Осы кезеңнің өзінде де сыни тұрғыдан ойлаудың элементтері іске асады деп ойлаймын. Оқушы сыныптастарына тілек айту үшін де ойланады, қалай жеткізудің жолын тілдік құралдарды пайдалану арқылы ойластырады.
Айтқан тілектері арқылы достарына ұнаудың тәсілдерін қарастырады, өзіне айтылған пікірлермен өзінің тілегін салыстырады және екінші рет осындай жағдай қайталанғанда, алдыңғы жолғыдағыдай толқуды сезбейді. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бұл жерде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер модулімен және оқушылардың жас ерекшеліктерімен ықпалдасады. Нәтижесінде оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыланып, терең байланыс орнатуға жол ашылады. Сабақта да көңіл күйлері көтеріңкі болып, тапсырмаларды орындауда кедергілер кездеспейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілін тез үйрену жолдары»
Жусанбаева Баян Октябрьовна мұғалім портфолиосы В3 есебі
№1 топ 3-деңгей
Алматы облысы 13.05.2013 жыл
В2 есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Сабақ жоспарлаудың өзі жүре алынатын дағдылардың біріне жатады. Сабақ жоспарлары өткізілетін материалдың толық формасы болып табылады. Сабаққа кірген кезден басталып, сабақ аяқталғанға дейінгі, яғни қырық бес минуттың жоспары нақты жазылу керек. Алдымен оқушылар нені біледі, оны әрі қарай дамыту керек екендігін және өткен сабақпен жаңа сабақтың байланыстылығын, нені игеру керек екендігіне байланысты мақсатын қойдым. Сабақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне баса назар аудару керек деп ойлаймын. Ал, бәсекеге қабілетті мемлекеттің болашағы өскелең ұрпақтың қолында, ал жеткіншек ұрпақтың білімді, жан – жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуы ұстаздардың еншісінде. Жаңа тәсілдерді басшылыққа ала отырып сабақ жоспары құрылды. Оқушыларды оқыту үдерісінде топтық жұмыстарға қалай тарту керектігін жоспарладым. Осы кезекте мен бірінші «бетпе-бет» кезеңінде игерген білімім мен мектеп психологымен ақылдаса отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. Олардың әрқайсынын жоспарлауда жан-жақты дайындық жүргіздім, жоспардағы әр тапсырманың оқушының сыни тұрғыдан ойлауы мен топпен жұмыс істеуде нәтижеге бағытталуын ескердім. Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабаққа тоқталып өтейін.
Сабақтың тақырыбы:«Бұрыштың биссектрисасын салу» тақырыбында болды. Бұл сабақ салу есептерін, оның ішінде бұрыштың биссектрисасын қалай салуға болатындығын таба отырып, бұрышты табуды практикада пайдалануға дағды қалыптастырумақсатында болды. Сабақты ең бірінші топқа бөлуден бастадым.
Оқушылар жүрек қалауымен төрт түрлі үшбұрыштарды таңдады. Сол бойынша қызыл түсті таңдағандарды отырғызып, оларға өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетіндігін айтсам, екінші сары түсті таңдағандарға ниеті таза пейілі кең жомарт екендігін, үшінші жасыл түсті таңдағандарға ақ көңіл, табиғатты сүйетіндіктерін, төртінші көк түсті таңдағандарға мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтіндіктерін айта кеттім.Оқушылар өздерінің мінез-құлықтарының дәл келетіндігіне көздері жетті. Осындай топқа бөліне отырып, әрі оқушылардың психологиялық ахуалдары да көтеріліп қалды.
Сабақ одан әрі тақырыпқа сәйкестапсырмалармен жалғасты.
Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін ұстауы және бір–бірінің түсінуіне көмектесуі қадағаланып отырды.
Бұл сабақ бес тапсырма бойынша өткізілді. Бірінші тапсырма «Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?» немесе «Тышқанның жолы» деген атпен өткен тақырыптарға қайталау жүргізу барысында болды. Бұрыштың биссектрисасына қайталау жүргізетін болғандықтан оқушыларға алдын-ала тапсырма берілген. Оқушылар іздене отырып, жабайы жануарлар үшін де биссектрисаның керек екендігіне байланысты ертегіні рольге кіре отырып, диалог құру арқылы таныстырылым әзірлеген. Автор – Әлия, тышқан – Айжан, борсық – Рауан, қоян – Айбын, жылан – Алмат, көртышқан – Беглан болып тышқанның салып алған інінен екі шетінен түлкі жол салғандығын, өз інін тастап кете алмайтындығын жануарларға түсіндіре отырып, көмек сұраған. Түлкіден қорыққан тышқан қасындағылардан өзенге қалай жол салу керектігін сұрағанда, бұрыштың биссектрисасы арқылы салу керектігін түсіндіргіен. Жануарлардың барлығы бұрыштың биссектрисасын түсінген. Яғни, оқушылардың есінде ертегі арқылы бұрыштың биссектрисасы естерінде мәңгі қалады. Бұл ертегі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Бұл дайындықтары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауының нәтижесі деп ойлаймын.
1 – сурет. Ертегі «Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?»
Екінші тапсырма салуесептері туралы мағлұмат, салуды циркульмен орындау, салуды сызғышпен орындау тақырыбында болды. Бұл сабақта үй тапсырмасы сұрақ ретінде үйден салу есептері туралы мағлұматтарға даярланып келуі сұралған. Оқушылар бұл тақырып бойынша интернет желісінен өте жақсы деңгейде даярлықпен келген, түсінгендерін жоғарғы дәрежеде айта алды. Әлия салу есептері қалай салынатынын, мысалы салу есептері геометриялық фигураларды салғанда қолданылатынын, фигуралар салғанда құралдар керек екендігін және бұл жерде құралдарды қалай қолданатындығын, оны дәлелдеу керек екендігін айтса, Марфуға салу есептерін циркульден басқа да құралдармен салуға болатындығын, оның ішінде циркульмен салған салу есептері бағалы деп аталатындығын
X ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген парсының астраномы және математигі Абу-л-Вефа салу есептері туралы трактат жасағанын айтса, Айдана 1833 жылы Швейцар геометрі Якав Штейнердің сызғыштың көмегімен орындалатындығын атап көрсетті. Міне, бұл жерде оқушылардың интернет жүйесін жоғарғы дәрежеде қолданыла алатындығын байқауға болады. Бұл жерде АКТ арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады.Бұл тапсырманы автор орындығында Марфуға, Әлия, Айдана, Алмас жақсы орындады. Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін өздері ашуға машықтанды.
Үшінші тапсырма «Ой қозғау» стратегиясы бойынша «Бұрыштың биссектрисасын қалай саламыз?» тақырыбында оқушыларға ой тасталды. Бұрыштың биссектрисасын қалай салуға болады? Қандай құралдар пайдаланамыз? Оқушыларға ой тастау арқылы әр топқа сызбасын сызу тапсырылды. Төрт топта бұрыштың биссектрисасын салуға болатындығын нақты сызба арқылы зерттеп, дәлелдей білді. Жеті минутта оқушылар өз ойларын жазып, жеке, жұппен, топпен талдап, әр топтан спикерлер шығып зерттеу әдісін қорғады. Бұл жерде де оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы зерттеу жұмысын жүргізді.
2-сурет. Бұрыштың биссектрисасын салуды қорғау.
Оқушылар бірін-бірі бағалау барысында бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылатындығы туралы түсінік қалыптасады. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау-оқушыларға күнделікті қойылатын бағалар, жиынтық бағалау.Жиынтық бағалау-оқытуды бағалау. Жиынтық бағалау формативті, яғни күнделікті қойылған бағаның жиынтығы.
Сабақта топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау критериийлерін пайдаланылды. Оқушылар өзін-өзі бағалады және достарын бағалауға үйреніп, өзін-өзі реттеуге дағдыланып, бәсекелестік жасауға дейін барды. Балалар әр уақытта жоғарғы бағалауды ұнатады. Алайда, критерийлерді пайдаланғанда оқушылар сабақ басында бағалауды, бірін-бірі бағалауды ұсыныс жасады. Мысалы, зерттеудегі Марфуға қай топқа түсседе сол топты басқаруға, бағалауға тырыса бастады. Мысалы, Алмас төрт топты мен ойлағаннан да жоғары деңгейде салыстыра отырып бағалады. Мадина балдық жүйемен бағаласа, Бақыт кемшіліктерді нақты көрсете отырып, әділ бағалауды көрсете білді. Оқушылар бағалау үдерісін нәтижелі жүргізу үшін сабақ барысында мұқият болуға дағдыланды. Бағалау барысында әділ болды және ол шешім оқушылардың көңілінен шығып отырды.
Бұрыштың биссектрисасын салуды бірінші топ екінші топты, екінші топ бірінші топты критериалды бағалау арқылы бағаласа, үшінші топ төртінші топты, төртінші топ үшінші топты бағалады.
3-сурет. Топты бағалау кезінде
Төртінші және бесінші тапсырма интербелсенді тақтадан берілген есептерді ауызша, содан соң жазбаша шығара отырып, талдау жасады. Әрдайым баланың дарындылығын ескере отырып, тапсырма беріп, әр тапсырмаға мадақтау жасалып отырылды. Талантты да дарынды оқушыларды анықтап, сабақта олардың дарындылығын және талантын дамытуға ықпал жасап отырылды. Бұл сабақта П.М. Эрдниевтің қарапайымнан күрделіге өту технологиясы басты назарда тұрды.
4-сурет. Интербелсенді тақтада есепті талдау кезінде
Тапсырманың басында қарапайым бұрыштың биссектрисасын табуға берілген есептерден басталса, соңына қарай есептер сыни тұрғыдан ойланатын деңгейде берілді. Оқушылар есепті өз мәнінде дәлелмен шығарып отырды. Әр топ талдау жасап отырды.
Тапсырмалар орындау барысында әр оқушының өз ойының ашық және еркін айтуы талап етілді. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы жақсы қалыптасқан, соның нәтижесінде оқушылар бірлесе отырып шығармашылықпен жұмыс жасады. Есеп шығаруда Марфуға, Бақыт, Сұлушаш, Беглан тапқырлық танытса, талдау кезінде Мәди, Алмас, Рауан сияқты оқушылар өз бенсенділіктерін шыңдай түсті.
«Блум» таксономиясы сабақ жоспарын құруда маңызды роль атқарды. Ол мен үшін де және оқушылар үшін де тиімді болды. Бір-бірінің жауаптарын талдауды дағдыландыру үшін уақыт беріліп, жауаптарына толық айтуға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беруге тырыстым.
Әр топтың қорғаған жұмыстарынан нақтылық пен ойларының анықтылығы сезіліп тұрды және де бір немесе екі оқушы ғана емес, топ мүшелері барлығы 100% қорғау жұмысына қатысып берілген тапсырманы аша білді. Қорғау барысында дұрыс сөйлей білу машықтары қалыптасқандығы байқалып тұрды, себебі алғашқы сабақтардағыдай емес, өз тарапымнан қойылған талаптарға сай жұмыс жүргізді.Зерттеудегі Албина көп сөйлемейтін, топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы Албинаның сөйлеу қабілеті де ашыла бастады
5-сурет. Албинаның жауап беруі
Қазіргі заман талабына сай оқушылар жан-жақты, сондықтан оларға геометрия сабағында АКТ-ны қолдану өте қызықты болды.Сабақта интербелсенді тақтаны жақсы пайдалана білді.Сонымен қатар балалар интернет жүйесін пайдаланды.Жан-жақты білім алуға дағдыланды. АКТ ны пайдалану шеберліктері мен ізденушіліктері артты. Бірін-бірі үйретті.Сабаққа жасаған таныстырылымды оқушылардың жас ерекшіліктеріне қарай даярладым. Информатика пәнін оқитын болғандықтан, компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізу қиынға соқпады.
6-сурет. Оқушылардың АКТ-мен жұмы жүргізу кезінде
Сабақ барысында оқушының жас ерекшелігіне аса назар аудару қажет, оның оқуға деген қабілеттілігін, зейінін, есте сақтау қабілетін, сөз сөйлеу шеберлігін, ойлауын, ой жүгіртуін, шығармашылық зияткерлік қабілеттерін дамыту және тұрақтандыру керек.Бағдарламаға сай білім алуды жас ерекшелігіне сай әдіс- тәсілдер қамтамасыз етілді. Балаларға қабілетіне қарай тапсырманы қабылдап алуға мүмкіндік беріліп отырды. Тапсырма орындамай келген бала болған жоқ.
Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды және стратегиялық тұрғыдан ойлауды жетілдіре аламыз. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 88 бет) Көшбасшы мұғалім – ұжымды басқарып, алға жетелейтін тұлға. Мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы. Мұғалім көшбасшы болу үшін ол әріптестерімен, мектеп әкімшілігімен, ата-аналармен бірлесе жұмыс жасап, көшбасшылықты дамытып, жаңа білімді қалыптастырады.
Оқушылардың алдында мұғалім-көшбасшы. Мұғалім көшбасшы болса, оқушылары да мұғалімге еліктеп, көшбасшы болуға тырысады. Оқушылар арасында көшбасшы болуға талпынатын оқушылар да табылды. Мысалы, Марфуға, Айжан, Сұлушаш, Бақыт қай топта отырса да тапсырманы орындау барысында өздерінің көшбасшы болуға ұмтылатындығын көрсетті.
Мұғалімнің бастамасы барлық деңгейде іске асырылуы қажет. Сонда ғана мұғалімнің көшбасшылық деңгейі әр қырынан қалыптасады.
Үйге тапсырма беруде де мұғалім тарапынан, жас ерекшеліктерін ескере отырып зерттеуге, ізденімпазыққа баулу, шығармашылық қасиетін қалыптастыру мақсатында орындалатын тапсырмалар аясын кеңейтіп беру қажет деп ойлаймын. Кітаптан № 275, 277 есептер берілді және «Салу есептері» тақырыбы бойынша реферат жазуғатапсырылды.
Кері байланыс: Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін сабақтан алған әсерін стикерлерге жазып арнайы плакатқа ілді.
8-сурет. Стикерлерді қыстыру кезеңі
Сабақта Блум таксономиясын қолданғаным сабағымның жүйелі түрде өтуімен қатар мақсатқа жетуіме де септігін тигізді. Мұны оқушылардың рефлексивті есебінен байқадым. Олар сабақ бойынша жазылған рефлексивті есептерінде «Сабақ қызықты өткенін», «бағалардың әділ қойылғанын», «тапсырмалардың қызықты болғанын», «топта ұйымшылдық пен белсенділіктің орын алғанын» атап жазған. Осы пікірлерге сүйене отырып, келесі сабағымды тиімді етіп жасауға тырысамын деген ой түйдім.
Сабақ қалай өтті? Не сәтті өтті?
Балалармен «Бұрыштың биссектрисасын салу» тақырыбымен топтармен жүргізген жұмыс өте сәтті өтті. Оқушылар алдымен берілген тапсырмаларды жұпта, одан кейін топта жұмыс істеу жұмыстары жақсы ұйымдастырылды. Себебі, барлық балалар жұпта, топта үлкен қызығушылықпен жұмыс атқарды. Кейбір оқушылар жұмысты басқалардан бұрын бітірді. Тақырыпты ашуға байланысты «Тышқанның жолы» немесе «Биссектриса дегеніміз не?» деген ертегі балардың ойнауымен өте сәтті өтті. Балаларға берілетін сұрақтар мен тапсырмалар қосымша және оқулықтан қарастырылды. Сонымен бірге, оқулықта берілген тапсырмалар да қосымша өз беттерінше орындады. Тапсырмаларды орындау барысында уақыт қадағаланып отырды. Сабақ дәл уақытында бітті. Сабақ соңында рефлексия жасалды, балалар бірін-бірі бағалады.
Не сәтсіз өтті?
Кейбір тапсырмаларды орындағанда қателескен жерлеріне өздеріне түзетудің орнына, өзім түзету енгіздім. Шыдамдылық таныту керектігін ұқтым. Кейбір түсінбей қалғандарын оқушыларға мұғалімнің түсіндіруін қажет етеді.
Сабақтарды қорытындылай келе күтілетін нәтиже:Бұрыштың биссектрисасы ертегі арқылы есте қалды деп ойлаймын. Кез-келген бұрыштың биссектрисасын салуға үйренді.Бұрыштың биссектрисасын ереже арқылы, сызғыш және циркуль арқылы табуды жақсы меңгерді.
Бұрыш биссектрисасын табуды өмірде де пайдаланатындығына көздері жетті, топпен жұмыс жүргізудің пайдасы бар екендігіне көздері анық жетті, өздері сөйлеуге дағдыланды.
Болашақта осындай жеті модульді ұстана отырып, әр сабақтарымды жүйелесем келешекте оқушыларым да, өзім де үлкен жетістіктерге жетемін деген ойдамын. Осындай орта мерзімді жоспар құруға өзімді дағдылап, келер оқу жылында беретін сыныптарымда толық пайдаланамын деп алдыма мақсат қойдым.
.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектебі.
2012 жыл.
Бағдарлама. Назарбаев Зияткерлік мектебі. 2012 жыл.