Просмотр содержимого документа
«Жа?а Жыл- Жа?а Жыр »
Күні:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаңа Жыл- Жаңа Жыр 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. 1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімі Имандосов Мұрат Самұратұлының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге.
1-жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз балалар.
2-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер балалар. 1-жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер. Шырша сәнің көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Күй жырларды төгіңдер.
2-жүргізуші: Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар, Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар. Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние, О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар. Алмағазы Талғаттың орындауындағы «Қош келдің Жаңа жыл» әні.
1-жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
2-жүргізуші: Мектебіміздің бишілерін шақырайық, Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық. Бишілерімізді ырғалтып би билетіп, Қол соғып биік шыңға самғатайық-дей отырып, -7кл оқушыларын «Балалық шақ» биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. «Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн, Қанаттана кең алқапқа тарайды. 2-жүргізуші: Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп. Біз жаңа жылдарға қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. 1-жүргізуші: Аппақ тоңға оранып, Базарлықты мол алып. Келеді алыс сапардан, Аяз ата оралып. 2-жүргізуші: Келді Аяз атамыз, Қасында Ақша қары бар. Қызыққа әбден батамыз, Қарсы аламыз баршамыз. 1-жүргізуші:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет) 2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА. 1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР. АЯЗ АТА: Амаңсыңдар ма, ұлдарым, Амансыңдар ма қыздарым. Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем билерің. Асулармен алыстым, Асау желмен жарыстым. Шыршамызға асығып, Өздеріңмен табыстым. АҚШАҚАР: Армысыздар, оқушылар, ата-ана, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. 2-жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз. 1-жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын, Қиналып әр отбасы тарықпасын. Аяз ата бүгінгі келген күндей Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп басшысы Сейсенов Ғалымбек ағайдың жылы лебізін тыңдасақ. 2-жүргізуші: Ән «Катюша». Орындайтын 7 сынып оқушысы :Жумаева Жулдыз 1-жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып, Жасаймыз той жылда бір. Жарқын-жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр. ТАҚПАҚТАР. 2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, Әрқашан мерекелік көңіл болсын. Кеудеміз күмбірлеген жырға толып, Қане, достар, күлкімен орта толсын. Ажгереева Гүлназдың орындауында «Испан биін» қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақының тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі – істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
2-жүргізуші: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым. Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін. Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен, Жарқырап әне алдымнан шықты күнім. Оспан Эланораның орындауындағы «Аппақ гүлдер» әнін қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: Асыға күткен жаңа жыл, Кел жаңа жыл, жаңа жыл Жаңа заман, жаңа айлар Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл 2-жүргізуші: Шырша қандай керемет, Ойыншықтар ілінген. Жымың қағып шамдары, Бүкіл қызық тірілген-дей келе Байсалбай Мағжанның орындауындағы «Ел қорғауға әзірміз» әнің қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: Жарқырайды жан-жағым, Жаңа жылдық киіммен, Жаңа жылдың сыйлығын, Жеңіп алғың өнермен--кл оқушыларның «Сұлтан» биін қабыл алыңыздар. АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар. АҚШАҚАР: Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше. Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар. 2-жүргізуші: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым. Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын. Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысың 1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр. Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр. Құт болып береке бер халқымызға Мерейін мәртебесін биікке асыр. 2-жүргізуші: Міне, жаңа 2015 жыл да келді. Ал 2015 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын. 1-жүргізуші: Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл болсын. Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық. Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.