kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

I'm going to see the Queen

Нажмите, чтобы узнать подробности

сыныбы 5 г

тақырыбы: I'm going to see the Queen.

мақсаты: БжС технологиясының Ауызша сабақ - 1 картасы бойынша Лондон қаласының көрікті жерлерін танып, билип тәжірибеде қолдана білу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«I'm going to see the Queen»

Пәні: ағылшын

Күні: 18.05.2017

Сыныбы: 5 г

Сабақтың тақырыбы: I’m going to see the Queen.

Жалпы мақсаты: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша Лондон қаласының көрікті жерлерін танып, билип, тәжірбиеде қолдана білу.

Білімділік:  Дамытушылық: Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік мәні: Тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.

Міндеттері:

  • Картамен, қосымша материалдармен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыпты түсіну іскерлігін қалыптастыру;

  • Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау.

  • Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау;

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

  • Теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға мүмкіндік жасау.

  • Картаны оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Оқушылардың сыни көзқарасын дамыту.

Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері: «БжС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақта қолданылатын технологиялар: «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы және ақпараттық коммуникациялық технология.

Карта түрі: «Ауызша сабақ-1 » картасы.

Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту) – 1 мин

Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

Сабақтың ұраны: «Forward and forward, we’ll never stop!»

ІІ. Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою - 5 мин

Зейіндерін тұрақтандыру-1 (шапалақ)
I. Өткен тақырыптан сұрақтар (17)  (сөздік норма - 63-тен жоғары, уақыты 5 минут)

    1. How old is Disneyland?

    2. What kind of place Disneyland?

    3. Who created this park?

    4. Whom did he take to Parks and playgrounds?

    5. Is it a big park?

    6. When opened this park?

    7. How many daughters had Walt Disney?

    8. After how many years his park became into a Magic Kingdom?

    9. Do you want to go to Disneyland?

    10. In which month did the park open?

    11. On what days he took his daughters into the park?

    12. How much acres of dusty orange place he turned?

Біріншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша + немесе алу - белгілері қойылады. 
Сергіту сәті

If you're happy happy happy [Улыбаемся и держим улыбку пальчиками.]
clap your hands. 
Clap, clap[Хлопаем в ладоши.]
If you're happy happy happy
clap your hands.
Clap, clap
If you're happy happy happy
Then, youe fase will surely show it
If you're happy happy happy
clap your hands
Clap, clapIf you're happy happy happy [Улыбаемся и держим улыбку пальчиками.]
stomp your feet. 
Stomp, stamp[Топаем ножками.]
If you're angry angry angry
stomp your feet.
Stomp, spamp
If you're happy happy happy
Then, youe fase will surely show it
If you're happy happy happy
stomp your feet
Stomp, spamp.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.

а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс. 1 минут

Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар 1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, жазып болған соң көршісімен алмасады, тексереді. Сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

The Thames river The Tower of London

London Eye Big Ben

Westminster Palace The House of Parliament

Trafalgar Square Hyde Park

Зейінді тұрақтандыру-2 (шапалақ)

1.The Thames river

2.The Tower of London

3.London Eye

4.Big Ben

5.Westminster Palace

6.The House of Parliament

7.Trafalgar Square

8.Hyde Park

Екіншілік белгілеу. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) матрицаға нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға + белгісі енгізіледі.

Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек.

ІҮ. Ойлауды, ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс. Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.

Зейінді тұрақтандыру-3 (шапалақ)

Мәтінмен жұмыс - 2 минут беріледі.

Мұғалім сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қояды. 

5 минут

  1. Do you know these places of interests?

  2. Where are they?

  3. Do you want to visit them?

  4. Where do you want to go?

  5. What places of interest do you want to see?

  6. Where does the Queen live?

  7. Where is Thames river?

  8. What is Hyde Park like?

  9. What is Big Ben like?

  10. Where is the Trafalgar square?

  11. Can you see Westminster Palace?

  12. What kind of museum Tower of London?

Үшінші белгілеу.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. 



Ү. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар беріледі. Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса-«иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады

Зейінді тұрақтандыру-4(шапалақ)

Мұғалім барлық оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды. (ООМ бойынша)

5 минут

  1. The Tower of London is a museum of arms. T

  2. Big Ben is the largest clock of England.T

  3. London doesn’t stand on the river Thames. F

  4. Trafalgar square is far from the centre. F

  5. The Houses of Parliament is not far from the Tower of London. T

  6. Hyde Park is beautiful park. T

  7. London stands near the river Thames. F

  8. Big Ben is not in England. F

  9. Westminster Palace is a museum of arms. F

  10. London Eye is the biggest wheel in England. T

  11. London Eye has 32 capsules. T

  12. Each capsule for 30 passengers. F

Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. 

Талдау: тақырыптық сөздік қорды тексеру жүргізіледі. Оқытылған тақырып бойынша жаңа сөздер жазуға 5 минут уақыт беріледі. Сөздік қор 20 сөз. Нормаға сай жазылған сөздер қосу таңбасын алады. Ең көп сөздік қор және ең аз сөздік қор оқылады.

Зейінді тұрақтандыру-5(шапалақ)

Тексеру 5 минут

Бесінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

ҮІІ. Қорыту. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады. 5 минут

Сапа нормативы: оқушылардың 63%-ы 5 ұпай алуы керек.

ҮІІІ.Үйге тапсырма беріледі.


Күні: 03.04.2017

Сыныбы: 9 б

Тақырыбы: «Еңбекке үйренемін десең, ерінбе.»

Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;

Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;

Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;

Еңбекті құрметтеуге үйренеді;

Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.

Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» - суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал-жабдықтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)

Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда ата-аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер:


Еңбегіне қарай — құрмет,  Жасына қарай — ізет.

Еңбек ер атандырады.


Еңбек ерлікке жеткізер,  Ерлік елдікке жеткізер.


Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме,  Егін екпей жерге өкпелеме.


Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,  Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 


Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.


Ердің атын еңбек шығарады.

 

Бақыт кілті еңбекте.


Еңбек ширатады, Өмір үйретеді.


Маңдайы терлемегеннің Қазаны қайнамайды.


Еріншектің ертеңі бітпес, Жеңілтектің селтеңі бітпес.


Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

Мынадай сұрақтарға жауап алу:

Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?

Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?

Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?

Қандай шаруалар істейді?

Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?

Баланы сіз жұмсағанда өз еркімен құлшына кірісіп кете ме, әлде зорлап жұмсайсыз ба?

Балаңызға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып аласыз ба? т.б.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады.

Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналарға)

Сынып жетекшісі балаңызға «бүгін сағат 3.00-де мектеп ауласында сенбілік жұмыстар жүргізіледі, жұмыс киімдеріңіз бен қолғап киіп келіңдер және өздеріңізбен бірге күрек пен тырнауыш ала келіңдер» деп айтып жібереді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сіздің әрекетіңіз.

Балаңыз сабақтан келген бойда сізге мынаны айтады: мен қазір тамағымды ішіп болған соң, Жалғастың үйіне барып шөп түсірісуге көмектесіп келемін, үйдегі шаруаны келген соң да тындырамын» дейді. Сіздің әрекетіңіз, оны жібересіз бе?

Балаңыз қандай үйірмелерге қатысады? Онда немен айналысады? (Оқушылардың шығармашылығынан туындаған туындылармен таныстыру, суреттер көрсету, марапаттарын атап өту – еңбектенудің жемісі)

Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»

Ата-аналар мен оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.

Қ.Бердіғалиевтің орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін» үнтаспадан тыңдату.

«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,

- Жалғас, еңбегің жемісті болсын! 
- Нұрайна, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. 
- Әдемі, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. 
- Алихан, өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- Абылайхан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.

- Лаура, еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!

- Дильназ, отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол

- Қуандық, ата-анаңның еңбегін бағалай біл

- Мерұлан, еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте

- Асылым, еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын

- Жеңіс, еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!

- Бекасыл, бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.

Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.







Өрт қауіпсіздігін оқыту.

Сауда павильондары мен дүңгіршектер

Сауда павильондары мен дүңгiршектерiн ұстау тәртiбi

      158. Бөлiнген аумақта дүңгiршектердi, сондай-ақ ауданы қоса алғанда 20 шаршы метрге дейiнгі бiр қабатты павильондар топтарымен орналастырылады. Бiр топта отқа төзiмдiлiк дәрежелерiне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастырылады.

      Топтағы олардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.

      159. Ауданы 20 шаршы метрге дейінгі жеке ораналасқан дүңгiршектерден (павильондардан) бастап басқа ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      160. Алдыңғы тармақта көрсетiлген топтар арасындағы, ауданы 20 шаршы метрден астам павильондар мен дүңгiршектер арасындағы, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар мен газдарды (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады. Топта отқа төзiмдiлiк дәрежесi әр түрлi дүңгiршектер мен павильондар болған жағдайда топтан бастап көршiлес ғимараттарға дейiнгi қашықтық отқа төзiмдiлiк дәрежесi едәуiр төмен құрылыс бойынша қабылданады.

      161. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгiршектер мен павильондардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналасады.

      162. Орама материалдар мен құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етiп көзделеді.

      163. Ауданы 20 шаршы метрге дейiнгi сауда дүңгiршектерi мен бiр қабатты павильондар ғимараттарының отқа төзiмдiлiк дәрежесi регламенттелмейдi.

      164. Жанғыш сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған павильондар мен дүңгiршектердiң отқа төзiмдiлiгi әдетте, бөлек тұратын немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектермен бір топта I, II, IIIа дәрежелі етiп орындалады.

      165. Елдi мекендерде орнатылатын дүңгiршектерге электр (майлы радиаторларды, сәйкестiк сертификаты бар қыздыратын панельдердi қолдана отырып), бу немесе су арқылы жылу беруге болады.

      166. Елдi мекендерден тыс орналастырылатын дүңгiршектерде осы Қағидалардың ережелерiне сәйкес пешпен жылу берудi қолдануға болады.

      167. Қыздыру лампалары бар электр шамдары қорғағыш қақпақтарымен, ал люминесцент лампалары стартерсiз жасалады.

      168. Павильонның немесе дүңгiршектiң және құрылыстар тобының электр желiсiн токтан ажырату үшiн ажырату құрылғысы жанбайтын негiзде орнатылады.

      169. Дүңгiршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылымен (автономды өрт хабарлағыштары) жабдықталады.




















Ж/қ тәртіпке жауапкершілік, ерте жастағы жыныстық өмірдің салдары.

Құқықтық аспектілер.

Әрбір бойжеткен немесе бозбалаға жыныстық өмірді тек жыныстық қатынастардың  қауіпсіз және қатерлі тұстарын айырып, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті  сезінгенде ғана бастауға болады. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс – бұл, бірінші кезекте, жыныстық қарым-қатынастан бас тарту, бір ғана кісіге адалдық сақтау және мүшеқапты қолдану. Ал қауіпті жүріс-тұрыс – бұл мүшеқапты қолданусыз жасалған жыныстық қарым-қатынас, жыныстық серіктердің көп болуы және жыныстық қатынас барысында есірткі және алкогольді қолдану.

    Соңғы уақыттарда жыныстық қатынасқа түсудің  жас мөлшері айтарлықтай «жасарды». Урбанизацияның күшеюі, жастардың жыныстық қатынасқа қатысты көзқарастарының  өзгеруі, материалдық қиындықтар сияқты жағдайлар отбасын құрмай тұрып, жыныстық қатынастарға түсуге әкеп соқтырады. Негізінде бұл мәселе жыныстық өмірді бастайтын екі адамнан да тең жауапкершілікті қажет етеді. Бірақ, бұл жердегі ең осал тарап қыз жақтан болатынын ұмытпау керек. Сәйкесінше, әйел затында «Жүктілікті қай уақытқа жоспарлаған дұрыс?», «Бала тууға дайынмын ба?» деген сұрақтарға жауабы алдын -ала дайын тұруы керек.

  Жыныстық  өмірге ерте ұрыну, контрацепция құралдары  мен әдістері жайлы хабарсыз болу сияқты жайттар күтілмеген жүктілік, жасанды түсіктер, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырып алу сынды қайшылықтарға алып келеді.

    Жыныстық  өмірді қай уақытта бастауды шешу – әр адамның жеке басының шаруасы. Егер екі адам жыныстық қатынасқа  түсуді жоспарласа, алдын ала қорғаныс шаралары туралы ақылдасып алғаны абзал. ЖЖБИ мен күтілмеген жүктілікті болдырмаудың жолы – жыныстық қатынастардан бас тарту. 

Жыныстық  жетілу кезеңінде  ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістербой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады

дауыс жуандайды терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін тер бездері дамиды қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды

көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды .

Енді осы жыныстық қарым-қатынас дегеніміз не?  Сол жайында тоқтала кетсек.

Ең бірінші  - Үлгілі семья құру, өнегелі ұрпақ өсіру үшін халқымыз ерте кезден тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген. Соның ішінде жастарды отау тігуге даярлау, жыныс тәрбиесіне байланысты көп әңгімелер айтылады. Бала негізі семьяда жыныстық тәрбиенің әліппесін үйренуге тиіс. Егер ата-ана жыныстық тәрбиеге көңіл бөлмесе, ол өзінің баласы алдында парызын толық өтеді деп есептеуге болмайды.





















Күні: 10.04.2017

Сыныбы: 9 б

Тақырыбы: «Отаным – алтын бесігім»
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу.

2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.

Сабақтың әдісі: Әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин суреттері.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.
Мұғалім: Отан, Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-
Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!
Ән салдырып, тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң -
Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.

Оқушылар « Елім менің» әнін орындайды.

1. Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден - бір бастауы – халық.
Ең бірінші байлығым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,
Тілім барда еркіме кім таласар!?
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі –
Баға жетпес асыл ән.
Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......
1 – оқушы: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

1 – оқушы: Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.

2 – оқушы: Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.

Шаңырақ – бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.
Мұғалім: Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық
Ал, енді олай болса, кімді алалық?...
Оқушылар: «Атаның емес, адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.
Мұғалім: Жалыналық Абайға, жүр баралық,
Білімді сол кісіден ізденелік!
Әдейі іздеп біз келдік Сізге делік!
Оқушылар: Шіркін, ақынның асыл сөздері - ай!
«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер....»
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» - деген де Абай емес пе еді...
Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.
«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.
Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.

























Өрт қауіпсіздігін оқыту.

Жанармай бекеттері

Жалпы ережелер

      1388. Осы бөлiмнiң ережелерi негiзiнде автожанармай құю станцияларының иелерi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтар әзiрлейдi, онда мыналар көрсетiледi:

      1) мұнай өнiмдерiн қабылдау тәртiбi, оны сақтау және тұтынушыларға жiберу шарттары;

      2) аумақты ұстау тәртiбi;

      3) өрт сөндiру құралдарын ұстау, оларды iске қосу және өрттi байқаған кезде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру қағидалары;

      4) май сүртiлген материалдар мен құмды жинау, сақтау және шығару, арнайы киiмдi сақтау, үй-жайларды жинау және технологиялық жабдықты тазалау тәртiбi;

      5) автожанармай құю станцияларының өзге де өзiндiк ерекшелiктерi.

      1389. Автожанармай құю станцияларында өрт қауіптi жағдайлар туындағанда технологиялық жүйелердiң электр қоректендiргiшiн (аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң электр қоректендiргiшiнен басқа) ажыратып, автожанармай құю станцияларын пайдалану тоқтататылады және оның аумағы көлiк құралдары мен келушiлерден босатылады және сонымен қатар өрт қауіптi жағдайды жоюға кiрiседi.

      1390. 4м2 кем алаңға отын төгiлген кезде тез арада отын аққан жер оқшауланып, өрт қауіптi жағдайды жою басталады. 4м2 астам алаңға отын төгiлген кезде тез арада барлық алаңға ауа-механикалық көбiк төгiліп, кейiннен төгiлген көбiк қабаты отын авариялық резервуарға әбден құйылып болғанша қалыңдығы кемiнде 0,05 метр етіп ұсталады.

      1391. Отын автоцистернаға тiкелей жақын жерге төгiлгенде (бензин төгiлгенде бұл қашықтық төгiлген жерден бастап автоцистернаның габаритiне дейiн 6 метрге дейiн және дизельдiк отын төгiлгенде 3 метр етiп қабылданады) автоцистерна қозғалтқышын қосуды және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығару (егер бұл адам өмiрiне қауiп төндiрмесе) төгiлген отын тұтанғанда ғана немесе өрт қауіптi жағдайды жою үшiн төгiлген отын көмiлген ластанған құм шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзіледi. Едәуiр қашықтықта төгiлгенде автоцистерна бензин төгiлген шектен кемiнде 6 метр және дизельдiк отын төгiлген шектен 3 метр қашықтықта төгiлген жердi айналып өтiп, дереу шығарылады.

      1392. Автоцистерна жабдығы жанғанда әрқайсысының көлемi кемiнде 50 литр ұнтақты өрт сөндiргiштердiң көмегiмен және автоцистернаның штаттық өрт сөндiргiштерiмен, ал отын жанғанда қосымша әрқайсысының көлемi кемiнде 100 литр ауа-көбiктi өрт сөндiргiштермен отты сөндiру басталады.

      1393. Автожанармай құю станцияларында өрт шыққан жағдайда өрт туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарланып, аумақты келушiлер мен көлiк құралдарынан босату шараларын қолданумен қатар, алғашқы өрт сөндiру құралдарымен отты сөндiру басталады.

      1394. Автожанармай құю станцияларының барлық жұмысшылары мен автоцистерна жүргiзушiлерi өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және қайта) және өрт-техникалық минимумы сабақтарынан тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтедi.














АҚТҚ инфекциясы және ЖҚТБ мен ауратын адамдарға көмек көрсету.

АҚТҚ - инфекциясынан емдеуге немесе зақымданудың алдын алуға болатын дәрілер мен екпелер әлемде әлі күнге жасалған жоқ. Ауру нәтижесі өлімге әкеледі. Тек қауіпсіз тәртіп пен өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынас адамның иммун тапшылығы вирусымен зақымданудан қорғайды.

Жыныстық жолмен зақымдану. Белгісіз жыныстық қатынасқа түспеген, есірткіні тамыр арқылы қабылдамаған адамда АҚТҚ зақымдану қатері жоқ.

Ерте жыныстық қатынасқа түсу қаламаған жүктілікке, венерологиялық аурумен, ЖҚТБ зақымдануға әкелуі мүмкін. Осы біздің балаларымызға керек пе? Олар ата-ана болуға дайын ба?

Сондықтан АҚТҚ зақымданудың алдын алудың негізі төмендегілер болуы тиіс:

  • Қауіпсіз және жауапты тәртіп, салауатты өмір салты.

  • Ерте жыныстық қатынастан бас тарту. Некеге тұрмай тұрып, жыныстық қатынаста болудан бас тарту нағыз терең қатынасты құруға, төзім мен өзін-өзін бақылауды дамытуға, жастық шағына қуануға, жұқпалармен зақымдану қорқынышынан сейілуге ықпал етеді, ерлі-зайыпты ретінде бірегей қатынасты сезінуге көмектеседі, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыру үрейінен және оның салдарынан арылтады.

  • Неке адалдығын сақтау.

  • Кездейсоқ жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану.

  • Жеке бас гигиенасын сақтау.

9. Салауатты өмір салтыЖҚТБ алдын алу негізі ретінде

Мыңдаған аурулар бар, алайда денсаулық біреу ғана (Л. Берне).

Адамдағы ең қымбат нәрсе — бұл өмір. Өмірдегі ең басты нәрсе - денсаулық. Өз денсаулығымызға күтім жасау арқылы біз болашақ ұрпағымыздың денсаулығы туралы ойлаймыз. Адам денсаулығы көптеген себептерге тәуелді: тұқымқуалаушылық факторлары, медициналық көмек, қоршаған орта және өмір сүру жағдайы. Өмір сүру салты әдеттерден, мінезден, адамның қажеттілігінен, оның материалдық және рухани жағдайынан, салт-дәстүрінен және т.б. қалыптасады. Салауатты өмір салты адамның организмінің даму заңдылықтары туралы ақпараттануымен, ненің зиянды, ненің пайдалы екендігін білуімен тығыз байланысты. Аурудың ішіндегі ең қауіптісі — надандық.Салауатты өмір салты жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудан, денені шынықтырумен айналысудан, дұрыс тамақтанудан, алкоголь мен есіртік қолданудан бас тартудан, әртүрлі күйзеліске қарсы тұра білуден тұрады. Пайдалы және зиянсыз әдеттер денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал етеді.

Адам денсаулығына алкоголь, шылым және есірткі қатерлі әсер етеді. Соның әсерінен ішкі ағзалар, тамырлар, ми зақымданып, ауыр дерттер пайда болады. Мұндай әдеттерден арылу өте қиын, әрі олар күнделікті өмірде «қажеттілікке» айналып кетеді.Оларды шектеу нәтижесінде пайда болған салдар соншалықты қауіпсіз: себебі адамның өзі олармен өз бетімен күресе алмайды. Жиі ауыратын болады, ол ауыр жағдайда өтіп, аяғы өлімге әкеледі. Емдеуге болатын да аурулар бар: соңы өліммен аяқталатын тұмау, респираторлық сырқаттар. Ойланбай жасалған әрекеттер (ретсіз жыныстық қатынас, есірткіні инъекциялық қабылдау) болжауға келмейтін қиын жағдайға душар етуі әбден мүмкін. Біздің балаларымыздың өмірі енді ғана басталып келеді. Ол қиындықтарға, кездейсоқ жағдайларға, жеңістерге, жеңілістерге толы. Біздің әрқайсымыз өз балаларымыздың жарқын да бақытты болашағын жоспарлаймыз, ол жүзеге асуы үшін бүгінгі күннен бастап оларды өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын, ерік-жігері мықты тұлға ретінде тәрбиелеуге тиіспіз. Өз денсаулығына жоғары бағалауға тәрбиелеу —салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты осы.



























If you're happy happy happy [Улыбаемся и держим улыбку пальчиками.]
clap your hands. 
Clap, clap[Хлопаем в ладоши.]
If you're happy happy happy
clap your hands.
Clap, clap
If you're happy happy happy
Then, youe fase will surely show it
If you're happy happy happy
clap your hands
Clap, clap

If you're happy happy happy [Улыбаемся и держим улыбку пальчиками.]
stomp your feet. 
Stomp, stamp[Топаем ножками.]
If you're angry angry angry
stomp your feet.
Stomp, spamp
If you're happy happy happy
Then, youe fase will surely show it
If you're happy happy happy
stomp your feet
Stomp, spamp.

If you're happy happy happy [Улыбаемся и держим улыбку пальчиками.]
shout, "Hurray" [Пропойте ура!"]
"Hurray"
If you're happy happy happy 
shout, "Hurray"
"Hurray"
If you're happy happy happy 
Then, youe fase will surely show it
If you're happy happy happy 
shout, "Hurray"
"Hurray"

If you're happy happy happy [Улыбаемся и держим улыбку пальчиками.]
Do all three
Clap, spamp,Hurray" [Хлопаем в ладошки,топаем ножкой, кричим ура!]
If you're happy happy happy
Do all three
Clap, spamp,Hurray"
If you're happy happy happy 
Then, youe fase will surely show it
If you're happy happy happy 
Do all three
Clap, spamp,Hurray"




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
I'm going to see the Queen

Автор: Абдрахманова Айгерим Оразгалиевна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417494

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "The Turnip (инсценировка для учащихся 3 класса) "
    ["seo_title"] => string(54) "the-turnip-instsienirovka-dlia-uchashchikhsia-3-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "194793"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427812967"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Сценарий мероприятия на английском языке "Snow White and The Seven Dwarfs""
    ["seo_title"] => string(80) "stsienarii_mieropriiatiia_na_anghliiskom_iazykie_snow_white_and_the_seven_dwarfs"
    ["file_id"] => string(6) "400347"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489521777"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "тема:The sightseeing of the countries "
    ["seo_title"] => string(38) "tiema-the-sightseeing-of-the-countries"
    ["file_id"] => string(6) "171665"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423710405"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland 8 grade"
    ["seo_title"] => string(64) "the_united_kingdom_of_great_britain_and_northern_ireland_8_grade"
    ["file_id"] => string(6) "388939"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486463774"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Презентация урока по английскому языку для 10-х классов "Queen's Family".Happy chance! "
    ["seo_title"] => string(91) "priezientatsiia-uroka-po-anghliiskomu-iazyku-dlia-10-kh-klassov-queen-s-family-happy-chance"
    ["file_id"] => string(6) "243929"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445859729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства