білімділік: «My school» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы енгізу және алғашқы бекіту; «to be» етістігінің осы шағын, етістіктің Present Simple шағын , there is/are тақырыбын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; 0-100-ге дейінгі есептік сан есімді сөйлеуде қолдану және оны естігенде ажырата білу дағдыларын белсендіру.
дамытушылық:оқыған лексиканы белсенді ету, сөздік қорды байту арқылы оқушылардың тілін дамыту; талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту; сенсорлық қабілеттерді, сабақтағы өз іс-әрекеттерін және сыныптастарының әрекеттерін өз бетімен бағалау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік:оқушы тұлғасының эстетикалық қасиеттерін , сыпайылық, әдептілік, жауапкершілік, тәртіптілік,адалдық, жеке басын қадірлеу, сыныптастарының жетістігіне қуану және ықтимал сәтсіздіктеріне қайғыру сезімдерін қалыптатыру.
Күтілетін нәтижелер:
пәндік: there is/are құрылымын, реттік сан есімдерді, тақырыптық лексиканы білу және пайдалана білу; on, in көмекші сөздерін қолдана білу;
жүйелік-әрекеттік:оқылған лексикалық-грамматикалық материалды «My school» қарым-қатынас жағдаяты шеңберінде әңгіме құру үшін пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
-мұғалім үшін: CD ойнатқыш, көрнекі материалдар жиынтығының карточкалары;
-оқушылыр үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: қазақ/орыс тілдері (қарапайым лингвистикалық ұғымдар әріп/әріптер тіркесі, дыбыс, реттік және есептік сан есімдер), бейнелеу өнері(мектептің суретін салу).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті
T: Good morning, children!
Ch: Good morning, teacher!
T: I am glad to see you!
Ch: We are glad to see you too!
T: How are you today?
Ch: Fine, thanks. And you?
T: I am OK. Thank you.
Ch: Tell me please, what day is is it today?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
-Children, today we are going to talk about school. Do you like your school? We will learn to say what there is in your school, describe it.
Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
-Балалар, әдеттегідей әріптермен, дыбыспен және оның транскрипциясымен жұмыс істейміз. Бүгін ағылшын әліпбиінің келесі әріпімен танысамыз. Ii-дауысты дыбыс, ал ағылшын тілінде барлық дауыстылар бірнеше дыбысты білдіреді. Тақтаға қараңдар(тақтада Ii әріпі мен [ai], [i] дыбыстары, big, like деген сөздер жазылған). Тік жақшаның ішіндегі дыбыс транскрипциясы екені естеріңде болар?
Now, let us open our books on p 79 and, repeat after me: [i], [i], [i]. Let us say together: big, igloo, an igloo. Is it an igloo? No, it is not. [ai], [ai], [ai]-like, ice-cream. Ice-cream, an ice-cream. I like ice-cream(оқулықтың соңғы бетіндегі қосымшаны қараңыз)
-Well done, children!
Жаңа білімді және әрекет ету тәсілдерін меңгеру.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Look at the pictures and answer.
Бұл жаттығу оқушыларға таспадағы жазбаны қабылдауға ден қоюға көмектеседі. Білім деңгейлері жоғарырақ оқушылар/топтар үшін сұрақтар санын арттыруға болады. Оқушылар 2-жаттығудағы суреттерді қарастырады және суретке сүйене отырып, қойылған сұрақтарға мәтінді оқымай тұрып қз болжамдарын айтып, жауап іздейді.
-What is this text about?
-Who is talking about it?
2-жаттығу. Listen and read.
Оқушылар Әлібектің мектебі туралы мәтінді тыңдап, оқиды. Мәтін тыңдағаннан кейін сұрақтардың көмегімен мәтінді қаншалықты түсінгендігін тексеріңіз, білім деңгейі жоғарырақ оқушылардан естіген ақпараттың мазмұнын айтып беруін сұраңыз. Балаларға Әлібектің мектебі туралы тізбек бойынша айтып беруді ұсынуға болады. Балалардың назарын әңгіменің 3-ші жақтың жекеше түрінде айту керктігіне, етістік түрінің дұрыс қолданылуына және зат есім мен етістік түрлерінің өзара үйлесуіне аударыңыз.
Track 15.
This is my school. It is big and beautiful. There are three floors in my school. There are many classrooms in my school. My classroom is on the first floor. It is between the classrooms №25 and №27. There is a big library in my school. There are many interesting books there. This is our gym. We run, jump, play different sports there. There is a big school hall in our school. We have concerts there.
Бастапқы түсінікті тексеру.
3-жаттығу. Guess the word.
Оқушылар сөйлемдерді оқып сөздердің маынасын 2-жаттығудың мәтініне сүйене отырып аңғарулары тиіс.
1.You run, jump and play sports there.
2.You go there every day, but not on Saturdays and Sundays.
3.There are many books there. You can read there.
4.You study there . You read, write and count too.
5.It is a big room. You have school concerts there.
4-жаттығу. Speak about your school. Use these clues.
Оқушылар мектепті сипаттау үшін негізгі сөздерді пайдалана отырып, төз беттерімен сөз оралымдарын құраулары тиіс. Қажеттілігіне қарай оқушылар алдыңғы жаттығудың мәтінін үлгі ретінде пайдалана алады.
5-жаттығу.Learn to read.
Оқушыларға Rr дауыссыз дыбысының ar/or әріп тіркесіндегі (3 буын түрі) оқылу ережесін түсіндіру. Оқушыларға сөздерді оқып беріп, алдымен мұғалімнен кейін бірге, содан соң жеке қайталауды ұсыныңыз. Оқушыларға ұсынылған барлық сөздердің аудармаларын білу міндетті емес, оқи алса да жеткілікті.
Оқушылар таспадағы жазбаны тыңдап, Беннің мектебіне сәйкес келетін сипаттамаға белгі қояды.
Track 16.
Ben: My school is not small. It is big. There is a gym there. There is a big library and school hall. My classroom's number is 12.It is between classes number 11 and 13.
Дұрыс орындалғанын тексергеннен кейін оқушылардан кестеге сүйене отырып, Беннің мектебі туралы әңгімелеп беруді сұраңыз.
3-жаттығу. Draw your school and write about it.
Оқушылар өз метебінің суретін салып, оқулықтағы 1-жаттығуды басшылыққа ала отырып сипаттайды.
Сабақты қорытындылау.
-Your work today was good. Let us open your books and look at the new words(Check yourself!) Do you remember these words? Can you translate them? Can you make your own sentences using them?