Бұл жобада жантақтың көпжылдық, емдік қасиеті жоғары бағаланған өсімдік екендігі атылған. Сонымен қатар оның тұрмыстық, медициналық салада алатын орны мен маңызы, халықтық ем – домдарда да тұнбаларының қолданысқа енгізіліп, адам денсаулығы үшін орасан зор бағаға ие болған өсімдік екендігі де сөз етілді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жантақтың емдік қасиеті»
Жантақтың емдік қасиеті
Мазмұны
Кіріспе
1.1Жантақ өсімдігінің классификациясы
2. Негізгі бөлім
2.1.Жантақтың жалпы сипаттамасы
2.2.Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті
2.3.Жантақ өсімдігінен алынатын эфир майының емдік қасиеті
2.4.Жантақ өсімдігінен алынатын күлдің күнделікті тұрмыста қолданылуы
2.5.Құрамында жантақ күлі бар жақпа майдың емдік қасиеті
2.6.Құрамында жантақ күлі бар тіс пастасының емдік қасиеті
2.7.Жантақтың қоспасынан дайындалған тұнбалардың қолданылуы
3. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Аннотация
Бұл жобада жантақтың көпжылдық, емдік қасиеті жоғары бағаланған өсімдік екендігі атылған. Сонымен қатар оның тұрмыстық, медициналық салада алатын орны мен маңызы, халықтық ем – домдарда да тұнбаларының қолданысқа енгізіліп, адам денсаулығы үшін орасан зор бағаға ие болған өсімдік екендігі де сөз етілді.
Растение, которое высоко оценилось это проектировать многолетнее, лечебное качество косинки, было застреленным. употребление а также я бытовой, медицинский отрасль беру локализация и важность, народ тық средство для лечения - тенета и отвар ввожусь, человек здоровье для огромный цена обладаю растение и слово.
Plant, that highly estimated this design long-term, curative quality out-of-square, was shot down. the use and also me domestic, medical industry takes localization and importance, people means for treatment - snare and decoction entered, man health for enormous price possesses plant and word.
1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Бұл жобамда түрі азайып бара жатқан, емдік қасиеті өте жоғары сапаға ие жантақ өсімдігінің емдік қасиеті мен тұрмыстық жағдайда алатын орны туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.
Міндеттері:
Жантақ өсімдігі туралы түсінік беру;
Жантақ өсімдігінің тұрмыстағы ерекше тұстары мен медицинада, халықтық ем - домдарда алатын орны мен ерекше құндылықтар туралы таныту.
Болжам: Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті мен классификациясы қарастырылды.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең- Талдамаларды жобалау;
3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.
5.Зерттеу нәтижесі : Жантақ өсімдігі туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.
6. Күтілетін нәтиже:
– Жантақ өсімдігінің ем –домдық жолдары мен тұнбалардың дайындалу тәсілдері туралы түсінеді;
– Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
– Ем дом мен медициналық көмек көрсету туралы нақты білімі қалыптасады.
Қорытынды: Жантақ - өте сирек кездесетін, қазіргі кезде түрі жағынан саны азайып бара жатқан өсімдік. Оның құмды өлкелер мен шөлді аймақтарда өсірілетіндігін бірі білсе, бірі біле бермесі хақ. Қызыл кітапқа енген ерекше құндылығы мен емдік қасиеті жоғары бағаға ие болған жантақ өсімдігінің қасиеттері туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.
І Кіріспе бөлім
Жантақ - көпжылдық емдік қасиеті орасан зор дәрілік өсімдік. Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жантақ өсімдігінің құрылымы мен емдік қасиетін таныта отырып, халықтық медицинада алатын орны мен маңызы және жантақтан қолданбалы тұрмыста қажетті заттардың алынатындығы туралы дәлелдеуді жөн көрдім. Ал мақсатыма жетуде жантақты жан - жақты зерттей отырып, қол жеткізген нәтижемді ортаға салып ой бөлісу және халыққа кең таралған түрде насихаттауды міндетім деп санаймын.
Жантақ - бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де өседі. Оның биіктігі - 30-100 сантиметр болады. Тамырының ұзындығы 10 метрге жетеді, ал тамыр сабағы 20-30 сантиметр тереңдікте болады, көбінесе осы тамыры арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ , бүтін жиекті. Гүлі - қызыл. Гүлінен ара бал жинайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі – бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Мамандардың айтуы бойынша, жантақтың құрамында төмендегіше заттар кездеседі.
Жантақ – жартылай бұталы, тікенді, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағының төменгі жағындағы тікендері қысқа әрі мықты, жоғарғылары жіңішке, жұмсақ шөп тәрізді, ұштары жоғары қараған. жЖантақтың құармында белок көп болғандықтан оны түйе малы сүйсініп жейді. Ал егер жантақты булайтын болсақ онда жантақтың буланған түрін барлық мал сүйсініп жей береді. Жалпы жантақ өсімдігінің сарапталуы мен классификациясын топтап айтуға болады.
ІІ. Негізгі бөлім
Жантақ - ұзындығы 40-80 см болады. Жантақ көбіне шөлді аймақтарда, Евразия мен солтүстік африкада көптеп кездеседі. Оның 5- түрі КСРО –да өседі. Ең көп тараған түрі ол - кәдімгі жантақ. Оның биіктігі 40-120 см-ге дейін өседі. Ол шөлді жерлерде, Орта Азияда және онңтүстік Еуропаның КСРО – да, Астраханда көп кездеседі. Кей аудандарда оны отын ретінде пйдаланады. Кавказ, орта Азияда, Иранда Иракта, авганестанда, кіші Азияда өсетін персиялық жантақ өзінен клей тәрізді қант бөледі. Кейде ол сұйықтық манна түрінде де болады. Бұтақтары тікенекті болып келеді. Төменгі тікенектері берік, жоғарғы тікенектері жіңішке жоғары қарай бағытталып өседі. Тамыры өте тереңге қарай өседі. Оның ұзындығы 10 метрге дейн жетеді. Сондықтан ол шөлді жерлерге өсуге бейімделген. Оның кіндік тамыры 10- 20 метрге деңінгі тереңдіктегі суға бойлай өсе береді.Жапырақтары ланцетник тәрізді майда, жай, ол тікенектер арасында орналасқан. Тамыры горизонталь бойынша тереңде жатыр. Жапырағы тікенектер сүйір бұрышпен жоғары қарай орналасқан ұзындығы 2-3 см болады. Жапырағы жай ретпен орналасқан доға тәрізді ұзындығы 1- 2 см жапырақтарының өзінде тікенектері бар.
Гүлденуі – маусым, қыркүйек айларына дейін гүлдейді.Гүлдері қызыл және ал қызыл түсті. 3-8 тікенекке бір гүлден келеді. Гүлдері бір – біріне қарап иіліңкіреген және өткір емес болып өседі. Бір гүлі күніне 2 мгм- ға дейін таза қант бөледі. Бал жинағыштығы 1 гектарға 150кг – ға келеді. Оның балы ашық түсті исі нәзік және өзіне тән дәмі болады. Кристалдану кезінде майда бөліктерге бөлінеді. Тұқымы боб немесе ішінде көптеген дәндері болады. Шілде айында тұқымын жинайды. Өсімдіктің төменгі жағы мен кейде тамыры дәрі - дәрмек ретінде. Өсімдікті күн тістің алаңда кептіреді. Қапта бір жылға дейін сақтауға болады. Ертеректе ата - бабаларымыз керуенмен көшіп бара жатқанда жантақтың түбіне қарбыздың дәнін тастап кетеді екен. Сол жантақтың тамыры сіңірген су арқылы қарбыз керуен қайтып келе жатқан кезде писіп жататын болған
Жантақтан жасалған дәрілік шөптерді алғаш рет ұлы Авицина ашқан. Оның құрамы С витамині мен ақуызға және полифенолға өте бай. Жалпы жантақты ежелде дәрігерлер жақсы пайдаланған. Б.з ІҮ ғасырда Мұхаммед Гусейн жантақтың тұнбасын және оның тамырын гемарой мен дизентерияға және денедегі жараларға қарсы пайдаланған деп тарихта аталған. 1973 жылы Қазақ халық университетінің органикалық химия кафедра меңгерушісі Гаухар Бурашова жантақты зерттеп анықтаған. Нәтижесінде жантақтан биологиялық активті комплекс алынғандықтан оны алхидин деген атпен ( яғни латынша - алхани – тікенек) енгізген. Осылайша химфарм шымкент заводымен біріге отырып, ол құрамында жантақтың қосындысы арқалы жасалған алхидин таблеткаларын, жантақ сиропын, 5 пайыз алхедин жақпа майын және Гаухар тұнбасын жасап шығарған.
Дермотология саласында - 5 пайыз жақпа майын тері ауруларын емдеуге пайдаланған. Тері аурулары пайда болған кезде адамдар сонымен қоса жүйке жүйесі ауруларына да шалдыққан. Сонан соң осы мазды жағып 2 күнде - ақ нәтиже бере бастағанын және адамның жүйке ауруларының қалыпқа түсе бастағаны байқалған.
Гаухар тұнбасын - туберкулез ауруларын, жүрек ауруларын, талма және қант диабеті ауруларын емдеуге қазіргі таңда медицинада қолданады.
Жантақ сиропын - жараның жазылуына, күйік аурулары мен асқынған ауруларға ем ретінде пайдаланған.
Қазіргі таңда кездесетін сан түрлі ауруларды емдеп, нәтижеге қол жеткізу үшін дәрі - дәрмекті пайдаланатынымыз анық. Әрине ерте замандарда ата - бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді халықтық медицинада қолдануды жөн көрген. Сол замандарда дәрі - дәрмектерге қолжетімділік аз болған кезде, ішті айдауға, терлетуге, құрғақ жөтелге тіпті гемаройды емдеуге осы жантақты пайдаланған. Ол осы сынды ауруларға қарсы тұра білген халықтық медицинаға жүгінер болсақ.
2.3. Жантақ өсімдігінен алынатын эфир майының емдік қасиеті.
Жантақ өсімдігінен алынатын эфир майы адамның шаштары үшін пайдалы. Ол шаштың түсу жиілігін азайтады, оның тез өсуіне септігін тигізеді. Ұштанған шаштардың ұштануын азайтып, шаштарыңыздың жумсақ және сау өсуіне септигін тигізеді.
Оны дайындау үшін кез келген таза шыны бақалға өсімдік майын құю қажет.Оған таза сумен шайылған жантақты салып, араластырып 3 күнге қараңғы жерге қою қажет. 3 күннен соң, оны су буына қайнатып, 1 сағатқа суытып коямыз. Суыған соң, оны 2-3 рет сүзгіден өткізіп, бөліп аламыз.
Дайын эфир майын кез-келген таза ыдысқа құйып сақтаймыз.
Эфир майын бас жуар алдында, 1 сағат бұрын майлап, таза салафан киеміз. Содан соң басымызды сүлгімен орап, болған соң шампуньмен шашымызды жуып тастауымыз керек. Нәтижесін бірінші пайдаланғаннан кейін-ақ байқауға болады. Шашыңыз жұмсақ, тарауға икемді, жылтыр әрі сау болып өседі.
2.4.Жантақ өсімдігінен алынатын күлдің күнделікті тұрмыста қолданылуы
Жантақты өртегендегі пайда болатын күлі шаруашылыққа пайдалы. Оның күлін көбінесе кесеге катқан қақты кетіруге, тісті тазалауға немесе қанап тұрған жараның қанын тоқтату үшін қолданады.
Жантақ тез тұтанады, иісі жағымды, түтіні ақ түсті. Химиялық формуласы K 2 CO 3 (сақар, калий корбанаты)
Кеседегі қақты кетіру үшін 1 қасы қ жантақ ұнтағын алып кесенің қақ қатқан жерін 2-3 минутүйкеу керек. Үйкеп, тазартып болған соң сумен шайса кесе тез арада тазарып шыға келеді.
Ал тісті тазалау үшін жантақтың күлін кішкене алып, тісті уйкелеп тазарту кажет. Оны ең кемінде 2-3 минут жасау қажет. Содан соң тісі ең алдымен жылы сумен, содан соң салқындау сумен шайып тазарту қадет.
2.5.Құрамында жантақ күлі бар жақпа майдың емдік қасиеті
Жантақ өсімдігін өртеу арқылы алынатын күлді вазелинмен немесе глициринмен араластыру арқылы тері ауруларының алдын алатын жақпа май әзірлеуге болады.
Құрамында вазелин мен жантақ күлі бар жақпа майы тері ауруы экземаға бірден-бір ем болып табылады. Оны дайындау үшін: 1ас қасық жантақ күлі мен 1ас қасық вазелинді араластыру қажет. Оны экземаның бетіне қышыған кезінде жағып, қышығаны басылған соң жылы сумен жуып тастау қажет. Оны кемінде бір дайындағанда 6 рет қолдануға болады.
Келесі жақпа майлың құрамында жантақ күлі мен глицирин бар. Бұл жақпа май теріге шыққан аллергияны кетіруге, оның алдын алуға септігін тигізеді. Оны дайындау үшін: 3 ас қасық жантақ күлімен 3 ас қасық глициринді араластыру қажет. Пайда болған жақпа майды аллергия шыққан жерлерге жағып, кемінде 1 сағат жүру қажет. Содан соң, жылы сумен жуып тастау қажет.
Жақпа майды күнделікті жағып турса осындай тері ауруларының алдын алуға болады.
2.6. Құрамында жантақ күлі бар тіс пастасының емдік қасиеті
Тісті ағартатын тіс пасталарының құрамында өте майда құмдар болады.Олар тіс кіреукесін құртады. Ал емдік-профилактикалық пасталардың құрамындағы фтор компоненті тіс кіреукесінен өте алмайды.Сондықтан, оның күшін жақсарту үшін тіс пастасының құрамына түрлі химиялық қоспалар қосылады.
Барлығымызға белгілі Colgate тіс пастасының құрамының 80 % -ы химиялық заттар. Мысалы:
Бояғыш заттар
Натрий сахаринаты
Триклозан
Сольнатрия
Монофтофосфат
Натрий лаурисульфаты
Бұл химиялық өнімдер сезімтал тістің қызыл етіне зақым тигізіп қана қоймай, ағзамызда түрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мысалы триклозан- тіс пасталарында бактерияларға қарсы қолданылатын өнім. Құрамында триклозан кездесетін тіс пасталары ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіргеннің күннің өзінде біздің ағзамызда біз білмейтін бактериялардың пайда болуыны, олардың күн санап өсуіне әкеліп соғады.Егер бұл бактерия ағзамызда толық дамыса, ол тудыратын ауруларды емдеп жазу мүмкін емес. Триклозанның құрамында токсиндік заттар көп болғандықтан, ол бауырды зақымдайды және бауырда, денемізде қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етеді.
Осыған байланысты мен құрамында жантақтың күлі мен балы бар тіс пастасын жасап шығардым.Оны дайындау үшін:
-Глицерин – тістегі тіс пастасының толық шайылуын қамтамасыз етеді, микробтардың толығымен жойылуына септігін тигізеді.
Егер осы тіс пастасымен күніне екі рет қолданып тұрса, бұл тіс пастасының өзге тіс пастасына қарағанда пайдалырақ екенін, тісіңіздің тез ағарғанын байқауға болады. Тісіңіздің кызыл еті қанауын доғарады, ауызыңыздан жағымсыз иіс шығуы доғарылады.
Халықтық медицинада жасалатын тұнбалар мен оның пайдасы:
Жоғарыда көрсетілген ауруларға төмендегіше тұнбаларды дайындау арқылы емдік іс жүргізуге болады. Атап айтар болсақ, геморрой, жатыр мойнының эрозиясы,іріңді отит аурулары кезінде жантақ ваннасын қабылдаған жөн. Ол үшін 500 миллилитр қайнаған суға жантақтың 4 ас қасығын салып, оны 2 сағат тұндырып қою керек. Сонан соң дайындалған тұнбамен ауырған жерді жуу керек, болмаса күнарата 30 минут ванна қабылдаған өте тамаша ем.
Іші қатып ауыратындар жантақты алдын – ала кептіріп, ұсақталған тамырының 2 шай қасығын 1 стакан қайнаған суға араластырып, 7 минут қайнатады. Қараңғы жерде 30 минуттай тұндырып , суытады. Содан соң осы қайнатпаның бәрін аш қарынға бірден ішіп қою керек. Ішті жақсы жүргізеді.
Суық тиіп, ыстық көтеріліп, тұмау, құрғақ жөтел кезінде -жантақтың 3 ас қасығын ыстық суға салып, оны 4 минут қайнату керек. Сонан соң оны бөлме температурасының қалыпты деңгейіне дейін суытып, сосын жарты стаканнан күніне 3 рет ішу керек.
Бүйрекке тас жиналған, өт толып кеткен жағдайда жантақтың ұнтағының 2-3 қасығын 2 стакан ыстық суға салып 5-7 минут қайнатып, сонан соң 7 күн тамақ алдында ішіп қабылдасаң, аурудан тез айығып кетесің. Сонымен қатар тұнбаны үзбей 1 ай пайдалану жүректің жұмысын қалыпқа келтіріп, қан қысымының тұрақталуына септігін тигізеді.
Егер адамның асқазаны ауыратын болса, онда жантақтың сөгінен (дәнінен) жасалған шәй оған қарсы ем бола алады. Оны дайындау үшін жантақ сөгін жақсылап жылы сумен жуып, 4 қабат марлыға 1 қасығын салу қажет. Оны шәй сияқты, күніне 3 рет демдеп ішсе гастрит ауруын емдеуге болады.
Жантақтың тамырынан жасалған тұнба ағзадағы токсиндер мен шлактарды айдайды. Шаршағанды басады. Оны дайындау үшін тамырды жылы сумен 5-6 рет жуу қажет. Содан соң оны тігінен 3 бөлікке бөліп жылы суған салып қайнату қажет.
Қорытынды.
Сонымен зерттегендерімізді қорытындылай келе жантақтың ерекше тұстарын бөліп айтуға болады:
Жантақтың жақсы өсіп етілуі және де тамырының тереңге бойлай өсуі сол жердегі ылғалдылыққа тікелей байланысты болады.
Көктемгі ылғал көп болған жағдайда жер асты бүршіктерде сабақ түзуге қатысады.
Тереңдегі тамыр бүршіктері қосалқылық қызмет атқарады. Жер бетіндегі қызмет атқарушы бүршіктер жойылған жағдайда тереңдегі тамыр бүршіктері олардың орнын басады.
Бүгінгі күні өсімдіктер әлемін қоғау іс – шаралары бұл нашарлау тенденциялы үрдіске лайықты тосқауыл бола алмай отыр десек артық емес. Өйткені қорғау іс - шараларына қарамай, аталған өсімдіктер әлемінің қал ахуалы нашарлау үстінде. Сондықтан түрі мен саны азайып бара жатқан жантақ өсімдігін қорғауға алып, қамқолыққа алсақ, оның халықтық медицина саласының күшеюіне септігімізді тигізер едік. Қазіргі таңда жантақ өсімдігі қызыл кітаптан орын алып, қазақстандағы саны азайған өсімдіктер қатарынан табылуда. Осындай жайттарды ескере отырып мен төмендегіде ұсыныстарды ортаға салуды жөн көрдім.
Ұсыныстар:
Қазақстанда саны азайып бара жатқан емдік қасиеті жоғары саналатын жантақ өсімдігінің түрі көбейтілетін арнайы құрылғылар орнатылған питомниктер ашылса;
Жантақтың тамыры мен дәндерінен және жапырағынан дәрі - дәрмектер жасайтын фармацептикалық орталықтар көбейтілсе;
Жантақтың емдік қасиеттері мен пайдасы туралы оқулықтар жарық көрсе;
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Ол кім? Бұл не // Алматы, 1998 жыл. 108-109 бет//
Петров В.В Растительный мир нашей родины. М., -«Мир», 1991г.
Сыбанбеков Қ.Ж. Емдік өсімдіктердің сыры. Алматы. Қайнар. 1986 жыл
Қазақ совет энциклопедиясы Халықтық медицинадағы емдік шөптер //Алматы, 1986 жыл //
Түрлі өсімдіктердің пайдасы. // Алматы, 1988 жыл 79-82 бет//