Ұйымдастыру кезеңі: | Сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал тудырту, топқа бөлу. | Оқушылар сәлемдеседі, тынышталып сабаққа дайандалады, топқа бөленді. |
Үй тапсырмасын қайталау: | Конверт сұрақ –әдісі: Экология нені зерттейді? Экологияның негізгі міндеттері қандай? Экология ғылымының зерттеу нысаны? Экологиялық факторлар қанша топқа жіктеледі? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Экология –тірі организмдердің бір –бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экологияның негізгі зерттеу нысандары - популяция, экожүйе және биосфера. |
Мағынаны тану: | Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау. Топтарға тапсырмалар беріледі. РАФТ –әдісі Температура Жарық Ылғалдық Әліпби желісі: Пойкилотермді организмдер – Гомойотермді организмдер – Анабиоз – Термофилдер – Психрофиттер – Ксерофиттер – Суккуленттер – Гигрофиттер – Мезофиттер – Гидрофиттер - | Оқушылар жаңа сабақтың мазмұнымен танысады. Топ болып жұмыс жасайды. Пойкилотермді организмдерге барлық омыртқасыздар, омыртқалылардан балықтар, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар жатады. Гомойотермді организмдерге құстар мен сүтқоректілер жатады. Бұл организмдер қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын реттеп отырады. Анабиоз – жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға кетеді. Термофилдер – жылусүйгіштер Психрофиттер – суықсүйгіштер Ксерофиттер – құрғақ сүйгіш өсімдіктер (сексеуіл, жусан, қылша, теріскен, сеуел, күйреуік) Суккуленттер – шырынжапырақ өсімдіктер (алоэ, агава, кактус) Гигрофиттер – ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер. Оларға тропиктік ылғалды орманда өсетін өсімдіктер жатады. Мезофиттер – ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер (беде, атқонақ, інжугүл, саумалдық) Гидрофиттер – төменгі бөлігі суда болатын немесе грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері (элодея, балдырлар). |
Ой толғаныс: | Тест тапсырмаларын орындау. 1.Организмдерге әсер етуші бейорганикалық ортаның құрамбөліктерінің жиынтығы. А. Абиотикалық факторлар В. Биотикалық факторлар. С. Антропогендік факторлар. 2. организмдер үшін ең маңызды факторлар. А. Жарық, топырақ, судың тұздылығы. В. Жарық, қар, топырақ. С. Жарық, температура, ылғалдылық. 3. Жарық сүйгіш өсімдіктер. А. Шырша. В. Қарағай С. Самырсын 4. Дене температурасы бірқалыпты емес организмдердің атауы. А. Гомойтермді В. Пойкилотермді С. Стенотермді 5.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. А. Сфагнум мүгі В. Сексеуіл С. Қызғалдақ | Жауабы. А С В А В |