Қолданылған технологиялар: АКТ элементтері, Шаталовтың тірек сызба элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут
-оқушылармен сәлемдесу
- кезекшіні анықтау
- оқушыларды түгендеу
- оқұ-құралдарын ретке келтіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бестік кімге бұйырады?» 5минут. 4 Конвертке
деңгейлік сұрақтар салу. Әр оқушы бір-бірін бағалау керек.
1. Организмнің ішкі өртасын ата
2. Қан қандай ұлпаға жатады?
3. Қан беруші адамды қалай атайды?
4. Қанның ұйымайтын, тұқымқуалайтын ауру қалай аталады?
5. Иммунитет теориясын, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?
6. Қанның түсі неге қызыл?
7. Қан жасушаларын атаныз
8. IV топтың қанын қандай топқа құйяды?
9. Ағзаның қорғаныштық қасиетке ие болуы қалай аталады?
10. 1 куб. мм эритроцитердің саны қанша?
11. Қанды қабылдаушы адам?
12. Адам ағзасында неше литр қан болады
13. Гемоглобиннің қызметі?
14. Қызыл қан жасушаларының түзілетін орыны?
№2 тапсырма. 8 минут
Бұл не?- ойыны. Ойынның шарты: әр оқушы партада берілген заттарды сыртқы құрылысы, құрамы жағынан ұқсастығы бойынша биологиялық мүшелермен салыстырып, сол мүшенің құрылысын сипаттап беруі ерек.
Берілген затар:
жаңғақ, жұмыртқа, су, қант, доп, пияз, түшбара
ІV. Жаңа сабақ. Жүректің , жұмысы. 10минут
І. Жүректің жұмысы – жүрек ырғақпен жиырылады. Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына шамамен 70-75 рет жиырылады. Екі құлақшаның да жиырылуы (систола) шамамен 0,1 сек созылады. Бұл уақытта олардағы барлық қан қарыншаға өтеді. Осыдан кейін құлақшалар босаңсиды, ал екі қарынша жиырылады да, қанды қолқа мен өкпен артерияларына айдайды. Қарыншалардың жиырылуы (систола) шамамен 0,3 сек созылады. Ал одан кейін олар босаңсиды (диастола) және бұдан кейінгі 0,4 сек уақыт бойы жүректің барлық бұлшықеттері босаңсыған күйде болады.
Жүректің қызметі жүрек циклінің алмасып отыруынан, ал олардың әрқайсысы үш кезеңнен тұрады. 1) құлақшаның жиырылуы(систола)
Жүрек бұлшықетімен қаңқа бұлшықеттерінің айырмашылықтары:
Ет талшықтары шоқтанып орналаспай, бір бірімен тор тәрізді жалғасып жатады.
Жүректің жиырылуы - бірыңғай салалы бұлшықеттердің сыртқы орта тітіркенгіштігіне байланысты емес, өздігінен еріксіз жиырылуы
Жүрек бұлшықеттері 2 түрлі болады: жиырылатын жасушалар, жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар.
ІІ. Жүрек жұмысының реттелуі – жүйкелік, гуморальді болып 2-ге бөлінеді.
Жүйкелік реттелу – вегетативтік жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.
Вегетативті – ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім.
Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан да оны кейде автономиялы деп атайды.
Вегетативті 2-ге бөлінеді:
Парасимпатикалық
Симпатикалық
Парасимпатикалық бөлімі – жүректің соғуын баяулатады, жиырылуы бәсеңдейді.
Симпатикалық бөлімі – жүректі соғысын жиілетеді, жиырылуын күшейтеді.
Гуморальдық реттелу – гормондардың әсері мол. Бұл заттар қанға өтеді де, ол арқылы жүрекке әсер етеді. Бүйрекүсті бездерінен бөлінетін адреналин гормоны жүректің жиырылуын тездетеді. Сонымен жүрек жұмысының реттелуі тек жүйке жүйесі ғана емес,қан арқылы берілетін белгілі бір химиялық әсерінен де байланысты. Сондай ақ кальций, калий тұздарының да әсері бар. Кальций жүрек жұмысын күшейтеді. Ал калий – баяулатады.
V. Бекіту. 4минут. Ойын «Жасырын сурет»
1. жұмбақтар жасыру
-Жанды матор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек, сердце, heart)
тарам – тарам бір ғылым,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бір адам.(Қан тамыр, кровеносный сосуд, bloog –uesse)
Қанмен бірге болады,
Өмірің онсыз солады. (Ауа, воздух, air)
№2 тапсырма. 3 минут
Көрініс
Бір адамның қолы жараланды сол кезде қан жасушаларының, яғни эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттердің сырттан келген бактерияларға қарсы іс –әрекеттің, көрініс ретінде көрсеттіңдер. Мысалы: қан плазмасы – қарапайым халық; эритроциттер – оттегі мен қоректік зат тасымалдаушы саудагерлер; лейкоциттер – бактериялармен шайқасқа түсітін жауынгерлер; тромбоциттер – жараны танып,өз денесімен жабатын құрылысшылар; бактериялар – сырттан келген қатігез жаулаушылар.
1. «Жүрек жұмысы»3минут
Қатысады 6 адам, төртеуі жүрек бөлімдері (оң және сол жақ жүрекшелер мен қарыншалар, екеуі – қан)
Қатысушылар 1-4 жұп пен тұрады, шеңбер құрады. Жүрек циклі 0,8с болғандықтан «1» деген де қан (5-6 қатысушылар) 1 қадам жасап жүрекшеге (1,2) түседі, 2-3-4 деген де «қан» қарыншаға ауысады (3-4), 5-6-7-8 деген де «қан» «жүрекшеден» шығып, бастапқа орына тұрады.
2 топ:
№3 тапсырма. Мағынаны тану. 5минут
«Кубизм» әдісі. 1.зерттеңіз. Зертханалықжұмыс.
Саусақты қатты қысып байлаудан қанайналымның бұзылуы.
Шығармашылық жұмыс. Әр топ дайындап әкелген сөзжұмбақтарын бір-біріне
жасырады. 2 минут.
VІ. Қорытынды.
«Рефлексия»
Нені оқыдың?
Нені үйрендің?
Келешекте нені білгің келеді?
VІІ. Үйге тапсырма. Зертханалық жұмыс қорытынды жазу. 1минут
«Жүрек- қантамырлары аурулары және олардың алдын алу» тақырыбында