kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторский материал на тему "Талант дегеніміз - мінез"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Талант дегеніміз – мінез.

Адамны? бойынада?ы ?асиеттерге берілген ??ламаларды? аны?тамалары к?п.Соны? ішінде «талант дегеніміз мінез» деген ?исын ??лама ?алым ?айым М?хаметхановты? жеке басында да, оны? ?мірлік жолында да, ?ылыми шы?армашылы? е?бектеріне де ?аратыла айтыл?ан сия?ты.Шынды?ында да, мінезсіз талант-?анатсыз ?ыран, жер бауырлап к?теріле алмайды. Ал Шабытты ?олдан жасай алмайсы?. Ол кісі шынды? ?шін басын б?йгеге тігуден де ?оры?па?ан. ?айым М?хамедхановты? ?мірбаянына ?ыс?аша то?тала кетсек 1916 жылы 5-?а?тарда ?азіргі Жа?асемейде, б?рын?ы «Заречная слободка» атал?ан жерде д?ниеге келген. ?айым М?хамедханов бала кезінен ?аза?ты? біртуар азаматтарыны? т?рбиесін к?ріп ?скен. О?ан себепкер бол?ан ?алымны? ?кесі М?хамедхан Сейіт??л?лы бол?ан. М?хамедхан Сейіт??л?лы ?з ша?ыра?ына Алаш к?семдеріні? басын жиі ?осып, оларды? ат басын тірейтін ?лкен ?йлері ретінде, ке?ес ??ратын ордалары ретінде белгілі бол?ан. Осындай ?лкен бас?осулар танымал а?ындар мен ?ншілерді? де ?з ?нерлерін сынайтын, танылатын жері бол?ан. ?аза?ты? халы? ауыз ?дебиетіні? мол м?ралары к?ні-т?ні жырланып, ?ні шыр?алып жат?ан ?а­сиетті ортадан жас ?айымны? алар т?лім-т?рбиесі де мол болды.

М?хамедхан Сейіт??л?лыны? ша?ыра?ында Алаш к?семдері ?лихан Б?кейханов, Міржа?ып Дулатов, Ахмет Байт?рсынов, Ж?сіпбек Аймауытов, С?лтанмахм?т Торай?ыров, М?хтар ?уезов жиі келіп, отырысты? м?нділігін арттыратын. ?айым М?хамедхановты? ?мір жолында?ы ?лтжандылы?, на?ыз ?лтшылды? ба?ытты? ?алыптасуына осындай ма?ыналы бас?осуларды? да себебі бол?анды?ын ?алым естеліктерінен білеміз. ?айым М?хамедханов 1924-1928 жылдары Жа?асемей ?ала­сында?ы бастауыш ?аза? мектебінде о?иды. 1929-1932 жылдарда Семей ?аласы колхоз жастары мектебінде білімін жал?астырады. 1936-1937 жылдары м??алімдер даярлайтын курста о?иды. Ал 1938-1941 жылдары Семей педагогикалы? институтында о?иды. ?алымны? е?бек жолы да педагогикалы? о?у орнымен ты?ыз байланыста дамыды. ?за? жылдар (50 жылдан астам уа?ыт) болаша? ?дебиетші мамандарды дайындау?а талмай е?бек сі?ірген ?алымны? а?а ш?кірт­теріні? ?здері де б?гін ?лкен ?алымдар мен ?стаздар ?атарында.

?.М?хамедхановты? ?дебиетші-?алым ретіндегі ерекше ?асиетін айтатын болса?, ол азаматты? к?з?арасыны? тере?дігінде, адалды?пен атасып жат?ан парасатында ж?не болаттан да т?зімді ?айсарлы?ында. Ол ?зіні? ?ылыми пікірлерін айту?а, д?лелдеуге, жариялау?а, ?ор?ау?а келгенде ?те ?атал бола білген. Ондай с?ттерде ол ?зін де ?згені де аяма?ан.

?ылым?а ат ізін сал?ан елу жыды? к?леміндегі індете зерттеп,иіріміне ??іліп, иін ?андыра айналыс?ан та?ырыбы, е? арналы ?мірлік ма?саты мен м?раты ?айым М?хамедханов ?шін – Абай поэзиясы.Ол ?лы а?ынны? творчествосыны? барлы? саласына  ат салысып, ты? т?жырымдар, пікірлер ?сынып келді. Абай ?ле?дерін жинаушы, Абай м?расыны? жазылуы, басылуы тарихын зерттеген историограф, ?ш-т?рт басылымына т?сініктеме жаз?ан библиограф, Абай шы?армаларыны? д?рыс жазылуын ж?йелеген текстолог, Абай ж?не оны? а?ынды? д?ст?рі ха?ында монографиялы? е?бек бітірген теоретик, сол заманда?ы ?о?амды? ?арым–?атынасарды зерттеген тарихшы, сол д?уірдегі ?деби н?с?аларды,ел аузында?ы жыр ?ле?ді, ??гіме –а?ызды ?а?аз?а т?сірген фольклорист.

Ол шы?армашылы? жолын а?ын ретінде бастап,?аза? ССР-ні? мемлекеттік гимні? авторларыны? бірі болды. «Абай шы?армаларыны? текстологиясы», «А?ын Ма?ауия ??нанбаев», «Абайды? а?ын ш?кірттері», «Абай м?рагерлері», «Перне», «Майданнан-майдан?а», «Комиссар ?аббасов» атты пьесалары сахнада ?ойылды. ?дебиетіміз бен м?дени тарихымызды? к?кейтесті м?селелерін ?оз?айтын ж?зден астам ма?ала, зерттеулері бар.

Егер атал?ан ?р е?бекті жеке с?рыптап, сала?а б?лсек, салма?ын ба?аласа?, бір ?алымны? халы?, ?о?ам алдында?ы парызын ?теуге осы е?бектер де азды? етпес еді. Алайда білімге мар?аю, ізденіс шиыр?а бой алдыру о?ан т?н мінез емес еді. Ол сонау ежелгі ?дебиет тарихынан бастап, б?гінгі к?нгі М?хтар ?уезов шы?армаларыны? толы? басылымына дейін ?зіні? зерттеу объектісіне айналдырды.

?.М?хамедхановтан білім ал?ан ш?кірттеріні? кез келгені ?алым а?аны? адамгершілікке толы а? ж?регіні? л?пілін ?азірге дейін сезінеді. Семей ??ірінде ?деби ?лкетану м?селесіне, оны? ішінде Абайды? а?ынды? мектебіне байланысты ?ылыми-зерттеумен айналысып ж?рген кейінгі буын ?алымдарды? т?геліне дерлік ?айым М?хамедханов сал?ан жолмен ж?руді д?ст?рге айналдыр?ан. Б?л ?алымдарды? ?з ?ылыми т?жырымдарыны? жо?ты?ынан емес, ?айта а?а ?рпа? ретінде ?айым а?аны? М.?уезов ?лгісімен сал?ан ?ылыми концепциясыны? д?рысты?ында. Осы орайда ?алымны? ?аза? ?дебиеттану ?ылымында?ы іргелі мектеп болып саналатын Абайды? а?ынды? айналасына арнал?ан «Абай айна­ласында?ы а?ындар» (1950ж.) атты монографиясы, «Абайды? а?ын ш?кірттері» (1993-1997) деген ?ылыми-зерттеулері ?дебиет тарихы ?ылымыны? жа?а бір беттері болып ашылды. Абай мектебіні? талантты ?кілдері А?ылбай, Ма?ауия, Т?ра??л, К?кітай, К?кбай, У?йіс, ?ріп, ?сет ж?не та?ы бас?а ?аза? ?дебиетіні? к?рнекті ?кілдеріні? шы?ар­маларыны? жиналып, баспа?а дайындалуына ж?не іргелі ?ылыми-зерттеулерді? нысанына айналуына ?айым М?хамедхановты? тікелей ы?пал еткені рас. 

?лы Абайды? 150 жылды? мерейтойы ?арса?ында ат?арыл?ан ірі-ірі ?ылыми-зерттеу­лер мен абайтану саласында?ы ты? жа?алы?тар да ?айым М?хамедханов есімімен байланысты. 1995 жылы Абай шы?армаларыны? екі томды? академиялы? жина?ы текстологиялы? жа?ынан д?рыстал?ан н?с?асымен шы?уына да ?алым а?а ?з ?лесін ?осты. Осы жылы жары??а шы??ан «Абай» энциклопедиясыны? редакциялы? ал?асын бас?ар?ан ?айым М?хамедханов б?л басылымны? да ма?ыналы, м?нді болуы ?шін к?п тер т?кті. ?міріні? со?ына дейін Абай мектебі мен абайтану м?селесіне байланысты талмай е?бектенген ?алым ?шін энциклопедияны? ?р ма?аласы ма?ызды болды. Ма?алаларда?ы м?селелерді? тарихилы?ы мен на?тылы?ы, Абайды? а?ынды? мектебінен т?жірибе ал?ан ?р а?ын мен жеке т?л?аларды? шы?армашылы? ?мір жолы туралы ты? деректерді? сарапталып, баспа?а т?суіне аса м?н берген ?алым е?бегі на?тылы ба?асын алды. Абайды? мерейтойы кезінде ?алымны? ?за? жыл?ы е?бегі ба?аланып (1996 жылы) Халы?аралы? Абай академиясыны? «Алтын медалы», ?аза?стан Жазушылар ода?ыны? Халы?аралы? «Алаш» ?деби сыйлы?ы беріліп, е? бастысы, ?Р Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты атанды ?айым М?хамедхановты? ?ылыми-зерттеу е?бектеріні? к?бі ?деби ?лкетану ба?ытында болды. ?аза? ?дебиетінде ?лкелік ?дебиет тарихыны? ?ол?а алынып, зерттеле бастауына М.?уезов ?йыт?ы болса, ?.М?хамедханов ?зіні? ?ылыми шы?армашылы? жолында ?немі осы ба?ытты назарда ?ста?ан ?алым.

 ?аза? ?дебиеттану ?ылымы, абайтану, ?лкелік ?дебиеттану, ?аза? ?дебиетіндегі текстология м?селелерін ?. М?хамедханов е?бектерінсіз елестету м?мкін емес. ?алым а?а?а берілген б?л ба?адан шы?армашылы? е?бектеріні? сан тарау, сан салалы екенін бай?ау?а болады. ?сіресе, Абай шы?армаларыны? тарихы мен текстологиясы туралы с?з еткенде, ?.М?хамедханов е?бектерін назарда ?стамау м?мкін емес. М?селен, Абайды? ?ш поэмасыны? бірі «?зім ??гімесі» туралы ?.М?хамедханов ?з ойын білдіреді. Ол шы?арманы? Абай ?аламынан шы?па?аны туралы айтады. Ж?не о?ан бірнеше д?лелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайды? Ыс?а?ы деген Абай айналасында?ы а?ындікі дейді. Біра?, ?лі к?нге дейін б?л м?селеге ??іле назар аударып, зерттеген ?алымдар жо?. М?ны? ?зі абайтануда алынбай жат?ан белестерді? мол екені мен ?.М?хамедхановты? ?ылыми ой-т?жырымдарыны? тере? де ма?ыналы?ын білдіреді. Б?л бір мысал ?ана («Абай шы?армаларыны? текстологиясы». 1959 ж., 77-бетте). Абай ?ле?деріні? текстологиялы? зерттеулерінде де ?.М?хамедханов ?зіні? телегей білімі мен ?алымды? парасатын танытты. ?алым Абайды? «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «К??ілім ?айтты достан да, д?шпаннан да», «Сегіз ая?», «?ансонарда», «Сап-сап к??ілім», т. б. к?птеген ?ле?деріні? текстологиясымен ?атар кімге арнал?аны, ?айда шы??аныны? тарихын да на?тылы, ты? т?жырымдар ар?ылы д?лелдейді. Абай ?ле?дер жина?ыны? академиялы? басылымдарында ?.М?хамедханов дайында?ан т?сініктемелерде де на?тылы? пен ?ылыми талдауды? жа?а ?а?идаларын к?реміз. Б?л зерттеулер болаша? ?дебиет теориясы мен ?дебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-а?, ?алым Ш?к?рім ??дайберді?лыны? да шы?армаларыны? текстологиялы? жа?ынан д?рыс басылуына, ?ле?деріні? хронологиялы? д?рыс орналасуына арнап бірнеше ма?ала жазды. Сол ма?алаларыны? ?зі б?гінгі ш?к?рімтану ?ылымыны? жа?а белесіні? ты? пара?тары болып ашылды.

К?рнекті ?алым ?айым М?хамедхан?лы ол – алаш арыстарыны? со??ы т?я?ы, білімдарлы?ымен ??ламалы??а жеткен жан.Тірісінде М?хтардай ?лы ?стазыны? ?сиетін ?міріні? ?зегіне айналдырып Абай шы?армашылы?ын зерттеуге б?кіл ??мырын арна?ан. ?аза? хал?ыны?  рухани ізденістеріні? жар?ын к?рінісі бола отырып, ?о?амды? ой-сана, пікір – т?жырымдарды?  биіктей ?ркендеуіне ерекше ы?пал етті.

 ?аза?ты? ?айсар ?лдарыны? бірегейі к?рнекті ?алымы,абайтанушы,?дебиет тарихшысы,та?дырлы т?л?а, профессор,?аза?стан Республикасы Абай атында?ы Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты ?айым М?хамедхановты? ?мірі мен ?ылыми ?ызметі б?гінгі жастар?а ?лгі, ?неге. ?айым М?хамедханов е?бегін насихаттау ?айым ?шін емес, болаша? жастар ?шін керек. Ендеше, б?л іс-шаралар жал?асын таба береді деп ойлаймын.

Пайдаланы?ан ?дебиеттер

  1. М?хамедханов ?. ?аза? ССР 4- том. ?ыс?аша энциклопедия.-Алматы, 1989.

2. М?хамедханов ?. Советтік ?аза?стан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.

3. М?хамедханов ?. Абай ш?кірттері // Парасат.-1995.

4. М?хамедханов ?. М.Дулатов // ?аза? ?дебиеті.- 1989.

5. М?хамедхан?лы ?. Абайды т???ыш рет баспас?зде таныт?ан ?. Б?кейханов // Т?ркістан.-1995.

6. Ибрагимов Абай мектебіні? о?ытушысы // Семей та?ы.- 1996.- 16 ?а?тар.

7. Иса?лы А. ?ылым ж?лдызы // Семей та?ы.- 2001.- 26 ?а?тар.- 3 б.

8. Ж?ртбай Т. Абайды? інісі, Алашты? ірісі // Ертіс ??ірі.- 2004.- 23 ?ырк?йек.26 б.

9. Тілеубекова У. ??мырын ?ылым?а арна?ан адам // Семей та?ы.-1996.-16 ?а?тар.

10. Шы??ыс?лы Б. С?йінерге жарар ол // Семей та?ы.- 1991.- 22 ?а?тар

11. Ж?ртбаев Т. ?айсар ?алым ( ?. М??амедханов шы?армашылы?ы) // Ж?лдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193

12. Еспенбетов А. ?айсар ?алым ( ?. М??амедханов туралы) // Семей та?ы.- 17 январь.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторский материал на тему "Талант дегеніміз - мінез"»

Талант дегеніміз – мінез.

Адамның бойынадағы қасиеттерге берілген ғұламалардың анықтамалары көп.Соның ішінде «талант дегеніміз мінез» деген қисын ғұлама ғалым Қайым Мұхаметхановтың жеке басында да, оның өмірлік жолында да, ғылыми шығармашылық еңбектеріне де қаратыла айтылған сияқты.Шындығында да, мінезсіз талант-қанатсыз қыран, жер бауырлап көтеріле алмайды. Ал Шабытты қолдан жасай алмайсың. Ол кісі шындық үшін басын бәйгеге тігуден де қорықпаған. Қайым Мұхамедхановтың өмірбаянына қысқаша тоқтала кетсек 1916 жылы 5-қаңтарда қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» аталған жерде дүниеге келген. Қайым Мұхамедханов бала кезінен қазақтың біртуар азаматтарының тәрбиесін көріп өскен. Оған себепкер болған ғалымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы болған. Мұхамедхан Сейітқұлұлы өз шаңырағына Алаш көсемдерінің басын жиі қосып, олардың ат басын тірейтін үлкен үйлері ретінде, кеңес құратын ордалары ретінде белгілі болған. Осындай үлкен басқосулар танымал ақындар мен әншілердің де өз өнерлерін сынайтын, танылатын жері болған. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің мол мұралары күні-түні жырланып, әні шырқалып жатқан қа­сиетті ортадан жас Қайымның алар тәлім-тәрбиесі де мол болды.

Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағында Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі келіп, отырыстың мәнділігін арттыратын. Қайым Мұхамедхановтың өмір жолындағы ұлтжандылық, нағыз ұлтшылдық бағыттың қалыптасуына осындай мағыналы басқосулардың да себебі болғандығын ғалым естеліктерінен білеміз. Қайым Мұхамедханов 1924-1928 жылдары Жаңасемей қала­сындағы бастауыш қазақ мектебінде оқиды. 1929-1932 жылдарда Семей қаласы колхоз жастары мектебінде білімін жалғастырады. 1936-1937 жылдары мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Ал 1938-1941 жылдары Семей педагогикалық институтында оқиды. Ғалымның еңбек жолы да педагогикалық оқу орнымен тығыз байланыста дамыды. Ұзақ жылдар (50 жылдан астам уақыт) болашақ әдебиетші мамандарды дайындауға талмай еңбек сіңірген ғалымның аға шәкірт­терінің өздері де бүгін үлкен ғалымдар мен ұстаздар қатарында.

Қ.Мұхамедхановтың әдебиетші-ғалым ретіндегі ерекше қасиетін айтатын болсақ, ол азаматтық көзқарасының тереңдігінде, адалдықпен атасып жатқан парасатында және болаттан да төзімді қайсарлығында. Ол өзінің ғылыми пікірлерін айтуға, дәлелдеуге, жариялауға, қорғауға келгенде өте қатал бола білген. Ондай сәттерде ол өзін де өзгені де аямаған.

Ғылымға ат ізін салған елу жыдың көлеміндегі індете зерттеп,иіріміне үңіліп, иін қандыра айналысқан тақырыбы, ең арналы өмірлік мақсаты мен мұраты Қайым Мұхамедханов үшін – Абай поэзиясы.Ол ұлы ақынның творчествосының барлық саласына ат салысып, тың тұжырымдар, пікірлер ұсынып келді. Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылуы, басылуы тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек бітірген теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым–қатынасарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды,ел аузындағы жыр өлеңді, әңгіме –аңызды қағазға түсірген фольклорист.

Ол шығармашылық жолын ақын ретінде бастап,Қазақ ССР-нің мемлекеттік гимнің авторларының бірі болды. «Абай шығармаларының текстологиясы», «Ақын Мағауия Құнанбаев», «Абайдың ақын шәкірттері», «Абай мұрагерлері», «Перне», «Майданнан-майданға», «Комиссар Ғаббасов» атты пьесалары сахнада қойылды. Әдебиетіміз бен мәдени тарихымыздың көкейтесті мәселелерін қозғайтын жүзден астам мақала, зерттеулері бар.

Егер аталған әр еңбекті жеке сұрыптап, салаға бөлсек, салмағын бағаласақ, бір ғалымның халық, қоғам алдындағы парызын өтеуге осы еңбектер де аздық етпес еді. Алайда білімге марқаю, ізденіс шиырға бой алдыру оған тән мінез емес еді. Ол сонау ежелгі әдебиет тарихынан бастап, бүгінгі күнгі Мұхтар Әуезов шығармаларының толық басылымына дейін өзінің зерттеу объектісіне айналдырды.

Қ.Мұхамедхановтан білім алған шәкірттерінің кез келгені ғалым ағаның адамгершілікке толы ақ жүрегінің лүпілін қазірге дейін сезінеді. Семей өңірінде әдеби өлкетану мәселесіне, оның ішінде Абайдың ақындық мектебіне байланысты ғылыми-зерттеумен айналысып жүрген кейінгі буын ғалымдардың түгеліне дерлік Қайым Мұхамедханов салған жолмен жүруді дәстүрге айналдырған. Бұл ғалымдардың өз ғылыми тұжырымдарының жоқтығынан емес, қайта аға ұрпақ ретінде Қайым ағаның М.Әуезов үлгісімен салған ғылыми концепциясының дұрыстығында. Осы орайда ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымындағы іргелі мектеп болып саналатын Абайдың ақындық айналасына арналған «Абай айна­ласындағы ақындар» (1950ж.) атты монографиясы, «Абайдың ақын шәкірттері» (1993-1997) деген ғылыми-зерттеулері әдебиет тарихы ғылымының жаңа бір беттері болып ашылды. Абай мектебінің талантты өкілдері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет және тағы басқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығар­маларының жиналып, баспаға дайындалуына және іргелі ғылыми-зерттеулердің нысанына айналуына Қайым Мұхамедхановтың тікелей ықпал еткені рас. 

Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылған ірі-ірі ғылыми-зерттеу­лер мен абайтану саласындағы тың жаңалықтар да Қайым Мұхамедханов есімімен байланысты. 1995 жылы Абай шығармаларының екі томдық академиялық жинағы текстологиялық жағынан дұрысталған нұсқасымен шығуына да ғалым аға өз үлесін қосты. Осы жылы жарыққа шыққан «Абай» энциклопедиясының редакциялық алқасын басқарған Қайым Мұхамедханов бұл басылымның да мағыналы, мәнді болуы үшін көп тер төкті. Өмірінің соңына дейін Абай мектебі мен абайтану мәселесіне байланысты талмай еңбектенген ғалым үшін энциклопедияның әр мақаласы маңызды болды. Мақалалардағы мәселелердің тарихилығы мен нақтылығы, Абайдың ақындық мектебінен тәжірибе алған әр ақын мен жеке тұлғалардың шығармашылық өмір жолы туралы тың деректердің сарапталып, баспаға түсуіне аса мән берген ғалым еңбегі нақтылы бағасын алды. Абайдың мерейтойы кезінде ғалымның ұзақ жылғы еңбегі бағаланып (1996 жылы) Халықаралық Абай академиясының «Алтын медалы», Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы беріліп, ең бастысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым.

 Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі «Әзім әңгімесі» туралы Қ.Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана («Абай шығармаларының текстологиясы». 1959 ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сегіз аяқ», «Қансонарда», «Сап-сап көңілім», т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.

Көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлы ол – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан.Тірісінде Мұхтардай ұлы ұстазының өсиетін өмірінің өзегіне айналдырып Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған. Қазақ халқының  рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір – тұжырымдардың  биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.

Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі көрнекті ғалымы,абайтанушы,әдебиет тарихшысы,тағдырлы тұлға, профессор,Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек. Ендеше, бұл іс-шаралар жалғасын таба береді деп ойлаймын.


Пайдаланыған әдебиеттер

  1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.

  1. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.

  2. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.

  3. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.

5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995.

6. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.

7. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.

8. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.

9. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.

10. Шыңғысұлы Б. Сүйінерге жарар ол // Семей таңы.- 1991.- 22 қаңтар

11. Жұртбаев Т. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов шығармашылығы) // Жұлдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193

12. Еспенбетов А. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 январь.



Тіркеу формасы

1.Тегі, аты жөні:

Тютенова Биғайша Мубаряковна бастауыш сынып мұғалімі,

Омарова Жанар Николаевна бастауыш сынып мұғалімі,

2.Оқу мекемесінің аты, мекен жайы:

Семей қаласы, «№18жалпы орта білім беретін мектеп»КММ, Павлодарская 135,

Урджар ауданы, Мақаншы ауылы, «Найманбай атындағы орта мектеп»КММ


3.Автордың мекен жайы:

Семей қаласы, Крдонная 72а

Уджар ауданы, Мақаншы ауылы, Сағыұлы-8.


4.Телефон: 87785774169, 87757533316

5.E-mail: [email protected]; [email protected]

6.Мақала тақырыбы: ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ





Біз

1.Тютенова Биғайша Мубаряковна бастауыш сынып мұғалімі, Семей қаласы, «№18жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

2. Омарова Жанар Николаевна бастауыш сынып мұғалімі, Урджар ауданы, Мақаншы ауылы, «Найманбай атындағы орта мектеп»КММ



Конференцияға сырттай қатысамыз




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Авторский материал на тему "Талант дегеніміз - мінез"

Автор: Тютенова Бигайша Мубаряковна

Дата: 29.01.2016

Номер свидетельства: 284744


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства