Тақырыбы | Jobs of the future. (Болашақтағы жұмыс) |
Сыныбы | 9 «А» |
Күні | |
Мақсаты | Тақырыпқа қатысты мәтінді оқыта отырып, оқушылардың оқылым, айтылым әрекеттерін қалыптастыру. |
Міндеттері | Мәтіндегі жаңа сөздерге сипаттама беру; Алған білімін тұлғалар мен дерексіз заттар сипаттау кезінде қолдана отырып, өзінің болашақ мамандығын таңдауда ықпал ету; Әділ бағалауға тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар ағылшын тілінде өз мамандықтары туралы айтуға үйренеді. Мамандық жайлы білімін тиімді қолдануға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері іс-әрекетте көрінеді. Топтық бағалау мен топішілік бағалауды үйренеді. |
Ресурстар | Интерактивті тақта, плакаттар, аудио видео материалдар, маркерлер, стикерлер, таратпа қағаздар, «домино» ойыны. |
Кіріспе | Сәлемдесу Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысу Оқушылардың шаштарының ұзындығы бойынша топқа бөлу. (3 топ) |
Үй тапырмасы | Үй тапсырмасын шеңберде талдайды. Оқушы тақырып бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, сұрақтар қойып жауап алады, ұсыныстар жасайды. |
Тұсаукесер | Ұйымдастыру кезеңі. Миға шабуыл. Әр топ мүшесі бір мамандықты таңдап, оны жасырады. Тек қана оны бейнелеп айтады, басқа оқушылар оның қай мамандық жайлы айтып жатқанын табуы тиіс. |
Негізгі бөлім | «The modern Servant – the nurse» (Қазіргі замандағы медбике) тексті оқылады, аударылады. Текст бойынша тапсырма беріледі. Ex.5, p.163. Are the following sentences true or false. Дұрыс немесе бұрыс сөйлемдерді табу. The nurse`s home is very strict. Nurses do not talk to patients. Penny doesn`t like her job. Penny work in shifts. Nurses shouldn`t do domestic jobs. Ex. 11, p. 164 Write the duties of nurses in Kazakhstan (in your city hospital). Draw a diagram in your paper and compare their duties. Кітаптан тыс тапсырма. Оқушыларға видео материал көрсетіледі. Видеода тұлғаның мамандық таңдаудағы кездескен қиындықтары бейнеленген. Видеоны көргеннен соң, оқушыларға сұрақ қойылады: Who or what influence to the decision in choosing a career? (Сенің мамандық таңдауыңа кім ықпалын тигізеді?) Осы сұрақты топ ішінде, жұппен талқылап, диаграмма сызады. |
Сергіту сәті | Көзге арналған гимнастика |
Қорытынды бөлім | |
Бағалау | Әр топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды. Не үшін «3,4,5» баға алғандарын дәлелдейді. Оқушылардың пікірлерін тыңдау. |
Рефлексия | Мен өзімді былай сезінемін Өз жұмысымды өзім бағалағанда Өз достарымның қасында болғанда Сіздің әрбір қызмет түрінен қаншалықты көп білгеніңізді сипаттайтын санды дөңгелетіңіз: | Мен көп нәрсені үйрендім | Мен аз нәрсе үйрендім | Мен ештеңе үйренбедім | Өз жұмысымды бағалағанда | 3 | 2 | 1 | Өзбетімшежұмысістегенде | 3 | 2 | 1 | |
Үй жұмысы | Эсселерін толықтырып жазу |