Просмотр содержимого документа
«конспект урока по казахскому»
Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы шырай. Интернет қызметтері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сын есімнің шырайлары, интернет қызметтерітуралы түсінік беріп, меңгерту, білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін, сөйлеу мәдениетін дамытып, сөздік қорларын толықтыру. Тәрбиелік: қоршаған ортасына сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі :дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі :түсіндіру, сұрақ – жауап,талдау Сабақтың көрнекілігі :тірек сызба,үлестірмелікеспе қағаздар Пәнаралық байланыс : орыс тілі Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру. Кеспе қағаздардағы сұрақтарға жауап беру. Сын есім дегеніміз не? Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Жаңа сабақ:Салыстырмалы шырай. Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т.б Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады. 1. –рақ,-рек,-ырақ,-ірек 2.–лау,-леу,-дау,-деу, - тау,- теу 3.–аң,-қай,-ша,-ше ,-қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,ғылтым 4.–шыл,-шіл,-ғыш, -ілдір,-шылтым,-шілтім Дәптермен жұмыс: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар. Салыстырмалы шырай тұлғасындағы сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар. Толы,биік,сұр,жаман,жеңіл,тар,мықты,кіші,қатты,жақсы. Жеке жұмыс: Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып,жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар. Ақылды, от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу.
Интернет қызметтері Интернет қызмет түрлері: 1.алдын ала алу (қонақ үйде болмелерді) 2. тапсырыс беру:( ұшақ, пойыз билеттеріне, спорт жарыстары билетіне) 3.аудару:( ақпараттарды, мәтіндерді) 4. сатып алу: түрлі тауарларды, заттарды
Интернетті пайдалану қадамдары Қажетті сайтқа кіру,өзіңізге керек қызметті таңдап алу,сұранысты дұрыс толтыру,жауабын күту. Сайттың төлем түрі есеп айырысу нұсқасы: қолма – қол ақшамен есептесу, тапсырысты алғанда төлеу,пластикалық картамен төлеу, банк, пошта арқылы төлеу, интернет ақшасымен төлеу 2 тапсырма.Сөйлемдерді тірек сызба арқылы толықтырып жазыңдар.
Топтық жұмыс: мәтін: Интернет дүкендері. 240б Сөздікпен жұмыс, оқу, аудару,берілген сұрақтар бойынша мазмұнын айтып беру Қорытынды : Сын есімнің шырайы дегеніміз не? Шырай нешеге бөлінеді? Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Интернет қандай қызметтер көрсетеді?Төлем түрлерін атаңдар. Бағалау :Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою. Үйге тапсырма: ережені жаттау, с/ш 5 мысал жазып келу.