?орша?ан ортаны ?ор?ауды? негізгі принциптеріні? бірі - халы?ты? денсаулы?ына, ?міріне, е?бегі мен демалысына ?олайлы т?рде ?орша?ан таби?и ортаны са?тау мен ?алпына келтіру. Таби?ат, ж?мыс орны ж?не т?ратын жер жа?дайлары адамды ?орша?ан орта болып табылады .
Адам денсаулы?ы к?шті, ауру-сыр?аудан аман болу ?шін т?р?ын ?йді? ауасыны? ыл?алдылы?ы орта есеппен 50 % болуы шарт. Біра? к?п реттерде олай болмайды. Ауаны? ыл?алдылы?ы, ?сіресе орталы? (жылу бір жерден тарайтын) жылыту ж?йесі бар ?йлерде, мекемелерде ?те т?мен болады. Б?лмеде ?сірілетін ?сімдіктер топыра?та?ы суды буландыру ар?ылы ауаны? ыл?алдылы?ын ?рдайым арттырып отырады. Б?лме ?сімдіктері ?сіп т?р?ан ортасыны? зиянды газдарын азайтып, адам?а керекті оттегіні? м?лшерін ?немі толы?тырып т?рады.
Б?лме ?сімдіктерін ?сіру жер шарын мекендейтін барлы? елге ке? тара?ан. ?азір б?лме ?сімдіктеріні? алуан т?рлерін б?лме терезелері алдынан, мектептерден, бала ба?шаларынан, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан ж?не де бас?а ?о?амды? орындардан к?нде кездестіреміз. Б?лмеде ?сімдік ?сіру адамзат?а, біріншіден, ?орша?ан орта сапасын жа?сарту?а, екіншіден, ?сімдікті? тіршілік ерекшеліктерін білу ж?не сырт?ы таби?атты? олар?а тигізетін ?серін бай?ау ?шін ?ажет болса, ?шіншіден, жасыл ?лемні? ?су, к?бею за?дарын ?йренуде, ?сіресе мектеп о?ушылары, студенттер ?шін ?те ма?ызды ?немі ?олда бар к?рнекті ??рал. Б?л т?р?ыдан ал?анда б?лме ?сімдіктері ?з кезегінде тере? ?ылыми ?ызы?ушылы? туындатады.
Б?гінгі та?да А?т?бе айма?ында с?ранысы жо?ары б?лме ?сімдіктеріні? басым к?пшілігі Нидерландия, Германия ж?не т.б. елдерінен ?келінеді. Б?лме ?сімдіктеріні? барлы?ы сату?а шы?арылмас б?рын арнайы тексеруден ?ткізіліп, карантиндік сертификат беріледі. ?ажеттілік туында?ан кезде арнайы лабораторияларда фитосанитариялы? сараптама ж?ргізіледі.
Б?лме ?сімдіктеріні? ?сіп т?р?ан ортасыны? сапасын арттыруда орны ерекше бол?анымен, жекелеген на?ты зерттеулер ж?ргізуді ?ажет етеді. Сонды?тан зерттеуді ?зекті деп санап, ?ылыми жоба ж?мысыны? та?ырыбын «Б?лме ?сімдіктеріні? ерекшеліктері» деп та?дап алды?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін өсіру ерекшеліктері»
Секция:Биология
Жетекшісі:Мынжасарова Гүлназ Изтлеуовна
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе
облыстық дарынды балаларға
арналған мамандандырылған
мектеп- интернатының
биология пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Абдукаримов А.М
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университетінің
биология кафедрасының аға
оқытушысы
Ақтөбе қаласы, 2014
Аннотация
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерінің бірі - халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру. Табиғат, жұмыс орны және тұратын жер жағдайлары адамды қоршаған орта болып табылады .
Адам денсаулығы күшті, ауру-сырқаудан аман болу үшін тұрғын үйдің ауасының ылғалдылығы орта есеппен 50 % болуы шарт. Бірақ көп реттерде олай болмайды. Ауаның ылғалдылығы, әсіресе орталық (жылу бір жерден тарайтын) жылыту жүйесі бар үйлерде, мекемелерде өте төмен болады. Бөлмеде өсірілетін өсімдіктер топырақтағы суды буландыру арқылы ауаның ылғалдылығын әрдайым арттырып отырады. Бөлме өсімдіктері өсіп тұрған ортасының зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып тұрады.
Бөлме өсімдіктерін өсіру жер шарын мекендейтін барлық елге кең тараған. Қазір бөлме өсімдіктерінің алуан түрлерін бөлме терезелері алдынан, мектептерден, бала бақшаларынан, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан және де басқа қоғамдық орындардан күнде кездестіреміз. Бөлмеде өсімдік өсіру адамзатқа, біріншіден, қоршаған орта сапасын жақсартуға, екіншіден, өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізетін әсерін байқау үшін қажет болса, үшіншіден, жасыл әлемнің өсу, көбею заңдарын үйренуде, әсіресе мектеп оқушылары, студенттер үшін өте маңызды үнемі қолда бар көрнекті құрал. Бұл тұрғыдан алғанда бөлме өсімдіктері өз кезегінде терең ғылыми қызығушылық туындатады.
Бүгінгі таңда Ақтөбе аймағында сұранысы жоғары бөлме өсімдіктерінің басым көпшілігі Нидерландия, Германия және т.б. елдерінен әкелінеді. Бөлме өсімдіктерінің барлығы сатуға шығарылмас бұрын арнайы тексеруден өткізіліп, карантиндік сертификат беріледі. Қажеттілік туындаған кезде арнайы лабораторияларда фитосанитариялық сараптама жүргізіледі.
Бөлме өсімдіктерінің өсіп тұрған ортасының сапасын арттыруда орны ерекше болғанымен, жекелеген нақты зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Сондықтан зерттеуді өзекті деп санап, ғылыми жоба жұмысының тақырыбын «Бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктері» деп таңдап алдық.
Абстракт
1.Зерттеу жұмысының мақсаты- бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктерін зерттеу.
2. Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Бөлме өсімдіктерінің ерекшелігіне сәйкес негізгі топтарының тіршілік жағдайына сипаттама беру;
3. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің флористикалық тізімін құрып, талдау жасау, ботаникалық сипаттама беру.
4. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының зиянкестері мен ауруларына талдау жүргізу;
5. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлеріне фитосанитариялық сараптама жасау;
6. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің күтімін, қарапайым санитариялық - алдын-алу шараларын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
3. Болжамы:
Егер бөлме өсімдіктерінің ерекшелігіне сәйкес негізгі топтары түрлерінің флористикалық тізімін құрып, ботаникалық сипаттама нақты берілсе; бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының зиянкестері мен ауруларына талдау жүргізіліп, фитосанитариялық сараптама жасалса, онда бөлме өсімдіктері түрлерінің күтімін, оларды зиянкестерден қорғаудың қарапайым санитариялық - алдын-алу шараларын ғылыми тұрғыдан негіздеуге болады.
4. Зерттеу кезеңдері:
- «Бөлме өсімдіктері» туралы арнайы әдебиеттерге және ағымдағы баспа материалдарына талдау жасау;
- Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының фитосанитариялық сараптамасына материалдар жинақтау;
- Зерттеу материалы мен әдістемесін анықтау;
- Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне фитосанитариялық сараптама жасау.
5. Эксперимент әдістемесі:
-Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне энтомологиялық сараптама.
6. Зерттеудің жаңалығы:
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлеріне фитосанитариялық сараптама жасау негізінде, олардың күтімін, қарапайым санитариялық - алдын-алу шараларын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
7. Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысының алға койған мақсатына сай зерттеу әдістері анықталды. Бөлме өсімдіктерін туыстық, түрлік деңгейде анықтау үшін салыстырмалы морфологиялық әдіс қолданылды.Зиянкестерін зерттеу мақсатында энтомологиялық сараптама жасалып, отряд, түрлері анықталды. Конструктивтік талдау,бақылау, қорыту. Карантиндiк немес карантиндік емес объектiлердiң бар-жоғын тексеру.Қағаз көмегімен тірі личинкаларды тауып, жинау. Биологиялық әдіс.
8. Зерттеудің дерек көздері:
Біздің жұмысымыздың зерттелу нысаны - бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының Ақтөбе қаласында негізінен кездесетін және өсіруге жиі алынатын түрлері. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің флористикалық тізімін жасауда, жекелеген топқа жататын бөлме өсімдіктеріне ботаникалық сипаттама беруде негізінен «100 лучших цветущих комнатных растений»,«Комнатные растения. Большая иллюстрированная энциклопедия», «Иллюстрированная энциклопедия комнатных растений» және т.б. әдебиеттер басшылыққа алынды. Тірек сызба, суреттер, теориялық еңбектер пайдаланылды.
9. Зерттеудің теориялық мәні:
Адамдардың өміріне, денсаулығына, еңбегі мен демалысына оң әсер ететін айналадағы табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіруде , өсіп тұрған ортасындағы ауаның сапасын арттыруда бөлме өсімдіктерінің маңызы ерекше.
10. Жұмыс нәтижесінің қолданылуы:
Бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктерінің мәні нақты ашып қарастырылған ғылыми жоба жұмысының материалы бөлме өсімдіктерін өсірумен айналысатын көпшілік қауымға, білім беру саласы қызметкерлеріне, мектеп оқушыларына арналады.
Абстракт
1.Цель иследоване - иследовать особенности комнатных растений;
2.Обязанности научного исследования:
1. Дать описание состоянии жизни основной группы соответствующих по особенностям комнатных растений;
3. Создать флористический список основных видов комнатных растений, обсудить, дать ботанический характеристику растению;
4. Обсудить болезни и вредителей основных групп комнатных растений;
5. Сделать фитосанитарную экспертизу основным видам комнатных растений ;
6. Забота основных видов комнатных растений, предпринять меру простой санитария - основывая научный подход.
3.Гипотеза:
Если создать флористический список основных видов групп соответствия особенностям комнатных растений, если ботаническое описание дано точно; Обсадить группу вредители и больных основных групп комнатных растений, сделать фитосанитарическую экспертизу, забота о комнатных растений, предпринять меры защищающие от вредителей с помощью простой санитария -основывая научный подход.
4.Степень исследования:
- Дать описание "О комнатных растениях "с помощью специальной литературой и текущими материалами;
- Суммировать материалы групп комнатных растений для фитосанитаричекой экспертизе;
- Выявить исследовательскую работу и метод;
- Виды, которые отделили основные группы комнатных растений, сделать фитосанитарческую экспертизу;
5.Методика эксперимента:
Оценивая энтомологические виды основных групп личных комнатных растений;
6.Новость исследования:
Предпринять меры к основным видам комнатных растений на основе фитосанитарческой экспертизе, забота о них, простой санитарий - основывая научный подход.
7.Способы исследования:
В связи с поставленной целью способа исследования работы выевилься методы изучения. Чтобы выявить родственность комнатных растении на родовом уровне применялся сравнительный морфологический способ. В цели использовались энтомологическая экспертиза, чтобы выявить отряд, виды вредителей. Конструктивно обсуждать, контролировать, подводить итог. Проверить есть ли карантинный или не карантинные объекты. С помощью листа найти живые личинки и собрать их. Биологический способ.
8.Источники факта исследования:
Объект исследования нашей работы - основные группы комнатных растений в городе Актобе и наращивать виды, которые были взятый. Для создания флористического списка основные виды группы комнатных растений, основа для ботанического описания было дано из "100 лучших цветущих комнатных растений", "Комнатные растения", « Большая иллюстрированная энциклопедия", « Иллюстрированная энциклопедия комнатных растений "и т.б. литературатурного руководство. Рисунки, теоретические работы.
9.Теоретическая важность исследования:
Человеку в жизни, в здоровье, в труде и в выходной для улучшения природный середины храня, восстановляя, для улучшения воздуха в проживающем месте важны комнатные растения.
10. Результат работы применяются:
Комнатные растения особенно важны для точного открытия рассмотрения научного проекта работы, нарашеванием комнатных растений занимаются большинство людей. Они нужны всем: для служащих, для школьных учреждений.
Abstract
1. Aim of work research- to investigate features plants of room.
2. Duties of work research:
1. Description gives to the state of life, corresponding to the feature plants of room basic group; 2. To examination of phytosanitary plants of Room to do what reviews; 3. Basic groups plants of room kinds list of flora destroying, to do what discusses, botanical characterize to give; 4. To the patients of wrecker basic groups plants of Room to lead what discusses; 5. Basic to the kind’s groups plants of Room phytosanitary does examination; 6. Basic groups plants of room kinds care, outage sanitation - measures of beforehand scientifically stand.
3. Prognosis: Will Saw, corresponding to the feature plants of room basic types of groups, if list of flora destroying, botanical description exactly given; room plant basic group wrecker and patient discusses is conducted, phytosanitary examination does, me room plant kind care, me beforehand measure wrecker protects outage sanitation scientific stands founds is.
4. Pores research: - to Do what discusses "About plants of room" special to literatures and current to materials of quinsy; - to examination of phytosanitary basic groups plants of Room materials summarize; - Methodology of material research to expose; - to Kinds, separated that basic groups plants of room, phytosanitary does examination.
5. Experiment is methodology: Not estimate entomology to the kinds, separated that basic groups plants of -room.
6. News research: Basic to the kinds groups plants of Room on basis doing of phytosanitary examination, measures of beforehand them care, outage sanitation - scientifically stand to found.
7. Methods research: Work research methods to the aim of put research of ravine turned out forward. Comparative morphology was used method, that a room exposes plants relation on kind level. On aim research of wrecker entomology was done examination, отряд, kinds turned out. Structural discusses, to control, to work out the total. Quarantine or not Quarantine present objects checks. Finding by the help of paper living larva, to collect. Biological method.
8. Sources of fact research: Our the work object research - met basis basic groups plants of room in city of Aktobe and to grow kinds, that is taken frequent. Basic groups plants of room kinds does list of flora, to the group, that separated, botanical description on to give to the plants of room, that lie, from basis "the 100 best flowering room plants, Room" plants. Large was the illustrated "encyclopedia, Illustrated" encyclopedia of room plants ." literatures to guidance taken. Prop will creep draft, pictures, theory.
9. Importance of theory research: Man life, health, labor and weekend right influences place around natural middle keeps me restores, grows stands middle ғы direction quality increases room plant importance is special.
10. Performance job to be used: Room plant feature importance exact opens examined scientific project work material room plant grows occupies majority is community, forms industry office worker, school student dedicated.
І БӨЛІМ
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТОПТАРЫНЫҢ ТІРШІЛІК ЖАЙЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары, климаты
Бөлме өсімдіктерінің басым көпшілігі Европа, Африка, Азия және Американың тропиктік және субтропиктік аймақтарынан шыққан. Ертеде саяхатшылар, теңізшілер,зерттеушілер кездестірген өсімдіктерінің тұқымын қалемшесін, түйнегін, пиязшығын, тамырсабағын өздерімен бірге еліне ала келіп көбейте бастаған. Климат жағдайына төзе алғандары өсіп-дамып, төзе алмағандары өспей қалған, әрине мұндай жұмыстар бірнеше ғасырлар бойы жүргізілген. Осылай, бөлме өсімдіктерінің көптеген түрлері біздің заманымызға дейін келіп жеткен. Өсімдіктерді бөлмеде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оларды табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.
Құрылысы мен тіршілік әрекеттері алуан түрлі бөлме өсімдіктерін көптеген жағдайда төмендегідей негізгі топтарға бөліп қарастырады :
1.Декоративті жапырақты бөлме өсімдіктері
2. Декоративті гүлді бөлме өсімдіктері
3. Декоративті гүлді құмырадағы бөлме өсімдіктері
4. Кактустар
Сонымен қатар бөлме өсімдіктерінің өсетін жағдайларына байланысты оларды:
Жай таңдамайтын бөлме өсімдіктері
Үйдегі бөлменің түрлі-түрлі жағдайсыз жағдайларына қарамай гүлдеп өсе беретін гүлдер де бар. Мысалы: аспидистра, антарктикалық циссус гүлдері қараңғы бұрыштарда да өсе береді. Суккуленттердің бір түрі сансевиерия сусызда көп уақыт тұра береді. Ливия мен спармания күй талғамай көп жыл бойы әдемі гүлімен иесін мәз етеді. Өте қатты жарықта өсетін түрлі колеустер жапырақтары мен гүлдейтін импатиенс балкондарда да өсе береді. Гүлдерді өсіруді үйрену үшін осы өсімдіктерден бастап үйренген жөн. Уақытында суарып, тыңайтқыш беріп тәп-тәуір тәжірибе жинауға болады.
Іліп өсіретін гүлдерді өсіру
Гүл өсірушілерді сүйікті гүлдерінің бір түрі жарды жағалап өсетін гүлдер. Өздерінің ұзын таралған сабақтарымен жардың интерьерін өзгертеді. Кітап полкалары мен картиналардың арасында әдемі орналасып өссе сәнді болады. Өрмелер өсетін гүлдер тез өсетін болғандықтан экзотикалық формалар жасауға болады. Бамбук пен лыко сияқты өсімдіктер тіреу ретінде, өрілген циновка сияқты етіп өсірілсе, ол жардағы түсқағаздардың ластануынан сақтайды. Шырматылып, өрмелеп өсетін лиана сияқты гүлдер жағдай жасалғанда өте тез өседі. Оларға: партеноциссус, жабайы жүзім, циссустардың түрлері, өрмелегіш филодендрин және ароид тұқымдастар жатады. Өрмелеп өсетін кактус пен суккулент типтестерге рипсалистың түрлері жатады. Қыста пайда болған ақ, сарғыш, қызғыш гүлдерінен ақ түсті домалақ жемістер пайда болады.
Ала жапырақты бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері әдемі гүлдерімен ғана емес ала-құла әдемі жапырақтарымен де, көз тартатын түрлерімен де тамаша. Оларға түрлі фикустар жатады. Бұл өсімдіктер қараңғы орындарда өздерінің әдемілігін жояды. Өңсіз, бозғылт болып өседі. Ботаниктер бұл өсімдіктердің жапырақтарының ала-құла болуын олардың жапырақ беттеріндегі хлофилдің пайда болуының әр түрлілігінен болады деп есептейді. Бұл гүлдердің жапырақтарының ортасы ақшыл болса, кейбіреулерінің жапырақтары жағалай ақшыл болады.
Қыста гүлдейтін бөлме өсімдіктері
Қанша уақыттан бері бөлме гүлдері жыл мезгіліне қарамастан өсіріліп келеді. Бірақ солардың ішінде қыстың даладағы аязы мен суығына қарамай үйіміздің ішінде гүлдерімен жайнап тұрған өсімдіктер бізде өте қуантады. Жұрттың бәрі ұнататын мұндай өсімдіктерге: азалия, бегония, шлюмбергерлер және тағы басқалары жатады. Бұл гүлдерді өсіруде үлкен талап қажет, әсіресе салқын бөлмелер мен терезелер алдында ұстау қажет.
Салқын бөлмелерде өсетін гүлдер
Көптеген салқын бөлмелерде өсетін гүлдерді ұйықтайтын бөлмелерде отырғызған жөн. Көмір қышқылды ауада өте жақсы өседі. Әрі олар ауаны оттегімен байытып, адамның демалуына жақсы әсер етеді.
Діңгектермен оның өсімдіктері
Кейбір бөлме өсімдіктері тропикалық зонадан әкелінген. Сондықтан олар ағаш діңгектерін жағалап өскен. Ағашқа өсетін гүлдерді өсіру үшін еменнің, бузинаның, акацияның немесе қара өріктің тармақталып өскен, қабығы шытынап жарылған діңін үлкен ыдысқа қағып отырғызып, тіпті тағыда жанынан жарға бекітіп қою керек. Діңнің түбіндегі топыраққа бірнеше өрмелегіш лиана тәріздес өсімдік отырғызуға болады. Бұл оған тропикалық табиғи түр беріп тұрады.
Рипсалистер діңде жақсы өсетін гүлдерге жатады. Ол 10-15 градус шамасындағы температурада, күн тікелей түспейтін жерлерде, тұнба су бүркіп тұру арқылы өседі. Қыстай гүлдеп шығып, артынан жартылай мөлдір жемістері пайда болады. Көптеген архидеяның түрлері, каттлея, фаленопсистер, цибидиумдар, фалекопсистер осылай діңде өседі. Сол сияқты папортниктердің түрлері платицериум мен асплениум де жатады
1.2Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарын орналастыру жағдайы
Әдетте бөлме өсімдіктердің көпшілігін терезеге жақын, жарық молырақ түсетін жерге орналастырған жөн. Сабағы төмен қарай иіліп, салбырап өсетін өсімдіктер егілген ыдысты биігірек жерге іліп қояды. Жылу беретін жерге, желдеткіштердің қасына жақын орналастыруға болмайды.Терезе алдына қойғанда жапырақтары терезе шынысына тиіп тұрса сол жері жазда күнге күйіп кетеді де, қыста суыққаүсіп кетеді , себебі терезе шынысы күн сәулесі мен суықты жақсы өткізеді.
Өсімдіктер жарықты өзіне жеткілікті мөлшерде қабылдау үшін ұзарып өсіп жарық жаққа қарай бағытталып бір жақты қисайып өсуі мүмкін, сондықтан жан-жағына жайыла өсу үшін ауық-ауық гүл құмырасын айналдыра қозғап отыру керек.Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарын орналастыру жағдайына кеңірек үшінші бөлімде тоқталамыз.Бұл гүлдер бөлмеде өсу үшін бөлме өте жарық болу қажет. Себебі олар жарық сүйгіш келеді. Сондықтан көбіне гүлдерді терезе алдында өсіреді. Ал, кейбір күннің тікелей түскен сәулелерінен кейбір гүлдердің жапырағы күйіп кетеді. Ондай гүлдерді күн тікелей түспейтін жерлерге қою керек. Солтүстікке қараған терезелер осындай гүлдерді өсіруге өте қолайлы. Бұған сәнді-гүлді өсімдіктердің ішінде ұзамбар фиалкасы, цикламендер, каланхоя, антуриум Шерцердің экзотикалық гибриді, бегонияның гибридтері жатады. Сонымен қатар декаративті жапырақтардан папортниктің түрлері, әдемі ұсақ мақпал гүлдер, филодендроннің түрлері: фатсия фикустар, өздерінің сәнді жапырақтармен көздің жауын алатындай болып өседі. Бұлардың көбінің арғы тегі тропикалық ормандарда ағаштардың төменгі жағында көлеңкеде өсетін өсімдіктерден шыққандықтан күнді аса қажет етпейді. Әрі солтүстік терезедегі температура да төмен болғандықтан суаруды көп қажет етпейді. Қыста салқын ауаға да шыдамды келеді. Бұларды ыстық бөлмелерде ұстаған жағдайда жапырақтарында қоңыр дақтар пайда болады. Гүлдің өзі солғын тартып өсуі нашарлайды. Кейбір үйлердің оңтүстіктен үлкен терезелері болады. Ол бөлмелерде жарық өте көп және ауада өте жылы, жазда ыстық болады. Бұл жағдайда да бөлме гүлдерінің түр-түрін өсіруге болады. Ол үшін жылу мен жарықты ұнататын гүлдің түрлерін таңдау керек. Бұндай гүлдерге кактустың түрлері, аспарагус, суккуленттер, сансевиерийлер жатады. Табиғатта бұл гүлдер ыстық жақтарда өседі. Күннің сәулесі қызған кезде бұлардың жапырақтары жайнап, бұтақтары будаң-будаң пайда бола бастайды. Декаративті жапырақты гүлдердің жапырақтарының түріне қарай терезе алдында араластырып әдемі орналастыруға болады. Сәнді гүлді гүлдерден пассифлора, бугенвилмен күннің қызуымен әдемі гүлдейді. Ал салбырап гүлді өсетін етті хойя биік мақпал, стефанотисде күнге бұрқыраған гүлімен өседі. Тік жапырақты гүлдердің ішінде гиппеаструм мен кливия, калланхое, белопероне әдемі гүлдерімен сәнді өседі. Биік жапырақты гүлдердің ішінде гитеастриум мен кливия, калланхое, белопероне әдемі гүлдерімен сәнді өседі. Декаративті жапырақты гүлдер: циперус, хамеропс, трахакарпус, колеус, қамыс және мәңгі жасыл мирт бірнеше жылдан кейін гүлге оранады.
ІІ БӨЛІМ
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТОПТАРЫНЫҢ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫНА ШОЛУ
Ақтөбе аймағында бөлме өсімдіктерінің карантиніне (фитосанитариялық қорғауға) қатысты іс-шараларҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ) Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертханасы» мемлекеттік мекемесінің филиалы Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасында , ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясында жүзеге асырылады. Келісімшарт негізінде карантиндік өнімдерге фитосанитариялық зертханаларда карантиндік нысандарының бар болуына фитосанитариялық сараптама жүргізу, өнімнің (нысан) фитосанитариялық жағдайын растау аталған кәсіпорындар қызметінің басты мақсаттарының бірі.
Бөлме өсімдіктерінің фитосанитариялық сараптамасы Өсімдіктер карантині туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңына сәйкес жүргізіледі.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгілейді.
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдардан біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты ұғымдар:
Өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим болып табылады.
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерiнің біздің зерттеу тақырыбымызға қатыстыларымыналар болып табылады:
- өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
-халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері бар ведомствосымен қоса алғандауәкілетті орган жүзеге асырады.
Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылық, орман және сәндiк дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi басқа да кез келген өнiм;
2)өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;
3) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi.
Қазақстан Республикасының аумағына:
1) уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспортқа шығаратын елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;
2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда,өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пунктте және постыда тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн қадағалау ғана жүзеге асырылады.
Бөлме өсімдіктеріне жасалатын фитосанитариялық сараптама түрлерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей жіктелу анықталды.
Энтомологиялық сараптама. Карантинге жатқызылған материалдарды фитосанитариялық зерттеу энтомологиялық сараптамадан бастау алады. Өзге елдерден тасымалданатын бөлме өсімдіктері міндетті түрде энтомологиялық сараптамадан өткізіледі. Энтомологиялық сараптама кезінде әр түрлі зиянкестерді, соның ішінде карантиндік зиянкестерді табуға болады.
Гербологиялық сараптама бөлме өсімдіктері өсірілген ыдыстағы топырақтың ішінде кездесетін арамшөптердің тұқымдарын зерттеп, анықтауға бағытталады. Карантиндік тұқымдар да болады.
Гельминтолологиялық сараптама кезінде гүлдердің топырағынан әртүрлі нематодтар және аяққұйрықтылар табылады. Оның ішінде карантиндік нематодтар табылып қалуы мүмкін .
Микологиялық сараптама карантиндік саңырауқұлақ ауруларын тудырушыларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
-Бактериологиялық сараптама карантиндік материалдардан карантиндік бактериоздарды таратушыларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
-Вирусологиялық сараптама карантиндік материалдардан вирустар туындататын ауруларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі кезде соңғы аталған сараптамаларды , яғни микологиялық, бактериологиялық және вирусологиялық сараптамаларды фитопатологиялық деп жалпы атаумен беріп жүргені белгілі.
Фитопатологиялық сараптама
Фитопатологиялық сараптама кезінде кездесетін аурулар әртүрлі дақ аурулары, тамыр шіріктері т.б. Ал карантиндік аурулардан жиі кездесетін Хризантема аскохитозы және хризантеманың ақ таты аурулары.
Зерттеу жұмысын орындау барысында тақырып мазмұнына сай негізінен энтомологиялық және гельминтологиялық сараптама түрлері жүргізілді.
Сонымен, тиісті әдебиеттерге жасалған шолу барысы бөлме өсімдіктеріне жүргізілетін фитосанитариялық сараптамалар энтомологиялық, гельминтологиялық, гербологиялық және фитопатологиялық болып жіктелетінін айқындады.
ІІІ БӨЛІМ
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің флористикалық тізімі
Зерттеу материалы мен әдістемесі
Осы жұмысты дайындау үшін ғылыми материал жоба жұмысын орындау барысында жиналды. Зерттеу тақырыбына қатысы нақты әдебиеттерге шолу жасалды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ)Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертханасы» мемлекеттік мекемесінің филиалы Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасында, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясында бөлме өсімдіктері туралы жиналған материалдарға, гербарий жинақтары мен бақылауларға талдау жасалды.
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сай зерттеу әдістері анықталды. Бөлме өсімдіктерін туыстық, түрлік деңгейде анықтау үшін салыстырмалы морфологиялық әдіс қолданылды. Барлық жасанды, табиғи және филогенетикалық системалардың негізі салыстырмалы морфологиялық әдіске сүйеніп жасалған .
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының түрлерін және олардың зиянкестерінің, ауру тудырушаларының түрлік құрамын анықтап, іріктеу зерттеу жұмысының негізі болып саналады. Қажетті материалдар тиісті әдебиеттерден алынды .
Зерттеу жұмыстары кезінде жалпы жалпы саны 50 болатын бөлме өсімдіктері зерттелді. Зиянкестерін зерттеу мақсатында энтомологиялық сараптама жасалып, отряд, түрлері анықталды .
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерін анықтауда салыстырмалы морфологиялық әдіс пайдаланылды және "Флора СССР", А.Л.Тахтаджянның, "Флора Казахстана" , "Иллюстрированный определитель растений Казахстана", С.А.Абдулинаның «Список сосудистых растений Казахстана» мен бөлме өсімдіктерінің тіршілік формаларын сипаттауда И.Г.Серебряков және С.Раункиер еңбектері және басқа да тиісті әдебиеттер. Зерттеу жұмысымның үшінші және төртінші тарауларын жазу барысында теориялық материалдарға қосымша өзімнің ғылыми жоба жұмысын жүргізу кезінде жинақтаған материалдарым негіз болды.
Біздің жұмысымыздың зерттелу нысаны - бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының Ақтөбе қаласында негізінен кездесетін және өсіруге жиі алынатын түрлері. Ғылыми жоба жұмысының барысында бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары анықталды. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің флористикалық тізімін жасауда, жекелеген топқа жататын бөлме өсімдіктеріне ботаникалық сипаттама беруде негізінен «100 лучших цветущих комнатных растений», «Комнатные растения. Большая иллюстрированная энциклопедия» , «Иллюстрированная энциклопедия комнатных растений» және т.б. әдебиеттер басшылыққа алынды.
Қазіргі таңда қолданылатын классификациялаудың нәтижесі бөлме өсімдіктерін олардың өзіндік ерекшеліктермен сипатталатын төмендегідей негізгі төрт тобына бөліп қарастыратынын атап өткенбіз.
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары
Декоративті Декоративті Декоративті Кактустар
жапырақты гүлді гүлді құмырадағы
өсімдіктер
Жыл бойы Жыл бойы декоративті декоративті
Жыл бойы
декоративті Аздаған уақыт
декоративті
Бөлме өсімдіктері туралы көптеген әдебиеттерге шолу жасай келе, зерттеуге келесі түрлері алынды және оларға систематикалық талдау жасалды (1-кесте):
1.Acalypha hispida – Тікентүкті акалифа – Акалифа щетинистоволосистая или шершавая
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының тұқымдастар спектрін құрып, талдау жасаудың нәтижесі 22 тұқымдастың ішінде жетекші орынды Аройниктер(Araceae ) және Кактустар (Cactaceae) тұқымдастары алатынын көрсетті.Түрлер құрамы жөнінен бірінші орында тұрған Araceaeтұқымдасына Aglaonema commutatum (Өзгергіш аглаонема), Aglaonema costatum (Қабырғалы аглаонема), Alocasia macrorhiza (Жуан тамырлы пілқұлағы ), Alocasia cuprea (Мыс түстес қызыл пілқұлағы), Spathiphyllum wallisii (Уоллес спатифиллумы), Dieffenbachia maculate (Теңбіл диффенбахия), Monstera deliciosa (Деликатес монстера немесе тартымды монстера), Zamioculcas zamiifolia (Замияжапырақты замиaкулькас), Anthurium andreanum (Андрэ антуриумы), Anthurium scherzerianum (Шерцер антуриумы) өсімдіктері топтасқан. Табиғи жағдайда өсетін жерлеріне және тұқымдастар спектріне талдау жасап көрелік (2 және 3- кестелер).
Екінші орында тұрған Кактустар тұқымдасынан бөлме жағдайында Cereus peruvianus (Перуан цереусы), Cereus jamacaru (Ямакару цереусы ), Epiphyllum crenatum (Тарақша эпифиллюм), Echinocactus grusonii (Грусон эхинокактусы), Mammilaria bocassana (Бокасс мамилляриясы ), Opuntia leucotricha (Ақ түкті опунция), Rhipsalidopsis gaertneri (Schlumbergera gaertneri) (Гартнер рипсалидопсисі) және Zygocactus truncatus (Schlumbergera truncate) (Зигокактус усеченный (Шлюмбергера усеченная), декабрист) өсімдіктері кең тараған түрлер болып саналады.
Үшінші және төртінші орындарды үш түр санымен Euphorbiaceae (Сүттігендер),Geraniaceae (Қазтамақтар) тұқымдастары алады.
Бөлме өсімдіктерінің түрлері сан алуан. Жүргізілген зерттеулер барысында жалпы алғанда олардың көп сұранысқа ие түрлеріне ботаникалық сипаттама беруді жөн көрдік.
3.2 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің ботаникалық сипаттамасы
Біздің жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде іріктеліп алынған бөлме өсімдіктеріне ботаникалық сипаттама жасалды. Сипаттама жасауда С.Тұрдиев , С.Беспаевтардың « Үй өсімдіктері» , «Комнатные растения. Большая иллюстрированная энциклопедия»,Ж.Лұқпанов, Р.Әлімқұлова, М.Тәрпеновалардың « Өсімдік – өмір өзегі» және т.б. тиісті әдебиеттер басшылыққа алынды. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің ботаникалық сипаттамасы 3 қосымшада берілген.
3.3Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің зиянкестері мен ауруларына талдаужасау
Зерттеу нысаны ретінде алынған 50 бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларына арнайы әдебиеттердің негізінде іріктеу жасалып, оның нәтижесі төмендегі кестелерде берілді (4- кесте ).
Кесте 4
І. Декоративті жапырақты бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары
Рет саны, түр
Зиянкестері
Аурулары
1.Acalypha hispida – Тікентүкті акалифа – Акалифа щетинистоволосистая или шершавая
Бөлме өсімдіктерінің қарастырылып отырған топтарына жататын түрлері зиянкестерінің таралуында белгілі бір «заңдылықты» байқауға болады (5- кесте).
Кесте 5
Р/с
Зиянкестер
Атауы
ДЖ
(22)
ДГ
(13)
ДГҚ
(7)
К
(8)
1
Қызыл өрмекші кене
10
2
4
1
2
Қалқаншалы
8
1
3
Бітелер
7
3
2
4
Ұнды сымыр
3
4
5
Сымыр
(червец)
3
5
6
Нематод
2
1
2
7
Жалған қалқанша
Лы
2
8
Трипстер
1
9
Ақ қанаттылар
-
5
2
Ескерту: Кестеде берілген зиянкестер саны мен зерттеуге алынған өсімдік саны теңбе-тең келмейді, себебі бір бөлме өсімдігінде бірнеше зиянкес кездеседі.
Барлық негізгі топтарда кездесетін зиянкес болғандықтан - өрмекші кенелер (көбінесе қызыл өрмекші кене) бірінші орында тұр. Екінші көп зиян келтіретін - бітелер, нематодтар. Үшінші орынды қалқаншалылар, сымырлар, ұнды сымыры және ақ қанаттылар алады.
Жекелеген топ ішіне жасаған талдау мысалы, декоративті жапырақты (ДЖ) бөлме өсімдіктерінің басым көпшілігін қызыл өрмекші кене, қалқаншалылар, бітелер, аздаған түрлерін ұнды сымыры, сымырлар, сиректеу нематод және жалған қалқаншалылар, өте сирек трипстер зақымдайтынын көрсетті.
Декоративті гүлді (ДГ) бөлме өсімдіктерінде іріктелген зиянкестерден тек төрт түрі басымдық көрсетеді. Атап айтқанда түрлердің көпшілігін ақ қанаттылар, сымырлар, аздаған түрлерін бітелер, қызыл өрмекші кене зақымдайды.
Декоративті гүлді құмырадағы (ДГҚ) бөлме өсімдіктерінде негізгі зиянкес өрмекші кене, ал кактустарда(К) – ұнды сымыры, нематодтар.
Бөлме өсімдіктерінің ауруына шалдыққыш декоративті гүлді және декоративті гүлді құмырадағы топтағы түрлері екені анықталды.
Сонымен, бөлме өсімдіктеріне ең көп зиян келтіретіндер – өрмекші кенелер, өсімдік бітелері, қалқаншалылар, ақ қанаттылар, аурулардан – ақұнтақ, боз шірік.
ІV БӨЛІМ
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне фитосанитариялық сараптама
4.1 Энтомологиялық сараптама
Энтомологиялық сараптаманың мақсаты карантиндік және оларға жақын (карантиндік емес ) зиянкестерді анықтау. Сараптама жасау барысында зиянкестерді табудың және оларды жинаудың түрлі әдістері мен техникалық тәсілдері қолданылды .
Бөлмеөсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне энтомологиялық сараптама жасауда пайдаланылатын әдістер:
1.Карантиндiк немес карантиндік емес объектiлердiң бар-жоғын тексеру.
2. Қағаз көмегімен тірі личинкаларды тауып, жинау.
3. Биологиялық әдіс.
Карантиндік емес Ақ қанаттылар мен Сымырларға энтомологиялық сараптама жүргізу әдістемесі
Классификациясы
Класс Насекомдар немесе алтыаяқтылар – Insecta Hexapoda
Класс тармағы Қанатты насекомдар – Pterygota немесе Ашық жақтылар Ectognatha
Отряд Тең қанаттылар - Homoptera
Отряд тармағы Аққанаттылар – Aleyrodinea
Өкілі Оранжерея аққанаты -Trialeurodes vaporariorum West.
Бөлме өсімдіктерінің ақ қанаттылармен зақымдану белгілері:
Ұсақ ұшпа жәндіктер, тұрқы 1 — 1,5 мм, денесі сарғыш, қанаты ақ. Личинкалары сопақша келген, ашық көк түсті. Әдетте жапырақтың төменгі жағын сағалайды. Олар әсіресе жаз айларында райхан гүлін, фуксияны, пеларгонияны көп залалдай ды. Аққанат уға төзімді келеді.
Ақ қанаттыларды жинау әдістемесі
Аққанаттыларды түріне дейін анықтау оның дамуының соңғы сатысында (пупарии) жүргізілуі керек. Бөлме өсімдігін тексеру кезінде пупарийі бар жапырақтарды герба0рий үлгісі түрінде жинау қажет. Зақымдалған жапырақтарды жақсылап жазып, қағаз пакетке салып қою керек. Кеуіп кетуіне де болады. Сесебі, тиісті препарат жасап, анықтау үшін алдымен сілті ерітіндісінде жібітіледі.
Күресу шаралары: Иіс сабын ерітіндісін (1 л суға 10—15 г) арасына 6—7 күн салып, жапырақтың астыңғы жағына 3—5 рет бүркеді.
Бөлме өсімдіктерінің сымырлармен (кокцидтермен) зақымдану белгілері
Класс Насекомдар немесе алтыаяқтылар – Insecta Hexapoda
Класс тармағы Қанатты насекомдар – Pterygota немесе Ашық жақтылар Ectognatha
Отряд Тең қанаттылар - Homoptera
Отряд тармағыСымырлар- Coccinea
Тұқымдас Жалған қалқаншалы сымырлар -Cocciaе
Өкілі Жұмсақ жалған қалқаншалы сымыр - Coccus hesperidum L.
Қалқаншалы сымырлар (щитовкалар) және жалған қалқаншалы сымырлар(ложнощитовкалар)
Қалқаншалы сымырлар тұрқы 1,5—4 мм, денесін қатты қабық жапқан жәндіктер. Түсі өзгермелі (сарыдан қызыл қоңырға дейін) болып келеді. Жапырақтардың екі жақ бетіне бірдей жабысады, соңдай-ақ өсімдіктердің бұтақтары мен сабақтарын да сағалайды. Өсімдік жалған қалқаншалылармен залалданғанда жапырағы (өзегінің бойына) мен сабағында дақ пайда болады. Дене тұрқы 2- 6 мм-дей жалған қалқаншалылар қалқаншалылардан нағыз қалқаншасы болмауымен ажыратылады. Тығыз, қалың балауызды «терісі» болады.
Денесі асимметриялы, жалпақ сопақша, сұр-қоңыр түсті, арқасында онша айқын емес жолақтары болады. Залалданған өсімдіктер баяу өседі, жапырағы сарғайып, түсіп қалады. Сымырлар жабысқақ сұйық шіре бөледі, шіреден саңырауқұлақ өсіп шығады да, ол өсімдікті одан әрі әлсіретеді. Пальманы, олеандраларды, аспарагустерді т. б. өсімдіктерді зақымдайды.
Сымырларды жинау әдістемесі
Қалқаншалы сымырлар (щитовкалар) және жалған қалқаншалы сымырларды (ложнощитовкалар) да аққанаттар пупарийі тәрізді гербарий үлгісі түрінде жинайды. Олар бөлме өсімдігінің сабағында не сүректі бөлігінде байқалса, сол жерді ойып алу қажет. Алынған бөлікті қағаз пакетке немесе мақта төселген қорапқа салады. Жұмсақ денелі сымырларды ине немесе жіңішке қылқалам көмегімен алады. Сымырмен бірге өсімдіктен қиынды да алынады. Кең пробиркаға не банкаға жинау керек. Кейін сымырдың бір бөлігін 70 пайыз спиртке салып тұрақтандырады, екінші бөлігін балауызды жабындысы сақталу үшін құрғақ күйінде қалдырады.
Декоративті бөлме өсімдіктерінде жиі кездесетін сымырлар (кокцидтер) түрлері:
-Coccus hesperidum L. - жұмсақ жалған қалқаншалы сымыр – мягкая ложнощитовка
-Saissetia coffeae Walk. (hemisphaerica) – жарты шартәрізді жалған қалқаншалы сымыр
Күресу шаралары: өсімдіктерді зиянкестерден тазарту керек (жұмсақ тіс щеткасымен) залалданған жеріне спирт немесе пияздан жасалған ботқаны жарады. Сондай-ақ өсімдікті керосин мен сабын қосындысы ерітіндісін пайдалануға болады. Ол үшін 25 г иіс сабынды немесе 40 г кір сабынды 1 л суға езіп, оған 5 тамшы керосин қосып, жақсылан шайқап араластырады. Онымен өсімдіктің залалданған жерін сүртеді немесе бүріккішпен бүркеді. Дегенмен өсімдіктің жапырағында күйген дақ қалатындықтан бүрку тиімсіз саналады.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары туралы қысқаша әдістемелік ұсыныстар береміз.
Қазіргі таңда бөлмеде өсірілетін өсімдіктер негізінен өзге елдерден әкелінеді. Олардың фитосанитариялық сараптамадан өткізілулері тиіс. Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, дұрыс күтіп-баптау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Олармен күресу шараларын ұсынамыз:
Ақ қанаттылар
Күресу шаралары: Иіс сабын ерітіндісін (1 л суға 10—15 г) арасына 6—7 күн салып, жапырақтың астыңғы жағына 3—5 рет бүркеді.
Қалқаншалы сымырлар және жалған қалқаншалы сымырлар
Күресу шаралары: өсімдіктерді зиянкестерден тазарту керек (жұмсақ тіс щеткасымен) залалданған жеріне спирт немесе пияздан жасалған ботқаны жарады. Сондай-ақ өсімдікті керосин мен сабын қосындысы ерітіндісін пайдалануға болады. Ол үшін 25 г иіс сабынды немесе 40 г кір сабынды 1 л суға езіп, оған 5 тамшы керосин қосып, жақсылан шайқап араластырады. Онымен өсімдіктің залалданған жерін сүртеді немесе бүріккішпен бүркеді. Дегенмен өсімдіктің жапырағында күйген дақ қалатындықтан бүрку тиімсіз саналады.
Боз шірік
Күресу шаралары: Шіри бастаған өсімдіктерге мыс купоросы мен әктің ерітіндісін бүркеді немесе жағады. У қолданғанда өте сақ болу керек. Қыста өсімдікті дәрілегенде желдеткішті ашып қояды, ал жазда бұл жұмысты дал ада жүргізу керек. Дәрілеп болғаннан кейін қолды сабындан, мұқият жуу керек.
Қорыта келгенде, алғаш рет мемлекеттік тілде бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының фитосанитариялық сараптамасына шолу жасалды; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ)Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертханасы» мемлекеттік мекемесінің филиалы Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасы , ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендері мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы материалдарының негізінде және автордың өз жинақтарының нәтижесінде бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының тізімі жасалып, бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің күтімі, қарапайым санитариялық-алдын-алу шаралары ғылыми тұрғыдан негізделді. Зерттеу нәтижелерін қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында бөлме өсімдіктерін өсіру ісінде, биологиялық пәндердің мазмұнын игертуде оқытудың ғылымилық, көрнекілік принциптерін жүзеге асыру мақсатында қолдану ұсынылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктері» тақырыбында жазылған бұл ғылыми жоба жұмысында бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктері, олардың негізгі топтарының фитосанитариялық сараптамасы жан-жақты зерттелді. Құрылысы мен тіршілік әрекеттері алуан түрлі бөлме өсімдіктерін декоративті жапырақты, декоративті гүлді, декоративті гүлді құмырадағы бөлме өсімдіктері және кактустар деп негізгі топтарға бөліп қарастырудың, оларды орналастыру жағдайлары мен экологиясының теориялық негіздері сипатталды.
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізінің, мақсаттарының, міндеттері мен принциптерiнің мәні анықталды.
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының тұқымдастар спектрін құрып, талдау жасаудың нәтижесінде 22 тұқымдастың ішінде жетекші орынды Аройниктер (Araceae) және Кактустар (Cactaceae) тұқымдастары, үшінші және төртінші орындарды үш түр санымен Euphorbiaceae (Сүттігендер),Geraniaceae (Қазтамақтар) тұқымдастары алатыны анықталды.
Түрлер құрамы жөнінен бірінші орында тұрған Araceaeтұқымдасына Aglaonema commutatum (Өзгергіш аглаонема), Aglaonema costatum (Қабырғалы аглаонема), Alocasia macrorhiza (Жуан тамырлы пілқұлағы ), Alocasia cuprea (Мыс түстес қызыл пілқұлағы), Spathiphyllum wallisii (Уоллес спатифиллумы), Dieffenbachia maculate (Теңбіл диффенбахия), Monstera deliciosa (Деликатес монстера немесе тартымды монстера), Zamioculcas zamiifolia (Замияжапырақты замиaкулькас), Anthurium andreanum (Андрэ антуриумы), Anthurium scherzerianum (Шерцер антуриумы) өсімдіктері топтасқаны зерделенді.
Екінші орында тұрған Кактустар тұқымдасынан бөлме жағдайында Cereus peruvianus (Перуан цереусы), Cereus jamacaru (Ямакару цереусы ), Epiphyllum crenatum (Тарақша эпифиллюм), Echinocactus grusonii (Грусон эхинокактусы), Mammilaria bocassana (Бокасс мамилляриясы ), Opuntia leucotricha (Ақ түкті опунция), Rhipsalidopsis gaertneri (Schlumbergera gaertneri) (Гартнер рипсалидопсисі) және Zygocactus truncatus (Schlumbergera truncate) (Зигокактус усеченный (Шлюмбергера усеченная), декабрист) өсімдіктері кең тараған түрлері екендігі анықталды.
Жекелеген топ ішіне жасаған талдау мысалы, декоративті жапырақты бөлме өсімдіктерінің басым көпшілігін қызыл өрмекші кене, қалқаншалылар, бітелер, аздаған түрлерін ұнды сымыры, сымырлар, сиректеу нематод және жалған қалқаншалылар, өте сирек трипстер зақымдайтынын көрсетті.
Алғаш рет бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының зерттеуге алынған 50 түріне зақым келтіретін зиянкестері мен ауруларына жете талдау жасалды. Декоративті гүлді бөлме өсімдіктері түрлерінің көпшілігін ақ қанаттылар, сымырлар, аздаған түрлерін бітелер, қызыл өрмекші кенелер, декоративті гүлді құмырадағы бөлме өсімдіктерін өрмекші кене, ал кактустарды ұнды сымыры мен нематодтар басымдық көрсете зақымдайтыны анықталды. Ал бөлме өсімдіктерінің ауруына шалдыққыш декоративті гүлді және декоративті гүлді құмырадағы топтағы түрлері екені белгілі болды.
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне энтомологиялық сараптама жүргізіліп,сараптаманыңкарантиндiк немес карантиндік емес объектiлердiң бар-жоғын тексеру,қағаз көмегімен тірі личинкаларды тауып, жинау жәнебиологиялық әдістеріне алғаш рет мемлекеттік тілде түсінік берілді. Карантиндік емес Оранжерея аққанаты (Trialeurodes vaporariorum West.) мен Жұмсақ жалған қалқаншалы сымырларға (Coccus hesperidum L.) энтомологиялық сараптама жүргізу әдістемесі жүйеленді. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің күтімі, қарапайым санитариялық - алдын-алу шаралары ғылыми тұрғыдан негізделіп, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қорытындыласақ, саналуан түрлері бар бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта төмендегідей бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру керек деп санаймыз:
1. бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарына жататын түрлердің толық тізімін құру;
2. жинақталған түрлердің қазақша, орысша және латынша атауларын нақтылап, систематикалық тұрғыдан жүйелеу;
3. бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының түрлеріне зақым келтіретін зиянкестері мен ауруларының әр қайсысына жеке-жеке зерттеу жүргізу, қорғау шараларының өте тиімді жолдарын анықтау және т.б.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. Бөлме өсімдіктерін өсіру әдістері мен ерекшеліктеріне сәйкес негізгі топтарының тіршілік жағдайына жалпы сипаттама
1.1 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары, климаты
1.2 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарын орналастыру жағдайы
ІІ. БӨЛІМ. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының фитосанитариялық сараптамасына шолу
ІІІ БӨЛІМ. Зерттеу материалы мен әдістемесі
3.1 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің флористикалық тізім
3.2 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары түрлерінің ботаникалық сипаттамасы
3.3 Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының зиянкестері мен ауруларына талдау жасау
ІҮ БӨЛІМ. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының жекелеген түрлеріне фитосанитариялық сараптама
4.1 Энтомологиялық сараптама
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қоршаған ортаны қорғау: Нормативтік актілер жинағы. - Алматы: Юрист, 2005. -150 б.
2. Экологический кодекс Республики Казахстан. – А.: Юрист, 2007. -172 с.
3. Сулеев Д. К., Сагитов С. И., Сагитов П. И., Жумагулов К. К . Экология и природопользование: Учебник. - Алматы: Ғылым, 2004.- Б. 31.
4.Ишмұхамедова Н. Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі. - Алматы: Ғылым, 2006. -280 б.
5.Өсімдіктер карантині туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы.
6. Д-р Д.Г. Хессайон. Все о комнатных растениях. Перевод с английского О.И. Романовой. –М.: Кладезь-Букс, 2006. -256с.
7. Тұрдиев С., Беспаев С. Үй өсімдіктері. –Алматы: Қайнар, 1968. -184 б.
8.Лучшие комнатные растения. Практическая энциклопедия домашнего цветовода. Ответ. ред . Лацис М. –М.: Эксмо, 2010. – 256 с.: ил.
9. Лұқпанов Ж., Әлімқұлова Р., Тәрпенова М. Өсімдік – өмір өзегі . –Алматы: Қайнар, 1991. -176 б.
10.Комнатные растения. Большая иллюстрированная энциклопедия / пер. с франц. И. Крупичевой. – М.: Эксмо, 2009. – 512с.:ил.
11. Иллюстрированная энциклопедия комнатных растений. Ответ. ред . Лацис М. –М.: Эксмо, 2011. – 240 с.
12. Капранова Н.Н. Комнатные растения в интерьере.-М.: Изд-во МГУ, 1989. -190 с.
13. Бердникова Т. С., Борисова Н. П. Иллюстрированная энциклопедия комнатных растений. - М.: Изд. ЭКСМО: 2009.-240 с., ил.
14. Головкин Б.Н., Головкина Е.Б. 100 лучших цветущих комнатных растений. – М.: "Кладезь-Букс", 2005. -94 с.
15. Тілменбаев Ә. Т., Жармұхамедова Г. Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994. -336 б.
16. Константинова Г.М. Новые виды кокцид, обнаружение при экспертизе. «Экспресс информация» № 12. -М.: Колос, 1965.
17.Козаржевская Э.Ф. Методика приготовления препаратов кокцид (Coccoidea) для целей их определения . Энтомологическое обозрение, т. ХІІ, вып. 1. – М.-Л., 1968.
18. Вершинина Н. П., Лебедева Е. Т. Вредители оранжерейных и комнатных растений и меры борьбы с ними. - Кировск, 1985.
19.Руководство по досмотру и экспертизе растительных и других подкарантинных материалов. Под ред Варшаловича А.А., Шамонина М. Г. –М.: Колос, 1972. -380.
20. Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г. К., Омарова Ж. С. Паразитология. – Алматы, 2011. – 296 б.
21. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.Н. Ботаника.– М.:Академия,2001.-432 с.
22. Әметов Ә. Ә. Ботаника. – Алматы: Дәуір., 2005. -512 б.
23. Хржановский В. Г. Основы ботаники. – М.:Высшая школа, 1969.-574 с.
24. Рейвн П. и др. Современная ботаника. В 2- х. томах. Перевод с англ. - М.:Мир,1990. -348с.
25. Хржановский В. Г. Курс общей ботаники. – М.:Выс. школа, 1976. -477 с.
27. Бердникова О.В. Все о комнатных растениях. - М.:Вече, 2006.- 239 с.
28. Миллер М.С. Лучшие комнатные растения. Москова:"Цитадель-трейд",2003. -239 с.
29.Воронцов В.В. Все комнатные растения, или 2000 цветов от А до Я: Иллюстрированный справочник. -М.: "Фитин , 2005.- 467с.
30. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология: Учебник/ Г.Я. Бей-Биенко . - 3-е изд., доп.. - М.: Высшая школа, 1980.
31. Данциг Е.М. Подотряд Coccinea - кокциды, или червецы и щитовки. / Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. Т. 2. Равнокрылые и полужесткокрылые. Л.: Наука, 1988. 972 с.
32. Синадский Ю. В. и др. Вредители и болезни цветочно-декоративных растений. - М., 1982.
33.Борхсениус Н. С. Подотр. Червецы и щитовки (Coccoidea), сем. подушечницы и ложнощитовки (Coccidae). Фауна СССР. Насекомые-хоботные. М.-Л.: Изд. АН СССР, 1957. Т. 9. 494 с.
34. Борхсениус Н.С. Подотряд Coccoidea. Червецы и щитовки. / Вредные животные Средней Азии (Справочник). Ред. Е.Н.Павловский, А.А. Штакельберг. М.-Л.: Изд. АН СССР, 1949. С. 231-245.
35. Флора СССР. – М. –Л.,1934-1964. Т.Т. 1-30.
36. Тахтаджян А. Л. Происхождение и расселение цветковых растений. - Л.: Наука, 1970.-145 с.
37. Тахтаджян А. Л. Система магнолиофитов. –Л.: Наука, 1987. -439с.
38. Флора Казахстана. – Алма-Ата: Наука Каз.ССР, 1956-1966. –Т.Т. 1-9.
48. Есенбекова П. Ә., Дәуітбаева К. Ә., Орманова Г. Ж. Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен далалық-оқу практикасына арналған оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2011.- Б. 19-21; 71-74.
49. Шарова И. Х. Зоология беспозвоночных: Учебник.- М.: ВЛАДОС, 2004.-591.
50. Дәуітбаева К.Ә., Есжанов Б.Е., Сапарғалиева Н.С., Нұртазин С.Т. Жануарлар алуан түрлілігі. –Алматы:ЖШС РПБК, 2011. Б. 144-148; 189-191
51.Дәуітбаева К.Ә. Омырткасыздар зоологиясы. 1- кітап: Окулык. –Алматы:Дәуір,2004. -376 б.