Просмотр содержимого документа
«"Формула здоровья", »
«Денсаулық формуласы»
Денсаулық - …
бұл психологиялық, әлеуметтік
және тән саулығы.
«Формула здоровья»
Здоровье - …
это состояние физического,
психологического и
социального благополучия.
"Health formula"
Health - …
this condition physical,
psychological and
social wellbeing.
Қазақстан халқына жолдауында Президент таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi.
МАҚСАТЫ: «Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден- ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал жасау
Денсаулық
- дұрыс дем алу
- ерінбеу керек
- ниеттену
- спортпен айналысу
- ағзаны шынықтыру
- уақытты дұрыс ұйымдастыру
- лайықты өмір сүру
- ынта-ықылас алға жетелейді
- қозғалыс ағзаны шынықтырады
Денсаулық жөніндегі даналық ойлар :
Гиппократ:
“ Мөлшерден тыс тоқтық та,аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрі де денсаулыққа қолайсыз”.
Ибн-Сина :
” Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді”.
Салауатты өмір ережесі
Денсаулыққа кері әсер ететін зиянды заттардың бірі-АЛКОГОЛЬ. Бір сәттік құлқынның қызығы үшін көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан
МАСКҮНЕМДІК
Маскүнемдікке салыну ол
ессіздікке барудың
бірден бір жаттығуы
.
Пифагор
-Психикаға кері әсер етеді.
-Көптеген қиындықтар туғызады.
-Алкогольге тәуелді болу.
-Ағзаға тигізер зияны көп.
-Отбасынан ажырау.
- Заң бұзушылық.
- Ерте өмірмен қоштасу.
Алкогольдің адам өміріне туғызатын қиыншылықтары мен денсаулыққа зияны
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар отбасының , балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.