kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Моё здоровое сердце

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                 КІРІСПЕ

      Ж?ректі? ишемиялы? аурулары 100 жыл уа?ыт бойы денсаулы? са?тауды? басты проблемалары болып ?алуда. Осы ауруды емдейтін бірнеше д?рі-д?рмектер шы?арылып ж?не ауруды? алдын перациялы? жолмен алуды? хирургиялы? жа?а ?дістері жасалуда. Ж?ректі? ишемиялы? аурулары к?птеген дамы?ан елдерде ?лімні? бірінші себебі болуда.Ж?рек-?антамыр аурулары адамны? ?лкенінде де,кішісінде де болады.?азіргі кардиохирургтарды? айтуы бойынша ,ж?ректі? жа?дайы біз ойла?андай жа?сы емес: некроза?а ?шыра?ан ж?рек,артерия тамырларыны? б?лінуі, атеросклероз,т.б. ауру т?рлеріне шалды??ан.

         Солай бола т?рса да ж?рек ишемиясы,толы?су,инсульт адамны? жауы болып ?алуда.К?птеген нау?астар ?зіні? денсаулы?ын ?алай жа?сартарын білмейді. Б?л жайт?а кін?лі,осы заман?ы денсаулы? ж?йесі: ауруды? алдын ала болатынын хабарлау ж?не оларды? ?ауіптілігін т?мендетуге  к??іл б?луде. Мамандарды? б??ан уа?ыты жо?.Д?рігерлер ауру адамдармен айналысып,дені сау адамдар?а м?н бермейді.

        Клиникалы? эксперименттер ?азыргі заман?а сай ?ылыми ??рыл?ыларды? ж?не ?за? ?мір с?ретіндерді зерттеу ,?лемні? ?рт?рлі елдерінде  мынадай шешімге ?келіп отыр:бізді? а?замызды? барлы? м?шелерінен ж?рек ?зіні? ж?мысын е? со??ы болып  ж?мысы то?татуы тиіс. Теориялы? жа?тан ?ара?анда  -  ж?рек, аз дегенде 120 жыл ж?мыс жасауы тиіс деп санайды мамандар. ?кінішке орай адамны? конус т?різді маторы,тірегі,?зіні? б?лшы? еттерімен,ж?йке ж?йелерімен  ж?не ?антамырларымен,электрлік сигнал бергіштігімен, ?зіні? таби?ат – ана берген мерзімінен б?рын істен шы?ады.Бізді? ?лемде ж?рекке зардабын тигізетін заттар ?те к?п – жа?а автомобильдер,чизбургерлер,компьютер ойындары,шегі-шеті жо?  телесериялдар,т.б.

       Ж?рек – ?антамыр ауруларынан ?аза тап?ан адамдар саны мы?да?ан,ол сол халы?ты? д?рыс тама?танбауынан ж?не д?рыс ?мір с?руді? ережесін са?тама?анды?тын артерия тамырларыны? бітеліп,а?ыр со?ында миокард инфарктісі мен инсультке ?келіп со?тыруынан болады. Жыл сайын осы ауруларды? кесірінен мы?да?ан адамдар ?мірден озады.

       Ж?ректі? жа?дайы адам ?міріні? ерекшеліктеріне  байланысты екені ай?ын. Питсбург университетіні? мамандары организмнен тыс ж?ректі алып,ж?мысын жасанды т?сілмен жасат?анда,бар бол?аны 12 са?ат ж?мысын жасап,то?тап ?алды. Дені сау ж?рек болу ?шін жа?сы физикалы? форма ж?не  рухани тынышты? керек.

         Ж?ректі? то?тауы – дамы?ан елдерде ?лімні? басты себебі болуда. О?ыс о?и?алар?а,рак?а,?кпе ауруларына ,диабет пен инсультке ?ара?анда,ж?ректен к?птеген адамдарды? ?мірі ?ыршынынан ?иыл?ан.

        Миокард инфарктісіне шалды??ан ?р бесінші ер адам мен ?йел адам ?здеріні? ?ал?ан ?мірін,?лсіздіктен,?зіні? ?йреншікті ?деттерін жасай алмай,?иналумен ?ткізеді. К?птеген адамдар оны? ауыстыруын ?алайды да,оны к?те алмай ?ліп кетеді. Барлы? инфаркт?а шалды??ан адамдарды? бойында ?рей,инфарктті? ?айталануынан ?ор?ады.Алты жыл аралы?ында бірінші инфаркттан кейін екінші инфаркттер ер адамдарды? 18%-ында ж?не 35% ?йел адамдарда болады.

        Жыл сайын біз ?зімізді? ж?регіміз туралы к?п білеміз,біра? оны ?алай са?тау керегін білмейміз.Бізді? ?лем о?ан ?ауіпті болып т?р. Біз ?те к?п м?лшерде тама? жеп аз ?имылдаймыз.А?ыры со?ында к?бісінде арты? салма? пайда болады, б?л дегеніміз денені май басу. Бізді ?орша?ан та?амдарды? ішінен біз денсаулы??а зиянын тигізетін,организмді е? ?ауіпті майлармен  ж?не еш жарамсыз к?мірсулармен толтырып,о?ан керекті ?сімдік  майларын бермейміз. Со?ан ?арамастан біз ?зімізді стресстік жа?дайлар?а ?ойып ?анны? ??рамында?ы денсаулы??а зиян гармондарды? ?з де?гейінен к?терілуіне  ж?не  к?п уа?ытты сергіттіретін  отбасы атмосферасында, к??ілді достарды? арасында  ж?не ой?а ?онымсыз н?рселерді ойлаумен боламыз.

    

      

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Моё здоровое сердце »

КІРІСПЕ

Жүректің ишемиялық аурулары 100 жыл уақыт бойы денсаулық сақтаудың басты проблемалары болып қалуда. Осы ауруды емдейтін бірнеше дәрі-дәрмектер шығарылып және аурудың алдын перациялық жолмен алудың хирургиялық жаңа әдістері жасалуда. Жүректің ишемиялық аурулары көптеген дамыған елдерде өлімнің бірінші себебі болуда.Жүрек-қантамыр аурулары адамның үлкенінде де,кішісінде де болады.Қазіргі кардиохирургтардың айтуы бойынша ,жүректің жағдайы біз ойлағандай жақсы емес: некрозаға ұшыраған жүрек,артерия тамырларының бүлінуі, атеросклероз,т.б. ауру түрлеріне шалдыққан.

Солай бола тұрса да жүрек ишемиясы,толықсу,инсульт адамның жауы болып қалуда.Көптеген науқастар өзінің денсаулығын қалай жақсартарын білмейді. Бұл жайтқа кінәлі,осы заманғы денсаулық жүйесі: аурудың алдын ала болатынын хабарлау және олардың қауіптілігін төмендетуге көңіл бөлуде. Мамандардың бұған уақыты жоқ.Дәрігерлер ауру адамдармен айналысып,дені сау адамдарға мән бермейді.

Клиникалық эксперименттер қазыргі заманға сай ғылыми құрылғылардың және ұзақ өмір сүретіндерді зерттеу ,әлемнің әртүрлі елдерінде мынадай шешімге әкеліп отыр:біздің ағзамыздың барлық мүшелерінен жүрек өзінің жұмысын ең соңғы болып жұмысы тоқтатуы тиіс. Теориялық жақтан қарағанда - жүрек, аз дегенде 120 жыл жұмыс жасауы тиіс деп санайды мамандар. Өкінішке орай адамның конус тәрізді маторы,тірегі,өзінің бұлшық еттерімен,жүйке жүйелерімен және қантамырларымен,электрлік сигнал бергіштігімен, өзінің табиғат – ана берген мерзімінен бұрын істен шығады.Біздің әлемде жүрекке зардабын тигізетін заттар өте көп – жаңа автомобильдер,чизбургерлер,компьютер ойындары,шегі-шеті жоқ телесериялдар,т.б.

Жүрек – қантамыр ауруларынан қаза тапқан адамдар саны мыңдаған,ол сол халықтың дұрыс тамақтанбауынан және дұрыс өмір сүрудің ережесін сақтамағандықтын артерия тамырларының бітеліп,ақыр соңында миокард инфарктісі мен инсультке әкеліп соқтыруынан болады. Жыл сайын осы аурулардың кесірінен мыңдаған адамдар өмірден озады.

Жүректің жағдайы адам өмірінің ерекшеліктеріне байланысты екені айқын. Питсбург университетінің мамандары организмнен тыс жүректі алып,жұмысын жасанды тәсілмен жасатқанда,бар болғаны 12 сағат жұмысын жасап,тоқтап қалды. Дені сау жүрек болу үшін жақсы физикалық форма және рухани тыныштық керек.

Жүректің тоқтауы – дамыған елдерде өлімнің басты себебі болуда. Оқыс оқиғаларға,ракқа,өкпе ауруларына ,диабет пен инсультке қарағанда,жүректен көптеген адамдардың өмірі қыршынынан қиылған.

Миокард инфарктісіне шалдыққан әр бесінші ер адам мен әйел адам өздерінің қалған өмірін,әлсіздіктен,өзінің үйреншікті әдеттерін жасай алмай,қиналумен өткізеді. Көптеген адамдар оның ауыстыруын қалайды да,оны күте алмай өліп кетеді. Барлық инфарктқа шалдыққан адамдардың бойында үрей,инфаркттің қайталануынан қорқады.Алты жыл аралығында бірінші инфаркттан кейін екінші инфаркттер ер адамдардың 18%-ында және 35% әйел адамдарда болады.

Жыл сайын біз өзіміздің жүрегіміз туралы көп білеміз,бірақ оны қалай сақтау керегін білмейміз.Біздің әлем оған қауіпті болып тұр. Біз өте көп мөлшерде тамақ жеп аз қимылдаймыз.Ақыры соңында көбісінде артық салмақ пайда болады, бұл дегеніміз денені май басу. Бізді қоршаған тағамдардың ішінен біз денсаулыққа зиянын тигізетін,организмді ең қауіпті майлармен және еш жарамсыз көмірсулармен толтырып,оған керекті өсімдік майларын бермейміз. Соған қарамастан біз өзімізді стресстік жағдайларға қойып қанның құрамындағы денсаулыққа зиян гармондардың өз деңгейінен көтерілуіне және көп уақытты сергіттіретін отбасы атмосферасында, көңілді достардың арасында және ойға қонымсыз нәрселерді ойлаумен боламыз.















Зерттеу жұмысының мақсаты:

Организмде басты қызмет атқаратын жүрек – қанайналым жүйесінің қызметтерін негізге ала отырып ,жүрек – қантамыр ауруларының алдын алу жолдарын салауатты өмір салтын сақтау арқылы негізгі факторларды біліп,адамдарға жүректің қаншалықты орынды қызмет атқаратынын теориялық тұрғыдан түсіндіру,алдын алу жолдарын практикалық түрде сипаттау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қанайналым мүшесі ,жүрек жұмысы туралы түсінік.

  • Теориялық білімді қолдана отырып,практикада жүрек ауруларының алдын алу жолдарын сипаттау.

Зерттеу кезеңдері:

  • Материял

  • Ғылыми еңбектермен танысу

  • Кілапхана тізбелерімен жұмыс.



1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Өмірге жаңа көзқараспен

Біздің өміріміз жүрегіміздегі коронарлық артерияға байланысты. Өкінішке орай,бұл қан тасымалдайтын тамырлар кейбір күрделі кедергілермен күресе алмайды:майға толы гамбургерлер,көп уақыт бойы автокөлікте,үстел, теледидар алдында отыру немесе 60 сағаттық апта жұмысы.Осының барлығы ақырында жүректің ишемиялық ауруына әкеліп соқтырады. Мынадай жаңалық,2004 жылғы сараптама бойынша әр түрлі елдерден 30 000 адам инфарктпен ауырып,оның 90% - ы 9 қауіпті факторлардың кесірінен болған. Оның бесеуі күнделікті әдетсіндірген біздің іс – әрекеттеріміз. Ол – шылым шегу,стресс,гиподинамия,ас мәзіріндегі көкөністер мен жемістердің жетіспеушілігі және алкогольден мүлдем бас тарту.

Қалған төртеуі медицинаға байланысты.Бұл – жоғарғы холестерин,диабет,гипертония және абдоминалдық май басу. Осы туралы көп зерттеулер жасалып,цифрлардың көп екендігі анықталды. Ол 52 елдің қатарындағы,Қазақстандағы әйелдер мен ерлер де бар.Чикагоның қайыршысын да,Токионың миллионерін де бәрібір сол инфарктке әкеліп соқтырады.Әр қайсы өз өмірі өзінің қолында екенін түсінетін кез келді.

Зоологияның жаңалықтары. Шошқалар миокард инфарктісінен өледі екен.Көгершіндерде,тотықұстарда,қояндарда атеросклероз табылған.Осы ауру АҚШ - тағы жабайы кұркетауықтарда бар екені анықталған.Сонымен қатар арыстандар,жолбарыстар,үй мысықтары, иттер және басқа да жыртқыштарда ондай ауру болмайды.Мұның себебі неде? Себебі оларды артерия қан тамырын тазалайтын липопротеиндері болады.

Сау жүрекке апарар жол

Жүректің сау болуы теориялық жақтан қарағанда қарапайым:бұл ашуланбай,қуану,тұрмыстық проблемалармен тоғысу сияқты. Кешкі астан кейін теледидар қарап отырмай,далаға серуендеуге шығу. Десертке алма қосылған пирог жемей алма жеу. Кешкі жаңалық кезінде қорап чипс жемей,бір стақан какао ішу керек. Таңда,шәугім қайнап жатқан кезінде дене гимнастикасына 5 минут жұмсау. Осындай қылықтарды имемденсеңіз жүрек жауларынан айырыла аласыз. Майлы іш,холестериннің жиналуы,жоғары артериялық қысым ,резистенттік.

Ас мәзірін қайта қарасақ холестерин көрсеткішін 30%-ға төмендетуге болады. Күн сайын 5 минуттық гимнастика жаттығуларын жасасаңыз,сіз бұлшық еттеріңізді өсіресіз. Қарапайым қала тұрғыны 22 сағат күні бойы отырады немесе жатады,бірақ табиғат адамды күнсайынғы дене қозғалысын жасау үшін жаратқан. Қоректік заттары көп жеміс – жидектер,көкөністер,ет,сүт,соя және басқа да дәмді тағамдар – жүректі қорғайды,қан құрамын майдан тазалайды және қант көрсеткішін төмендетеді.Өмір үшін маңызы бар 6 негізгі көрсеткішті бақылау керек.

Жүректің басты 6 жауы

Артық май Созылмалы қабыну Холестерин Метаболиялық синдром Тотықтырғыш стерсс Жоғарғы артериялық қысым

Оны әр ересек адам білу керек,бірақ көбісі адамдар ауруды имемденген -нен кейін мән береді.

Өз еркімізбен бе әлде біреудің күшімен бе біз өзіміздің организмімізді токсинді заттармен - темекі буымен,маймен,қантпен қоректендіреміз.Бұл қарапайым нәрсе болса да , барлық дене мүшелерімізге зардабын тигізеді.Бірінші болып жүрекке. Толеранттылық - физикалық және рухани денсулықтың кепілі.

Жүректің өлімге апарып соқтыратын 6 жауы

Әр ай сайын ірі медициналық журналдар жүрек ишемиясы туралы жүздеген мақалалар жариялауда. Жүректің тоқтамас жұмысына қарамастан,белгілі бір себептерден организмдегі мотор жыл сайын миллиондаған адамды о дүниеге алып кетеді.

Ғалымдарды дәрінің қанның бір не басқа да компоненттеріне қалай әсер ететіні қызықтырады.Бұл жерде мынадай ойды айта кетуге болады: «Айнала толған ағаш,бірақ орман көрінбейді». Орман дегеніміз – жүрек,ал ағаштар оған әсер ететін әртүрлі факторлар.Соған қарағанда ,медициналық зерттеулер бір талдың бір ғана бұтағын игерді дей аламыз.

Шын мәнісін айтсақ,жүректің барлық негізгі жаулары бір-бірімен өте тығыз байланысты және бірінен соң бірі келіп соғады.Ғалымдар да,фармацефтикалық компаниялар да мұны енді түсінуде. Майо Клиникасының мамандары 2300 гипертониктерді тексеріп,үштен екі бөлігінен жоғары деңгейлі холестеринді тапты.Бірақ,жүрек ишемиясының 90%-ы осы фактор қауіпінен болатынына қарамастан дәрігердің көңілін ауламады. 2004 жылдың басында АҚШ – та бір уақытта гипертонияның және холестериннің жоғары деңгейі туралы бірінші әдісті қолдады. Осы екі ауытқу бір – бірімен тығыз байланыста. Шынымен де,гипертониктердің 55%-нда холестерині бар екені туралы диагноздалған,ал холестерин жинаған 43% адамдарда керісінше жоғарғы артериялық гипертензия.

Бәлкім сізде: егер ишемиялық ауруға соқтыратын барлық факторлардың алды алынса,неге әрқайсысын бөлек қарастыру керек ? – деген сұрақ туады. Мұның бірнеше себептері бар. Біріншіден,бұл факторлар туралы әр жерлерден оқып-көруге болады.Екіншіден,бұл факторлар бірігіп өмірді басқа жағына қарай өзгертуі мүмкін екенін түсінесіз.

1.1. Жүрек жауы №1. Артық май.

Біздің әрқайсымызда туысымыздан организмде миллиондаған май ұлпалары – липоциттер бар. Олардың әрқайсысы май тамшыларымен толған эластинді қапшық тәрізді. Организм оны тек қана тамақ арқылы алмай,сонымен қатар артық аминқышқылдарынан және көмірсулардан синтездеп алады. Май қабаты денеге жұмсақтық береді және жылытады,сонымен қоса глюкоза жетіспеген жағдайда оның орнына жұмыс жасайды.

Егер сіз тамақ арқылы көп калория жинасаңыз,алдымен барлық липоциттердің қапшықтары май тамшыларына толады,содан соң жаңа жасушалар пайда болып олар да май тамшыларымен толады.

Артық салмақтың қауіптілігі висцериалдық майға байланысты. Ең қауіптісі май мүшелеріміздің айналасына жиналады. Бұл висцериалдық майдың ұлпасы организмнің биохимиялық балансын бұзып,жүректің ишемиялық ауруларын және басқа да ауруларды тудыратын гормон бөледі.

Тамақтағы қант пен крахмал артық салмақты тудырады. Ал көмірсуы аз тағамдар жүдеулікке алып келеді.

Жақсы тамақтану,физикалық қимылдарды белсенді жасау және стресстен бас тарту - артық майдан құтылудың дұрыс жолы.



1.2. Жүрек жауы №2. Холестерин

Бұл зат туралы бірінші рет 1950 жылы айтылған балатын. Жаңа сөз халық арасында кеңінен таралып,газет беттеріне басыла бастады:тағам құрамындағы өте көп мөлшердегі май қан құрамына холестериннің жиналып, артынан атеросклероз,одан кейін миокард инфарктісін алып жүретіні айтылды.

Холестерин өз-өзінен қауіпті емес. Ол балауызға ұқсас нәрсе,біздің организмде тоқтаусыз жасалынып организмдегі мембрана жасушасын,стероидті гормондарды, Д дәруменін және майды май қышқылына ыдырататын заттарды өндіреді.

Жүрек сау болу үшін қан құрамындағы холестериннің жалпы мөлшері маңызды емес,басқа нәрсе. Холестериннің «жаман» және «жақсы» болып екіге бөлінеді. Біріншісі – бұл,тығыздығы төмен липопротеин,ал екіншісі тығыздығы жоғары липопротеин. Қанда ТЖЛП көп болса және ТТЛП аз болса атеросклероз бен жүрек ишемиясының,миокард инфарктісінің қауіптілігі төмен болады.ТТЛП- ның аз болғаны организмге пайдалы. Бұл бөліктер маймен толып,қанайналым арқылы холестеринді керек жасушаларға тасымалдайды.ТТЛП көп болса ,артерия тамырының ішкі қабатына жабысып атеросклероздың пайда болуына себепші болады.Уақыт өте келе осы май қабаттары өсіп,тамырды бітеп,қан ұлпаларға тасымалданбай қалады. Егер атеросклероз артерия қантамырын бітесе,миокард бұлшық етіне оттек жетіспей тапшы болады.ТТЛП-нің мөлшерін төмендету жүректің ишемиялық ауруын 2%-ға азайтады.Липопротеиннің қан құрамында 100 мл-мен немесе миллимоль литрмен өлшенеді.

ТЖЛП – организмнің барлық ұлпаларын,сонымен қоса қанды артық холестериннен тазартып бауырға тасымалдайды.ТЖЛП антиоксиданттар секілді жұмыс жасайды,ТТЛП-нің артерия тақтайшаларына өтіп кетпеу үшін,оның тотығуына кедергі жасаумен болады.ТЖЛП-нің мөлшері 1%-ға көтерілсе миокард инфарктісін 3-4%-ға төмендетеді.Бұл жақсы көрсеткіш. Олардың концентрациясының көбеюі жүрекке төнген қауіпті төмендетеді.

Холестерині бар бөліктер ТТЛП – «жаман»,яғни оның қан құрамындағы мөлшерін 2,6 л/ммоль – ға дейін төмендету керек. ТЖЛП – бұл, «жақсы» холестеринді 1,54 л/ммоль – дан асыру керек. Жалпы холестерин мөлшері 200 мг% (5,2 л/ммоль)- нан төмен болуы тиіс.

ТТЛП

мг %

л/ммоль

Қауіптілігі

100 – ден төмен

2,6 – дан төмен

Оптималды

100 - 129

2,6 – 3,35

Оптималдыға жақын

130 - 159

3,36 -4,13

Орташа

160 - 189

4,14 – 4,91

Жоғары

190 және жоғары

4,92 және жоғары

Өте жоғары

ТЖЛП

мг %

л/ммоль

Пайдасы

40 – тан төмен

1 – ден төмен

Кішкене

40 - 59

1 – 1,53

Орташа

60 және жоғары

1,54 және жоғары

Үлкен



1.3. Жүрек жауы №3. Жоғары артериялық қысым.

Біздің артериямыз артық салмақтан,гиподинамиядан,стресстен ,майлы гамбургерлер мен әр таңда ішетін өзгермес кофеден қатты болып кетеді.Ал оның ішінде қан өзен күшіндей тез ағады. Ол артерияларға қатты қысым жасап,сонымен қатар әлсіретіп ішкі нәзік қабатын сырып кетеді.Бұл қысым артерия тамырын аневризмге шалдықтырып, мидағы артерияны үзуі мүмкін. Мұның арты геморрогиялық инсультке әкеліп соқтырады. Оған қоса атеросклероз бен инфаркт ауруларын алып жүреді.Жоғары артериялық қысымды дәрігерлер - гипертензия деп атайды.Бұл симптомсыз «қылымыскер» жүрек- қанайналым жүйесінің басты жауы.

Қазіргі таңдағы барлық жетістіктерге қарамастан гипертония құпия болып қала бермек.Ғалымдар артериялық қысымның күрделі байланыстарын енді ғана шешіп,оның өмір талабы мен генетикаға байланысты екенін білуде.

*Жүрек. Ол неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын,соғұрлым артерия тамырына қанды күшпен тездетіп айдайды. Ал адам тыныштық күйде болса оның жүрегі жай соғады және артериялық қысым салыстырмалы түрде төмен болады.

*Артериялар. Олардың қабаттары қалыңдау жұмсақ бұлшықеттерден құралған.Оның соғуы артерия тамырының кеңістігін бітейді,ал босаңсуы кеңейтеді.Олардың қанайналымға қарсы тұруы дегеніміз,артериялық қысымының біресе көтеріліп біресе төмендеуі. Егер атеросклероз артерия тақтайшаларын қатты қылып жіберсе,кеңістіктері маймен бітелген жағдай болса ,онда артериялық қысым көтеріліп кетуі мүмкін.

*Бүйректер.Ол екеуі қан құрамындағы натрийді реттеп,ал натрий суды ұстап тұрып тамырдағы сұйықтықтың мөлшерін анықтайды. Неғұрлым ол көп болса,соғұрлым артерия тақтайшасына қысым түсіріп артериялық қысым көтеріледі.

*Гормондар. Былайша айтқанда стресстік гормондар жүректі тез және жиі соғуына мәжбүр етеді,ал артериялар тарылады.Содан соң артериялық қысым көтеріледі. Оған үш гормондар септігін тигізеді – ренин,ангиотензин және альдестерон.

Бізге артериялық қысымның тек қана неден көтерілетіні ғана емес, сонымен қатар оны қалай төмендету керек екені ойландырады. Артериялық қысымның көресткіштері қай адамға болса да оны төмендетуге көмектеседі.Көрсеткіш неғұрлым төмен болса,соғұрлым денсаулығыңызға жақсы. Гипертония басталатын 140/90 деген көрсеткіш цифрларды күтудің қажеті жоқ. 120 -139/80 – 89 қазіргі кезде гипертония алды деп саналады. Ал 120/80 орташа деп саналады.Артериялық қысымды түсіретін азық – түліктер бар:майлылығы аз сүт тағамдары,көкөністер мен жеміс – жидектер.

Артериялық қысымның көрсеткіші

Артериялық қысымның категориясы

Жоғарғы (систолалық) қысым,мм.сын.бағ.

Төменгі (диастолалық) қысым, мм.сын.бағ.

Оптималды артериялық қысым

120

80

Қалыпты артериялық қысым

120 - 129

80 - 84

Жоғарғы қалыпты артериялық қысым

130 - 139

85 – 89

1 дәрежелі артериялық қысым

140 - 159

90 - 99

2 дәрежелі артериялық қысым

160 - 179

100 - 109

3 дәрежелі артериялық қысым

179

109

1.4. Жүрек жауы№4.Созылмалы қабыну.

Сіз нанды кесіп жатып қолыңызды кесіп алдыңыз немесе оны есікке қысып алдыңыз. Немесе байқаусыздан ыстық шайды ішіп ауыз қуысыңызды күйдіріп алдыңыз. Организм мұны қалай қабылдайды? Жарақат алаған жер қызарады,іседі,ауырады. Басқа сөзбен айтқанда қабынады. Бұл жаман нәрсе емес. Қабыну - иммундық жүйенің соған жауап ретінде жүретін қорғаныштық процесі. Сол аумақтағы ұлпалардың сауығуын және микроптардан,токсиндерден тазаруын қамтамасыз етеді.

Қабынудың симптомы – ұлпалардың түбіндегі күрделі соғыс деп атасақ та болады. Біз оның батырларын көре алмаймыз,бірнеше қорғаныштық қызмет атқаратын макрофагтар,Е – лимфоциттері,т.б. микробтарды,яғни өзінің өмірлік қас жауын аяусыз өлтіреді.

Бізге өздігінен кетпейтін қабыну әсер етеді.Бұл созылмалы кез,артық салмаққа, гиподинамияға,кәрілікке, нашар гигиенаға,әлсіз инфекцияға,күнделікті стресске қарсы реакция. Олар ұзақ уақыт болса,бізідің ұлпаларымызды ауыр халге ұшыратады.

Олар тқтаусыз иммундық заттарды бұзып,ақыры соңында атеросклерозға соқтырады. Бір уақытта ол жиналған май қабатын үзеді де,қанды бүліреді және оны ұйытады,артерияларды,соның қатарында жүректің коронарлық артерияның кеңістігін бітейді. Созылмалы қабыну – жүректің ишемиялық ауруының қауіптілігін үш – төрт рет көтереді.

1.5. Жүрек жауы №5. Метаболиялық синдром.

Ол көзге көрінбейді. Ол сезілмейді.Бірақ метаболиялы. синдром,организмдегі биохимиялық процесс.Инсульт қауіптілгін - екі рет,ал миокрд инфарктісін - төрт рет көтереді. Себебі неде? Қан құрамында инсулин мөлшері өте көп.

Егер метаболиялық синдроммен күреспесе ,ол баяу қимылдайды,бірақ холестерин мөлшерін көбейтіп,артериялық қысымды жоғарылатады,қан ұюына,тамырлардың бүлінуіне,ондағы атеросклероздаың пайда болуына себепші болады.Содан басқа,ол II типті диабетпен қауіптендіреді,бедеуліктің қауіпін тудырады,сүт безінің рагын,қуық ауруының және аш ішектің,сонымен қоса Альцгеймер ауруын , бүйрек жетіспеушілік ауруларына әкеліп соқтырады.

Бұған себеп абдоминалды майдың жиналуы мен теледидар алдындағы жайлы кереует.Кейбір мамандардың ойлауы бойынша ,ол артық салмағы бар барлық ересектер мен балаларда табылуы мүмкін.

Мысалы,сіз бір тәрелке сұлы жармасының ботқасын жедіңіз.Қалыпты жағдайда тұраған инсулин гормоны,осыдан кейін мөлшері оңай көтеріледі,ол жасушаларды сумен қамтамасыздандырады.Бірақ метаболиялық синдром кезінде олар бұл дабылға мән бермейді.

Метаболиялық синдром кезінде инсулин мөлшері қалыпты жағдайда 2 – 3 есе көтерілуі мүмкін. Ал оның көбеюі атеросклерозға шалдықтырады. Инсулин көп болған кезде «жақсы» холестерин төмендеп,тамақтан кейін қан көп мөлшердегі маймен толығады. Бір уақыт ішінде бұл гормон жиналса, «жаман» холестеринді артерия тамырларына оңай өткізіп,сондағы атеросклероздың пайда болуын қалыптастырады.Соңында ,қан құрамындағы ақуыз – фибриногеннің концентрациясы көтеріліп,тромбоэмболияға әкеліп соқтырады.

Бірақ дәрігерлер бұл қауіпті білер – білмес және өзіңіз де ол туралы біле бермейсіз. Метаболиялық синдромды анықтайтын қарапайым анализдер табылмаған,бірақ дәрігерлер оны глюкоза толеранттылықтың көмегі арқылы анықтай алады.

Бірақ дәрігерлер бұл қауіпті білер – білмес және өзіңіз де ол туралы біле бермейсіз. Метаболиялық синдромды анықтайтын қарапайым анализдер табылмаған,бірақ дәрігерлер оны глюкоза толеранттылықтың көмегі арқылы анықтай алады.

Метаболиялық синдром

Метаболиялық синдромды төменде берілген басты критериялар арқылы білуге болады.Мұндай жағдайда инсулиннің көп мөлшері сіздің жүрегіңізге қауіпті.

  • Белдің өлшемі ерлерде 100 см және әйелдерде 87,5 см – ден жоғары болса;

  • Жоғары артериялық қысым (130/80 – нен төмен емес);

  • Триглицеридтердің көп мөлшері (150 мг % және 1,7 ммоль/л – ден төмен емес);

  • ТЖЛП мөлшерінің аздығы (50 мг % немесе 1,3 ммоль/л,әйелдерде 40мг % - дан және ерлерде 1 ммоль/л – ден төмен емес);

  • Қандағы глюкоза мөлшері 100 – 125 мг % немесе 5,6 – 7,0 ммоль/л – ден көп. Мұны глюкоза толеранттылығының бұзылуы деп атайды.Ал мұндай адамдар диабеттікке үміткерлер.



1.6. Жүрек жауы №6.Тотықтырғыш стересс.

Екі кардиологиялық жұмбақ. Дені сау,барлық көрсеткіштері жақсы адам кенеттен миокард инфарктісінен өліп кетеді.Ал майлы тағамдармен тамақтанатын адам өзінің жоғары деңгейлі холестериніне қарамай,жүрегіне шағым жасамайды.

Мәселе неде? Тотықтырғыш стресс - біздің ұлпаларымыздың агрессиялық молекулалармен қауіп төндіретін бос радикалдар ретінде белгілі.Босрадикалға бір электронның жетіспеушілігінен, ол айналасындағы молекулалардан электрон алып,оны тотықтырады.Бұл дегеніміз қабыну.Осы жолмен клетка мембранасын,генді,липопротеиндерді, жүректің ишемиялық ауруын, рактың қауіпін жоғарлатып ,зардап шектіреді. Қалыпты жағдайда бұлар тамақ құрамынана немесе организм өзі өндіретін антиоксиданттардан алынады.Олар бос радикалдарды электронмен толтырады. Бірақ ,шылым шегіп жүрсеңіз,артық саламғыңыз болса,аз қозғалыс жасап,жүйкеңізді жиі жұқартсаңыз,метаболиялық синдром үстінде болсаңыз,дұрыс тамақтанбай жүрсеңіз сіздің жағдайыңыз қиындайды. Содан басқа,бос радикалдар ультракүлгін сәуледен және радиацияның әсерінен,қоршаған ортаның бүлінуінен,токсиндік заттардан,есірткіден,алкоголь мен дәрі – дәрмектер күшінен пайда болады, Организм бос радикалдарды көп мөлшерде өндіретін болса,антиоксиданттар олармен күресе алмай ,тотықтырғыш стресс пайда болады.

ТТЛП бос радикалдармен тотығып,артерия тақтайшасына өтіп,холестерин түзеді. Иммундық жүйе мұны организмге кірген жау деп біледі де,өзінің жасушалары – макрофагтарымен бөгде денелерге шабуыл жасайды.Олар ТТЛП – нің деңгейі жоғары болса оның қауіптілігі екі есеге көтеріледі.

ТЖЛП ТТЛП – ні тотығудан қорғайды. «Жақсы»холестерин қанды «жаман» холестериннен тазалап қоймай,оны организмнен сыртқа шығару үшін бауырға тасымалдайды. ТЖЛП – нің бөліктері ТТЛП –ден тотыққан молекулаларды сорып алады да ,өздері қабынбай бұрынғы күйінде қалады . Ал ТТЛП артерия тамырларына қауіп төндірмейді.

Метаболилық синдром ТТЛП – нің тотығуына әсер етіп,ишемиялық аурудың себебі болып отыр.Егер ТТЛП – ның мөлшері қалыпты күйде бола тұрса да,метаболиялық синдром кезінде бұл денелерде радикалдарға қажет ұсақ және ірі нәрселер болады.Бұл қауіп – қатерді ЛПНП – ні тексеруге арналған анализ арқылы білуге болады. Бірақ мұны міндетті түрде жасаудың керегі жоқ. Егер сіз метаболиялық синдромның бар екенін сезсеңіз,тез арада белсенді дене қимылымен айналысыңыз,артық салмақ тастап,рафинатталған крахмалдарға жақындамаңыз.

Тотықтырғыш стресс

Неғұрлым төменде көрсетілген факторлар көп болса,соғұрлым жүрек - қантамыр жүйесін бос радикалдармен зақымдау қауіпі бар.

  • Шылым шегу және эмоциялық стресс

  • Артық салмақ және гиподинамия

  • Метаболиялық синдром

  • Ас мәзіріндегі көкөністер мен жемістердің аз болуы























2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Жүрекке арналған тағамдар

Денсаулыққа және жүректің жақсы жұмыс жасауы үшін белгілі бір бес топ азық – түлікті алу керек.Егер оларды басты ас мәзірінің құрамына қосып жесе,миокард ишемиясының қауіпінен тез арада құтылып кетуге болады.

1.Ақуыз – жүрекке күш беруші

Ақуызы бар тағамдар жүректі қорғайды.Жұмыртқа және сиыр еті В дәрумендеріне бай.Ал балық бізді омега – 3 - май қышқылымен қоректендіреді,соның арқасында жүрек ритмін қалыпты күйде сақтап,тромбтардың пайда болуын баяулатады.Тауық және күркетауық еті аш қарынға таптырмайтын құрал.Бұршақ тұқымдас өсімдіктер сапалы ақуызбен байып қоймай,сонымен қатар организмді холестериннен және қан құрамындағы қанттың өсуінен қорғайды.

2. «Жақсы» майлар

Көкөніс салатына зәйтүн майын қосып жеңіз,оған нанды батырып,үстіне бадам қосып жеңіз.Көптеген зерттеулер Жерортатеңіздік тағамның жүрекке пайдалы екенін көрсетті.Сонымен қатар зәйтүн майының құрамында омега – 3 – май қышқылы бар.Ол ТЖЛП – нің мөлшерін көтеруге ат салысады.

3.Көкөністер мен жеміс – жидектер

Қан құрамын холестериннен тазартады .Себебі оларда антиоксиданттар көп.Бұл қоректік заттарсыз біздің жүрек – қантамыр жүйесі өздігінен жұмыс жасауға мәжбүр.Бірақ,көптеген әдепті адамдар күн сайын 3 - 4 порция көкөніс және жеміс жейді.

4.Тұтас дәнді – дақылдар

Таңертеңгі асқа тұтас дәнді – дақылдар жесеңіз сіз инфаркт қауіпін 15% - ға төмендетесіз.Тұтас дәнді – дақылдар Е дәруменіне,фитопротекторларға, сонымен қатар ас қорытуды жақсартатын заттарға бай.Олардың кейбіреулерінде организмді холестериннен тазартатын өршіткі бар.

5.Сүт тағамдары

Сүт,йогурт және ірімшік жеген пайдалы,артериялық қысымды қалыптандырады.Себебі олардың құрамында кальций элементі бар.Майы жоқ сүт тағамдары гипертония кезінде жақсы көмектеседі.Ең жақсысы,сүтке жемістер,көкөністер және тұтас дәнді – дақылдар қосып жеукерек ,олар артерия қабырғаларын жақсартады.

2.2 Гиподинамиямен күрес

Сіз қазір отырсыз?Яғни,сіз белсенді емес жұмыспен айналысудасыз.Нақты санақты шағару мүмкін емес,бірақ орташа есеппен 12 – 14 сағат отырамыз:автомобиль рөлінің алдында,теледидар алдында,жұмыс үстелінің алдында,соның қатарында үй де бар.Бұған түскі уақытты қосыңыз,7 сағат ұйқы және 19 – 22 сағат ,сонда барлығы19 – 22 сағат толық қаозғалмау.

Өкінішке орай,эволюция адамды отырықшы өмір салты үшін жаратпаған.Біздің арғы бабаларымыз таңатпай,күні бойы еңбек еткен,жүрген,жүгірген,тек күн батқаннан кейін дем алған.Ал қазыргі таңғы асты отырғыштан тұрмай – ақ дайындай беруге болады.Дистанционды пульттер,көптеген үй техникасы ,электронды пошта,Ғаламтор дүкендері,тапсырысты үйге немесе автокөлікке жеткізу – мұның барлығы біздің өмірімізден физикалық күшті алып тастайды.Кейбір санақтар бойынша, қазір біз күніне 700ккал – дан кем емес ыдыратамыз.Аптасына 500 г салмақ қосамыз.

Күнделікті жұмыстар біздерден физикалық белсенділікті аз алады.Энергия құртудың жалғыз тәсілі - белсенді демалыс, дене шынықтыру,спорт,серуендеу,бау – бақшамен айналысу.Өкінішке орай мұның барлығына уақыт жетпей қалады.Ересектердің төртеуі,әйелдердің үшеу практикалық қозғалмайды.Тағы үшеуі физикалық қозғалады,бірақ денсаулықты ұстап тұруға жеткіліксіз.

Неге физикалық белсенділік көбісіне соншалықты қиын және ауыр болып келеді? Аяққа тұрып қозғалса болғаны.Дені сау тағамнан кейін, күнделікті бұлшықетті жұмыстан жақсы ештеңе жүректі қорғамайды.

Жүру өмірді құтқаруы мүмкін.Жетісіне бір сағаттан аз емес жаяу жүріспен серуендеу керек.Бұл миокард инфарктісінің қауіпін және атеросклерозға шалдыққан коронарлық артерияның жағдайын жақсартады.

Жаяу жүру – бұл тегін,қарапайым және ыңғайлы іс.Ол қолжетімді.Өкінішке орай,көптеген адамдар бұған уақыт және орын таба бермейді.Статистиканы сөйлетсек,соңғы 20 жылдың ішінде жаяу жүру 42% - ға қысқарды.

Мен күн сайын серуендеуге арнайы 10 – 15 минут бөлуіңізге кеңес беремін.Бұл аз дегенде белсенді физикалық қозғалысты қамтамасыздандырады.Содан басқа ,сіз автоматты түрде 20% - ға жуық қадам жинайсыз.Адамның кішкентай қадамы – қазіргі уақытта денсаулыққа үлкен жақсылық.

Треккингпен айналысыңыз.Треккингпен айналысып,адам жерді таяқпен итеріп, шаңғы теуіп қадам жасайды.Бұл «спорт» еуропада танымал және америка курорттарына дейін жеткен.Ол жүрек – қантамыр жүйесін және өкпені қатайтады.Жерді таяқпен итеріп сіз әр кезде бұлшық етті көп шынықтырасыз.Бұл бұлшық еттің өсуін жақсартады.

Серуенге өзіңіз жақсы көретін жаттығуларды қосыңыз.Мысалы,20минут жүріп, 20 секунд шынығыңыз.Тағы да 2 минуттай отырып – тұрыңыз.Осында бір – біріне жалғаспалы жаттығулар калория ыдыратып ,жүрекке септігін тигізеді.

Күнделікті серуенге өзіңіздің жүрек жартыңызды алып жүріңіз.Жұбыңызбен бірге денені шынықтырсаңыз ,адамдар сіздерге қарап , отырықшы өмір салтына сирек берілетін болады.

Медитация – жүрекке пайдалы.Бұл ғылыми дәлел.Сол уақытта серуендеп, өзіңіздің ішкі дүниеңізге оңай кіруге болады.Бұлшық еттердің жұмысы, қанды стресстік гормондардан тазартады,ал ырғақты қозғалыс сізге берік болып,түрлі – түрлі нәрселерді ойлаудан алшақтатады.Жол жүру үстінде медитация жасап үйреніңіз.Назарыңызды сезгіштікке бағыттаңыз,жермен байланыста боласыз және ритмді тыныс аласыз.Егер басыңызда кешірілмеген оайлар болса,қорықпаңыз және ойыңызды бөлмеңіз,олар тез шығып кетеді.Айтпақшы, өзіңізге тілек айтуды ұмытпаңыз.Мұндай серуеннің соңында сіз өзіңізді сергек және сау сезінетін боласыз.

Физикалық белсенділіктің пайдасы

Белсенділік

Энергия кетіру,ккал/сағ

Ерекше пайдасы

Велосипед

544

Өзіңізді қайтадан сәби сезінесіз

Волейбол

204

Көруді және координацияны дамытады

Гольф

377

Әңгімелесу,иірімді жақсартады

Қайықпен жүзу

340

Дененің жоғарғы бөлігін жақсартады

Дайвинг

476

Әдемі және сабырлы

Роликте немесе конькиде сырғанау

408

Жақсы отбасылық көңіл көтеру

Шаңғымен жарысу

510

Қыста салмақ жинамайсыз

Жүзу

544

Жарақат болмайды, тамырдағы ауруды жеңілдетеді

Бау-бақшамен айналысу

340

Үстел үстінде жаңа көкөнстер мен жемістер тұрады

Тенис

476

Сүйекті қатайтады

Жаяу саяхаттау

408

Табиғатпен сөйлесу

2.3.Сіздің жүрегіңізге не қажет?

Сізде жақсы көретін ит бар екенін көз алдыңызға елестетіңіз. Шынымен,сіз оны күтіп – баптауға тырысасыз. Жиі серуендейсіз.Жылы және жанға жайлы үймен қамтамасыз етесіз.Оған толыққұнды дәмді тамақ бересіз.Бірақ,бұл бар – жоғы керек минималдылық. Басқа адамадар секілді сіз де бәлкім өзіңіздің сүйіктіңізді еркелетіп - аймалайсыз,онымен ойнайсыз,қауіпті кездерде оны тыныштандырасыз , жалпы айтқанда өмірін ұзақ және сау,қызықты,көңілді,бақытты етесіз.

Біздің жүрегімізге мұндай қарым – қатынас керек емес пе? Бұл мүшенің жағдайы,сіздің қаншалықты тыныш және қуанышты өмір сүруіңізге байланысты.

Калифорния Тынық мұхитының медициналық орталығында 5 жыл аралықта 50 – ге жуық әйелдердің және ерелердің жүрек ишемиясы ауруының орташа және ауыр дәрежесі бақыланды.Олардың ішіндегі біреуі дәрі - дәрмек қабылдамай,салауатты өмір салты жолымен өмір сүрді,дұрыс тамақтанды,дене шынықтырумен айналысты,стерсстен арылды,таныс адамдармен сөйлесіп – білісті,шылым шегуді қойды.Ал қалған адамдар мұндай пайдалы іспен айналысқан жоқ,есесіне дәрігер тағайындаған дәрі – дәрмектерді қабылдап жүрді.Зерттеу соңында артериялардағы атеросклероз бірінші топта 8% - ға азайды,ал екінші топта 28% - ға көтерілді.Содан басқа дәрі – дәрмек қабылдағандарда жүрек соғысы екі еселеніп,аритмия мен миокард инфарктісі анықталды.

Жүректі қуантудың 6 тәсілі

Маңызды ғылыми зерттеулер мынаны растайды:жақсы көңіл күй жүректің саулығы үшін маңызды. Оны сақтау үшін адамға келесі пункттер көмектеседі.

1.Сенім және үміт

Құдайға,жарқын болашаққа немесе өзіңізге сенесіз бе ,жоқ па,маңызды емес,ішкі жандүниеңіздің мұң – қайғыға түспеуі маңызды. Басқа сөзбен айтқанда - мақсаттылық. «Қуаныш» және «үміт» деген сөздермен әлемсезгіш адамадар,орташа санағанда өздерінің заманадастарынан он жыл артық өмір сүреді.

2.Кішкентай қуаныштар

Біздерде көптеген әртүрлі борыштар бар,бірақ олардың ішінде біреуі шынымен де ерекше: уақыт өте келе жұмыстарды ұмытып,өзімізге мейрам ұйымдастыруымыз керек. Зерттеулер көрсетуде: неғұрлым адам көп күлімсіресе ,соғұрлым ол адамда жүрек ишемиясының қауіпі төмен болады.

3.Релаксация

Неғұрлым өмір толықса,соғұрлым жүрекке соғатын стресстер көп. Сіз бүкіл әлемді өзгертетін жағдайда емессіз бе, бірақ онымен келген тосын сыйларға реакцияңызды өзгерте аласыз. Күн сайынғы стрессті түсіру – медитация,визуализация,терең тыныс,бұлшық ет релаксациясы немесе қарапайым итпен серуендеу - шынымен де жүрек – қантамыр ауруларының қауіпін төмендетеді.

4.Денсаулық эликсирі

Түскі ас алдында күнделікті құрғақ шарапты ішіп,жүректің ишемиялық ауруының қауіпін 40% - ға төмендетуге және толықтай бақытты ,тыныш өмір кешуге болады.

5.Тыныш айлақ

Жүрек әрқашан туған үйіне жақын дейді.Сіздің үйіңіз маторыңызға қауіпсіз орын болсын. Оған ұнамды атмосфера жасаңыз: гүлдендіріңіз,музыка тыңдаңыз,жатын бөлмені безендіріңіз. Стрессті туған үйде шығарып,жүректің ишемиялық ауруының қауіпін екі есеге дейін түсіруге болады.

6.Өзімнің достарым

Өзіңіздің қасыңыздағы туған – туыстарыңыз,достарыңыз, жұмыстастарыңыз болса – жүрек бәрінен де күшті,алаңсыз соғады. Адамдармен көбірек әңгімелесіңіз,оларға пайдалы және қызықты болуға тырысыңыз.Сіздің жүрегіңіз сізге деген шексіз алғысын білдіреді.

2.4. Тазалық – денсаулық кепілі

Біздің өмірімізде микробтардан және токсиндерден ешқайда құтылып кете алмаймыз. Оларға мән бермеу оңай,бірақ қауіпті. Олардың бар екені туралы білу жеңіл және денсаулыққа,соның ішінде жүрекке едәуір пайдалы.Біз нақты айта аламыз: тазалық – денсаулық кепілі. Автокөлікке немесе тоңазтқышқа қарағанда,адам организмі бәрінен де ұзақ жұмыс жасайды.Оны да таза ұстау керек. Біздің жүрегіміз өзінің таза үйін жоғары бағалайды,микробтардан,токсиндерден және басақа да тамырға зиян тигізер заттардан бос.

Шылым шекпейтіндер орташа есеппен,күндіз – түні шегетіндерге қарағанда 15 жыл ұзақ өмір сүреді.Тұмау вирустарынан сақтанып,жүрек ишемиясы ауруын 20% - ға түсіруге болады.Күніне тісімізді ішек бактерияларынан екі мезгіл тазалап біз инфаркт профилактикасын қадағалаймыз.

Міне тағы бір даусыз факт. Көптеген адамадарға өз өмірін,бөлмесін тазалықта ұстау қиынға түседі. «Ересек» өмірдің атрибуттары - пайдалы емес тағамдар,ішімдік,шылым шегу.Мұның барлығынан бас тартып,біз өзімізді көптеген қуаныштан айыратындай боламыз. Сонда да жүректің салауатты өмір салты мұндай болмауға тиіс.

*Ауыз қуысыңызды таза ұстаңыз. Бұл жүрекке ашылар қақпа.Жоқ,асқазан арқылы емес,тамырлар арқылы.Таңағаларлық емес жайт,бактерия жабысқақ , тіс жегісінен қызыл иек арқылы қанға түседі де , жүрек - қантамыр жүйесін басып алады.Егер тісіңіз таза,ал қызыл иегіңіз сау болса,сізге әрқашан күлімдеуге себеп табылады.

*Қолыңызды жуыңыз. Зиянды микробтардан тығылу мүмкін емес.Бірақ су және сабын олардың көзге,мұрын және ауыз қуысына баратын жолдарды жабады,себібі олар ол жерде оңай жайналып,көбейеді.Жеке гигиена дизентериядан және салқын тиюден ғана емес,сонымен ол миокард ишемиясын құтқару мүмкін.

*Егіліңіз. Вакцинация,тұмау сияқты инфекцияға қарсы кардиологиялық бөлімдерде госпитальданудың,миокард инфарктісінің қауіпін төмендетеді.Ия,несіне тұмаумен ауыру керекпіз? Дәрі егу оңай емес пе!

*Ауаны және суды тазалаудан өткізіңіз. Қоршаған ортаның ластануы – жүрек – қанатамыр қауіпінің күрделенуі.Организмге енетін ауа мен су,тағам секілді денсаулыққа әсер етеді. Бастысы,егер олар уланса.Таза қоршаған ортаны герметикалық жерде ұстауға болады.Зиян компоненттерді тазалаудан өткізсе болғаны,олар организмге ене алмайды.

2.5.Шылым

Бір рет және мәңгілікке қалай тастауға болады? Нақты айта алмайсыз. Қай кезде де никотинмен қоштасу оңай емес. Ертеден шегетін адамға бұл үлкен тізімді құрайды,тітіркенгіштік,дипрессия,жамандық, алаңдаулық,бас ауруы,әлсіздік,тәбеттің күшеюі,алаңғасарлық,ұйқының бұзылуы.Бірақ,өткелі кезеңнің қиындықтарына қарамай,ересек шылым шегушілер зиян әрекеттерін тастады.Жетісітіктің жеті қағидасы арқасында.

1.Күнді белгілеңіз

Шылым шегуден бас тарту моральді дайындықты талап етеді.Келе жатақан айда «Тастау күнін» белгілеңіз және өзіңіздің күнтізбеңіздегі сол күнді дөңгелектеп қойыңыз.Оған дейін қалған күндерде сақ болыңыз,өміріңіздің жаңа кезеңінде бірінші рет басыңызға не келу керек, - никотиналмастырғыштар,кәдімгі шайналмалы сағыз,ұсақталаған сәбіз,мұз кәмпиттер,тыныштандырғыш дәрілер. Кешке «Тастау күнінде» сіз қоқысқа барлық темекі заттарын лақтыру керексіз :шылым, жаққыш, күл сауыт. Олар сізге енді ешқашан қажет емес.

2.Адамдарға жария етіңіз

Тума – туыстарыңызға,таныс – тамырларыңызға, жұмыстастарыңызға, көршілеріңізге өзіңіз тағайындаған «Т күні» туралы айтыңыз.Мұны бірінші рет жасасаңыз,уайымдамаңыз.Сізді қолдайтындардан көмек сұраңыз. Сіздің қасыңызды бірге тұрып темекі шекпесін,ал шылым шегуді еске түсіретін заттарды сізден алыстатып жүрсе тым жақсы.

3.Достар табыңыз

Егер зиянды әрекеттерден басқа біреулермен бірге қосылып тастасаңыз, жемісіңізге мүмкіндік болады. Аураханалардың барлығы тастайтындарға бар көмекті көрсетеді. Мұндай топтармен бірінші үш ай жұмыс жасаңыз – бұл периодта көбінесе «үзілістер» болады.

4.Айналысатын іс табыңыз

Шылым шегу махаббат бола тұрмай,сонымен қатар уақыт өткізудің бірден – бір тәсілі.Біз шылым шегеміз «ештеңе істемейміз» жұмыс үзілісінде,көлікте,кешке теледидар алдында.Шылым шегуден бас тартып,сіз өзіңіз немен айналысатыныңызды білмейсіз.Тек шылым шеккіңіз келеді.Бұл үзілістерді денсаулыққа пайдалы заттармен толтырыңыз.Көлікте жақсы көретін өлеңдерді айтыңыз,жұмыста болсаңыз ,қысқа саяхаттараға шығыңыз.Жаман ауа райы күнін толтыру қиын.Бәрінен де үй жұмысын жасаған пайдалы.

5.Никотин ауыстыратын терапия туралы ойланыңыз

Көптеген адамадар шылым шегуді мәңгілікке тастайды.Мұның жетістігі никотиннің төменгі дозасында. Пластырьлер,сағыздар,ингаляторлар,мұрын спрейлері туралы болып жатыр. Сіз одан әрі жетістікке жетесіз,егер НАТ – ны антидепресанттармен бірге қабылдаңыз. НАТ – ның мәнісі мынада,себебі ол абстинентті симптомдарды жеңілдетеді.Жоғары дозалы никотин токсинді,сондықтан да құрамында сондай заттары бар азықтарды құрамына қарап қолданыңыз және ешқашан шылым шекпеу керек.Мұндай екі жақты соққы өлімге ұшырату мүмкін.

6. Провакаторлардан қашыңыз

Ішімдік және шылым шегу бұрыннан белгілі «тәтті жұп».Шығу жолы:шылым тастайтын бірінші айларды спирттік заттарды қолданбаңыз. Қонақата немесе мейрамханаларда су,шырын,кола,салқын шай – ішіңіз,таңдау көп.Тек ұмытпаңыз:алкоголь барлық тиымдырды босатады,сондықтан асықпаңыз.Кейбір шылым шегушілерде тығыз ассоциация бар,кофе – темекі. Мұндай жағдайда кофенің альтернативті түрін,шайды іздеңіз.

7.Тайм – аут алыңыз

Өзіңізді ұстай алмай шеккіңіз келсе,сағатқа қарап өзіңізге дәл 10 минут беріңіз.Бұл тайм – аут кезінде,терең демалыңыз.Соңында сіз өкпеңізді тазайлайсыз.10 минут ішінде никотинге деген көзқарас әлсірейді және сіз күнделікті ісіңізбен еркін айналыса аласыз.

2.6. Қоршаған ортаның ластануы

Біз мұны әрдайым білетін сияқтымыз,бірақ ғылым жақында келісті:ия,қоршаған ортаның бүлінуі жүректің ишемиялық ауруын тудырады.

Бұл шындық:ауаның бүлінуінен жүрек өкпеге қарағанда қатты азап шегеді және басқа да респираторлық патологияларға қарағанда,жүрек – қантамыр ауруынан екі еседен көп өлімге ұшырайды.Соққы алдында адамдардың едәуір бөлігі,бүкіл өмір аралығында,сондықтан денсаулық сақтау алдында маңызды проблема бар.

Жол кептелістері тамырларға зақым келтіреді.

Ауаның бүлінуі бәрінен де қауіпті онда жіңішке дисперсионды азық – түліктер бар.Бұл лас бу болып шығады.Ол ауаға автокөліктер ,тепловоздар, кемелер,заводтар,электростанциялардан,орман өртенуі арқылы таратылады.Тыныс алу жолдарына түсіп,бұл кішкентай бөліктер сілемейлі қабақты қабындырады да,артерия кеңістігін бітеп атеросклерозға шалдықтырады.

Негізінде өте қатты бүлінген зоналар қауіптілікті көрсетеді. Сегіз жылдық зерттеу көрсетті,жақын арадағы магистральдарда тұратындарда жүрек – қантамыр ауруынан болатын өлім орташадан жоғары.

Ауасы сапалы емес жерлерде жүгіру немесе велосипед тебу зиян.Атмосфералық бүліну бәріне зиян келтіреді,бірақ негізінде бұл қарттық және созылмалы аурумен ауыратындараға,жүректілерге және диабетиктерге қауіпті.

Ауа райы болжамына қарап жүріңіз. Барлық мәдениетті әлемде күнсайын атмосфера бүлінуінің индексі анықталады. Оның негізінде атмосферадағы озон және ішкі бөліктерінен ауа сапасының индексі және ластанудың орташа индексі саналады.Жергілікті жаңалықтарды тыңдаңыз және шешім қабылдаңыз.Мұны жазда жасаған маңызды,ереже сияқты.Кейбір кезде жабық жердегі жұмыспен айналысу керек.

Қарбалас сағатта қыдырмаңыз.Егер сіздің ауданыңыздың ауасы таза болып саналса да, қарбалас сағат кезінде далаға азырақ шығыңыз,ол кезде айналаңыз газбен толады. Қара күйемен азырақ демалып,таңертеңгісін денсаулық сауықтыру үшін серуенге шығыңыз.

Шылым шегетіндерден аулақ жүріңіз.Жақсы жаңалық:көптеген барларда,мейрамханаларда және де басқа мәдениетті жерлерде шылым шегуге тиым салады.Жаман жаңалық: енжар «шылым шегу» атеросклерозды тудырады.Жалпы айтсақ,егер қасыңызда біреу шылым шегіп жатса,ары қарай кетіп қалыңыз.

Папортниктер өсіріңіз. Терезе тесіктерін шыныпакеттермен бітеу қысқы аяздардан құтқарады,бірақ жылыту науқаны кезінде үйдегі ауа нашарлай тісіп,өзіндік вентиляция жүрмейді.Үйге бөлме өсімдігін әкеліңіз. Папортниктерді әкеліңіз,құрғақ жапырақты,ұсақ фикустар ауа фильтрлері секілді.Ал содан басқа олар әдемі және жақсы атмосфера беріп тұрады.

Антиоксиданттар жеңіз.Дәлелденді,бұл заттар негізінде С,Е дәрумендері және бета – каротин атмосферадағы бос радикалдардан жүректі және өкпені қорғайды.Тек дәріханалық препараттарды сатып алмаңыз:артық ақша құрту.Антиоксиданттары бар табиғи көздер – көкөністер мен жемістерді жеңіз.

Мұрыныңызбен дем алыңыз. Идеалды атмосферада физкультурамен айналысып,тек демді мұрынмен шығарып үйреніңіз.Оның сілемейлі қабығы тербелмелі таяқшалармен қапталып,ауаны тазалайтын қызмет атқарады.

2.7.Тіс жегісі

Қызыл иектің созылмалы бактериясы инфекциясымен ауыратын адамдар миокард инфарктісінен өледі. Жалпы айтқанда,не істесең де тісті тіс щеткасымен және жіппен тазалау керек. Голивудтық күлкі шықпаса да өзіңіздің өміріңізді құтқарасыз.

Миннестік университетте 700 адамнан астам жүректі адамдарға демонстрация жасалды.Басқа жұмыстарда пародонт ауруымен байланысы бар екенін тыныш күйде ,тыныштық күйде жүрек жиырылуының жиілеуі, аномалды электрокардиограмма және қанда қант мөлшерінің тез көтерілуі көрсетілген .Мұның бәрі жүректің ишемиялық ауруының симптомы немесе қауіпті факторы.

Мичиган университетінің ғалымдары 320 әскери ардагерлерді зерттеп,мынадай шешіммен одан ары қарай барды.Олар пародонт ауруы жүрек ишемиясына,артық салмаққа,холестериннің жоғарғы мөлшеріне,гиподинамия мен шылым шегуге әкеліп соқтырады.Және мұндай қауіптен күнделікті тісті тазалау құтқарады.

Қайдан, не алынады? Бірнеше жыл бұрын адамдар жаман тіс әлсіз денсаулықты білдіретінін интуция арқылы біліп отырған.Ғылым соңғы он жылда қызыл иектің қабынуын тапты.

Теория мынадай болмақ: бактериялар тіс жегісінен қабынуға ұшыраған қызыл иек арқылы қан құрамына,одан әрі артерия қабырғасына өтеді де,май қабатының өсуін қалыптастырады.Ал бұл атеросклерозға және жүрек ишемиясына апарар тікелей жол.

Денсаулығыңыз үшін тазалаңыз

Шынымен де,бұл қауіпті болдырмау қиын емес.Бастысы не істейтінімізді білу керек.

Щеткамен жұмыс.Жуынатын бөлмеге таймер орнатыңыз. Оны екі минутқа қойып,шырылдағанға дейін тіс тазалауды тоқтатпаңыз.Тіс щеткасын алыңыз.Жайлап алдын,артын,төбесін дөңгелетіп тазалаңыз.Щетканың шаштары параллельді,перепендикулярлы емес,45 градус бойымен жуыңыз.Сіздің міндетіңіз тістегі жабысқақ бактерияларды азайту,бәрінен Streptococcus sanguis нақты белгілі,мұндай түрі тромбоздың және атеросклероздың пайда болуына септігін туғызады.Мұндай әдіспен күніне екі мәрте тазалаңыз – таңертең және түнгі ұйқы алдында.Щетканы жарты жылда бір рет алмастырыңыз.

Тіс жібімен жұмыс.Күн сайын онымен тіс аралық жерлерді тазалаңыз.Жіпті жоғары-төмен абайлап жүргізіп,тістің жанынан жүріп өтіңіз.Егер тіс арасындағы кеңістік үлкен болса ,оны арнайы тіс аралық щеткамен тазалаңыз.

Шаю.Егер күніне 2 мезгіл 30 секунд тісті шайса ауыз қуысын бактериядан, тіс жегісін 20% - ға азайтуға болады.

Кәсіби тазалау. Бұл себеп туралы стоматологке жылына минимум екі рет жолығыңыз.Оған міндетті түрде қандай медикаментті препараттар қабылдайтыныңызды айтыңыз.Кейбіреулері,мысалы,гипотензивті заттар және ұрықтануға қарсы таблеткалар пародонт ауруына шалдықтырады.

Сөл бөлінудің стимуляциясы.Сөл – бұл әлсіз антисептик.Неғұрлым ол аз болса,соғұрлым бактерияларға жеңілдік.Сөл бөлінуді сағыз,мұз кәмпиттер немес арнайы шаюмен стимуляция жасаңыз.

Антибиотиктер.Ауру жүрек кезінде инфекциялық эндокардит болуы мүмкін. Дәрігермен кеңесіп дантистке кірер алдында антибиотиктер қабылдау керек .

2.8.Вирустар және бактериялар

Егер арзан,қауіпсіз,5 – минуттық процедура болса – ғой,жүрек ишемиясы аурулары және инсульт жағынан госпитализация қауіпін төмендетер еді,сонымен қатар өз уақытынын бұрын өлу екі есе қысқарар еді.Сіз кезекке сол бойда тұрар ма едіңіз?Ал сіз әр жыл сайын тұмауға қарсы егілесіз бе? Егер жоқ болса,сіз өзіңізді о сы күнгі «инфаркт вакцинациясынан» айырасыз.

Дәрі егу көмегімен инфаркт профилактикасы медицина ғылымында жаңа сөз сияқты көрінеді,бірақ гриппен қарым қатынаста және «жүректілер жұмысымен» ХХ ғасыр басында білді.1918 – 1919 жылдары болған қайғылы,танымал пандемиялық ауру «испанка» кезінде органдардан жүрек өз жұмысын бірінші болып тоқтатты.

Вакцинация оны қорғайды деп ойлайды ғалымдар,себебі қабынуға жол бермейді.Егер тұмау – кеш дамыса,иммундық жүйенің қан құрамына қабынуға қарсы антигендерін жіберуге тура келмейді.

Әр жыл тұмауға қарсы егуді барлық жүктілерге,50 жастан жоғары адамдарға,кішкентай балаларға және басқа да жоғары қауіпі бар топтарға жасауға кеңес беріледі.Бірақ көбісі әлі күнге дейін бұл қарапайым затты жек көреді,ал ол балса барлық респираторлық вирустардан,басты қауіп – қатерден қорғайды.

Инфекцияға қарсы

Егер әртүрлі қабыну тамырларға қауіпті болса,бұл ауру профилактиаксы толықтай жүрекке пайдалы. Бұл бағыт –бағдар жолындағы қадамдардың бірегейі – тұмауға қарсы егілу.Бірақ ауру тудырушы микробтардан қорғануға әртүрлі тәсілдермен болады.Міне кейбіреулері.

Әр жыл сайын егіліңіз.Тұмау вирустары көп, ал жасап шығарылған вакцинді иммунитет бір жыл ішінде болып кетеді,сондықтан бір егіліп қана барлық өмір бойы қорғаныста бола алмайсыз.Тұмаулы кезең негізінен желтоқсаннан басталып сәуір айына дейін созылады.Вакцина жеткілікті қорғаныспен қамтамасыздандыру үшін ,екі аптадан айға дейін өтуі мүмкін,сондықтан егуді күз айында жасатқан жақсы.Сонымен қатар пневмонияға қарсы пневмококкті вакцинаны егу жүргізіледі. Ол 65 жастан асқан және жүректілерге егулуге кеңес беріледі. Егуді тұмауға қарсы кезде бірге жасауға болады.Бір уақыттағы егу иммунитетті 5 жылға дейін қорғайды.

Егілуден қорқатындарға жақсы жаңалық:мұрын спрейі түрінде грипптік кезеңге арналған вакцина шықты.Шынымен де,олар кішкентай балаларға және 50 жастан асқан тұлғаларға кеңес беріледі.

Тұмауға қарсы егуді емханаларда немесе арнайы егу пункттерінде жасатуға болады.Балаларға және зейнеткерлерге егілу тегін.

Қолдарыңызды жуып жүріңіз.

Гигиенаның бірінші ережесі,инфекциялық ауруларды жою:қолды жуу,олардан ішкі ортаға микробтар ену мүмкін,сіз тағам жегенде,көз сүрткенде немесе мұрын тазалағанда.Біздің кезімізде қарапайым сабынның әсері аздау.Ол теріні қаптайтын ласты кетіреді.Қорытындысында олар сумен жуылады.

Бетіңізді ұстамаңыз.Әсіресе суық тиетін,тұмаулы кезеңде.Бетте инфекция кіретін саңылаулар көп,ал сіздің қолыңызға ауру тудырушы бактериялар есік тұтқалары арқылы жұғады.

Жалпы қолданылатын заттарды дезинфекциялаңыз.Дезинфекция жасайтын спреймен қай жерге инфекция көп түседі,сол жермен жұмыс істеңіз:машина рөліне, су кранына,есік тұтқасына,компьютер перделеріне спрейді шашыңыз.Жуынатын бөлмеде тіс щеткасын арнайы стақанда ұстаңыз,ал сүлгіні әртүрлі ілгіштерге іліңіз. Ауыз шаюға бір рет қолданатын стақан ұстаңыз.

Дұрыс тамақтаныңыз және көбірек қозғалыңыз.Бағалы тамақтану ,соған қоса дәрумен,минералды қосылыстар иммундық жасушаларды күшті армиямен қамтамасыздандырады.Қанды жүгіртіп,физикалық белсенділік жасау күресшілерді дене бойына таратып ішке кірген инфекцияға қарсы тұрады.

Сілемейлі қабықты ылғалдандырыңыз.Үйде,әсіресе жылыту кезеңінде , ауа жеткіліксіз ылғалды.Соңында мұрын және таңдай кеуіп қалады.Ал олардың сөлі микробтарды аулап өлтіреді және сыртқы ортаға шығарады.Бұл жүйе әсерін жоғалтпау үшін ,жыл мезгілінің құрғақ уақытында мұрынды күніне бір рет мұрын жолдарын дәріханаларда сатылатын тұзды сұйықтықпен жуыңыз.

Шылым шекпеңіз. Шылым буы мұрынның сілемейлі қабығын кептіреді және оның микроскопиялық кірпіктеріне зақым келтіреді,соңында бұл жүйенің әсерін төмендетіп микробтарды аулап,зарасыздандырады.Содан басқа,шылым шегу тәбетті бұзады соңында организм қоректік заттарды ала алмай,ал иммунитет төмендейді.

Жалпыға бірдей дәретханаларда сақ болыңыз.Таңғаларлық жағдай,бірақ шындық.Онда болатын көптеген адамдар қолды жууды «ұмытады».Сіз әрине ,қолыңызды жуасыз. Бұдан кейін бір қағазды орамал қолданыңыз да кранды онымен жабыңыз.Екіншісімен қолыңызды сүртіңіз.Үшіншісін өзіңізбен алыңыз да оның көмегімен есікті ашыңыз.

Өзіңізбен бірге антисептик алып жүріңіз.Сөз арнайы ылғалды сүрткіштер туралы болмақ немесе гель,олар қолды су мен сабын болмаған жағдайда дизенфекция жасауға көмектеседі.

Көзіңізді саусақтың сыртымен сүртіңіз.Алақан жақтағы бөлікте алуан микробтар бар.Көз инфекцияға арналған басты «қақпа»,ал адам оны орташа сүртеді,ал сонымен қатар мұрынды уқалап және бетті күніне 20 – 50 рет ұстайды.



2.9. Статистикалық жинақ

Жүрек – қантамыр ауруларынан қаза тапқан адамдар саны мыңдаған,ол сол халықтың дұрыс тамақтанбауынан және дұрыс өмір сүрудің ережесін сақтамағандықтын артерия тамырларының бітеліп,ақыр соңында миокард инфарктісі мен инсультке әкеліп соқтыруынан болады. Жыл сайын осы аурулардың кесірінен мыңдаған адамдар өмірден озады.

Жақында Лозан университетінен Дүниежүзілік денсаулық ұйымының сұранысымен 1972 жылдан бастап әлемнің 34 мемлекетінде жүрек – қанайналым аурулары туралы баяндама жасалды. Көрсеткіштер көрсеткендей Ресей соңығы бірнеше жылдар бойы Румынияны озып бірінші орыннан көрініп жүр. Ресейдегі статистикалық көрсеткіштер жан түршігерлік – жыл сайын 1 миллион 300 мың адам өмірден озады. Және де бұл көрсеткіш арта түсуде. Ресейде жүрек – қантамыр ауруларынан жалпы өлім 57% - ды құрайды. Мұндай жоғарғы көрсеткіш ешбір елде болмаған.

Жыл сайын дүние жүзінде ДДҰ – ның ұсынысы бойынша «Бүкіләлемдік жүрек күні» аталып өтіледі. Еуропа одағы мемлекеттерінде жүрек – қанайналым аурулары бойынша 2 миллионнан астам өлім және жалпы Еуропадағы 4,3 миллион өлім. Жүрек қанайналым ауруларына шалдығудың басты себебі, коронарлық синдром.

ҚР статисткалық агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы 100 мың халық санына 2284,3 жағдай,2010 жылы - 2086,7 жағдай тіркелген. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік жобаны іске асыру барысында 2011 жылдан бастап скринингтік тексеріс жүріп жатыр.

Жүрек – қантамыр ауруларының өсуіне дұрыс тамақтанбау,шылым шегу,алкогольді шамадан артық тұтыну,дененің артық салмағы,аз қимылды өмір салты,күйзеліс тәрізді факторлар едәуір әсер етеді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 65000 жаңа пациенттер ( соның ішінде инфаркт миокардісі - жылына 6000 жуық пациенттер),артериялық гипертонияға жылына 14500 жаңа пациенттер шалдыққан .





















3.0. Жүрек жұмысын бақылауға арналған парктикалық жұмыс

1жұмыс. Дене массасының индексін (ДМИ) анықтау

Біздің заманғы танымал көрсеткіштердің бірі,салмақ пен бойды байланыстыратын,дене массасының индексі.Мұны білу өте пайдалы.Анықтау былай:

Мысалы,егер сіздің бойыңыз 170 см = 1,7 м,ал салмағыңыз 70 кг болса,сіздің ДМИ 24,2 ге тең болады:

  1. 1,7 х1,7 = 2,89

  2. 70 ÷ 2,89 = 24,2214.......

20 жастан төмен емес адамдарға дәрігерлер мынадай кесте құрды.

ДМИ

Салмақ категориясы

18,5 және төмен

Төменгі салмақ

18,6 – 24,9

Қалыпты

25 – 29,9

Баршылық

30 және жоғары

Май басу

Дене массасының индексін есептеу арқылы адам өзінің денесінің салмақ категориясын біледі.Салмақ категориясының өзгеруін білген адам, денсаулығына көңіл бөліп,алдын алу жолдарын жүргізеді. Мен осыны тәжірибе ретінде өз отбасы мүшелеріме жүргіздім.Ереже бойынша 20 жастан асқан адамдарға жасалады.



Отбасы мүшелерім

Бойы,м

Салмағы,кг

ДМИ

Салмақ категориясы

Әкем

1,8

85

26,2

Баршылық

Анам

1,6

60

23,4

Қалыпты

Әпкем

1,6

55

21,4

Қалыпты

Апам

1,6

56

21,8

Қалыпты

Биология пәнінің мұғалімі

1,7

68

23.

Қалыпты





2 жұмыс. SPARK құрылғысымен жұмыс.

Жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсоры

PASCO компаниясының жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсоры PASCO интерфейсімен бірге бес секунд сайын тамыр соғысының жиілігінің деректерін жинап жұмыс жасайды. Сенсор қорап пен сенсор жалғастырғыштарынан тұрады тұрады. Екі тұтқа сенсор қорабының орталық бөлігіне жалғанған. Сымныің екі метрге дейін ұзару мүмкіндігі бар. Ол әдетте тұтқаға дейінгі 15 см қашықтықта қосарланады. Қажет болғанда сымның қосарлану нүктесінен қашықтықты бір метрге дейін ұлғайтуға болады.

Жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсорын қиындығы орта жаттығуларды жасағанда жүрек ырғағының көрсеткіштерін алу үшін пайдалануға болады. Мысалы,оны жаттығулардың тамыр соғуының жиілігіне әсер етуін анықтау үщін пайдалану мүмкін.

Көрсеткіштер амплитудасы

Жүрек ырғағы сенсоры көрсеткіштерінің амплитудасы бір минут ішінде 40 пен 240 соғу арасында.

Жұмыс қағидасы

Электрокардиографтың (ЭКГ) жүрек сигналдарын сезетін қағидасы бойынша жүрек ырғағының сенсоры жүректен шығып алақандардың бетіне жететін электр сигналдарын өлшейді.

Сенсор қорабында сенсордың ДАЙЫН режімінде болғанын көресететін сары жарық диоды және сенсордың КӨРСЕТКІШТЕРДІ АЛУ режімінде болғанын көрсететін жасыл жарық диоды бар.

Сенсор қорабында сенсор жүрек жиырылуын анықтағанда жыпықтайтын қызыл жарық диоды бар.

Деректерді алу техникасы

Жүрек ырғағы қол сенсоры жүрек соғуының арысындағы уақытты автоматты түрде көрсетеді,Бір минут ішіндегі соғу санын және әр бес секунд сайын соғудың орта санын есесптейді. Нәтижелер экранда көрсетіледі. Бұл «бір қалыпты» көрсеткіштерді алуға көмектеседі.

ЭКГ датчигі

ЭКГ датчигі жүректің электр сигналдарын анықтайды. Қосылған деректер жинақтаушысында көрсетілген ЭКГ графигі жүректің соғуын графиүрінде көрсетеді.



ЭКГ датчигінің интерфейске қосылуы

1.Датчиктің қадалығын PASPORT интерфейсінің кез келген портына немесе деректер жинақтаушысына қосылады. Егер қажет болса,интерфейс пен ЭКГ датчигінің арасында PASPORT ұзартқышы қолданылады.

2. Компьютерді қолданған кезде,оны PASPORT интерфейсіне қосыңыз және Data Studio – бастау керек.

ЭКГ датчигін адмаға қосу

1.Электродтың жапсырғыштарын оң білезік сүйегіне,оң қол мен сол қолдың біліктен төмен жіліншіктеріне жапсырады. Сигналдың сапасы мен жақсырақ жанасуы үшін жапсырғышты қатты басады.

2.ЭКГ сымдарын жапсырғыштың электродтарына: қара сымды оң білезік сүйегіне,жасыл сымды оң жіліншікке қосу керек, және қызыл сымды сол жіліншікке қосады.

Деректерді жинау

1.Жазуды бастау үшін іске қосу батырмасын басу керек.

2.Деректерді жинау уақытында адам қозғалмасын.

Өлшемдер туралы.

Датчик 2 өлшемді анықтайды: жүрек темпін(1 минут ішіндегі соғу) және кернеу(мВ секундына). Бұл өлшемдер жазылады және компьютер немесе датчикке жалғанған деректер тізімі арқылы көрсетіледі.

Үнсіз келісім бойынша жүрек темін жәе кернеудің өлшемендері секундына 200 есептеу жылдамдығымен анықталады.Секундына 50 есептеуге дейін есептеу деңгейін азайтуға болады,дегенмен жақсы нәтижелер үшін есептеу нәтижелері үнсіз қолданылады.







10 класс оқушыларына жасалған эксперимент пен оның анализдері

Жүрек ырғағының қол сенсоры көмегімен жасалған жұмыс



1.Графигі

2.Пульс жиілігі



3.Кесте



4.Пульс жиілігінің шкаласы



ЭКГ датчигінің көмегімен жасалған жұмыс

1.Графигі



2.Пульс жиілігі



3.Кесте



4.Пульс жиілігінің шкаласы



Қорытынды

Жиырма бірінші ғасыр адамзат баласына аса зор өркениет үлгілерімен бірге,көптеген қиындықтар мен науқастарды да ала келді.Бірқатар аурулардың емі әлі күнге дейін табылмай отыр.Басқа бір аурулар адамдардың өз денсаулықтарына атүсті қарулары салдарынан туындайды.Біз өз жұмысымызда қарастырған жүрек аурулары осы екінші топқа жатады.Расында,жүрек аурулары тамақтанудың бұзылуы кесірінен,сол секілді алкогольді ішімдіктерді ішу және шылым шегуден кейін ерекше ілгерлейді.

Жүрек ауруларын туындатпау үшін бірнеше ережелерді естен шығармаған абзал.Мен ол ережелерді де өз жұмысымның барысында жан – жақты қарастырып,сипаттадым.Адамның қажетті мөлшерде ғана тағам тұтынып,дәрі – дәрмектер мен қоршаған ортадағы химиялық қоспалардың әсеріне бой алдыртпауы,салауатты өмір салтын ұстанып,алкогольді ішімдіктер мен шылым түрлерінен бойын аулақ салуы,дер кезінде скринингтік тексеруден өту арқылы аурудың бастапқы кезеңдерінде қажетті медициналық көмек алып,құлан таза айығуы адамның ғұмырын ұзартып,жүрекпен байланысты қиындықтардан құтқаруы мүмкін.

Жүректің жағдайы адамның өзіне, барлық өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты .Жағымсыз әдеттерден құтылу ,қысым түсіретін жұмыстармен аз айналысу,жүйкені қоздырмау қайсысының болса да ,дені сау болуын дамытады.Қорытындысы жақсы болады,денсаулығыңыз жөнделіп,көңіл - қошыңыз жақсарып,үлгерімді боласыз. «Жүрек және биобелсенді қоспалар» атты зерттеу барсында арнайы жүрек жұмысының қалыпты жұмыс жасауына бірден – бір үлес қосатын кітапша. Кітапшада 7 негізгі компоненттер туралы айтылады.Олар: поливитаминдер,балық майы, клетчатка, фитостериндер, Q10 коэнзимі,аспирин және клетчатка туралы сөз қозғалады.

Осы кітапшада жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға арналған, жүрек – қанайналым ауруларын болдыртпау жолдары қарастырылған.

Егер жүректі дұрыс тамақтандырсаңыз және қорғасаңыз,ол сізге таңғаларлық ұзақ,энергияға толы,бақытты өмір сыйлайды – деп, мен толықтай сеніммен айта аламын.



Пайдаланған әдебиеттер

1.Ванини Ф.,Ягер С. «Ваше здоровое сердце» ,Италия 2007 жыл,13 – 46,67 – 79,82 – 122,124 – 132,135 – 151, 1 58 – 168,171 – 190,193 – 208, 211 – 220,264 – 282 беттер.

2.Абдиров Ч.А.,Агаджанян Н.А.,Северин А.Е. «Экология и здоровье человека»,Нукус 1993 жыл,17,22 – 28 беттер.

3.Агаджанян Н.А.,Тель Л.З.,Циркин В.И.,Чеснокова С.А. «Физиология человека» екінші басылым ,Санкт - Петербург 1998 жыл,37 – 49 беттер.

4.Айрапетянц М.Г.,Гуляева Н.В. «Роль свободнорадикального окисления липидов в механизмах адаптаций», Москва 1998 жыл,10 – 15 беттер.

5.Айтжанов М.М. «Здоровье и болезнь»,1998 жыл,9 – 17 беттер.

6.Белов В.И. «Энциклопедия здоровья»,Москва 1994 жыл.

7.Брехман И.И. «Валеология - наука о здоровье»,Москва 1990 жыл.

8. «Валеология человека.Здоровье – любовь – красота» бес томды,Санкт – Петербург 1996 жыл.

9.Даников Н.И. «1000 рецептов народной медицины»,Москва 1997 жыл.

10.Догель А.С. «Старост и смерть»,Ленинград 1922 жыл.

11. «Жизнь животных»,Москва 1969 – 1971 ж.ж.,4 – 6 беттер.

12.Ивнченко В.А. «Как быть здоровым» Санкт – Петербург 1994 жыл.

13.Чагавадзе А.В., Бутченко Л.А. «Спортивная медицина»,Москва 1984 жыл.

14. «Отбасы және денсаулық» журналы, Бұрсынов Б.«Атеросклероздың ақыры» 24 – бет ,Әмірғали М. «Күретамыр гипертониясы» 18 – 19 беттер,Алматы №11 – 2010 жыл7

15.ГасилиноВ.С.,Сидоренко Б.А. «Стенокардия»,Москва 1987 жыл.

16.Тарасов А.Н.,Гордиенко «Неотложная доврачебная помошь при сердечно – сосудистых заболеваниях» ,Москва 1982 жыл.

17. «Фармация и медицина» журналы ,Алматы №10 – 2007 жыл.

18.Тутин Т.В. «Лечение болезней сердца»,Москва 2011 жыл.

19.Цузмер А.М. ,Петришина О.Л. «Биология» ,Алматы 1991 жыл,80 – 86 беттер.

20.Асқарова З.Ж «Биология»,Алматы 1994 жыл, 115 – 117 беттер.

21. «Новейшая большая медицинская энциклопедия»,Москва 2008 жыл.



21



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Моё здоровое сердце

Автор: Мынжасарова Гульназ Изтлеуовна

Дата: 18.06.2014

Номер свидетельства: 106945

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Мое здоровье "
    ["seo_title"] => string(14) "moie-zdorov-ie"
    ["file_id"] => string(6) "164701"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422689286"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Внеклассное мероприятие " Моё здоровье" "
    ["seo_title"] => string(43) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-moio-zdorov-ie"
    ["file_id"] => string(6) "223279"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1437483507"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Классный час "Моё здоровье""
    ["seo_title"] => string(24) "klassnyichasmoiozdorovie"
    ["file_id"] => string(6) "299344"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456501708"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) "Раздел: «Познавательно-информационная воспитания». Тема: «Моё здоровье в моих руках»."
    ["seo_title"] => string(80) "razdel_poznavatelno_informatsionnaia_vospitaniia_tema_moio_zdorove_v_moikh_rukak"
    ["file_id"] => string(6) "554460"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1593782095"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Открытое мероприятие "Формирование здорового образа жизни в подростковом возрасте""
    ["seo_title"] => string(80) "otkrytoie_mieropriiatiie_formirovaniie_zdorovogho_obraza_zhizni_v_podrostkovom_v"
    ["file_id"] => string(6) "391879"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487096312"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства