1.Қарапайымдар жаратылымының деңгейі:
А-жасушаға дейінгі
Ә-жасушалық
Б- ұлпалық
В-көпжасушалық
2.Ішекқуыстылар үшін қай асқорыту типі тән:
А-жасушаішілік,
Ә-қуыстық
Б-ішектік
В-жасушаілік және қуыстық
3.Жалпақ құрттар типі дегеніміз бұл-:
А-біржасушалы жәндіктер
Ә-қосқабатты жануар
Б-үшқабатты
В-соңғы қуысты
4.Ішексорғының аналығы күнделікті жұмыртқа салады:
А-шамамен 100 мың жұмыртқа
Ә-шамамен 200 мың жұмыртқа
Б-шамамен 10 млнжұмыртқа
В-шамамен 1 млн жұмыртқа
5.Буылтық құрттар (шұбалшаң) тыныс алады:
А-желбезектермен
Ә-өкпемен
Б-бүкіл ылғалды денесімен
В-желбезектермен және өкпемен
6.Шаяндарға қай тыныс алу мүшелері тән?
А.желбезектер
Ә.өкпе
Б.өкпе қапшығы
В.демтүтіктер
7.Өрмекшітәріздестердің аяғы неше жұпты?
А-үш
Ә-төрт
Б-бес
В.көп
8.Шала түрленетін бунақденелілерде қай саты болмайды?
А.жұмыртқа
Ә.қуыршақ
Б.дернәсіл
В.имаго
9.Қандауыршаның қантарату жүйесі қай типке жатады?
А.веналық
Ә. Тұйық
Б.ашық
В.аралас
10.Бақаның жүрегі неше камералы?
А.1
Ә.2
Б.3
В.4
11.Жорғалаушылардың қай мүшесі олардың тыныс алуына қатысады?
А.тері
Ә.өкпе
Б.желбезектер
В.ішек
12.Құстардың безді қарнының қызметі:
А.өт бөлу
Ә.ішек сөлін бөлу
Б.қарын сөлін бөлу
В.қорегін ұнтақтау
13.Сүтқоректілердің шыққан тегі:
А.жорғалаушылардан
Ә.аңтісті кесірткеден
Б.жұмыртқасалушылардан
В.ұсақ диназаворлардан
14.Қарапайымдардың мекендейтін орны:
А.суқоймалары,топырақ,жануарлар ағзасы
Ә.теңіз және тұщы су қоймалары,жануарлар ағзасы
Б.суқоймалар, топырақ
В.жануарлар ағзасы
15.Гидра немен қоректенеді?
А.ұсақ су жәндіктерімен
Ә.балдырлармен
Б.су өсімдіктерінің эпидермисін қырып жейді
В.фотосинтездейді
16.Бауырсорғыштың аралық иесі:
А.ірі қара мал
Ә.кіші тоспа ұлу
Б.адам
В.ит
17.Жұмыр құрттардың ата тегі:
А.кіпікшелі құрттар
Ә.жалпақ құрттар
Б.таспа құрттар
В.ішекқуыстылар
18.Сүліктер:
А.тек қана паразиттер
Ә.жыртқыштар және экзопаразиттер
Б.тек қана жыртқыштар
В.қорек талғамайтындар
19.Шаянтәрізділердің қысқа мұртшаларының қызметі:
А.иіс сезу және жанасып сезу
Ә. Есту және жанасып сезу
Б.тепе-теңдік және иіс сезу
В.есту және тепе-теңдік
20.Өрмекшітәріздестердің тыныс алу мүшесі:
А.демтүтіктер
Ә.өкпе
Б.дененің үстіңгі қабаты
В.өкпе қапшығыжәне демтүтік
21.Бунақденелілердің аяғы қанша?
А.2
Ә.4
Б:6
В.8
22.Қай балықта торсылдық болмайды?
А.алабұға
Ә.шортанда
Б.жұпбалықта
В.сетінекте
23.Итшабақ дегеніміз-
А.дернәсіл
Ә.кішкене бақалақ
Б.шабақ
В.ұрық
24.Артығын алып тастаңыз:
А.ұршықсап
Ә.сарбасжылан
Б.тритон
В.келес
25.Құстарды зерттейтін ғылым
А.құс шаруашылығы Ә.зоология Б.кинология В.орнитология
1Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы неде?:
А .жасушалық құрылысында
Ә.көбею жолында
Б.фотосинтездей алуында
В.ұлпалардың құрамында
2.Қарапайымдардың қайсысында цитоплазмада хлоропластар болады?
А.амебада
Ә.жасыл эвгленада
Б.кірпікшелі кебісшеде
В.шұрықденелілерде
3.Гидраның энтодермасында қандай жасушалар бар?
А.атпа жасушалар
Ә.жүйке жасушалары
Б.асқорыту жасушалары
В.жыныс жасушалары
4.Актиния қайда мекендейді?
А.теңіздің терең суында
Ә.теңіз түбінде
Б.тұщы су қоймаларында
В.өзендерде
5.Ақ сұлама қоректену типі бойынша жануарлардың қай типіне жатады?
А.жыртқыш
Ә.паразит
Б.өсімдікқоректі
В.ыдыраған өсімдік қалдықтарынтұтынады
6.Ақ сұлама қай кластың өкілі?
А.кірпікшелі құрттардың
Ә.бауырсорғыштың
Б.таспа құрттардың
В.жұмырқұрттардың
7.Паразит жұмыр құрттарға жатады?
А. Жалпақ қия құрт
Ә. Ішек сорғы,үшкірқұрт
Б.ақ сұлама
В.сиыр цепені
8.Жұмыр құрттаға тән белгі?
А.алғашқы қуыс
Ә.паренхима
Б.соңғы қуыс
В.қантарату жүйесі
9.Буылтық құрттардың қантарату жүйесі?
А.жүрегі бар
Ә. Жүрегі жоқ
Б.жүректің рөлін шеңберлей соғып тұратын тамырлар атқарады
В.жүректің рөлін құрсақ және арқа тамырлары атқарады
10.Шұбалшаң:
А.даражынысты
Ә.қосжынысты
Б.жынысы орта жағдайларына тәуелді
В.партеногенез жолымен көбейеді
11.Қысқыш аяқ қай жұп аяқтарда болады?
А.үстіңгі жақсүйекте
Ә.астыңғы жақсүйекте
Б.жақаяқтарда
В.көкірек аяқтардың бірінші жұбында
12.Жасыл бездің қызметі:
А.иіс сезу
Ә.қорғану
Б.бөліп шығару
В.асқорыту
13.Өрмекшілерді зерттейтін ғылымі:
А.зоология
Ә.энтомология
Б.арахнология
В.ихтиология
14.Кенеде қанша жұп аяқ бар?
А.3
Ә.4
Б.5
В.2
15.Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі?
А.өкпе
Ә.өкпе қапшығы
Б.демтүтік
В.желбезектер
16.Қай отряд бунақденелілер класына жатады?
А.қабыршақтылар
Ә.қолқанаттылар
Б.қатты қанаттылар
В.түзу қанаттылар
17.Желі қандай қызмет атқарады?
А.тірек
Ә.асқорыту
Б.тынысалу
В.сезім мүшесі
18.Балықтардың есту мүшесі:
А.ішкі құлақ
Ә.ішкі және ортаңғы құлақ
Б.ортаңғы құлақ
В.сыртқы құлақ
19. Қосмекенділерде қанша қанайналым шеңбері бар?:
А.1
Ә. 2
Б.3
В.4
20.Қай қосмекенді құйрықты қосмекендіге жатады?:
А.құрбақа
Ә.бақа
Б.тритон
В.жайынауыз
21.Жорғалаушылар қай дәуірде басым болды?
А.кайнозойда
Ә.архейде
Б:мезозойда
В.палезойда
22.Қолтырауынның жүрегі неше камералы?
А.1
Ә.2
Б.3
В.4
23.Құстардың бұлшықетті қарнының қызметі:
А.өт бөлу
Ә.ішек сөлін бөлу
Б.қарын сөлін бөлу
В.қорегін ұнтақтау
24.Құс денесінің температурасы:
А.300С
Ә.360С
Б.420С
В.430С
25.Ең ірі сүтқоректі:
А.піл Ә.жайлаң Б.көк кит В.кашалот