Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а эволюция туралы, тіршілікті? ал?аш даму кезе?дері туралы толы? ма?л?мат ?алыптастыру.О?ушыларды? д?ниетанымын, оз ойын жеткізе алу да?дысын, логикалы? танымын, биология п?нінен ?ызы?ушылы?ын дамыту.
(лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.
Эволюция
Эволюция
Ж.Б.Ламарктің эволюциялықтеориясы.
Ж.Б.Ламарк(1744-1829)
Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы
Жан Батист Ламарк
Биологияда XVII ғасырдың өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тіршіліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы тұтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі биологияда эволюцияның түсініктерінің басымдылығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.
Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға жәндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды.
Ламарк тұжырымдамасында кемшіліктер болды деп ойлайсындар ма?
Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк өте діншіл адам болды. Оның ігікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбірі тірі ағзаның бойына жетілуге ұмтылуды, жақсырақ болуға ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғанын ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін кұтан өз аяғын сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырып алады. Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз ұзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып, ұрпақ берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машықтанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мөлшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми коғамдастық кенінен мойындамаса да, шыңында төңкеріс жасағанын естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына қарамастан, құдайға тіл тигізген сияқты көрінді.