kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Ерлікке ұран, елдікке нышан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай                  

Эссе

Ерлікке ұран, елдікке нышан

Желтоқсан көтерілісінің ащы дәмі-Тәуелсіздігіміздің тәтті жемісін берді. Сан жылдар бойы қазақ халқының ойынан кетпей жүрген асыл арманы ақиқатқа айналды. Бір отбасының өмір сүру дағдысын мысалға алсақ береке, бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігі бар отбасы іргелі әулетке, өсіп-өнген шаңыраққа ұласады.

Күнде жанжал, болмашыдан дау, тудырған үйден береке қашып, қабырғалы шаңырақ, қаралы молаға айналмай ма? Мемлекетімізде өзінің ырыс шақырған ынтымақшыл ел екендігін, жұмылса жұдырық бола білер ел екендігін айдай әлемге танытты.

Желтоқсан көтерілісіне орай жүректі аяусыз тілгілеген қасіретті көрініске қатысты әңгіме айтқым келіп отырған жоқ. Ол күнді қайта халқымыздың басына бермесін.

Айтқым келгені Алматыдағы Желтоқсан көшесі (бұрынғы ул: Мира) бойынан желтоқсан көтерілісіне арналған ескерткіштің ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Желтоқсан көтерілісі ерліктің ғана емес, елдіктің де нышаны» деген болатын. Бұл Елбасы тарапынан берілген үлкен баға десек болады.

Парламент депутаттары да желтоқсан көтерілісіне қатысты айтарлықтай күрделі мәселелер көтерді. Алайда бүгінгі күнге дейін белгілі шешімін таппай келеді. Сол мәселелердің бірі «Желтоқсан көтерілісі туралы құжат қабылдау» аса маңызды шараның бірі.

Елбасымыз айтқандай ерлікке ұран, елдікке нышан болған бұл көтеріліс қазақ халқының сол уақыттағы жастарының бойында ұлтжандылық намыстың дәні қашанда бар екенін, кез-келген сын сағаттарда елім деп еңсе көтере алатынын айқын білдірген еді.

Сол жылдары қазақ жастарының  тоталитарлық жүйеге қарсы бас көтеруі жарқын болашақтың алтын қақпасын тек қазақ халқына ғана емес, қазақ халқымен тағдырлас 15 республикаға айқара ашып берді, Арада бес жылға жетер жетпес уақыт ішінде КСРО-дан көптеген мемлекеттер бөлініп, бодандықтың болат шынжырын үзе бастады.

Бүгінгі күнде біздің елдің тұрғын халқы екі идеологиямен ескіше де, жаңаша да жүйемен тыныс алып келе жатыр. Арада 29 жыл, келесі жылы отыз жыл толады, әлі де көпшілігінің бойында үрей бар. Ең бастысы, дәл сол ызғарлы желтоқсанда қазақ жастары ұлттық намысты патриоттық сезімен қорғап қала білді.

Бізге ендігі сәтте өзге мемлекеттерден оқ бойы озып, алдыңғы қатарлы елдер қатарынан көріну үшін ең бастысы ауыз біршілігіміз бен береке-бірлігіміз.

Қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің есігін ашып ішіне үңілейікші «бізге алдымен не керек?» «Не кемшілігіміз бар, неден аулақ болуымыз керек?» деген сауалдарға зер салайықшы. Алдымен бізге қажеттісі ел ішіндегі тұрақтылық. Ол дегеніміз өзіміздің бабаларымыздан келе жатқан асыл дініміздің айналасынан табылу, өзге діннің жетегінде кетпеу. Сол өзге дін арқылы өзге мемлекеттерге «жұмақ» іздеп кеткен қандастарымыз, өскелең ұрпаққа не тәрбие береді. Ұл-қызына ше? «Әкең мен атаң соғыс іздеп кетті» деп қалай айтарсын. Экстремизм мен терроризмнің оты ұшқындап тұрған мына заманда халқымыз бейбітшілік пен тыныштықтың қадіріне жете білуі керек. Ол үшін ұлттық тәрбие, отбасында немересі интернет пен компьютердің қасынан емес, ата мен әженің қасынан табылуы керек-ақ. Олардың өнегелі тәлім-тәрбиесін, шежірлі әңгімесін, жүріс-тұрысынан үлгі алуы керек. Тұрақтылықтың рухы балаға өз қарашаңырағынан дариды. Жемқорлық, пен парақорлық дерттерінен әрбіріміз аулақ бола білсек болар еді. «Оңай олжа орға жығар» дегенді сенімен біздің бабаларымыз айтқан. Сондықтан да бес күн жалғанда адам деген атқа, азамат деген затқа дақ түсірмей өту асыл істің бірі емес пе?! Мақтаншақтық, дарақылық, өсек, өтірік, күндестік, көре алмаушылық деген қасиетсіз қылықтар адам деген атқа жабысумен келеді. Бұл қылықтардан құтылудың бір-ақ жолы бар. Ол бұл пәни жалғанда дүние, байлықтың ешкімге опа бермесін түсіне білуі арқылы түсінік- пайымын кеңейте алса ғана әдепсіз қылықтардан адалана аламыз.

Бізге керегі ұлан ғайыр  даламызды, айдай ажарлы қалаларымызды аманаттап кетер ұрпағымызға дұрыс бағыт-бағдар беру, мен аудан көлеміндегі желтоқсаншыл қыз-жігіттерге ұдайы айтып отыратын сөзім: «Бізге мемлекет не береді демейік, біз оған не бере аламыз? деген ұғыммен жұмыс жасайық. Жыл сайын аудан-қала мектептерінде 10-18 желтоқсан аралығында қызу шақырыс басталып, кездесулер мен дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары 365 күннен 8 күні болып, жанталасып өтеді де қалған 357 күн тып-тыныш бола қалады. Сонда бізге патриоттық тәрбие 8 күнмен шектеледі ме? Ұлы Отан соғысы, ауған соғысы, чернобылдықтар, Семей полигоны сияқты ардагерлер ұйымдарымен де осылай жұмыс жасалады.

Біз бұл мәселеде жыл бойы тұрақты жұмыстар мен іс-шаралар жүргізуге ат салысып келеміз. Мектеп кітапханаларымен, оқу орындарымен (2 кәсіби мектепте), мектеп оқушыларымен бірнеше жоспар жасап, жастарға отаншылдық, патриоттық тәрбие беруде қолдан келер істер атқарудамыз. Патриоттық тәрбие беру дәл бүгінгі Тәуелсіздік таңында қолға жалау алып айқайлап көшеге шығу емес.

Ұлттық салт-дәстүріміз, әдеп-ғұрпымызда қалып бара жатқан ескі үрдістерімізді жаңалау, қалпына келтіру, ел ішіндегі көне кітаптар, ел аузында қалған ескі сөздер, мақал-мәтелдер, шежірелер, күйшілік, әншілік дәстүр, жер-су, өзен-көл, тау-тас атауларын іздестіру мәселелері патриоттық рухтың құнды бөлшегі, отаншылдық сезімнің басты бөлігі дер едім. Бізге Мәңгілік Ел болу мұраты қол бұлғап тұр. Рухы биік ұлт, далалық ұлан болуымыз үшін ұлтжандылық қасиетті қайтсек те жас ұрпақтың бойына сіңіре беруіміз керек. Сонда Мәңгілік Ел ұшпаққа шығып ұлы мемлекеттер қатарынан көріне алады.

                                                                Чонаева Лаура Кахарманкызы

БМ «Тамос Эдьюкейшн» мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Ерлікке ұран, елдікке нышан"»

Айтқым келгені Алматыдағы Желтоқсан көшесі (бұрынғы ул: Мира) бойынан желтоқсан көтерілісіне арналған ескерткіштің ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Желтоқсан көтерілісі ерліктің ғана емес, елдіктің де нышаны» деген болатын. Бұл Елбасы тарапынан берілген үлкен баға десек болады.

Парламент депутаттары да желтоқсан көтерілісіне қатысты айтарлықтай күрделі мәселелер көтерді. Алайда бүгінгі күнге дейін белгілі шешімін таппай келеді. Сол мәселелердің бірі «Желтоқсан көтерілісі туралы құжат қабылдау» аса маңызды шараның бірі.

Елбасымыз айтқандай ерлікке ұран, елдікке нышан болған бұл көтеріліс қазақ халқының сол уақыттағы жастарының бойында ұлтжандылық намыстың дәні қашанда бар екенін, кез-келген сын сағаттарда елім деп еңсе көтере алатынын айқын білдірген еді.

Сол жылдары қазақ жастарының тоталитарлық жүйеге қарсы бас көтеруі жарқын болашақтың алтын қақпасын тек қазақ халқына ғана емес, қазақ халқымен тағдырлас 15 республикаға айқара ашып берді, Арада бес жылға жетер жетпес уақыт ішінде КСРО-дан көптеген мемлекеттер бөлініп, бодандықтың болат шынжырын үзе бастады.

Бүгінгі күнде біздің елдің тұрғын халқы екі идеологиямен ескіше де, жаңаша да жүйемен тыныс алып келе жатыр. Арада 29 жыл, келесі жылы отыз жыл толады, әлі де көпшілігінің бойында үрей бар. Ең бастысы, дәл сол ызғарлы желтоқсанда қазақ жастары ұлттық намысты патриоттық сезімен қорғап қала білді.

Бізге ендігі сәтте өзге мемлекеттерден оқ бойы озып, алдыңғы қатарлы елдер қатарынан көріну үшін ең бастысы ауыз біршілігіміз бен береке-бірлігіміз.

Қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің есігін ашып ішіне үңілейікші «бізге алдымен не керек?» «Не кемшілігіміз бар, неден аулақ болуымыз керек?» деген сауалдарға зер салайықшы. Алдымен бізге қажеттісі ел ішіндегі тұрақтылық. Ол дегеніміз өзіміздің бабаларымыздан келе жатқан асыл дініміздің айналасынан табылу, өзге діннің жетегінде кетпеу. Сол өзге дін арқылы өзге мемлекеттерге «жұмақ» іздеп кеткен қандастарымыз, өскелең ұрпаққа не тәрбие береді. Ұл-қызына ше? «Әкең мен атаң соғыс іздеп кетті» деп қалай айтарсын. Экстремизм мен терроризмнің оты ұшқындап тұрған мына заманда халқымыз бейбітшілік пен тыныштықтың қадіріне жете білуі керек. Ол үшін ұлттық тәрбие, отбасында немересі интернет пен компьютердің қасынан емес, ата мен әженің қасынан табылуы керек-ақ. Олардың өнегелі тәлім-тәрбиесін, шежірлі әңгімесін, жүріс-тұрысынан үлгі алуы керек. Тұрақтылықтың рухы балаға өз қарашаңырағынан дариды. Жемқорлық, пен парақорлық дерттерінен әрбіріміз аулақ бола білсек болар еді. «Оңай олжа орға жығар» дегенді сенімен біздің бабаларымыз айтқан. Сондықтан да бес күн жалғанда адам деген атқа, азамат деген затқа дақ түсірмей өту асыл істің бірі емес пе?! Мақтаншақтық, дарақылық, өсек, өтірік, күндестік, көре алмаушылық деген қасиетсіз қылықтар адам деген атқа жабысумен келеді. Бұл қылықтардан құтылудың бір-ақ жолы бар. Ол бұл пәни жалғанда дүние, байлықтың ешкімге опа бермесін түсіне білуі арқылы түсінік- пайымын кеңейте алса ғана әдепсіз қылықтардан адалана аламыз.

Бізге керегі ұлан ғайыр даламызды, айдай ажарлы қалаларымызды аманаттап кетер ұрпағымызға дұрыс бағыт-бағдар беру, мен аудан көлеміндегі желтоқсаншыл қыз-жігіттерге ұдайы айтып отыратын сөзім: «Бізге мемлекет не береді демейік, біз оған не бере аламыз? деген ұғыммен жұмыс жасайық. Жыл сайын аудан-қала мектептерінде 10-18 желтоқсан аралығында қызу шақырыс басталып, кездесулер мен дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары 365 күннен 8 күні болып, жанталасып өтеді де қалған 357 күн тып-тыныш бола қалады. Сонда бізге патриоттық тәрбие 8 күнмен шектеледі ме? Ұлы Отан соғысы, ауған соғысы, чернобольдықтар, Семей полигоны сияқты ардагерлер ұйымдарымен де осылай жұмыс жасалады.

Біз бұл мәселеде жыл бойы тұрақты жұмыстар мен іс-шаралар жүргізуге ат салысып келеміз. Мектеп кітапханаларымен, оқу орындарымен (2 кәсіби мектепте), мектеп оқушыларымен бірнеше жоспар жасап, жастарға отаншылдық, патриоттық тәрбие беруде қолдан келер істер атқарудамыз. Патриоттық тәрбие беру дәл бүгінгі Тәуелсіздік таңында қолға жалау алып айқайлап көшеге шығу емес.

Ұлттық салт-дәстүріміз, әдеп-ғұрпымызда қалып бара жатқан ескі үрдістерімізді жаңалау, қалпына келтіру, ел ішіндегі көне кітаптар, ел аузында қалған ескі сөздер, мақал-мәтелдер, шежірелер, күйшілік, әншілік дәстүр, жер-су, өзен-көл, тау-тас атауларын іздестіру мәселелері патриоттық рухтың құнды бөлшегі, отаншылдық сезімнің басты бөлігі дер едім. Бізге Мәңгілік Ел болу мұраты қол бұлғап тұр. Рухы биік ұлт, далалық ұлан болуымыз үшін ұлтжандылық қасиетті қайтсек те жас ұрпақтың бойына сіңіре беруіміз керек. Сонда Мәңгілік Ел ұшпаққа шығып ұлы мемлекеттер қатарынан көріне алады.

Чонаева Лаура Кахарманкызы

БМ «Тамос Эдьюкейшн»мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе "Ерлікке ұран, елдікке нышан"

Автор: Чонаева Лаура Кахарманкызы

Дата: 10.12.2016

Номер свидетельства: 367864


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства