Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 2.Мұғалімнің түсіндіруі: Қылқан жапырақтылар ашықтұқымды өсімдіктер бөліміне жатады. Олардың бірнеше кластары бар. Солардың ішіндегі көп тарағаны қылқанжапырақтылар қатары. Бұл өсімдіктер халық шаруашылығында маңызды роль атқарады. Оларды егістікті қорғау үшін пайдаланады. Қылқанжапырақтылар оттегін бөліп, көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Үй бұйымдары, құрылыс материалдары, отын да солардан алынады. Қылқанжапырақтылардан шайыр, эфир майлары, дәрі –дәрмектер дайындалып, медицинада қолданылады. Қарағай, шырша, самырсында халық шаруашылығында маңызды роль атқарады. Бұлардан бағалы қағаз, талшық, жіп алынады. Балқарағайдың сүрегінен спирт, скипидар, бояу алынады. Жасыл бұтақтарын дәруменді малазық дайындап, үй жануарларына береді. Ал қабығынан шайыр алып, сағыз ретінде пайдаланады. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат – фитонцид алады. Ашықтұқымды өсімдіктер құстар мен жануарлардың жемі. Қазіргі уақытта ағаш сүрегімен қатар ағаш бұтақтары , жапырағы, қабығы және түбірі қолданылады. Бұдан 20-30 жыл бұрын ағаштан 5000 түрлі зат шығарылса, қазір 20000 – ға жуық зат шығарылады. Орманды қорғау – адамдар үшін гигиеналық, эстетикалық, мәдени мәселе. Қазақстан орманы тапшы ел. Сондықтан басты мәселе – ағашты үнемді пайдалану. Ағашты орынсыз кесіп, ысырапқа жол бермеу керек. Қазақстанның орман белдеулерін сақтау, оларды қорғап, көбейту қажет. Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің 3 түрлі тәсілі бар : егу, себу, табиғи жолмен қалпына келтіру. |