Пәні: ағылшын тілі | Сынып: 3 «а» | Мерзімі: 7.04.17 |
Тақырыбы: Seasons (Жыл мезгілдері) |
Мақсаты | Жыл мезгілдерімен таныстыру, ауа райының сөздерімен танысу. |
Күтілетін нәтиже: | Тақырыптағы жаңа сөздердің айтылуын, жазылуын меңгереді. |
Әдіс-тәсілдер: | «Миға шабуыл» әдісі, «Мозайка» әдісі, «Кластер» әдісі, «Бағдаршам» стратегиясы, «Диалогтік оқыту » әдісі. |
Кіріктілген модульдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйке оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық |
Кезең | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Жұпқа бөлу | 2 минут 5 минут | Жұппен бөлінуге нұсқау жасайды. «Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту. | Өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді. | Ауызша мадақтау, мақтау арқылы формативті бағалау Топтық бағалау | Таратпа қағаздар Бағалау парақшасы |
Кіріспе бөлім Жаңа сабақ таныстырылымы | 6 минут | «Мозайка» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу. | Қима қағаздарды құрастырып, сөздерді құрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. | Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау Топтық бағалау | Қима қағаздар, бағалау парақшасы |
| 7 минут | Грамматикалық тақырыпты кластер әдісі бойынша меңгерту | Оқушылар жыл мезгілдері тақырыбымен танысып,, кластер жасайды. Сынып алдында қорғайды. | Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау | Плакат,маркер, оқулық, бағалау парақшасы |
Негізгі бөлім Жаңа сабақты қолдану | 10 минут | Оқулықтан жаттығулар орындату барысында «Бағдаршам» стратегиясын қолданады. Қызыл түске көмек береді. | Жұбымен бірлесе отырып шығарады. «Бағдаршам» стратегиясы бойынша сарыға жасыл көмек береді. | Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау | Түрлі-түсті фишкалар, АКТ |
Қорытынды | 6 минут | Мұғалім жаңа сөздерді береді, диалог үлгісін көрсетеді | Осы тақырыпқа диалог құрастырып, бір –бірімен әңгімелеседі | Бір-бірін бағалау | маркер, бағалау парақшасы |
Бағалау | 5 минут | Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау Бағалау кезеңін жариялайды. -әр дұрыс жауап берілген жауап – 5 -белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-5 -түйінді сұраққа жауап беру-5 -топ мүшесіне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауы-5 Баллды бағаға ауыстыру: «5» - 45-50 «4» - 40-30 «3» - 25-20 «2» - 0-10 | Оқу мотивациясы артады. Критерий арқылы өздерінің бағасын айтады. Табыс критерийлеріне назар аударады. | Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау | Критериалды бағалау плакаты, табыс критерийлері |
Рефлексия | 4 минут | «Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін тарату. Үй тапсырмасын беру. | Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, тақтаға жапсырады. Сөздерді жаттау | | Рефлексия плакаты, Стикер |