауыр мен ұйқыбездің өт және сөл жүретін жолы алдыңғы ішекке ашылып, қорек ішектің алдыңғы бөлігінде толық қорытылады да кенеулі заттар ішектің ортаңғы бөлігінің қабырғалары арқылы қанға сіңеді. Қан кенеулі заттарды сазанның бүкіл денесіне таратады. Қоректің қорытылмай қалған қалдығы ішектің соңғы бөлігіне түсіп, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Тыныс алуы. Сазанның тыныс алу мүшесі – желбезек. Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары, екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.

Сазан суда тіршілік ететіндіктен суда еріген оттегімен тыныс алады, ол суды толассыз жұтумен болады. Тыныc алу кезінде жұтылған су желбезек саңылауы арқылы желбезек бөліктерімен ұласады да желбезек жапырақшасыдағы майда қантамырларға судағы оттегі сіңіп, ондағы көмірқышқыл газды ығыстырып шығарады. Көмірқышқылына қаныққан ауа желбезек саңылау арқылы сумен бірге сыртқа бөлінеді: желбезек қақпағы ашылып, су сыртқа төгіледі.

Торсылдақ. Балықтың жүзгіштігін реттейтін, кейбір балықтарда дыбыс толқынын күшейткіш резенатор ретінде, ал басқа біреуінде дыбыс шығаратын мүше – осы торсылдақ. Сазанның торсылдағы іші ауаға толы екі бөлікті қалта тәрізді болады және өңешпен жіңішке түтікше арқылы байланысып, және өмір бойы солай сақталып қалады, яғни сазан ашық торсылдақты балық болып саналады. Торсылдақ – асқорыту жүйесінің өскіні. Егер сазан торсылдақтағы ауа көлемін кемітсе, торсылдақтың да көлемі кішірейіп, балықтың меншікті салмағы арта түседі, сүйтіп балық су түбіне қарай батады. Ал торсылдақ ішіндегі ауа мөлшері артса – торсылдақтың көлемі де артып, балық жеңіл тартады да су бетіне көтеріледі.

Қан айналымы. Сазанның қан айналым жүйесі екі бөлікті жүректен және қан тамырлардан тұрады. Жүректің жұқа қабырғалы жүрекшесі және қалың бұлшықетті қарыншасы болады.

Жүрекке қан әкелетін тамыр – көктамыр, ал жүректен қан алып шығатын тамыр салатамыр деп аталады. Сондай-ақ оттегіне қаныққан – салатамыр қаны, ал көмірқышқыл газына қаныққан – көктамыр. Балық жүрегінде үнемі көктамыр болады.

Жүректің жүрекшесі жиырылған кезде қан жүректің бұлшықетті қарыншасына айдалады, ал қарынша жиырылған кезде ең ірі салатамыр – құрсақ қолқасына өтеді, өйткені жүрекше мен қарыншаның қақпақшалары қанды кері қарай жібермейді. Құрсақ қолқасындағы көмірқышқыл газына қаныққан қан желбезекке қарай ағып, қылтамырларға тармақталады да көмірқышқыл газын бөліп, жаңа жұтылған судағы оттегіне қанығады, сөйтіп, қошқыл түсті қан алқызыл түске алмасады. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті салатамыр қаны омыртқа жотасының астымен бүкіл денені бойлай арқа қолқасына жинақталып, кішірек салатамырға тармақталады да, денедегі әртүрлі мүшелерге таралады. Қылтамырлардың қабырғасы арқылы өткен оттегі және кенеулі заттар ұлпаға сіңіп, ұлпадағы көмірқышқыл газ бен басқа тіршілік әрекетінің өнімдері қылтамырлардағы қанға түседі, қанның түсі енді алқызылдан қошқыл түске ауысып, көктамыр қаны сол қантамыр арқылы жүректің жүрекшесіне құяды. Сөйтіп, сазан денесінде тұйық қанайналым шеңбері пайда болады.

Зәр шығаруы. Заттар ыдырағанда пайда болған сұйық өнімді бөліп шығаратын мүше – бүйрек. Сазанның бүйрегі ірі қантамырлардың астын ала, омыртқа жотасының астын бойлай ұзын екі таспа арқылы ыдырау өніміне қан қанығады да бүйректен бөлініп шығып, түзілген несеп аналь тесігінің сырт жағындағы тесік арқылы қуықтан сыртқа шығарылады.

Жүйке жүйесі. Сазанның жүйке жүйесі омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлыннан және бассүйек ішіндегі мидан құралады. Олардан таралған жүйкелер ішкі мүшелер мен дене бұлшықеттеріне, сондай-ақ жүзбеқанаттарға тармақталып, олардың қызметін басқарады.

Сазанның миы бес бөліктен тұрады, атап айтқанда: алдыңғы ми; ортаңғы ми; аралық ми; мишық; сопақша ми. Иіс сезу жүйелері химиялық тітіркенуді қабылдайтын жүйкелер мен т.б жүйкелер – алдыңғы мидан, ортыңғы мидан көру жүйкелері таралады. Мишық – қимылды, сопақша ми тынысалу, қанайналым, асқорыту, зәршығару әрекеттерін басқарады.

Сезім мүшелері. Сазан айналасындағы заттарды екі көзі арқылы көреді. Оның көзі бұлшықеттері арқылы жоғары, төмен, алға, артқа қарай қимылдап, балық тұрған кезде де төңірегін толық көруге мүмкіндік жасайды.Сазан басының алдыңғы жағындағы екі танау тесіктері арқылы әр түрлі иісті сезеді. Аузында, сондай-ақ бүкіл сыртқы денесінде сезімтал жасушалар көп болғандықтан, сазан дәмді де ажырата алады. Сазанның сипап-сезу мүшесі – мұрты.Сазан өте жақсы болмаса да сыртқы қатты дыбыстарды естиді және есту мүшесі сырттай қарағанда байқалмайды, бассүйектің ішкі жағында орналасады.

Барлық балықтарға тән ерекше мүше – бүйір сызығы. Оны сазан денесінің сыртқы жағынан айқын байқаймыз. Бұл – тері астында болатын, белгілі ара қашықтықта тесіктер арқылы сыртқа ашылатын, түп жағын жүйкелер торлап, ұшы талшықпен аяқталатын сезімтал жасушасы бар өзек. Балықтар бүйір сызықтың арқасында су ағынының бағытын және күшін, өзіне таяп келе жатқан нәрселерді сезіне алады.

Қорытынды: Зертханалық жұмыстың қорытындысы оқылады. Мұғалім қорытындылайды. Оқушылар «Алтын балық» сіздердің тілектерініздіорындадыма?
Бекіту:«Кемпірқосақ әдісі»

  1. Қызыл түс «Стикерді диалог әдісі»

  1. Балықтарды зерттейтін ғылым? (ихтиология)

  2. Балықтардың қанша түрі белгілі?(20-22мың)

  3. Сазанның сипап сезу мүшесі? (мұрты)

  4. Балықтың қозғалу мүшесі? (жүзбеқанат)

  5. Балықтар қандай типке жатады? (желілер типі, омыртқалылар тип тармағы)



  1. Қызғылт түс «Жалғанды тап» жұптық жұмыс

  2. «Сенквейн» әдісі

1.Зат есім. балық

2.Етістік. Жүзеді, қоректенеді

3.Сын есім. Сүйекті, шеміршекті, омыртқалы

4.Синоним

5. Балық желбезек арқылы тыныс алады.

4.«Венн диаграммасы»Шеміршекті және сүйекті балықтар класы

Ұқсастығы: 1. Екеуіде желілілер типіне омыртқалылар тип тармағына балықтар класына жатады

2. Екеуіде желбезек арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.

3. Екеуінің де қан айналым, асқорыту, зәр шығару мүшелері бірдей қызмет атқарады.

Айырмашылығы:

1. Сүйекті балықтар шеміршекті балықтарға қарағанда өте көп таралған;

2. Қаңқасы шеміршектен және сүйектен тұрады

3.Шеміршекті балықтарда желбезек қақпағы және торсылдағы болмайды.

4. Шеміршекті балықтар тек мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді, ал сүйекті балықтар өзен, көл яғни барлық экосуларда тіршілік етеді.

Бағалау:

Рефлексия: Кеме білім теңізіңе алып барады.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Гусманова Азиза Адилбаевна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396905


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства