Есірткі - ғасыр тажалы
Есірткімен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Есірткі дегеніміз –грекше наркоз,ұйықтату,ұйқымен ұмыттыру мен жансыздандыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл –күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат.Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті,айығу үмітсіз.Әлеуметтік дерті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. Есірткі заттарының тарихы ежелгі заманнан басталып келеді. Нашақорлықтың ең бірінші құрбаны – перғауынның қызы болып саналады.
Ежелгі заманда есірткі заттарды соғыс кезінде жарақаттанған кісілерге көмек көрсету үшін емшілер пайдаланған.Құрамында есіртетін заттары бар шөптер арқылы адамдардың ақыл- ойын бұзған (марионетка).1806 жылы Наполеон армиясының химигі опийден морфин шығарады.Морфинизмнің белең алып кеткен кезі бұл франко- пруссия соғысы кезінде шприц дайындағаннан 1850 жылы басталады. Есірткінің неғұрлым кең таралуына мүлделі адам бар. Олардың тұзағына алдымен балалар ілінеді. Олар бұл қызықтың немен аяқталатынына жете мән беріп жатпайды. Ересек адамдар өмірлік тәжірбиесіне сүйене отырып нашақорлықтың өз денсаулығына қауіпті екенін, отбасы тыныштығына қатер екендігін, қайыршылыққа ұрындыратынын жақсы біледі. Олардың отбасы мүшелері және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі оянады. Ал жасөспірімдерде ол сезім төмен деңгейде. Олар есірткі әлеміндегі алғашқы қадамының қайда басталатына жете мән беріп жатпайды. Нашақорлық-бұл 21 ғасырдың әлеуметтік және медициналық мәселесі екені белгілі. Бірақ басқа көзқарас тұрғысынан есірткі медицинада үлкен қызығушылық танытады және ауыр аурулармен ауыратын көптеген адамдардың азабын жеңілдетеді. Сонымен қатар, әлем ұлы өнер туындыларынан айрылуы мүмкін. Қалай болса да, сау өмір сүресіз және ақыл-ойды сақтаңыз.
№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Әбибулла Айдана