Пәні:Биология | Сыныбы:6 «а» | Сабақтың тақырыбы: Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары | Мұғалімнің аты-жөні: Жуамашева А.Ш | Күні: |
Сабақтың мақсаты | Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары жайында білім қалыптастыру |
Міндеттері | Оқушылар бактериялар туғызатын аурулар және олармен күресу жолдары туралы білімдерін кеңейту. Бактериялық аурулардың атын білу, бактериялық ауруларға мысал келтіре отырып жұқпалардың алдын алу жолдарын үйрену. Оқушылардың өз іс- әректіне, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. |
Оқып үйренудің нәтижесі | бактериялық аурудың атын (бактериоз,туберкулез,сарып,оба,тырысқақ,іш сүзек,гоммоз,сүзек) біледі,бактериялық ауруларға мысал келтіре отырып,жұқпалардың алдын-алу жолдарын үйренеді. |
Түйінді идеялар | Бактериялық аурудан сақтану жолы-тазалық сақтау |
Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
Әдіс-тәсілдері | Жокей және ат, фишбоун |
Ресурстар | 6 сынып оқулығы,ғаламтор желісі,электронды оқулық |
7 модульдің қолданылуы | Дарынды оқушылармен жұмыс,СТО,АКТ, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ОҮБ |
Сабақ кезеңінің уақыты | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Қызығушылығын ояту (3 мин) | Сыныпты түгендеу, бір-біріне адамның дене мүшелерін пайдалана отырып жақсы лебіз тілеу. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. | Оқушылар орындайды. |
Үй тапсырмасын тексеру (10 мин) СТО | «Жокей және ат» әдісі Бактерияларды зерттейтін ғылым саласы? Бактерияны кім ашқан? Бактерия дегеніміз не? Бактериялардың пішіні? Спора дегеніміз не?
Бактерияның қоректенуі Бактерияның көбеюі
Луи Пастер кім, ол қандай жаңалық ашты? | 1.микробиология ААнтон Левингук Грек тілінен аударғанда «бактерион» - таяқша – біржасушалы ағза Таяқша, шар, үтір, оралма
Ггр «спорос» - екпе,сеппе – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша
Сапрофитті, паразитті
Қолайлы жағдайда бөліну арқылы
Француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген. |
мағынаны тану (23 мин) АКТ, дарынды оқушымен жұмыс, Жұптық жұмыс | «Алғашқы байлық - денсаулық» деген халық мақалы тегін айтылмаған. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күресіп келеді. Қазіргі кезде де адамның денсаулығы үшін күрес жүргізу өзекті мәселе болып отыр. Міне сондықтан да Елбасымыз «Саламатты Қазақстан» жолдауының өзінде де адам денсаулығына баса назар аударған.Осыған байланысты бактериялар туғызатын ауруларға тоқталып өтелік. Бізге қонаққа дәрігер келіп отыр. Бактериялар қандай ауру туғызады? Ауру туғызатын бактериялармен күресу шаралары қандай? Жұқпалы ауруларды болдырмаудың қандай шаралары бар? Бактериялар өсімдіктерге қандай зиян келтіреді? Осы сұрақтарға жауап алып көрелік. Сабралиева Аяулым өзінің ауру туғызатын бактериялар тақырыбында презентациясымен таныстырады. Фишбоун (балық қаңқасы) | Дәрігер ауру туғызатын бактериялар жайында айтып береді. Өздерінің қызықтырған сұрақтарын қояды. Сабралиева Аяулым ауру туғызатын бактериялар тақырыбында презентациясын түсіндіреді. Оқушылар балық қаңқасын ауру туғызатын бактерия лар түрлері, жұқтырушы, алдын алу жолдары бойынша жұмыс жұптықжұымыс жасайды. |
Ой толғау(7 мин) қорытынды Жеке жұмыс | Сәйкестендіру Эпидемия- Ауурудың алдын –алу шаралары- Вирустық аурулар | Бактериялық аурулар | | | Туберкулез,тұмау, сары ауру,оба,іш сүзек,сарып,ұшық,қызылша,гоммоз,шешек Сөзжұмбақ шешу | І | Н | Д | Е | Т | | | Қ | А | Н | Т | Ы | Ш | Қ | А | Қ | | | Қ | Ұ | З | Д | А | М | А | | Б | А | К | Т | Е | Р | И | О | З | | | Т | У | Б | Е | Р | К | У | Л | Е | З | 1.Эпидемияның қазақша атауы 2. дизентерия амебасы 3.Бактерия туғызатын ауру түрі 4. өсімдіктерді зақымдайды 5. Сілекей тамшылары арқылы жұғатын ауру | Сәйкестендіру кестесін дәптерге орындайды Сөзжұмбақ шешеді 1.Індет 2. қантышқақ 3. құздама 4. бактериоз 5. туберкулез |
Рефлексия | «Бір минуттық эссе» кері байланыс парағын толтыру | Кері байланыс парағын толтырады |
Бағалау(2 мин) ОҮБ | Өзін- өзі бағалау | Табыс крийтериіне жазып ,қалдырады. |
Үй тапсырмасы | Есеп Әрбір бактерия 20 минут сайын екіге бөлінеді.Басында бір бактерия болған ыдыста 3 сағаттан соң неше бактерия пайда болады.? Ауру туғызатын бактериялар туралы мағлұмат жазып келу. | |
Француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген.