Сабақтың басы 14 минут Сабақтың ортасы 20 минут Сабақтың соңы 6 минут | Мұғалім оқушылармен амандасады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: -Көңіл күйлеріңіз қалай? Топқа бөлу. «Есімдер ұяшығы» әдісі. Оқушылар есімдерін берілген ақ бетке жазады, мұғалім жинап, топқа бөледі: 1-топ: Шәкәрім Құдайбердіұлы; 2-топ: Ахмет Байтұрсынов; 3-топ: Мұхтар Әуезов. Үй тапсырмасын тексеру. «Ғажайып қалпақ» әдісі. Оқушылар сары, көк, ақ қалпақты таңдайды: Ақ қалпақ – үй тапсырмасына жауап береді; Сары қалпақ – сұрақтар қояды; Көк қалпақ – тексеріп, бағалайды. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі Қызығушылықты ояту. «Ой түрткі» әдісі. -Оқушылар, сіздерге кімдердің суреттері үлестірілді? -Олар туралы қандай ақпарат білесіздер? -Не үшін ақын-жазушы негізінде топқа бөліндік? Жаңа материал. «Абай және оның шәкірттері. Абай шығармаларының зерттелуі» «Жүзден жүйрік» сайысы. Оқушылар берілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. 1-ұяшық: Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары 2-ұяшық:Абайдың өмірге келген жері 3-ұяшық:Абай мұраларын зерттеушілер 4-ұяшық:Абайдың ақын шәкірттері 5-ұяшық:Шығыс ақындарынан кімдерді оқыды? 6-ұяшық:Қай тілдерді жетік меңгерді? 7-ұяшық:Абай Құнанбаевтың поэмаларын ата. 8-ұяшық:Кімдердің шығармаларын аударды? 9-ұяшық:Абайдың отбасы туралы баянда. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. «Жидашылық» сайыс. Оқушылар берілген уақыт ішінде мәліметтерді оқып, пысықтап, буклет құрады. 1-топ: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 2-топ: Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» 3-топ: Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы Дескриптор -Буклет құрастыру; -Автор бейнесін көрсету; -Эпизодқа талдау жасау; -Орфография, калиография талаптарына сай болу; -Мәлімет бойынша 6 сұрақ құрастыру. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. «Шығармашылық» сайыс «Абай мұрасын зерттеушілер» тақырыбында эссе жазу(сөз көлемі 90-100 сөз) Эссе талаптары: -Тақырыпты ашады; -Сөз көлемін сақтайды; -Нақты деректерден мысал келтіреді; -Тұрақты тіркес, мақал-мәтел, қанатты сөздерді қатыстырады; -Орфографиялық, калиографиялық талаптарды ескереді. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. Рефлексия. «Пікір білдір» әдісі Тақырып бойынша түйгенім | Сабақта қызықты болды | Сабақта қиын болды | | | | Үйге тапсырма. Эссе талаптарын ескере отырып, «Абай мұрасын зерттеушілер» тақырыбында эссе жазу Бағалау.Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. Бірін-бірі өзара бағалайды. | Оқушылар амандасып орындарына отырады. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. -Жақсы Топқа бөлінеді. 1-топ: Шәкәрім Құдайбердіұлы; 2-топ: Ахмет Байтұрсынов; 3-топ: Мұхтар Әуезов. Үй тапсырмасына жауап береді. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі -М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов - М. Әуезов-жазушы, ұстаз, ғалым, Ш. Құдайбердіұлы-ақын, азгер, Абайдың шәкірті, А. Байтұрсынов-ақын, публицист -Себебі, үш тұлғада Абайтанушы, шәкірті. Жаңа материалды дәптерге жазады. «Жүзден жүйрік» сайысы. 1-ұяшық: 1845-1904 жж 2-ұяшық:ШҚО, Абай ауылы 3-ұяшық:А. БАйтұрсынов, Қ. Мұхаммеджанов т.б. 4-ұяшық:Шәкәрім, Көкбай 5-ұяшық:Низауи, Фирдауси 6-ұяшық:араб, парсы, шағатай 7-ұяшық: «Масғұт», «Әзім әңгімесі», «Ескендір» 8-ұяшық:Лермонтов, Крылов, Шығыс ақындарының шығармаларын 9-ұяшық:Құнанбай-әкесі, Ұлжан – анасы, Зере – әжесі. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. «Жидашылық» сайыс. Оқушылар берілген уақыт ішінде мәліметтерді оқып, пысықтап, буклет құрады. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. Қ/Б. «Тәтті таяқшалар» әдісі. «Пікір білдір» әдісі бойынша әр оқушы өз түсінгендерін айтады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. Оқушылар бағаланады. | Проектор, слайд, оқулық, дәптер Портрет, ақ бет, түрлі түсті қалам Қалпақ, слайд, проектор Бағалау таяқшалары Слайд, проектор, портрет Слайд, проектор, ұяшықтар Бағалау таяқшалары Буклет, мәлімет, түрлі түсті қағаз, қалам, маркер, фламастер Бағалау таяқшалары Слайд, проектор Бағалау таяқшалары Слайд, проектор Күнделік, слайд Бағалау таяқшалары |