kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Роль технологии критического мышления при изучении английского языка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология критического мышления при изучении английского языка является эффективным методом, так как при организации парных и групповых видов работ учащиеся  думают, обосновывают свой ответ на иностранном для них английском язык. Таким образом размышляя запоминают слова, составляют предложения, то есть обогащают словарный запас.Учащиеся учатся думать на этом языке, соглашаются или опровергают доводы своих одноклассников. Так же вызывает интерес такие методы  или стратегии как ДЖИГСО, ИНСЕРТ, мозговой шурм. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Роль технологии критического мышления при изучении английского языка »

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекені

"Комсомол" жалпы орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Таганбаева Сабира Алкеновна

Оқушыларға ағылшын тілін үйретуде сын тұрғысынан ойлау стратегиясының рөлі

Маған айт, сол жерде ұмытамын.

Маған көрсет, есте сақтаймын.

Әрекет ету еркіндігін бер,мен үйренемін.

Канфуций

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.

Сын тұрғысынан ойлау- ойлау үдерісінің анағұрлым жоғары деңгеймен байланыстылығына қарамастан, Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау, бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 44-бет)

Оқушыға ағылшын тілін үйретуде сын тұрғысынан ойлау стратегиясының рөлі өте ерекше. Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар топтық жұмыста және жұптық жұмыста тапсырманы орындау барысында ой өрістері кеңіп, бірегейлік сезімдері қалыптасып сол арқылы тапсырма қызық та,тартымды жұмысқа айналады.

Оқушыларға ағылшын тілін үйретуде сыни тұрғысынан ойлаудың басты ерекшеліктері:

Біріншіден, сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Екіншіден, сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.

Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда басты құрал болып табылады.

Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;

Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру кезінде, топқа бөлінудің қызықты әрі танымды тәсілдері оқушылардың алдағы жұмысқа деген қызығушылығын және ынтасын арттырады. Жаңа топта бір-біріне деген сенімдері, жылы сезімдер орнайды.Сабақ жоспарын құру барысында дарынды және талантты оқушыларға арнап олардың Блум таксономиясына сәйкес жоғары деңгейде ойлайтынын (яғни талдау, жинақтау және бағалау үдерістері) көрсетуге мүмкіндік беретін және де көшбасшылықты көздейтін тапсырмаларды енгізіп отырамын.

Сонымен қатар, музыкант балалардың ой өрісін дамыту мақсатында блум таксономиясы бойынша мына стратегиялар өз сабағымда көрініс тапты. Мысалы “Astana and London” тақырыбын алатын болсақ;

Білу: «Миға шабуыл» стратегиясын пайдалану. Бұл стратегияны үй тапсырмасын тексеру кезінде қолдандым. Мысалы «Ыстық орындық» әдісін алатын болсақ, оқушылар өткен материалдарды сұрақ-жауап арқылы орындайды. Оқушылар белсенді әрекет жасап, оқығанын сыныптастарымен талқылап, тақырыпты өздігімен игерді.

Түсіну : Оқушылар ЖИГСО әдісі арқылы бірінші топ Astana, ал екінші топ London мәтінін бөліп оқиды. Мәтінге байланысты жаңа сөздермен жұмыс жасайды.

Қолдану: Бұл кезде тапсырма дайын күйінде берілмей, бағыт-бағдар берілді. RАFT стратегиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін байқатуға, дарынды, талантты балаларды айқындау үшін дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін топ мүшелерінің қатысу нәтижелерін жүйелеуге көңіл бөлуге болады. Бұл жұмыстар оқушы шығармашылығы деңгейін көтерді. Осы тұста, музыкант тұлғаны бұрын байқалмаған қырынан байқауға болады. Көптеген оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, салған суреттеріне көркем тілмен жеткізеді.

Талдау: Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрлерін қолдануға болады. Яғни, түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әдістер.

Жинақтау: Оқушылар өздерінің шығарған өлең жолдарын шығармашылықпен орындайды. Сонымен қатар “Astana and London” тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салады.

Мен оқушыларға ағылшын тілін үйрету барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер ол:

Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубикті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.

INSERT стратегиясы:

I know

I want to know

I learn




Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту. Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.

«Ирек» стратегиясы.

A crucial age тақырыбы бойынша оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.

«Болжам» стратегиясы.

Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.

Қорытындылай келе, оқушыларға ағылшын тілін үйретуде сын тұрғысынан ойлау стратегиясының атқаратын рөлі мол. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар:

1. оқушының жетілуіне, дамуына бағытталады.

2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнауы.

3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.



Сілтеме:

1. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы 2006

2. Интернет көзі: [email protected], bіlіmdіler.kz

3. Асхат Әлімов: «Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері»

4. Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастеркласстары

5. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Жаңаша оқытудың тиімді жолдары , Сындарлы оқыту-сапалы білім бастауы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Роль технологии критического мышления при изучении английского языка

Автор: Таганбаева Сабира Алкеновна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 154060

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Разработка урока английского языка по теме "Экология. Загрязнение воздуха" "
    ["seo_title"] => string(83) "razrabotka-uroka-anghliiskogho-iazyka-po-tiemie-ekologhiia-zaghriaznieniie-vozdukha"
    ["file_id"] => string(6) "135732"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416967050"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Развитие коммуникативной компетенции учащихся на уроках английского языка "
    ["seo_title"] => string(87) "razvitiie-kommunikativnoi-kompietientsii-uchashchikhsia-na-urokakh-anghliiskogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "112176"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1408383822"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Доклад на тему "ИННОВАЦИИ В ПРЕПОДАВАНИИ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА В ШКОЛЕ""
    ["seo_title"] => string(68) "doklad_na_temu_innovatsii_v_prepodavanii_angliiskogo_iazyka_v_shkole"
    ["file_id"] => string(6) "572308"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1612521109"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(204) "Саморазвитие и самореализация учащихся на уроках английского языка через использование проектной технологии "
    ["seo_title"] => string(129) "samorazvitiie-i-samoriealizatsiia-uchashchikhsia-na-urokakh-anghliiskogho-iazyka-chieriez-ispol-zovaniie-proiektnoi-tiekhnologhii"
    ["file_id"] => string(6) "148546"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419771446"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Формирование компетенций учителей английского языка "
    ["seo_title"] => string(61) "formirovaniie-kompietientsii-uchitieliei-anghliiskogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "123597"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1414517048"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства