Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен аралық бақылау үзігі 7-сынып»
Қазақ тілі пәні бойынша
7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.
Диктант
Интернеттiң негiзгiқосымшалары
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
E-mail-электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады.
(63 сөз)
(Интернет жүйесі. Әбдібай Құрмантаев. kaz.osh-18.kz )
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен тұйық етістігін тауып, етістіктің үш шағына қойыңыз.
І нұсқа. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
ІІ нұсқа. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады.
ІІ деңгей.Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
І нұсқа. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
ІІ нұсқа. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны.
І деңгей.Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңыз.