Ұйымдастырушылық - ізденістік | - Ағылшын тілі қазіргі заманның адамына өте қажет. Ағылшын тілі не үшін білу керек деп ойлайсың? Foxy есімді түлкішек, оның жанұясы, Батыр, Дана, Дима және Ира деген балалар ағылшын тілін үйренуге көмектеседі. 1-тапсырма Track 1: Түлкі-ана: Нello. I аm Мum. Түлкі-әке: Hello. I am Dad. Түлкішек: Hello I am Foxy 2-тапсырма Track 2: Hello. I am Batyr. Hello. I am Dana. Hello. I am Dima. Hello. I am Ira. Hello. I am... 3-тапсырма: Sing the song әнін тыңдауға | Ағылшын тілі қарым-қатынас, саяхат жасау, болашақта жұмыс істеу және шет елде оқу үшін керек екенін айтады. Алдағы уақытта ағылшын тілін үйренуге көмек көрсететін түлкішекпен, оның жанұясымен және балалармен танысады. Кеіпкерлердің өздерін таныстырғанын тыңдайды. Мұғалімнің басшылық етуімен сәлемдеседі, Hello. I am... Тыңдайды. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | ұсынады. Track 3: I say hello, hello, hello, hello, I say hello, hello, hello, hello. Сергіту сәті. Foxy шапалақтайды! Clap! Clap! Clap! Foxy аяғын топылдатады! Stamp! Stamp! Stamp! Foxy секіреді! Hop! Hop! Hop! Foxy жүреді! Step! Step! Step! 4,5-тапсырмалар. Aa әрпімен таныстыру, әріпті дауыстап айтып, тақпақты қайталауын сұрау. Осы әріптен басталатын aligator сөзін дауыстап айтады. Әріпті бояуды тапсырамын. Дидактикалық ойыны. 6-тапсырма. «Әріпті тап». 7-тапсырма. «Кейіпкерді тап». Саусақ жаттығуы. -Қолымыз медуза екен деп елестетіп көрейік. Медузаның су бетіне көтерілу үшін жасайтын қимылдарына ұқсас бірқалыпты қимылдар жасайды. Саусақтары- қармалауыштарын қозғауын және үстел үстіндегі қарындашты алуын өтіну. Алдымен барлық саусақтары- қармалауыштарымен, соңында үш саусақтары- қармалауыштарымен. Бұл жаттығу қарындашты дұрыс ұстай білу үшін өте пайдалы болады, қолдарын жазуға дайындауға көмектеседі. 8-тапсырма. Графикалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар. Тапсырманың дұрыс орындалуын бақылау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (3-бет).Саусаққа кигізетін | Мұғалімнің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Аа әрпімен танысады. Қайталайды, жаттайды, аligator сөзін айтады. Әріпті бояйды. Кейіпкерлердің атын атап, дәптердің соңында берілген жапсырманы жапсырады. Саусақ қимылдарын қайталайды. Үлгі бойынша тапсырманы орындайды. Кейіпкерлердің бейнелерін қиып алып желімдейді. |
Ұйымдастырушы-лық ізденістік | кейіпкерлердің бейнелерін қиып алып жасауды ұсынады. - Hello, Mum. -Hello, Dad. -Hello, Foxy. | |
Рефлекциялық- түзетушілік | Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Түлкішекті, оның анасы мен әкесін айтады. - Жарайсың, ағылшын тілін үйренуге жәрдемдесетін кейіпкерлерді есіңе сақта. Олармен амандасып үйрендің. Осымен кейіпкерлерімізбен қоштасамыз. | Атаған кейіпкерлерді, саусаққа кигізетін кейіпкерлерді кезек-кезек көрсетеді. Түлкішектің жанұясымен қоштасады, бейнелерді хатқалтаға салады. |